Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.

Содержание

Кіріспе

1. Активтерді басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі
1.3 Активтер айналымдылығын анықтау

2 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау
2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама
2.2 Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау

3. Активтерді басқарудың мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері
3.2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом1.doc

— 625.50 Кб (Скачать документ)

Серіктестіктің мүлігі келесіден құрылады:

-    Өзінің меншік қызметінең  түскен пайдасынан;

  • Заңмең шек қойылмаған басқа кірістерден.

Кәсіпорынды  басқарма  төрағасы  басқарады.  «Шығыс-Кондитер» ЖШС -де     әр қызметшінің өз міндеті және тікелей бастығы бар. Басқарма төрағасы кәсіпорынды басқаруды өз орынбасарларының, өндірістік бөлімше бастықтарының көмегімен жүзеге асырады, олардың әрқайсысына жеке салалар мен жұмыс бөлімшелерін бекітіп береді, әрбір тапсырған жұмыс үшін құқығын, жауапкершілігін және міндеттерін айқындайды, штатты, құрылымдық бөлімшелер жөніндегі ережені, басқару аппараты жұмысшыларының қызмет бабына байланысты нұсқауларын және барлық жұмысшылардың міндеттерін бекітеді. Мемлекеттік бюджет, банк, жеткізушілер мен тапсырыс берушілер алдындағы тапсырманың, жоспардың толығымен орындалуын қамтамасыз етеді. Ұйымдастырушылық-шаруашылық, жылдық және ағымдағы жоспарлардың уақытында жасалуын қамтамасыз етеді. Өндірістік бөлімшелердің қызметін өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мен дамудың жоғары қарқынына жетуге, өнімділік пен сақтықтың артуына бағыттайды және үйлестіреді.

Техникалық директордың функционалдық міндеттері: барлық бөлімшелердің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жабдықты уақтылы және   сапалы   жөндеу,   негізгі   қорларды  тиімді   пайдалану.   Өндіріске кәсіпорындағы негізгі өндіріс мамандандырылуға негізделе ұйымдастырылған. Сонымен қатар мұнда өндіріс бөлімшелері цехтарға бөлініп қарастырылады. Әр цех арнайы бір өнім түрін немесе оның құрамдық бөлігін дайындауға мамандандырылған. Бұл цехтарда құрылғылар технологиялық операциялар жүргізу кезегі бойынша орналастырылған.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi.

Хлебокомбинат «Восток» ЖШС –нің  өндірістік көрсеткіштерін 1-кестеден көруге болады.  Жалпы өнім көлемінің  жоспары 25056 мың теңге немесе 15,8 %-ға артығымен орындалған, оның ішінде:

а) жұмыскерлер санының 24 адамға (12 %) жоғарылауынан, жалпы өнім көлемі 19008 мың теңгеге өсті;

ә) жылдық еңбек  өнімділігінің 27 мың теңгеге (34 %) жоғарылауынан жалпы өнім көлемі 6048 мың теңгеге өсті (кесте 1).

 

Кесте 1 - Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің 2008 жылдағы өндірістік көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

 

Көрсеткіш деңгейі

Ауытқуы (+;-)

жоспар

нақты

абсолютті

%

Жалпы өнім, мың тг.

158400

183456

+25056

+15,8

Орташа жылдық жұмыскерлер саны, адам.

200

224

+24

+12,0

Жылдық еңбек өнімділігі, мың тг

792

819

+27

+3,4

1 жұмыскер орындаған адам-күндер

220

225

+5

-2,3

Жұмыс күнінің ұзақтығы, сағат

8

7

-1

-12,5

Сағаттық еңбек өнімділігі, тг

450

520

+70

+15,6


 

Мұндай жіктеудің мақсаты жылдық  еңбек өнімділігінің деңгейі не себепті өзгергендігін анықтау. Нәтижелік көрсеткішке әр фактордың әсерін есептеу үшін кейінгі есептеуден алдыңғы есептеуді алып тастау қажет.

Жылдық еңбек өнімділігі жоспарлағаннан 27000 теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде:

а)   1  жұмыскер орындаған жұмыс күндерінің 5 күнге өсуінен жылдық еңбек өнімділігі 18000 теңгеге өсті:

-     810000 - 792000 = + 18000 тг.

б) жұмыс күнінің ұзақтығының 1 сағатқа кемуінен, жылдық еңбек өнімділігі 101250 теңгеге кеміді:

708750-810 = -101250 тг.

в)  сағаттық еңбек өнімділігінің 70 теңгеге өсуінен, жылдық еңбек өнімділігі 110250 теңгеге өсті: 819000 - 708750 = 110250 тг.

Үш фактордың әсері жалпы ауытқуға тең: 18000 + 110250 - 101250 = 27000тг. Осылайша, жалпы өнім көлемінің өзгерісіне 4 фактордың әсерін анықтау қажеттігі туындайды. Ол үшін тізбекті алмастыру тәсілін қолданамыз.

 

Кесте 2 - Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің еңбектің қормен қарулану деңгейіне факторлардың әсерін есептеу үшін мәліметтер

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Абсолютті ауытқуы (+;-)

1.Негізгі   өндірістік   қорлардың орташа жылдық құны, мың тг

60000

62720

+2720

2. Жұмыскерлер саны, адам

200

224

+24

3. Қормен қарулану, мың тг (1*2)

300

280

-20


 

Қормен қарулану деңгейі жоспармен салыстырғанда 20 мың теңгеге немесе 6,7 % ға төмендеген. Оған екі фактордың әсерін табу үшін жоғарыдағы ескертуді ескере отырып, қормен қаруланудың шартты деңгейін анықтау қажет.

Негізгі қорлар құнының 2720 мың теңгеге өсуі, еңбектің қормен қарулану деңгейін 13,6 мың теңге өсірсе (313,6 - 300); жұмыскерлер санының 24 адамға өсуінен оның деңгейі 33,6 мың теңгеге төмендеген (280-313,6).

13,6-33,6 = -20 мыңтг.

Осылайша, тізбекті алмастыру тәсілін пайдалану факторлардың байланысын, тәуелділігі мен жіктелуін білуді қажет етеді.

Жоғарыда айтылғанындай кәсіпорынның табыстылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Талданып отырған кәсіпорынның табыстылығының негізгі абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері қосымшада бейнеленген (ҚОСЫМША Ә). Қосымша мәліметтері бойынша табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері жоғары карқынмен өсіп отыр. Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің жалпы табысы 32491 мың теңге не 70,5 %-ға, таза табыс 10496 мың теңге не 99,9%-ға жоғарылаған.

Бірақ табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері мұндай қарқынмен өсіп отырған жоқ, активтердің табыстылығы 2,3 пунктке (яғни өткен жылы активтердің 100 теңгесіне шаққанда 9,8 тг, есепті жылы 12,1 теңге таза табыс алынған), меншікті капиталдың табыстылығы 8,1 пунктке өсіп отыр. Мұның себебі табыстың абсолютті сомада өсуі капитал сомасының да өсуімен қатар жүруінде. Активтердің табыстылығының өзгерісіне таза табыс сомасы мен активтер құнының өзгерісі әсер етеді. Осы факторлардың әсерін анықтаймыз (тізбекті алмастыру әдісі):

Активтердің табыстылығы (RОА) =Таза табыс / Активтер құны        (12)

Есепті  кезеңде  активтердің табыстылығы  2,3%-дық пунктке жоғарылаған, оның ішінде :

а)   Таза табыс сомасының  10496 мың тг    не 99,9 %- ке өсуінен активтердің табыстылығы 9,9 пунктке өскен (19,7-9,8).

б) Активтердің орташа жылдық құнының 66550 мың тг не 62,3 % -ға өсуінен активтердің табыстылығы 7,6 пунктке кеміген. Екі фактордың әсері: 9,9-7,6 =2,3

Жиынтық  капитал   рентабельділігі   мен   капитал   айналымы арасындағы байланысты келесідей бейнелеуге болады:

RОА =Rайн. * К айн.                                                                                 (13)

RОА - жиынтық капиталдың (активтердің) табыстылығы

Rайн.- айналыстың рентабельділігі

Кайн.- капитал айналымдылығынын коэффициенті

2007 жыл: 9,8%= 7,1%* 1,38

2008 жыл:12,1 %= 11,3%* 1,07

Жиынтық капиталдың рентабельділігінің өзгерісіне факторлық талдау кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Осы факторлардың әсерін абсолюттік айырмашылықтар әдісімен аныктауға болады:

1.   Айналыс рентабельділігінің әсері: (11.3-7.1)*1.07= +4,5%

2.   Капитал айналымдылығының әсері: (1,07- 1.38)*7.1= - 2,2%

Яғни,   жиынтық  капиталдың    рентабельділігі       айналыс рентабельділігінің   4,2 пунктке өсуінен 4,5%-дық пунктке өскен, ал капитал     айналымдылығының    0,31     ретке         кемуінен     жиынтық капиталдың    рентабельділігі 2,2 пунктке кеміп отыр. Демек, «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС -нің капитал айналымдылығын жоғарылату арқылы жалпы рентабельділікті арттыру мүмкіншілігі бар. Сол себепті капитал айналымдылығына талдау жасағанда оны жоғарылату мүмкіншіліктеріне назар аудару керек.

Ішкі қаржылық талдау барысында кәсіпорын шығаратын жеке өнім түрлерінің қаржылық нәтижесінің өзгерісіне баға беруге болады. Жеке өнім түрін өткізудің қаржылық нәтижесі мен ол өнімнің рентабельділігіне өнім бағасының, өнімнің өзіндік құнының өзгерісі әсер етеді. Өзіндік құнның өсу қарқынынан бағаның өсу қарқыны алда болуына байланысты, сату көлемінің кемуіне қарамастан өнім түрін өткізуден алынған жалпы табыс өсіп отыр. Кесте мәліметтері бойынша өткен жылмен салыстырғанда өзіндік құн 14,3 % ға өскенде, баға 22,2 % жоғарылап отыр, демек өзіндік құннын 1 пайызға артуына бағаның 1,5 пайызға артуы тура келеді.

Сонымен бірге талдау тереңірек болуы үшін нақты кәсіпорын деңгейінде өнімнің өзіндік құны мен бағасы, сату көлемі не себепті өзгергендігін анықтау қажет, ол факторлардың ішінде ішкі және сыртқы, объективті және субъективті факторлар анықталып, тиісті шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

Табыс сомасының абсолютті шамада өсуі тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіші - өнім рентабельділігінің деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруде. Өнімнің рентабельділігінің өзгерісіне де жоғарыдағы 3 фактордың әсерін табуға болады.

Ол үшін келесідей есептеулер жүргізіледі. Табыс сомасы 6 млн. теңгеге жоғарылағанда өнімнің рентабельділігі 8,9 пунктке жоғарылады, яғни табыстың 1 млн. теңгеге өзгерісі рентабельділіктің 1,48 пайыздық пунктке өзгеруіне әкеледі: 8,9/6=1,48 Сонда, өнім бағасының 4000 теңгеге жоғарылауынан өнімнің рентабельділік деңгейі 53,3 пайыздық пунктке жоғарылаған:

36млн тг*1,48= +53,3%

Өнім бірлігінің өзіндік құнының 2000 теңгеге жоғарылауынан рентабельділік денгейі 26,7 пайыздық пунктке төмендеген: -18млн.тт*1,48 = - 26,7%. Сату көлемінің 3000 тоннаға кемуінен өнімнің рентабельділік деңгейі 17,7 пайыздық пунктке кеміді: -12млн.тг* 1,48= - 17,7% Үш фактордың қосындысы: 53,3-26,7-17,7 = +8,9

Өткен жылмен салыстырғанда өнімнің рентабельділік денгейі 8,9 пайыздық пунктке жоғарылап, 2008 жылы 37,5 %-ды құрап отыр, яғни өнім өндірісіне жұмсалған шығындардың әрбір 100 теңгесіне 37,5 теңге пайда алынған.

Кәсіпорын капиталы меншікті (ішкі) және заемдық (сыртқы) көздерден қалыптасады.

Қаржыландырудың негізгі көзі - меншікті капитал. Оның құрамына жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс кіреді. Бірақ меншікті капитал көлемі шектеулі екенін ескерсек, қаржыландырудың келесі көзі - заемдық капитал болып саналады. Кәсіпорын қызметін заемдық капитал есебінен қаржыландыру келесі жағдайларда тиімді:

1. Өндіріс маусымдық сипатқа ие болса, бұл жағдайда кей кезеңдерде ақша қаражаттары жинақталып қалып, басқа кезеңдерде ол жетіспейді.

2. Егер кәсіпорын заемдық капитал бағасынан жоғары табыстылықты қамтамасыз ете алса, онда заемдық капитал есебінен өз жағдайын тұрақтандыра алады.

Дегенмен,   меншікті   және   заемдық   капиталдың   қатынасынан кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы тәуелді.

 

Кесте 3 - Хлебокомбинат «Восток» ЖШС -нің 2008 жылдағы   авансталған    капиталының    құрамы    мен кұрылымы

 

Капитал көздері

Сомасы, мың тг

Құрылымы, %

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

1.Меншікті   капитал

101260

103385

+2125

77,9

47,7

-30,2

2.3аемдық капитал

28785

113294

+84509

22,1

52,3

+30,2

Барлығы

130045

216679

+86634

100

100

 

Информация о работе Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау