Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.

Содержание

Кіріспе

1. Активтерді басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі
1.3 Активтер айналымдылығын анықтау

2 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау
2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама
2.2 Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау

3. Активтерді басқарудың мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері
3.2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом1.doc

— 625.50 Кб (Скачать документ)

Айналымдылық коэффициенті - сатылған өнімнің көлемін (Рn) айналым қаражаттарының орташа қалдығына (СО) бөлу арқылы анықталады:

                                             Ко = Pn / СО                                                             (1)

Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорының негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:

- ғылыми-техникалық   прогрестін   соңғы   нәтижелерін қолдану;

- өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;

- арзан конструкциялық материалды қолдану;

- шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану және т.б.

Ағымдағы активтерді қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету.

Өз қозғалысында айналым қорлары үш сатыдан өтеді: ақшалық,  өндіргіш, тауарлық. Ақшалық сатысында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Айналыс сферасында ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Өндіргіш сатыда өндіріс процесі басталады. Өндіргіш сатыда дайын өнім шығарылып, сату сатысы басталады, яғни өндіргіш капитал тауар капиталына айналады да, тауар сатысы басталады. Схема түрінде алсақ, А- Т .... Ө .... Т1 - А1

мұндағы: А - кәсіпорынның ақша құралдары;

Т - өндіріс құралдары;

Ө - өндіріс;

Т1 - дайын өнім;

А1 - өнімді сатудан түскен ақша құралдары.

Кәсіпорындағы айналым қорлары кәсіпорынның өз қорларынан және қарызға алынған ресурстардан тұрады. Айналым  қорларының  көздеріне  пайда,  несие,  жарғы қоры, бюджеттік қорлар, кредиторлық берешек т.б. жатады.

Ағымдағы активтер (айналым қаражаты) – кәсіпорынның қосымша қор құру үшін және бір жыл ішінде немесе бір өндірістік кезеңде айналым жасайтын өндіріс процесінің және өнім өткізу шығындарын авансылау үшін қолданылатын ресурстары. Айналым қаражаты өзінің экономикалық мәні бойынша айналым қоры мен айналыс қорына бөлінеді.

Ағымдағы активтер - бір өндірістік кезеңде өндірістік процесте түгел тұтынылып өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін ресурстың бір бөлігі. Оларға:

1) өндіріс қалдықтары (запастары), оның құрамында шикізат, материалдар, отын, сатымдық жартылай фабрикаттар, шыны ыдыстар, қосалқы бөлшектер, құралдар мен құрылғылар, қызмет мерзімі бір жылдан кем болады;

2) аяқталмаған өндіріс;

3) болашақ кезендердің  шығындары жатады.

Ағымдағы активтер - құнды қалыптастыруға қатыспайтын, оның жеткізушісі болып табылатын айналыс саласына қызмет ететін қаражат. Оған:

1)  қоймадағы дайын  өнім;

2) тиелген, бірақ ақысы  төленбеген дайын өнім;

3) материал алуға, жалақы  төлеуге, жеткізушілер алдында қаржылық  міндеттемелерін орындау үшін  және т.б. қажетті ақшалай қаражат  жатады.

Сатудың таза құны бойынша тауарлы-материалдық қорларды бағалау - мұндай қорларға зақым келу, жартылай немесе толығымен  ескірген  немесе  олардың сату бағасы төмендеу себебімен, олардың өзіндік құны  қалпына келмейтін жағдайлардағы бағалау әдісі. Өткізудің таза құны оларды сатуды ұйымдастыруға жұмсалған шығынды шегерген деп болжалды сату бағасына тең.

1. Айналым   қаражатының   айналымдылығы   мынадай көрсеткіштер  бойынша есептеледі.

а) айналым  қаражатының айналымдылық коэффициенті (Кай):

                                      Кай = ӨӨ / АйҚ,                                                             (2)

мұнда ӨӨ - кезендегі өнімді өткізу көлемі;

АйҚ- сол кезендегі айналым қаражатының орташа сомасы;

ә) бір айналымның ұзақтығы (Ұ1):

                    Ұ1 = (АйҚ * Т) / ӨӨ немесе Ұ1 = Т / Кай,                                      (3)

мұнда Т - уақыт кезеңі;

б) айналым қаражатының қайтарымы (Қ):

                                     Қ   = П / АйҚ,                                                                   (4)

мұнда П - кезендегі пайда.

2. Кәсіпорын қажеттілігін анықтау үшін айналым қаражатынан есептеледі:

а) өндірістік  қордың     (шикізат  және  материал)  (ҚҚ) қалыптасуына айналым қаражатының қажеттілігі:

                                   КҚ   = Ші-Нқ,                                                                     (5)

мұнда Ші - кұндық көрінісіндегі бір күндік шикізат пен материал шығысы. Ол шикізат пен материалдың заттай көрінісіндегі бір күндік шығысының шикізат пен материал бірлігінің бағасына көбейтумен есептеледі;

Нқ - қоймадағы шикізат пен материал қорының нормасы. Ол шикізат пен материалдың ағымдық қорының, сақтандыру қорының және дайындық корының сомасын қамтиды (береді);

ә) аяқталмаған өндірістің қалыптасуына айналым қаражатының қажеттілігі (АӨҚ):

                                      АӨҚ = Ш1 - Ұ* Кшө,                                                      (6)

мүнда Ш1- құндық   көрінісіндегі   бір   күндік     шығарылымына жұмсалатын шығын;

Ұ   - өндірістік кезеңнің ұзақтығы;

Кшө - шығынның өсу коэффициенті;

б) шығынның өсу коэффициенті (Кшө):

                                    К шө = (Үс1+ 0,5Үс2 ) / 100                                            (7)

мұнда   Үс1 - өндірістік кезеңнің алғашқы күнінде жүзеге асырылатын шығынның үлес салмағы;

Үс2 -  өндірістік кезеңнің кейінгі күндерінде жүзеге асырылатын шығынның үлес салмағы;

в) дайын өнімге айналым қаражатының қажеттілігі (Дөқ):

                                      Дөқ = Ш1 * Ндө                                                               (8)

мұнда Ндө - қоймадағы дайын өнім қорының нормасы.

Тауарлы-материалдық қорларды бағалау ұшін мына көрсеткіштер анықталады.

1. Есеп беру кезеңінде  нақты шығындалған материалдар  құны (Р):

                                                    Р =  Б + А-С,                                                      (9)

мұнда Б - есеп беру кезеңінің басындағы материал қалдығының құны;

А - есеп беру кезеңі ішінде алынған материал құны;

С - есеп беру кезеңінің соңындағы материал қалдығының құны.

2. ФИФО әдісімен анықталатын есеп беру кезеңінің соңындағы материал қалдығының құны (Сфифо):

                                                Сфифо = Кз * Бт,                                                (10)

мұнда Кз -  кезең соңындағы заттай көрінетін материал көлемі;

Бт -   соңғы сатып алынған топтаманың материал бірлігінің бағасы.

3. ЛИФО әдісі бойынша  анықталатын есеп беру кезеңінін  соңындағы материал қалдығының  құны (Слифо):

                                                 С лифо = Кз * Бі,                                               (11)

мұнда: Бі  -   бірінші сатып алынған топтаманың материал бірлігінің бағасы.

Өлшенген орташа құн әдісі - тауарлы-материалдық қорлардың өлшенген орташа құны есеп беру кезеңінің басында болған және сол кезеңде алынған ұқсас бірліктердің орташа құнын анықтаумен есептелетін әдіс. ФИФО әдісі («алдымен келді - алдымен қызмет көрсетілді») - бұл әдіс бойынша бағалау кәсіпорын қорды қандай кезекпен сатып алса, сол кезекпен қолданылады, яғни өндіріске бірінші келген қор уақытымен бірінші сатып алынған өзіндік құн бойынша бағалануы тиіс (алдымен бірінші сатып алынған топтама бағасы бойынша, одан кейін екінші, топтама бағасы бойынша және одан әрі бір айға шығындалған материалдың жалпы көлемі алынғанша осылайша кезекпен кете береді). ЛИФО әдісі («соңынан келді - алдымен қызмет көрсетілді») - бұл әдіс бойынша өндіріске қорлардың келіп түсуі уақыты бойынша соңғы сатып алынғандардың өзіндік құны бойынша бағаланады (соңғы сатып алынған топтама бағасы бойынша, одан кейін оның алдында сатылған топтама бағасы бойынша, осылай жалпы көлемді шығарғанша), ал кезең соңында қордың өзіндік құны ерте сатып алынғандардың өзіндік құнымен анықталады.

Овердрафт дегеніміз – кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәісіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айрысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады.

Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кіспорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс. Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды.

 Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу екі нысанында жүргізіледі:

  • Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен.
  • Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.  

Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп-айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:

  1. Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
  2. Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
  3. Бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
  4. Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
  5. Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма-қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операциаларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының  бухгалтерлік есебінің  жағдайына тәуелді.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемлер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелер арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген нормативтік құжаттар шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.

 

2 ХЛЕБОКОМБИНАТ «ВОСТОК»  ЖШС-НІҢ  АКТИВТЕР ҚҰРАМЫН, ДИНАМИКАСЫН ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗДЕРІНЕ ТАЛДАУ

 

2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің  қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама

 

 

ЖШС мемлекеттік тіркеуден бастап заңды тұлға болып табылады, өздік баланс, банктік мекемелерде есептесу шотты бар және өз атынан сотта жауап береді. Хлебокомбинат «Восток» ЖШС бұл жекеменшік  экономикалық субъект болып табылады, ЖШС-нің банктерде өзінің есептесу шоттары бар.

 Хлебокомбинат «Восток» нан комбинаты АҚ «Нан» құрамында 1980 жылы құрылды. Хлебокомбинат «Восток» кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы бойынша юстиция басқармасында 2000 жылдың 20 желтоқсанында жауапкершілігі шектеулі серіктестік  нысанында Семей тамақ өнімдері комбинаты болып тіркелді.  Құрылтайшылары және қатысушылары болып Юсупов Нұрлан Темирбекұлы және Қазбекова Қарлығаш Темирбекқызы табылады. 2009 жылы бұл кәсіпорын Хлебокомбинат «Восток» болып атауын өзгертті.

Қызметтің негізгі мақсаттары:

- ҚР-ның өндірісін дамыту;

-    Әлемдік тәжірибесімен  ҚР өндірістік механизмдерді ұлғайту;

  • Салынған капиталдың және басқа салымдардың табыстылығын қамтамасыз ету;

-    Тұрғындарды сапалы өніммен камтамасыз ету;

-    Облыстың   және   каланың   әлеуметтік   және    экономикалық   дамуын қамтамасыз  ету.

Кәсіпорының барлық қаржыландыру қайнар көздері меншікті, қарыздық және тартылған кайнар көздеріне бөлінеді. Олар кәсіпорынның негізгі және айналым капиталды күрауына бағытталады. Меншікті қаражаттар қорлардың айналымың ұйымдастыруында негізгі рольді атқарады, өйткені, кәсіпорын коммерциялық есептесу негізімен жұмыс істесе, өзінің ісің рентабельді жүргізу үшін және қабылданатын шешімдерге жауап беру үшін, ол белгілі бір меншіктік және оперативтік өздігімен иелену керек. Айналым қаражаттарды қалыптастыру, кәсіпорынның құру негізінде асырылады, яғни оның жарғылық қоры құрылған кезде. Бұл жағдайда қалыптастыру қайнар көздері болып, кәсіпорынның құрылтайшылардың инвестициялық қаражаттары табылады.

Хлебокомбинат «Восток» ЖШС ҚР-ның зандылығы бойынша заңды тұлға болып табылады, өз өзің қаржыландыру негізімен жұмыс істейді, ерекшіленген мүлігімен иеленеді. «Шығыс-Кондитер» ЖШС зауытының меншікті капитал жарғылық қордаң, косымша төленген капиталдаң, резервтік капиталдаң және таратылмаған капиталдаң тұрады.

Хлебокомбинат «Восток» кәсіпорны келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • нан-тоқаш өнімдерін шығару мен өткізу;
  • макарон өнімдерін шығару мен өткізу;
  • кондитерлік өнімдерді шығару мен өткізу;
  • шұжық өнімдерін шығару мен өткізу;
  • сүт өнімдерін шығару мен өткізу.

Информация о работе Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау