Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 09:34, курсовая работа

Краткое описание

Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.

Содержание

КIРIСПЕ......................................................................................................................3

1. НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1 Несие қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы..........................5
1.2 Несиенің мәні және қызметі.................................................................................8
1.3 Несие теориясы және оның дамуы .....................................................................9

2. НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Несие формалары мен фукциясы.......................................................................13
2.2 Несие нысандары, олардың жіктелуі................................................................14

3. ҚАЗАҚСТАНДА НЕСИЕ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы қиындықтардың орны...............................20
3.2 Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары.........................23

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

несие мәні түрлері.docx

— 64.15 Кб (Скачать документ)

Банк  жүйесiнiң  шамадан тыс үтiмдiлiгiнiң  және экономикадағы инфляциялық қысымның өсуi жағдайында Қазақстан Республикасы ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын қатаңдатуды  жалғастырады.

Халықаралық практикаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Yкiметiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау агенттiгiмен (бұдан әрi - ҚҚА) бiрлесiп, 2007 жылы Қаржылық тұрақтылық жөнiндегi меморандумды әзiрлейдi және оған қол қояды. Қазақстанның қаржы  жүйесiне сенiмдi күшейту мақсатында қаржы тұрақтылығы жөнiндегi есеп шеңберiнде тұрақты негiзде қалың  жұртшылық үшiн талдамалық жұмыстардың  нәтижелерiне қолжетiмділік қамтамасыз етiлетiн болады.

Қаржы секторын дамыту, сондай-ақ оның жекелеген секторларын  мемлекеттiк реттеудiң бағыттары  мен әдiстерi Қазақстан Республикасының  қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының негiзгi басымдықтарына сәйкес болады. Бұл бағытта экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарына қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын  және еркiн бәсекелестiк жағдайында қаржы институттарының сапалы қызметтер  ұсынатын қаржы жүйесiнiң жұмыс iстеу жағдайын қалыптастыру арқылы Қазақстанның қаржы ұйымдары мен қаржы секторының бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру  жөнiндегi жұмыс жүргізiлетiн болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда, халық пеп шаруашылық органдарына  қызмет көрсететiн қаржы-несие ұйымы  несие жүйесiнің жұмысы шаруашылық құрылымды дамытуда айрықша рөл  ойнайды. Қаржы-несие тетiгiнiң

тиiмдiлiгi мен үздiксiз жұмыс iстеуiне тек жеке шаруашылық  бiрлiктерiнің  қаражатты уақтылы алып тұруы  ғана емес, сонымен бiрге тұтас  ел экономикасының даму қарқыны да тәуелдi.

Несиенiң  ғылыми-техникалық прогрестi жеделдету  қызметi ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.

Сондықтан да, несиенiң көмегiнсiз көптеген ғылыми-зерттеу  орталықтарының жұмыс жасауы қиынға туседi. Сондай-ақ несие өндiрiске  ғылыми технологияларды жаңалық  ретiнде енгiзу үшiн де аса қажет  болып табылады. Себебi, ондай шығындар бастапқыда кәсiпорынның қаражатымен, оның iшiнде орта және ұзақ мерзiмдi банктiң  несиелерi есебiнен қаржыландырылады.

Бiз дамыған  нарықтық экокомикасы бар елдердiң  қазiргi кездегi несие жүйесiн сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолға  қайта құрушы. Қазақстан үшін әлемдiк

банк жүйесiнің қазiргi кездегi даму тенденциялары‚ үлкен қызығушылық  –туғызады, өйткені нарықтық экономикаға  өту өзiндiк нарыктық несие жүйесiн  құруды талап етедi. Республикамыз  үшін шет ел тәжiрибесiн толығымен  меңгерген тиiмдi болады, өйткені  экономика нарыққа өтудiң ең басында  тур, ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде, бiрақ осы тәжiрибеде барлық жағымды жайттарды алған  дұрыс болады, өйткенi ол өтпелi кезек  жағдайында өз қолданысын табары сөзсiз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Ғ.С.Сейтқасымов «Ақша, несие, банктер»  Алматы: Экономика, 2006 ж
  2. Көшенова.Б. “Ақша, несие, банктер”  Алматы, 2008ж.
  3. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банктер операциялары” Алматы: 2007ж.
  4. Мақыш С.Б. “Ақша айналысы және несие” Алматы: 2007ж.
  5. Ысқақова З.Д.“Банк ісі” Қарағанды, 2007ж.
  6. Ысқақова З.Д.“Бағалы қағаздар нарығы” Қарағанды, 2008ж.
  7. Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., В. Д. Мельников “ Қаржы ” Алматы, 2010ж
  8. Ілияс, А.Ә. Ақша-кредит саясаты: оқу құралы / Ақылбек Әбсәләмұлы Ілияс.- Алматы: Экономика, 2008.
  9. Сейтқасымов Ғ.С. және т.б. Қазақстанның банк жүйесі. Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2009ж. 
  10. Жукова Е. Ф. Общая теория денег и кредита. – Москва: Банки и биржи, 2005.
  11. Қаржы және несие – оқу-әдістемелік құралы. Қазақ Мемлекеттік университеті. 2000ж.
  12. Дробозино Л. А. Финансы. Денежное обращение.Кредит. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 2007.
  13. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011
  14. www.nationalbank.kz
  15. www.google.com
  16. www.afn.rz
  17. www.wikipedia.org

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары