Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 09:34, курсовая работа

Краткое описание

Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.

Содержание

КIРIСПЕ......................................................................................................................3

1. НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1 Несие қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы..........................5
1.2 Несиенің мәні және қызметі.................................................................................8
1.3 Несие теориясы және оның дамуы .....................................................................9

2. НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Несие формалары мен фукциясы.......................................................................13
2.2 Несие нысандары, олардың жіктелуі................................................................14

3. ҚАЗАҚСТАНДА НЕСИЕ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы қиындықтардың орны...............................20
3.2 Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары.........................23

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

несие мәні түрлері.docx

— 64.15 Кб (Скачать документ)

VIII. Несиелеу объектісіне қарай:

  • меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
  • материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
  • сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
  • азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
  • ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
  • театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;
  • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
  • тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАНДА НЕСИЕ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы  қиындықтардың орны

 

Несиелік  жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс  істеу кезінде белгілі бір  принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында,  оның  нарықтық  қатынастарға  өту  кезеңінде олардың былайша  тұжырымдауға болады:  елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру елдегі ақша-несие  саясатының бірлігі, несиелік мекемелер  торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік  валюталық монополия, Орталық банктің  автономиясы.

Банк  ісіне  мемлекеттік монополия ұғымы  мемлекеттің банктердің құрылуы  мен жойылуын бақылауға, банктік  операцияларды жүргізу тәртібі  мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың  филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар  шеңберін белгілейді.

Нарықтық  экономика ерекшеліктері банктік  емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың  ақша несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша  көп түрлілігінің, Орталық (бірінші  деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң  жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық  банкі болып табылады және Қазақстан  Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк  ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл йесиелік жүйесін  басқаруда басты роль атқаратын  орталық банктер бөлініп шығатын  болады. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең аукымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясы жүзеге асыруыда   байланысты орталық коммерциялық  банктердің,   яғни   екінші  деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік  бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер  міндетті түрде тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер  несиелік  саясат  жүргізуде  және  өз  клиенттеріне толығымен дербес әр түрлі  қызметтер көрсетуде.

Нарықтық  экономикада арнайы банктік емес институт құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай  қалады. Халық салымдарын толығымен  тарту мүддесі мен өзгеріп  отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді ал олар несие  жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы  өзгерістерді икемді және сезімтал ете  түседі.

Мемлекет, экономикаға  жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы  ақша массасының көлемін реттеу жолымен  ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығық қамтамасыз ету үшін ақша-несие  саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік  экономикадағы интеграциялау саласында  республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Несие жүйесін  құрудың маңызды принципі - несиелік мекемелер торабының барынша  дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының  шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының  бос ақша қаражаттарының банктерде  сақталуы, есеп айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.

Бүгінгі таңда  Қазақстан аумағында шамамен  30 банк және олардың 783 бөлімшелері  мен филиалдары орналасқан.

Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде  жинақталуы несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдік халық шаруашылығына  ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында  былай делінген: "Қазақстан Республикасының  Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларын  қайшы келмейтін нормативті актілерді  қабылдайды.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі - Қазакстстан Республикасының  валютасын реттеудің негізгі  органы болып табылады".

"Валюталық   реттеу" түсінігіне нормативті  актілерді жасап шығару, ақпарат  жинау, валюталық заңдардың сакталуы бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар колдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.

Бұл принцип - ел тәуелсіздіпн сақтау шарттарының  бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа  елдер валюталарының ыкпалынан  сенімді қорғау жолы.

Орталық банктің  автономиясы егемен елдер  заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты щешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.

Ұлттық  банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере алды.

Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қорғаушысы ретінде  Ұлттық банк мүдделері үкіметтін  кысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік  бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын  осы тапшылықты жабуға пайдалануға  тырысады (бұл Кеңес үкіметі кезінде  жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл  ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.

Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде  ақша-несие саясаты экономиканы  мемлекеттік реттеудің негізін  құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.

Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет иелігінде, алайда акционерлер  ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер  атқарушы органдардан тәуелсіз, тек  парламентке ғана есеп береді.

Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде бекітілген. Батыс  Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен  үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты  ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға бағынады.

АҚШ-тың несие  жүйесінің жоғары органы болып табылатын - Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін - Сенатгың мақұлдауымен президент  тағайындайды және олардың қызметі  жөніндегі келіспеушілік бойынша  қызметіңен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо ад. дында есеп беріп отырады.

Біздің  еліміз бен шет елдердегі несие  жүйесінің  автономдылығының елеулі дәрежесі - экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып  келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің  негізгі жағдайы бюджетке қатысты  мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік  жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің  Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.

Президенттің "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар  жарлығында былай деп жазылған: "Жүр-гізіліп  отырған мемлекеттік ақша-несие  саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің  қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:

а) Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігіне  заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

ә) осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған  Қазақстанның халықаралық ұйымдарда  мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты  өзара келісілген шарттармен Қазақстан  Республикасы Қаржы мини-стрлігіне  қосымша несиелер береді. Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие  бойынша қайтарымдылық, мақсатты сипатының  мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде  қарыз алады.

Үкімет  әрбір  несие бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемелері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен  өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан  Республикасы Парламент жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.

 

3.2  Қазақстандағы  несиелік қатынастарды  жетілдіру  жолдары 

 

2012 жылдың 4-ші тоқсанында банк саласында  сақталып отырған жоғары бәсекелестікке  орай, несие ұйымдары ағымдағы  жұмысын жетілдіруге бағытталған  бірқатар шараларды қолға алатын  болады. Қазір көрсетіліп отырған  қызметтердің сапасы мен жылдамдығы  артады. Қаржы құралдарының саны  өседі. Кейбір банктер несие  талаптарын жеңілдетуі мүмкін. 

2012 жылдың қазан айында Қазақстанның  Ұлттық банкі тоқсан сайынғы  есебінің қорытындыларын жариялады.  Оның атауы несие нарығының  қазіргі жағдайы мен болашағы  деп аталады. Сауалнамаға банк  өкілдері қатысқан еді. 2012 жылдың  ІІІ тоқсанында банктердің 33 пайызы  тұтынушылар тарапынан несиелерге  сұраныс артты деп жауап берді.  Бұл қаржылық емес құрылымдар. Қазір қысқа мерзімді, айналымдағы  қаржыны толықтырып отыруға мүмкіндік  беретін заимдарға қызығушылық  жоғары. 2012 жылдың 4-ші тоқсанында  банктердің барлығы бизнес өкілдері  тарапынан несиеге сұраныс артып,  нарықтағы бәсекелестік жоғарлайтын  болады деп отыр. Ұжымдық сала  өкілдеріне жеңілдіктер ұйымдастырылып  отырады. Бұл қаржы мен пайыздық  сыйақыға байланысты болып отыр. Сондай-ақ, банк тұтынушылар тапсырыстарын  уақытылы орындап, қажетті құжаттар  легін қысқартып жатыр.

Тәуекелдерді басқарушы компаниялардың міндеттері артты. Кейбір банктер несие  портфельін арттыру мақсатында жеңілдік науқандарын ұйымдастырып жатыр. Салаға шағын және орта бизнес көптеп тартылып келеді. Тұтынушылық несиелерге келер  болсақ, тұтынушылық сұраныстың жоғары болукынан несиелер көптеп алынып жатыр. 3-шіс тоқсанда банктердің 69 пайызы 2-ші тоқсанда 70 пайызы тұтынушылық  несиелерге сұраныс артты деп  жауап берген еді. Алдағы уақытта  саладағы сұраныс осы қалпында болады деп жауап бергендердің үлесі 21 пайызға  жетті. Ипотекалық несиелер бойынша, сұраныс 3-ші тоқсанда 34, 2-ші тоқсанда 46 пайызға  артты. Сұралғандардың 50 пайызы қазір  де сұраныс осы шамада болады деп  жауап берді. Банктер тұтынушылар  алдында өзін жақсы ету мақсатында, құжаттардың қаралу мерзімін бірнеше  күнге төмендетіп, қарыз мерзімі  мен ауқымын арттырды. Қарызды  бергені үшін ақша талап етпей, бірден бастапқы жарна сұрамайтын болған. Алайда, қазір күмәнді несиелердің  ауқымы портфельде жоғары. 8 пайыз банктер  алдағы уақытта жағдай өзгеретін  болады деп болжап отыр. 86 пайыз маман  жағдай өзгермейді деп отырса, 5 пайыз  банк жағдай сәл де болса нашарлайды деп болжап отыр. 

Қазақстан Республикасының  Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi 2008 жылы Қазақстанның халықаралық  бәсекеге қабiлеттiлiгiн және ел азаматтарының  өмiр сүру сапасын арттыру үшiн  қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға, экономиканың өсуiнiң  жоәары қарқынын және бағалар тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған келiсiлген саясат жүргiзетiн болады.

Алға  қойылған мақсаттарды негiзге ала  отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң күш-жiгерi мыналарға бағытталатын болады:

  • макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • республика халқының јл-ауқатын арттыру;
  • экономиканы одан јрi жаңғырту және әртараптандыру;
  • мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiкті дамыту;
  • әлемдiк  экономикаға тиiмдi кiру.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының  жергiлiктi атқарушы органдары тарапынан  ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көтерме (коммуналдық) нарықтарын, ауыл шаруашылығы  өнiмдерiн сатып алудың тиiмдi жүйесiн  одан әрi дамыту жөнiндегi; терiс пиғылды  бәсекелестiктi, баға жөнiнде сөз  байласуды, нарық субъектiлерiнiң  өздерiнiң үстем жағдайын асыра  пайдаланушылығын айқындау және оның жолын кесу жөнiндегi; белгiлi бiр тауар  нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектiлердiң баға белгiлеуiн  бақылау жөнiндегi, өнiм өндiрушiлер  мен түпкi тұтынушылар арасындағы делдалдардың санын азайту жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi  ақша-кредит саясатының операцияларын жетiлдiретiн болады, бұл оның негізгi ставкаларының реттеушi рөлiн одан әрi арттыруға ықпал ететiн болады. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң операциялары бойынша ставкаларды реттеу ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейiне байланысты жүргiзiлетiн болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеушi мүмкiндiктерiн күшейтуi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасындағы оның деңгейiн тоқсан сайын қарау практикасы жалғасады.

Сыйақының нарықтық ставкаларына қысқа мерзiмдi ставкалардың реттеушi рөлiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi депозиттер тарту (төменгi шекара) және қарыздар беру (жоғарғы шекара) бойынша ставкалармен анықталатын операциялар, көрсетiлген дәлiздiң шекараларын жақындату және қайта қаржыландыру ставкасымен депозиттiк ставкалардың өзара байланысы жөнiндегi ставкалар дәлiзiн ықшамдауға бағытталған саясатты жалғастыруды ниет етiп отыр. Бұл кезеңде дәлiздiң төменгi шекарасы жоғарғы шекараның (қайта қаржыландыру ставкасының) жартысын құрайтын болады.

Информация о работе Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары