Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 09:34, курсовая работа

Краткое описание

Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.

Содержание

КIРIСПЕ......................................................................................................................3

1. НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
1.1 Несие қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы..........................5
1.2 Несиенің мәні және қызметі.................................................................................8
1.3 Несие теориясы және оның дамуы .....................................................................9

2. НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Несие формалары мен фукциясы.......................................................................13
2.2 Несие нысандары, олардың жіктелуі................................................................14

3. ҚАЗАҚСТАНДА НЕСИЕ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы қиындықтардың орны...............................20
3.2 Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары.........................23

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

несие мәні түрлері.docx

— 64.15 Кб (Скачать документ)

Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы  мен заңдық базасы жасалуда.Бірақ,бұл  нарықты әзірге даму сатысында деп  айтуға болмайды,ол ипотекалық несиелеудің  Батыс үлгісінен алшақ жатыр.

Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы әлдеқашан  әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму

тұрғысынан  енді – енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты  дамыса, ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.

Капиталдық  жасампаздық теорияны ары қарай  монетаристер дамытуда. Оқулықтың алдыңғы  бөлімінде атап өткеніміздей, М. Фридмен  экономиканы реттеудің негізгі  құралдары – несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын  мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді  реттей отырып, экономикаға салынатын  несие салымдарының ауқымын кеңейтуге  немесе аясын тарылтуға болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен  инфляцияның деңгейіне де әсер етуге  болады.

Монетаризм  теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолданылуда. Бүгінгі  таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін  тежеуге қол жеткізуге болып  отыр.

Қазақстан да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша несие  реттеуінің монетаристік теориясын  қолдана отырып, 1994 – 1997 ж ж. өршіген  инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізді.

 

 

 

 

 

 

2.   НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

 

2.2 Несие формалары

 

Несие формасы – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.

Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды  формаларын бөліп көрсетуге болады:

  • Қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Несинің негізгі формалары

 

  • Несие мәмілесінің объектісіне қарай – ақшалай және тауарлы несие;
  • Несие қатынасының субъектісіне қарай – банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер.

Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білмейтініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т.б.) бір-біріне өсім алумен қарызға берілген.

Несиенің тауарлық формасы осы  заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық  тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер  мен шаруа қожалықтарына қөктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым  түріне берілетін бұл несиені  фермерлер мен шаруа қожалықтары  күзде астықты жинағаннан кейін  қайтарып отырады.

Несиенің тауарлы формасының негізінде  ақшалай несие формасы пайда  болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық астықты жинағаннан шаруашылықта артықшылықтарға  ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға  тән баламалы, әмбебап құралы болып  табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың  шегінде пайдаланылады.

Несиенің тауарлық және ақшалай  формаларымен қатар олардың аралас формасы да қолданылады.

2.2 Несие нысандары, олардың жіктелуі

Несиенің  нысандары, оның құрылымымен және белгілі  бір дәрежеде несиелік қатынастардың  мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді

Несие берушілер  мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар  қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.

Несиенің  екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.

Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының  тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық  несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді

Коммерциялық  несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз  алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық  несиенің банктік несиеден айырмашылғы  төмендегідей:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің  түрлері коммерциялық және банктік  несиеден туындайды.

Коммерциялық банктер өздерінің  клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

I. Қарыз алушылар категорияларына  қарай:

1. Қаржылық  институттарга берілетін несиелер:

  • макқатты қорларға;
  • банктерге;
  • қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық  емес агенттерге берілетін несиелер:

  • өнеркәсіп салаларына;
  • ауыл шаруашылығына;
  • саудаға;
  • дайындау ұйымдарына;
  • жабдықтау-сату ұйымдарына;
  • кооперативтерге;
  • жеке кәсіпкерлерге.

3. Тұтыну  мақсатына берілетін несиелер.

II. Мерзіміне қарай:

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
  • орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. Тағайындалуы және пайдалану  сипатына қарай:

  • негізгі қорларға жұмсалатын;
  • айналым қаражатына жұмсалатын.

IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне  қарай:

1. Қамтамасыз  етілген:

  • кепіл-хатпен;
  • кепілдемемен;
  • кепілдікпен.

2. Сақтандырылған.

3. Қамтамасыз  етілмеген:

  • сенім (бланктік)несиесі.

V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне қарай:

  • ұлттық валютамен;
  • шетел валютасында.

VII. Берілу шартына қарай:

  • Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Ипотекалық несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

Халыққа берілетін ипотекалық несиені  үш түрге бөлуге болады:

  1. тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;
  2. түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
  3. тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер

Овернайт  несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.

Банкаралық  несие—банктердің бір-біріне беретін несиесі.

Овердрафт (ағылш. оvеrdraft — жоспардан жоғары) — клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.

Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты  толық көлемде шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие  береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша  банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартга  овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт  бойынша несие беру және оны қайтару  шарты көрсетіледі. Овердрафтың  басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені  қайтарудағы барлық сома клиенттің  ағымдық шотында есепке алынады.

  • Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
  • Лизингтік несие—банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.
  • Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.
  • Консорциалдық несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
  • Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
  • Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
  • Вексельдік несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
  • Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
  • Контокорренттік несие — клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
  • Ломбардтық несие — тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.
  • Форфейтингтік несие—сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай міндеттемесін (векселін) сатып алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.
  • Факторингтік несие—жабдықтаушынын, немесе банк клиентінің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
  • Экспорттық несие — экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.
  • Несиелік желі — келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.

Информация о работе Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары