Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің қалыптасуы мен дамуы
Курсовая работа, 03 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақстанның сақтандыру нарығы көптеген себептерге байланысты тенденциялар жиынтығымен сипатталады, олар: мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сақтандыру саласы заңнамаларының жалпы жағдайы, сақтандырылушылар мен сақтандырушылардың төлемқабілеттілігі және мемлекеттік реттеу құралдары мен олардың тиімділігі. Маңызды ықпал етуші себептер қатарына тек қан ішкі фактоларды ғана емес, сонымен қоса сыртқы- Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, ТМД елдері мен Шығыс Еуропа елдерінің сақтандыру нарықтарының дамуы.
Содержание
Кіріспе.......................................................................................................................6
I бөлім. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік мәні
1.1 Сақтандырудың түрлері және оның нысандары............................................10
2.1 Қазақстандағы сақтандыру қызметінің даму кезеңдері................................16
II бөлім. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру саласының ерекшеліктері
2.1 Қазақстандағы сақтандыру қызметінің даму кезеңдері................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................26
2.3 Сақтандыру компанияларының төлем қабілеттілігін мемлекеттік реттеудің отандық және шетелдік үлгілерінің салыстырмалы анализі.................................32
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ұйымының дамуының қиындықтары мен басылымдықтары
3.1 Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің негізгі бағыттарының қалыптасуы.................................................................................................................37 3.2 Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің жетілдіру жолдары..............43
Қорытынды.................................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................61
Прикрепленные файлы: 1 файл
сактандыру Сапенова часть ДЖ.docx
— 39.60 Кб (Скачать документ) Сақтандыру, табыс
(пайда) табу мақсатымен
Сақтандыру –
сақтық ұйымдары өз активтері
есебінен жүзеге асыратын
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сиақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға не оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексі бойынша
- міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;
- сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;
Міндетті сақтандыру
– заңнамалық актілер
Ерікті сақтандыру
– тараптардың еркін
Сақтандыру қызметі
– сақтық ұйымының
- Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі – «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша іске асырылады
- «Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- өмірді сақтандыру;
- аннуитеттік сақтандыру;
3. «Жалпы сақтандыру»
саласы ерікті сақтандыру
- жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
- медициналық сақтандыру;
- автомобиль көлігін сақтандыру;
- темір жол көлігін сақтандыру;
- әуе көлігін сақтандыру;
- су көлігін сақтандыру;
- жүктерді сақтандыру;
- мүлікті сақтандыру;
- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
- автомобиль иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
- темір жолы көлігі иелерінің азаматттық – құқықтық сақтандыру;
- әуе көлігі иелерінің азаматттық – құқықтық сақтандыру;
- су көлігі иелерінің азаматттық – құқықтық сақтандыру;
- тасымалдаушының азаматттық – құқықтық сақтандыру;
- шарт бойынша азаматттық – құқықтық сақтандыру;
- зиян келтіргені үшін азаматттық – құқықтық сақтандыру;
- Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны мен оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
- Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтану шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметтерін уәкілеттік мемлекеттік ұйымдармен сақтандыру ережесіне келіскеннен кейін ғана жүзеге асуға құқылы.
- Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді.
Жалпы сақтандыру және өмірді
сақтандыруға тән экономикалық
қатынастар қоғамдық
Мүліктік және кәсіпкерлік
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру - сақтандырылушы жазатайым жағдайдан немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада, не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру – сақтандырушының медицина мекемесіне медицыналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетуді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты саөтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру – көлік құралын иеленуге, қолдануға, оған иелік етуге байланысты адамның мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлан әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Жүктерді сақтандыру – жүктерді иеленуге, қолдануға, оған иелік етуге байланысты адамның мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде ұрлан әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Мүлікті сақтандыру -иеленуге, қолдануға, оған иелік етуге байланысты адамның мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлан әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шартардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандыру. Зиян келтіргені үшін азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық – құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдына азаматтық – құқықтық жағынан пайда алушы ретінде іс – қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс – қимыл жасайтын келісім – шарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметінің залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай калу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін. Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелі сақтандыру шарты немесе өзге тұлғалардың пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан
бастап Қор «Сақтандыруға
кепілдік беру қоры туралы»
заңға сәйкес жарғылық
1996 жылдан бастап
ауыл шаруашылығы өндірісін:
Өмірді сақтандыру - азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметінің көмегімен жүзеге асады. Өмірді сақтандыру - сақтандырылушы қайтыс болған немесе сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру – сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілеттілігін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айрылуына әкеп соққан өзге де жағдайда зейнетақы немесе рента түрінде кезең – кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебінен олардың қызметтерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және сол сияқтылар жатады. Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда көлік құралдары иелерінің азаматтық – құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшінің жеке құрамы, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қызметшілері сақтандырылады.
Сақтандырудың экологиялық