Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 12:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін қаржылық-экономикалық қатынастарды түрлендіруге, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға сай келтіруге және инвестициялық белсенділікті дамытуға қызу ат салысатын, сондай-ақ, әлеуметтік хал-ахуалдар мен экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз ете алатын, Қазақстан Республикасының тиісті заңдары мен сол заңдардың негізінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын, экономикалық сипаттағы қызмет болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Банктік қызмет пен өнімдердің негізі мен қалыптасуы
1.2. Банктік қызметтердің сыныпталуы
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (ТЕМІР БАНК ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
2.1 « Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ –нің қызметіне сипаттама
2.2 Банк қызмет көрсетуінің тиімділігін қамтамасыз ету және банк қызметін басқару
2.3 Банктердің активтік қызметтері
3. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІ ҰСЫНҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ
3.1 Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банктік қызметтер түрлері. КУРСОВАЯ 12.doc

— 367.50 Кб (Скачать документ)

Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.

Ақпараттық  қызмет көрсету. Қазіргі кезде телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардын түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.

Осының негізінде банктер  өздерінің мәліметтер базасын жасайды, клиенттер оған қолын жеткізу үшін белгілі бір ақы төлеуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (ТЕМІР БАНК ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК  МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

2.1 « Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ –нің қызметіне сипаттама

 

« Ресей жинақ банкі» АҚ  ЕБ Қазақстандағы алдыңғы қатардағы банктердің бірі болып табылады және 5 жылдан астам уақыт ішінде банкілік қызмет көрсету нарығында табысты  еңбек етіп келеді.

      Бүгінгі күні « Ресей жинақ банкі» АҚ  ЕБ активтер мөлшері жөнінен елімізде алтыншы орында және бөлшек нарықта және ШОБ субъектілерін кредиттеуде артықшылықты фокуспен бизнестің барлық бағыттары бойынша әмбебап қаржы институты ретінде даму үстінде.

       Ресей жинақ банкі ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бірлескен әрекеттері Жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын 2010–2011 жылдарға арналған экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады.

      Бүгінгі күні Банк жаңа шарттарда ойдағыдай жұмыс істеу үшін маңызды фактор болып табылатын баланстың айқын құрылымына және бағыты дұрысталған Даму стратегиясына ие.

      2010 жылдың ақпанында Ресей жинақ банкі The Banker халықаралық қаржы баспасының версиясы бойынша 500 аса ірі әлемдік қаржы брендтерінің рейтингінде 31 орынға ие болды.

      « Ресей жинақ банкі» АҚ  ЕБ төмендегілерге қатысушы болып табылады:

- Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) қорына;

- Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қазақстандық қорына;

- Қазақстан қор биржасына (KASE);

- Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына;

- SWIFT және REUTERS телекоммуникациялары халықаралық банкаралық жүйесіне;

- Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасына;

- VISA International және MasterCard International халықаралық төлем жүйесінің принципиалды мүшесі.

     « Ресей жинақ банкі» АҚ  ЕБ зейнеткерлік активтерді басқару жөніндегі компаниялардың, сондай-ақ «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ депозиттерін орналастыру үшін, ақша қаражатына сенім білдіретін ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген екінші деңгейдегі банкілер тізбесіне енді.

      « Ресей жинақ банкі» АҚ  ЕБ 2011 жылдың ақпан айының басына 973 банкомат, оның ішінде қолма-қол қабылдау функциясымен (cash-in) 322 банкомат, сондай-ақ қолма-қол, ақша беру пункттеріндегі 152 POS-терминал және сауда-сервистік кәсіпорындардағы 342 POS-терминал есептелінетін кең көлемді эквайрингтік құрылғылар желісіне ие.

      « Ресей жинақ банкі» АҚ  ЕБ Қазақстан Республикасының 56 қалалық және ауылдық елді мекендерінде 2011 жылдың 1 ақпанына есептелінген 19 филиалы және 115 бөлімшелі тармақталған филиалдық желісі бар. Ресей жинақ банкі филиалдарының желісі ең алдымен, олар Банктің өңірлік тиімділігін арттырады. Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын банк  филиалдардың ауқымды желісі,  басты активі, оның мөлшері Банк филиалдары жұмысының тиімділігін арттырумен бір мезгілде барынша ұлғайтылатын болады.

      Ресей жинақ банкі миссиясы - банкілік қызметтердің алдыңғы стандарттарына сәйкестене әрбір клиент үшін сенімді серіктес болу.

Банкінің даму перспективаларының көрінісі:

- корпоративтік басқарудың дамыған жүйесімен және халықаралық деңгейдегі тәуекел-менеджмент жүйесімен коммерциялық тиімді, тұрақты және транспарентті банкілік ұйым;

- активтер мөлшері бойынша Қазақстандағы ең ірі жеке банкілердің бестігіне кіретін жүйе құрастырушы банк;

- тұрғындарға қызмет көрсету, ЗТ операциялық қызмет көрсету және ШОБ қаржыландыруды орталықтандырумен нарықтың барлық сегменттерінде жұмыс істейтін әмбебап банк.

      Банк міндеттері: Қазақстан Республикасы жұртшылығының сапалы банктік өнімдерге қажеттіліктерін қанағаттандыру.

      Банк қызметінің негізгі мақсаты: банкілік қызметтерді көрсету, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, шетелдік ұйымдармен іскерлік ынтымақтастықты жетілдіру және нығайту үшін халықаралық қаржы институттарымен тікелей байланыс орнату негізінде табыс алу болып табылады.

      Банк ұжымының негізгі қызметі: Қазақстан Республикасының азаматтарына қол жетерлік және сапалы қызметтерді көрсете отырып, Банктің республика жұртшылығы үшін пайдалылығы болып табылады.

     Банк қызметінің  философиясы келесі ұстанымдарға  негізделеді:

- үйлесімділік;

- әділдік;

- сенім;

- бейсаясаттық;

- даму;

- парасаттылық;

      Міндет және Философия -  банк қаржы институты және пікірлестер командасы ретінде дами отырып, аса сапалы өнімдер шығаратынын және қоғаммен біршама үйлесімді қатынастар орнататынын қарастырады, бұл қоғамның сенімін арттырады және тигізетін пайда үшін қоғам атынан әділ сыйақы береді. Қоғамнан алынған материалдық ресурстар және сенім шегін Банк бизнестің, сонымен қатар Банкте жұмыс істейтін адамдардың дамуының жаңа циклы ретінде дұрыс қолданады.

      Банкінің негізгі органдары:

  1. жоғарғы орган - Акционерлердің жалпы жиналысы;
  2. басқару органы - Директорлар кеңесі;
  3. атқарушы орган -  Басқарма;
  4. Бақылаушы орган - Ішкі аудит қызметі.

Директорлар кеңесі:

Директорлар кеңесі банкінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын банкінің органы болып табылады.

Директорлар кеңесінің  айрықша құзыретіне мыналар жатады:

    1. банк қызметінің басым бағыттарын анықтау, банкінің стратегиясын және даму жоспарын бекіту;
    2. акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қыбылдау;
    3. банкінің акцияларын орналастыру, соның ішінде жарияланған акциялар санының шегінде орналастырылған акциялар саны туралы және оларды орналастыру бағасы  және әдісі туралы шешім қабылдау;
    4. банкінің орналыстырылған акцияларды немесе бағалы қағаздарды өтеуін талап төлеп алуы туралы шешім қабылдау;
    5. банкінің жылдық қаржылық есеп беруін алдын ала бекіту;
    6. банкінің облигациялары мен бағалы қағаздарының туындыларын шығару жағдайларын анықтау;
    7. басқарманың сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін айқындау, оның басқарма төрағасы мен мүшелерін сайлау, сондай ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
    8. басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық айлық ақыларының мөлшері мен еңбегіне ақы төлеу және сыйақыландыру жағдайларын айқындау;
    9. Бан<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char"

Информация о работе Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары