Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 12:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін қаржылық-экономикалық қатынастарды түрлендіруге, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға сай келтіруге және инвестициялық белсенділікті дамытуға қызу ат салысатын, сондай-ақ, әлеуметтік хал-ахуалдар мен экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз ете алатын, Қазақстан Республикасының тиісті заңдары мен сол заңдардың негізінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын, экономикалық сипаттағы қызмет болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Банктік қызмет пен өнімдердің негізі мен қалыптасуы
1.2. Банктік қызметтердің сыныпталуы
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (ТЕМІР БАНК ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
2.1 « Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ –нің қызметіне сипаттама
2.2 Банк қызмет көрсетуінің тиімділігін қамтамасыз ету және банк қызметін басқару
2.3 Банктердің активтік қызметтері
3. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІ ҰСЫНҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ
3.1 Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банктік қызметтер түрлері. КУРСОВАЯ 12.doc

— 367.50 Кб (Скачать документ)

 

Экономиканы және халықты несиелендіру

Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі  – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

Несиелік операциялар  – бұл несие беруші мен қарыз  алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады.

Қарыз, сонымен қатар, контокорренттік  шоттардан да беріледі. Бұл шотта  бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар мен төлемдер көрсетілетін айрықша шот түрі. Ондв тек дебеттік немесе кредиттік сальдо ғана болады.

Контокорренттік шоттардан берілетін  несие контокорренттік несие деп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін немесе бағалы қағаздар сатып алу, вексельдерді өтеу үшін қолма-қол ақша түрінде берілуі мүмкін. Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар жіне т. б. жатады.

Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: несиелік желі соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар – күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық және қаржылық лизингтер.

Несиелік желілер – анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісімшарт.

Күтпеген  оқиғаларға жұмсалынатын қарыздар қарыз алушының айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшін беріледі.

Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар – айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде несиелер ай сайын, немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.

Мерзімді  қарыздар – ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлік сатып алу, құрал-жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салаларда өте кеңінен қолданылады.

Салынған  мүлік туралы актіге берілетін қарыздар - өндіріс ғимараттарын, зауыт құрылысын, үйлерді, жер учаскелерін сатып алу, немесе қаржыландыру үшін қолданылады.

Құрылыстық  қарыздар – ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне арнап беріледі.

Лизинг – қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды  қаржыландыру үшін қолданылады, мысалға: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар  және т. б.

Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін береді. Ол, негізінен, тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жаңармалы несиелер, ұзақ мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімді өтелетін несиелер жатады.

Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар – құрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие.

Жеке  тұлғаларға берілетін қарыздар – ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.

Коммерциялық  жанама несиелер, негізінен, вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Вексель – белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға белгілі бір соманы төлеу туралы, вексель иесінің нұсқамасы, немесе жазбаша түрдегі хаттамалы анықтама.

Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар – мерзімді болады, егер де вексель иесі алдын-ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға міндетті болса, немесе онкольдық болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уақытта талап етуге құқы бар.

Қарыз беру үшін қарыз  алушының беделін; бұрын алған қарыздарды өз уақытында қайтаруын; болмаса өтімділігін; барлық қарыздық міндеттемелерді өтеуін; меншікті айналым қаражаттарының барлығын алдын ала зерттеп білуі қажет.

Қарыздарды беру жекелеген  қарыздық дербес шоттар бойынша жүргізіледі. Ол несиенің бағытталуы бойынша ашылады. Мұндағы өнімді сатудан түскен түсім мен басқа да түсімдер есеп айырысу шотына аударылады. Қарыз ақшалай қаражат жоқ кезінде тауар-материалдық құндылықтар, көрсетілген қызметтер үшін ақшалай-есептік құжаттарды төлеуге, сондай-ақ қолданылмаған қарыз қалдығы мөлшерінде чектік кітапшаны және аккредитивтер ашу үшін беріледі.

Қарызды пайдаланғаны үшін төлем ақының (пайыздық) мөлшері  төмендегілерге байланысты қойылады: несиені пайдалану мерзіміне, қарыз  алушының төлей алмау тәуекеліне, несиелік ресурстар үшін төлем мөлшеріне, объект сипатына, бәсекелес банктердің мөлшерлемесіне және басқа да факторларға байланысты.

 

Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу

Коммерциялық банктердің үшінші қызметі - қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне, немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.

Берілген қызметтің  орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әртүрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, контокорренттік және тағы басқалар.

Қолма-қолсыз есеп айырысу  – бұл банктік айналым ақшаларының  қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот  бойынша жазба түріндегі аударымдары.

Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның  айналу аясын шектеуге, аұша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді.

Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шаруашылық органдарды несиелеу процесінде қолма-қолсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал олар өз кезегінде өз қаражаттарын сол банктердегі шоттарда ұстайды. Банк арқылы өтетін қолма-қолсыз есеп айырысу оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айырысудағы бос ақша қаражаттарды экономиканы және халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа  бөлінеді: клиенттік есеп айырысу операциялары (қатысушылары клиенттер мен банктер) және банкаралық есеп айырысулар (қатысушылары тек банктер). Есеп айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп айырысуларын айтуға болады: аударымдық, инкассалық, аккредитивтік және клирингтік.

Есеп айырысу кезінде  келесі төлем құралдары қолданылады: төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер (тапсырмалар).

Қазақстан Республикасында  банкаралық және халық шаруашылығындағы есеп айырысу жүйесінің негізгі  ұйымдастырушысы Ұлттық банк. Ол мынадай  қызметтерді орындайды:

  • қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналым ауқымдарына, қолма-қолсыз және қолма-қол ақша эмиссияның мөлшеріне бақылау жүргізу;
  • барлық коммерциялық банктер үшін біртұтас әдістемелік негізде бірыңғай мемлекеттік есеп айырысу орталығы болу;
  • есеп айырысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің ережелерін жасау және оларды унификациялау.

Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастырылуы біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған: қаражаттарды бір шоттан екінші шотқа  дебеттік аударымдар (чектер), бір шоттан екінші шотқа кредиттік аударымдар (жироесеп айырысулар).

Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру, негізгі екі бағыт бойынша  жүргізіледі:

  • жеке және заңды тұлғалардың есеп айырысу формаларының пайдаланып жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу;
  • банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру.

Халықаралық тәжірибеде қолданылатын есеп айырысу формаларының негізгі 3 тобын айтуға болады:

  • чек және вексель арқылы инкассалық операциялар;
  • аккредитивтер арқылы есеп айырысу;
  • аударым операциялары.

Инкассалық  операциялар. Оларды жүргізе отырып, банк клиенттің шотына онымен тапсырылған есеп айырысу құжаттары бойынша алынған қаражаттарды есепке алады. Банкаралық есеп айырысудың бұл мәселесі есеп айырысу палаталарының және клиенттік палаталардың құрылуымен шешіледі.

Аккредитивтер арқылы есеп айырысу сатушы сатып алушыға күмәнді болып, банк кепілдемесін алғысы келгенде қолданылады. Аккредитивтер құжаттық, шақырылатын және шақырылмайтын, өтемдік болады.

Аударым операциялары клиенттің тапсырмасы бойынша қаражаттарды банктің бір бөлімінен екінші бөліміне, немесе банк корреспондентіне аудару. Бұл операцияның мәні банкіге телеграф немесе пошта арқылы қандай сома, қандай мерзімде және кімге төлеу туралы хабарлауды сипаттайды.

 

Коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметі

Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады.

Қазақстанда заңға сәйкес инвестиция деп кәсіпкерлік іс-әрекет және басқа да пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары – жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады.

Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.

Бағалы қағаздар –  бұл арнайы түрде рәсімделген  қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген  құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады  (вексельдер, чектер).

Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар).

Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілермен эмиссияланады.

Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемлекеттік еместерге акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификаттар жатады.

Банктердің бағалы қағаздармен  операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық  түрде болады.

Бағалы қағаздар қозғалысы – акцияларды сату, немесе қарыз беру – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады.

Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму сатысында.

Коммерциялық  банктердің басқа да қаржылық қызметтері

Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, компьютерлерді) жалға беруді айтады.

Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.

Лизинг түрлері әр түрлі:

  1. Жедел лизинг қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.
  2. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді.
  3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру.

Лизингтік бизнестің  дамуы үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көздеріне  құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.

Информация о работе Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары