Қаржылық жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 14:05, реферат

Краткое описание

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Содержание

Кіріспе
1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен кезеңдері
2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржы жоспарлау.docx

— 38.48 Кб (Скачать документ)

     Қаржылық көрсеткіштерді  есептеу кезінде нормалар мен  нормативтер пайдаланылады, олар  қаржы жоспарларын, болжамдарын,  бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.

     Нормалар мен  нормативтер салыстырмалы немесе  абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің  натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.

     Қаржылық жоспарлауда  қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және  жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері   қолданылады.  Жиынтық   қаржылық   жоспарлауда   көбінесе

орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық    көрсеткіштерін    жоспарлағанда    жеке    дара     нормалар    мен 

нормативтер пайдаланылады.

      Қаржылық  нормалар мен нормативтері сондай-ақ  бекітілетін және есеп қисаптық  болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп қисаптарға аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сандай ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.

     Көптеген қаржылық  көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де болып табылады. Қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау процестеріндегі қаржы механизімінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс қимылы байқалып отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

    

     Қаржылық жоспарлау  бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі  мен теңгерімділігі жайлы қызмет  болып табылады. Осы арада теңгерімділік  дегеніміз - мемлекет қарамағындағы  қаржылық ресурстар арасындағы  және кәсіпорынның табыстары  арасындағы қолайлы, үйлесімді  қатынас  болып табылады.

     Қаржылық жоспарлаудың  негізгі құжатына- қаржылық жоспар  жатады. Қаржы жоспары бұл шаруашылық  жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің  ақшалай қорларын құрудың және  пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың  ресурстармен қамтамасыз етілуін  көрсетеді.

     Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету.

     Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.Финансы: учебное пособие  под ред. А.М.Ковалевой М.: Финансы  и статистика, 2000 г.

2. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебинк /под  ред. Е.С.Стояновой. М.: Изд-во Перспектива, 2003

3. Финансы: учебник для  вузов / под ред. М.В.Романовского  М.: изд. "Перспектива", 2008 г.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қаржылық жоспарлау