Қаржылық жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 14:05, реферат

Краткое описание

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Содержание

Кіріспе
1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен кезеңдері
2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржы жоспарлау.docx

— 38.48 Кб (Скачать документ)

 

 

2.Қаржылық жоспарлаудың  жүйесі.

      Қаржылық  жоспарлаудың негізгі құжаты  болып келетін қаржы жоспары  шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы  мемлекеттің ақшалай табыстары  (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

      Басқарудың  барлық деңгейлеріндегі жасалынатын  саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

      Жиынтық  қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік  қаржы ресурстарының қозғалысын  негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі  жүзеге асыратын қайта бөлу  процестерін белгілейді.

      Нысаны  бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.

      Қазіргі  кезде жиынтық қаржы жоспарлары  жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық  жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

      Жиынтық  қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық  банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстын есеп қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық , қажеттерге (әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

      Баланстың  кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

      Шығыстар  бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері:  экономиканы дамытуға жұмсалатын   шығыстар  (күрделі  жұмсалымдарды  қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.

     Жиынтық қаржы  балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтын қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйласімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша кердеит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министраліктер мен ведомстволарға нақтылы бекітусіз жасалынадын. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілер, яғни мекен жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстардада сондай. Бұл баланстың көмегімен мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.

     Дүние жүзінің  барлық елдерінде оперативтік  қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігімен туындайды.

      Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары мен болжамдары мен жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып оларды үлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функциялары оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

      Бюджет  баланс нысанында жасалады, онда  ағымдағы кезеңде арналған елдің,  оның аумақтарының экономикалық  және әлеуметтік бағдарламаларына сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұтымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне баса назар аударылады.

      Аса маңызды  оперативтік қаржы жоспары болып  табылатын мемлекеттік бюджеттің  жиынтық қаржы балансының бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық  шаруашылық  бойынша  келтіріледі,  ал  мемлекеттік  бюджетте олар тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін төлемдерінің нақты атаулары мен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар көрсетілген.

      Шаруашылық  жүргізудің социалистік жүйесі мен қаржы жүйесі барлық буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспарлары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалды. Мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен тиісінше стихиялық апараттарды ескерту мен және оның зардаптарын жою мен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын. Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық ақша ресурстарының, кәсіподақтардың, республикалық және облыстық кеңестерінің бюджеттері, халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВЦСПС-тың орталықтандырылған қаражаттарын біріктіреді.

      Кей жылдары  бүкіл ұлттық шаруашылықтың, жеке республикалардың жиынтық қаржы жоспарлары да жасалады. Оларда бюджет ресурстарынан, мемлекеттік сақтандырудың қаражаттарының басқа мемлекеттік кәсіпорындардың қаражаттары есепке алынады.

      Дамыған  нарықтық экономикасы бар елдерде  бюджеттен басқа жалпы мемлекеттік  бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз  ету, сондай-ақ барлық бюджеттен  тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталыұтандырылған қаржы жоспарлары жасалады. Көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арнлымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады. Айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.

     Жиынтық қаржы  жоспарлары тек қаржы жүйесінің  буындары бойынша емес, сонымен  бірге қаржы ресурстары қозғалысының  деңгейі бойынша да: жалпымемлекеттік  немесе жеке аймақтардың (республикалық  және жергілікті) жоспарлыры болып  ажыратылады. 

     Салалық (ведомтволық)  қаржы жоспарларының жүйесі материалдық  өндіріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.

     Аумақтық қаржы  жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың  жиынтық қаржы баланстары, жергілікті  бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және тағы басқа жоспарлары жатады.

   Қаржы жоспарларының  барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомстволар  қарасты ұйымдардың жоспарларын  біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.

     Мезгіліне  қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық)  және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда  аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.

     Шаруашылық  баланстар мен экономика теңдестігінің  бұзылуына, дағдарыстан туған  шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.

     Қаржы жүйесінің  барлық сфераларын, буындарының  қаржы жоспарлары болады және  қаржы жоспарларының нысаны, оның  көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.

     Бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелердің қаржы жоспарлары  смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалынады. Ұжымшылар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлері бюджеттерді жасайды. Коммерциялық есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі,шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталады. Баланстың  «Кәсіпорындардың бюджетпен өзара қарым қатынастары» бөлігі бюджетке түсетін түсімдердін және бюджеттен қаржыландыруды көрсетеді.

     Қаражаттарының  айналымы үлкен емес шаруашылық  – жүргізуші субъектілер екі  бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.

     Кәсіпорынның  кірістер мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.

     Есептеулер  мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу арнаулы қаржы жоспарында - төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. «Түсімдер» бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс, банктардің қысқа мерзімді өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай  түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. «Шығыстар» бөлімінде тауар- материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбекақыға, салықтарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде ( бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады. Нарыққа өту

ылық жоспарлау жүзеге асырылады. Нарыққа өту кезінде  кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады.

     Бизнес-жоспар  – бұл кәсіпкерлік қызметтің  техникалық экономикалық негізіне  сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік  дамуының  жоспарларына  қарағанда жекеше

кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.

     Нарықтық ортада  қаржылық жоспарлау анағұрлым  жоғары сапалық деңгейде жүзеге  асырылады және ғылыми әдістерді,  қазіргі заманғы техникалық құралдарды  және берік ақпараттық базаны  пайдалана отырып бұл процестің  жүргізуге мүмкіндік беретін  жаңа нысандармен және әдістермен молаяды. 

   

 

 

 

 

3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер

     Басқаруда  және шаруашылық қаржылық қызметті  жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер  шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық  шаруашылықтың ақшалай табыстар мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады.қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементі бейнелейді.

     Шаруашылық  жүргізуші төменгі буындарында,  мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік  қаржылық көрсеткіштер қабылданады: 

     өнімді өткізуден  түсетін табыс;

     өткізілген  өнімнің өзіндік құны;

     жалпы табыс;

     кезең шығысы;   

     негізгі қызметтен  түсетін табыс;

     табыс салығының  сомасы;

     таза табыс.

     Айрықшалықты  көрсеткіштер  банк, сақтық қызметтерінде,  зейнетақы және басқа қорларды пайдаланылады.

     Салық салу  кезінде жиынтық жылдық табыс,  жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым  және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады. Мемлекеттік қйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер бойынша шығыстырдың  көрсеткіштері қолданылады.

     Ұлттық шаруашылық  деңгейдегі қаржылық көрсетікштер  мемлекеттің қаржы ресурстарының  ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік  бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігі жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.

Информация о работе Қаржылық жоспарлау