Қаржы нарығы және делдалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:32, реферат

Краткое описание

Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттің қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚР Конституциясының 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

Содержание

І. Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы
1.1 Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
ІІ. Қылмыстық заң бойынша қолданатын шаралар
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық.doc

— 145.50 Кб (Скачать документ)

осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын:

осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады".

Осы заңның 6-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасы территориясындағы және оның азаматтары емес адамдар барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады, бұған олардың Қазақстан Республикасының шарттары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленіп алып тасталғандары қосылмайды".

Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.

Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделеріне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.

Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмысы үшін, егер Казақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер қылмысы Қазакстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс".

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР

 

2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру

 

Қылмыстық кодекстің 8-бабымен қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру мәселелері реттелген. Осы бапқа сәйкес басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтарын, егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, сол мемлекетке ұстап беруге болмайды. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде-қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін.

ТМД бойынша қылмыс жасаған адамды ұстап беру немесе қылмыстық құдалауды жүргізу 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясымен реттеледі. Осы Конвенцияның 56-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылыкқа тарту немесе үкімді орындауды іске асыру үшін Конвенцияға қатысушы мемлекеттер өзара сұрау салулар бойынша бір-біріне өздерінің аумағындағы қылмыс жасаған адамдарды ұстап беруге міндеттеніп, келісімге келді. Ұстап беру сұрау салған және сұрау салынған жақтың заңы бойынша жазалануға жататын және жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда неғұрлым ауыр жаза көзделген әрекеттер жасалғанда жүргізіледі.

Егер ұстап беру, үкімді орындауды іске асырумен байланысты болса — бас бостандығынан айыруға соттау 6 айдан кем болмауы керек немесе ауыр жаза көзделуі қажет. Егер қылмыскер сұрау салынған (сұрату жасалынған) елдің азаматы болып табылса ұстап беруден бас тартылады. Бұл жағдайда Конвенцияның 72-бабына сәйкес Конвенцияға қатысушы елдер сұрау салған жақтың аумағында қылмыс жасаған өз азаматтарын қылмыстық құдалауды өз заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

1994 жылғы 12 шілдеде  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындауды іске асыру үшін қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру туралы келісімді бекітті. Осы келісім бойынша егер келісуші екі жақтың да заңнамасында 2-бапта көрсетілгендей әрекет қылмыс деп табылса келісім бойынша адамды ұстап беру жүргізіледі.

Сұрау салынған жақтың келісуінсіз ұстап берілген адамды ұстап беруге негіз болғаннан басқа қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа немесе жазаға тартуға болмайды. Ұстап беру мәселелерінің шешілу барысы жөніндегі жауап қылмыс жасаған адамды ұстап беру туралы өтінішті алған сәттен бастап 15 күннің ішінде берілуге тиіс. Ұстап беру жөніндегі өтініштің мазмұнында сұрау салушы мекеменін атауы жөніндегі мәліметтер, сұрау салушы келісуші жақтың әрекеттің қылмысқа жататындығын негіздейтін заңының мәтіні, қылмыскердің жеке басының мінездемесі, сондай-ақ келтірілген материалдық залалдың мөлшері қамтылуы қажет.

 

 

                             2.2  Қылмыстық заңның мезгілдегі күші

 

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші Қылмыстық кодекстің 4 және 5-баптарымен реттеледі. ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген. Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттің ғана қылмыстылығын және жазаланатынғын анықтауға болады. Іске асырылудағы, күшіндегі заң деп өзінің күшіне енген және белгіленген тәртіп бойынша өз күшін жоғалтпаған заң танылады.

Республиканың заң және езге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай арнаулы заң Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы болып табылады.

Қылмыстық заңды жариялау және күшіне енгізу тәртібі былайша белгіленген:

а) егер заңның күшіне ену мерзімі сол заңның өзінде белгіленсе, онда заң сол мерзімде көрсетілген күннен бастап (жарияланған күннен немесе нақты көрсетілген мерзімнен бастап) заңды күшіне енген болып саналады;

ә) егер заңда оның күшіне ену мерзімі көрсетілмесе ол Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысында немесе "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда", "Заң", Юридическая газета", газеттерінде ресми түрде жарияланғаннан кейін он күн өткен соң Республиканың барлық аумағында заңды күшіне енеді.

Мерзімдерді есептеудің жалпы қағидаттарына сәйкес белгіленген мерзімнің соңғы тәулігі өтісімен заң күшіне енген болып саналады. Қылмыстық занды дәлме-дәл, дұрыс қолдану үшін қылмыстың жасалу уақытын анықтаудың маңызы зор. ҚК-тің 4-бабына сәйкес қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан қылмыс жасалған уақыт деп танылады. Бұл норма материалдық сондай-ақ формальды қылмыс құрамының жасалу уақытын анықтайтын бірыңғай ережені бекітеді.

Қылмыстық заң мынадай әр түрлі негіздерге байланысты өзінің күшін жоюы немесе тоқтатуы мүмкін:

а) сол заңды басқа жаңа заң алмастыруына байланысты;

ә) заңда көрсетілген мерзімнің өтуіне я болмаса басқа заңдардың болуына байланысты;

б) егер қылмыстық заң белгілі бір мерзімге немесе ерекше мән жайларға қатысты шығарылса, онда ол белгіленген мерзімнің өтуімен немесе аталған мән-жайлардың жойылуымен өзінің күшін жоюы не тоқтатуы мүмкін.

ҚК-тің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық занның күшінің ол заңды күшіне енгенге дейінгі болған әрекеттерге қолданыла беруіне мүмкіндік береді.

ҚК-тің 5-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жөңілдететін заңның кері күші болады, яғни мұндай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

Жаңа қылмыстық заң мына жағдайларда әр кезде де кері күшке ие:

1)  әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жойғанда;

2) жауаптылықты немесе жазаны женілдеткенде;

3) қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолдармен жақсартқанда.

Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын заң болып әрекеттің қылмыс қатарынан (яғни Қылмыстық кодекстен) алынып тасталуын көздейтін немесе осы әрекет үшін оның жазаланушылығын жоятын заң танылады. Жаңа заңның, ескі заңмен салыстырғандағы жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететіндігін анықтау мәселесі екі заңның да диспозициясы мен санкциясын салыстыру негізінде шешілуі қажет.

Өзгеріске түспеген диспозицияда егер жаңа заң:

1) жазаның бір түрін басқа түрімен — жеңіл жазамен ауыстырса (мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына ауыстырса);

2) жазаның бұрын көзделген  бір түрінің орнына (мысалы, бас  бостандығынан айыру) жаңа заңның санкциясында басқа да неғұрлым жеңілірек жазалар енгізілсе (мысалы, бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары немесе айыппұл);

3) көзделген жаза мерзімінің  ең жоғарғы жазалау шегін азайтса  (мысалы, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырса);

4) сондай жазаның ең  төменгі жазалау шегін азайтса (мысалы, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырса);

5) негізгі жазаны өзгертпестен қосымша жазаны алып тастаса;

6) негізгі жазаны өзгерту мүмкін емес болған жағдайда қосымша жазаның түрін және мерзімін жеңілдетсе;

7) жаңа заң бойынша  жазалауды алдыңғы заңмен салыстырғанда бір мезгілде күшейтсе және жеңілдетсе, онда нақты әрекет үшін неғұрлым жеңілірек жаза колданылуы мүмкін.

Бұл орайда алдыңғы заңда белгіленген жазаның ең жоғарғы шегінен, тағайындалған жазаның шегі жоғары болмауы тиіс.

Қылмыстық заңның кері күші сотталған және жазасын отеп жүрген немесе бұрынғы, қатаң норма бойынша жазасын өтеген бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын женілдетсе, тағайындалған жаза жанадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс (ҚК-тің 5-бабының екінші бөлігі).

ҚК-тің 5-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, мына жағдайда қылмыстық занның кері күші болмайды:

1) егер ол әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілесе;

2) егер ол жауаптылықты  немесе жазаны күшейтсе;

3) егер ол әрекетті  жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын болса.

 

 

                              2.3  Қылмыстық заңды түсіндіру

 

Қылмыстық заңды түсіндіру деп сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз.

Түсіндірудің қажеттілігі тек кейбір заң мәтіндерінің анық еместігіне және толық еместігіне байланысты олардың мазмұның ашып көрсетуден ғана емес, сонымен қатар оны пайдалануда басқа заңдардан ажыратып, жігін ашып, бөліп қарастырудан туындайды. Заңды түсіндіру заңдарды, заңнаманы дұрыс түсінуге, заңдылықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

Қылмыстық заңды түсіндіру әр түрлі негіздерге байланысты бірнеше түрлерге бәлінеді. Яғни ол:

а) субъектісіне байланысты, яғни кім түсіндіретіндігіне байланысты:

— аутенпткалык, (түпнұсқалық);

— легальды (заңды, ресми);

— соттық;

— дектриналдық, (ғылыми);

ә) көлеміне байланысты, яғни қылмыстық заңның күші тарайтын әрекеттер (қатынастар) шеңберіне байланысты:

— дәлме-дәл;

— таралған (кең көлемдегі);

— шектелген (тар көлемдегі);

б) әдістеріне байланысты, яғни қалай түсіндірілетіндігіне байланысты:

— грамматикалык, (филологиялық);

— жүйелі;

— тарихи болып бөлінеді.

Аутентикалық түсіндіру — бұл заң шығарушы органның өзінін занға түсініктеме беруі. Аутентикалық түсіндірудің заңдылық күші бар және ол жалпыға бірдей.

Легальды/ресми түсіндіру — заң бойынша арнайы өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға құзыретті органның заңға түсініктеме беруі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияның нормаларына ресми түсініктеме береді.

Соттық түсіндірме деп — соттың нақты бір қылмыстық істі қараудағы беретін түсіндірмесін айтамыз. Сот түсіндірмесінің нормативтік күші бар. Ол үкімнің заңды күшіне енуінен кейін сол іс бойынша міндетті болады. Соттық түсіндірменің ерекше түрі болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулылары табылады. Сот талқылауын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретінде. Мұндай соттық түсіндірменің мысалы, Республика Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сәуірдегі "Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін зандарды соттардың колдану тәжірибесі туралы" Қаулысы бола алады.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдар