Қаржы нарығы және делдалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:32, реферат

Краткое описание

Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттің қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚР Конституциясының 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

Содержание

І. Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы
1.1 Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
ІІ. Қылмыстық заң бойынша қолданатын шаралар
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық.doc

— 145.50 Кб (Скачать документ)

Доктриналдық ғылыми түсіндіру — ғылыми мекемелердің, заңгер-ғалымдардың, құқық қолдану және құқық қорғау қызметкерлерінің оқулықтарда, монографияларда, ғылыми-тәжірибелік мақалаларда, баяндамаларда, дәрістерде -заңды күшіндегі қылмыстық заңдарға түсініктеме беруі.

Дәлме-дәл түсіндіру деп заңның өз мәтіні мен зан нормаларының оның мазмұнына және мәнісіне, оның сөйлем құрамына тура келетін түсіндіруді айтамыз.

Таралған (кең көлемдегі) түсіндіру — заңға дәлме-дәл түсіндіруден гөрі кең мағына беретін және осы заң нормасын кең шеңберде қолдануға негіз болатын түсіндіру болып табылады.

Шектелген (тар көлемдегі) түсіндіру — заңға өз мәтініндегі дәлме-дәл көрсетілгенінен гөрі тар мағына беретін және заң нормасының тар шеңберде қолданылуын сипаттайтын түсіндіру. Мысалы, тар көлемдегі түсіндірме, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жаршысы, 1993. №2. 25 заңдарды соттардың қолдануы туралы" Қаулысында "кісі өлтіруге оқталу қасақана ниеттен болады" деп көрсетілген'.

Грамматикалық (филиологиялық) түсіндіру — заңның мазмұнына грамматикалық анализ жасаумен қатар этимологиялық және синтаксистік ережелердің кәмегі арқылы қылмыстық заңда қолданылатын жекелеген терминдердің, сөздердің және анықтамалардың мәні мен мағынасын ашып көрсетуден тұрады.

Заңда қолданылатын терминдердің, ұғымдардын түсінігі, қылмыстық заң нормаларының өзінде де берілуі мүмкін. Мысалы, "лауазымды тұлғалардың" түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінде ашылып көрсетілген. Заңда қолданылатын сөздердің, ұғымдардың, терминдердің мағынасы мен түсініктері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулыларында да беріліп тұрады. Сондықтан Жоғарғы Сот Пленумының тиісті Қаулыларына жүгініп тұру қажет.

Жүйелі түсіндіру — қылмыстық заңның мазмұнын, оның. қылмыстық заң жүйесіндегі алатын орнын басқа заңдармен және мазмұны жағынан ұқсас заңдармен салыстыра отырып, ажыратуды белгілейді. Яғни, жүйелі түсіндіру осы жолдармен заңның мағынасын аша түседі. Мысалы, КК-тің 109-бабында көзделген қажетті қорғаныс шегінен шығып денсаулыққа ауыр зиян келтірудегі қылмыстық жауаптылықтың негіздерін түсіндіру үшін, осы аталған бапты ҚК-тің басқа баптарымен, яғни 66, 103-баптарымен міндетті түрде салыстыру қажет.

Тарихи түсіндіру — қылмыстық заңды қабылдауға негіз болған әлеуметтік-экономикалык, саяси жағдайларды ескере отырып, заңның мәнін, заң жобасының тарихын және заңның шығарылу себептерін анықтай отырып түсіндіруден тұрады. Қылмыстық заңды түсіндірудің барлық әдістері бір-бірімен тығыз байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      ҚОРЫТЫНДЫ

 

  «Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы» атты курстық жұмыстың І -тарауында «Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы» деп аталып, онда мынадай мәселелер қаралды: қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.

Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар. Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.

Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.

Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция. ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.

Казақстан Республикасының 1993 жылғы 13 каңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" заңының 1-бабына сәйкес, Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.

ІІ-тарауында: « Қылмыстық заң бойынша қолданатын шаралар» деп аталып, онда мынадай мәселелер қозғалды: Қылмыстық заңның мезгілдегі күші Қылмыстық кодекстің 4 және 5-баптарымен реттеледі. ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген. Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттін ғана қылмыстылығын және жазаланатынғын анықтауға болады. Іске асырылудағы, күшіндегі заң деп өзінің күшіне енген және белгіленген тәртіп бойынша өз күшін жоғалтпаған заң танылады.

Республиканың заң және езге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай арнаулы заң Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы болып табылады.

                    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық  құқық, жалпы бөлім»Алматы – 2001 ж.
  2. Звечаровский И.Э. «Уголовная ответственность» Москва -  1995 г.
  3. Наумов А.В. «Қылмыстық құқығы Астана» – 2001 ж.
  4. Звечаровский И.Э. «Уголовная ответственность» Москва -  1995 г.

5. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы Алматы – 2001ж

        6. Лейкина Н.С. «Личность преступника и уголоная ответственность»

             1995 г                                 

  1. Наумов А.В. «Осы  заманғы  қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары» Алматы – 1999 ж.

 

 


Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдар