Акционерлік қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 18:21, реферат

Краткое описание

Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының акционерлік
қоғамдар туралы заңдары
Акциялардың түрлері
Қоғам акционерлерінің құқықтары
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша қаржы несие.docx

— 21.36 Кб (Скачать документ)

                                    Акционерлік қоғам 

Жоспары:

      1. Акционерлік қоғам  туралы жалпы түсінік
      2. Қазақстан Республикасының акционерлік 
        қоғамдар туралы заңдары
      3. Акциялардың түрлері
      4. Қоғам акционерлерінің құқықтары
      5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.

                     Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган — басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган — тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс — дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.Акционерлік  қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражатды тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Кейбір кәсіпорын түрлері міндетті түрде тек АҚ нысанында ғана құрылады, мысалы, бағалы қағаздар нарығындағы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары. АҚ жарғылық капиталының ең аз мөлшері 50 000 АЕК құрайды. Құрылтайшылармен енгізілетін акцияларды алдын ала төлеу мөлшері АҚ жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен кем болмауы тиіс және заңды тұлға ретінде АҚ мемлекеттік тіркеген күннен бастап отыз күн ішінде құрылтайшылармен толық төленуі тиіс.

                           Қазақстан Республикасының акционерлік 
                                        қоғамдар туралы заңдары

               1. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

               2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

              3. Осы Заңның ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және егер «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ол бақылайтын өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.

             4. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

                                         Акционерлік қоғам

1. Өз қызметін жүзеге асыру үшін  қаражат тарту мақсатымен акциялар  шығаратын заңды тұлға акционерлік  қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп  танылады.  
      Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.  
      Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді.

2. Қоғамның акционері оның міндеттемелері  бойынша жауап бермейді және  Қазақстан Республикасының заң  актілерінде көзделген жағдайларды  қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың  құны шегінде қоғам қызметіне  байланысты залалдарға тәуекел  етеді.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

4. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық  нысанында құрылған коммерциялық  емес ұйымнан басқасы) облигациялар  және бағалы қағаздардың өзге  де түрлерін шығаруға құқылы.

5. Қазақстан Республикасының заң  актілерінде қызметтің жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар  үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық  нысаны міндетті болып белгіленуі  мүмкін.

6. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық  нысанын көрсету және оның  атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның  атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын  пайдалана отырып, қоғамның атауын  қысқартуға жол беріледі.

                                      Акциялардың түрлері

1. Жай акция дауыс беруге енгізілетін  барлық мәселелерді шешкен кезде  акционерге дауыс беру құқығымен  акционерлердің жалпы жиналысына  қатысу құқығын, қоғамда таза  табыс болған жағдайда дивидендтер,  сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

2. Артықшылықты акциялардың меншік  иелері - акционерлердің жай акциялардың  меншік иелері - акционерлеріне қарағанда  қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік  берілген мөлшерде дивидендтер  алуға және қоғам таратылған  кезде осы Заңда белгіленген  тәртіппен мүліктің бір бөлігіне  басым құқығы бар.  
      Орналастыру кезеңінде қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.

3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген  жағдайларды қоспағанда, артықшылықты  акция акционерге қоғамды басқаруға  қатысу құқығын бермейді.

4. Егер:

1) қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысы ол бойынша шешім  артықшылықты акцияларды иеленуші  акционердің құқығын шектеуі  мүмкін мәселені қараса, артықшылықты  акция акционерге қоғамды басқаруға  қатысу құқығын береді. Орналастырылған  (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы  санының кемінде үштен екісі  шектеу қоюға дауыс берген  жағдайда ғана мұндай мәселе  бойынша шешім қабылданды деп  есептеледі. 
      Олар бойынша шешімдер қабылдау артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселелерге: 
      артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтердің мөлшерін азайту не мөлшерін есептеу тәртібін өзгерту; 
      артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін өзгерту; 
      артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына айырбастау туралы мәселелер жатады. 
      1-1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғам артықшылықты акцияларды ұйымдастырылмаған рынокта осы Заңға сәйкес сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне (егер құрылтай жиналысы әдістемені бекітпесе, оны бекіту) өзгерістерді бекіту туралы мәселені қарайды;

2) қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру  не тарату туралы мәселені  қараса;

3) артықшылықты акция бойынша дивиденд  оны төлеу үшін белгіленген  мерзім өткен күннен бастап  үш ай ішінде толық мөлшерінде  төленбесе, артықшылықты акция  акционерге қоғамды басқаруға  қатысу құқығын береді.

4-1. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында  көзделген жағдайда акционердің  - артықшылықты акциялардың меншік  иесінің қоғамды басқаруға қатысу  құқығы оған тиесілі артықшылықты  акциялар бойынша дивиденд толық  мөлшерде төленген күннен бастап  тоқтатылады.

5. Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының  шешімі) немесе акционерлердің жалпы  жиналысы жарғылық капиталды  қалыптастыруға және дивидендтер  алуға қатыспайтын бір "алтын  акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын  акция" иесінің акционерлердің  жалпы жиналысының, директорлар  кеңесі мен атқарушы органның  шешімдеріне қоғам жарғысында  белгіленген мәселелер бойынша  вето қою құқығы болады. "Алтын  акция" куәландырған вето қою  құқығы басқаға берілмеуге тиіс.

                              Қоғам акционерлерінің құқықтары

1. Қоғам акционерi: 
      1) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға; 
      2) дивидендтер алуға; 
      3) қоғамның қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде акционерлердiң жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртiппен қоғамның қаржылық есептiлiгiмен танысуға; 
      4) қоғамның тiркеушiсiнен немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзiндi көшiрмелер алуға; 
      5) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатуралар ұсынуға; 
      6) қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртiбiмен дау айтуға; 
      7) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешім қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгінуге; 
      8) қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға; 
      9) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне; 
      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқылы.

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  2. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

     3.↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ.     Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006.

 

 

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ ЭКОНОМИКА,СТАТИСТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КОЛЛЕДЖІ

 

 

     Мәнжазба

 

Тақырыбы:           «Акционерлік қоғам»

Пән:          «Ақша,қаржы және несие»                                                                   

 

 

                                                                    

 

 

                                                                      Орындаған: Айтмағамбетов А.М.

                                                                      Тексерген:  Укибаева Г.И.

 

    

                                                                     

                                            

 

 

                                         АҚТӨБЕ 2013                   


Информация о работе Акционерлік қоғам