Шпаргалка по предмету "Философия"
Шпаргалка, 28 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по предмету "Философия" на казахском языке.
Прикрепленные файлы: 1 файл
filosofia_1 (1).docx
— 192.50 Кб (Скачать документ)
21. «Неміс классикалық философиясы». И.Кант философиясы.
Классикалық неміс ф-сы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; ф-лық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары ф-ны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен ф-нын мүмкіндіктерін ашып берді.Классикалық неміс ф-сы жалпы алғанда – идеалистік ф-я және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. Канттың ф-сы: Неміс классикалық ф-сының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Қолөнершінің семьясында, Кенигсберг қаласында туылған. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Канта ф-сы трансцендентальды идеализм деген атау алды.Ф-лық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды: 1. «Сыни кезеңге дейінгі кезең» Қарастырған мәселесі болмыс, табиғаи, жаратылыстану мәселелері болды. Ол даму проблемасында табиғаттың дамуына көңіл бөлген алғашқы философ болды. Бұл кезеңдегі шығармасы «Жалпы тарих және аспан теориясы», кант онда өзінің космологиялық теориясын түсіндірді. Күн жүйесінің пайда болуы туралы болжам жасады .бұл теория кейін Кант-Лаплас теориясы деп аталды. 2. «Сыни кезең» (агностицизм и априоризм). Осы кезде өзінің негізгі еңбектерін жазды, олар «Таза ақылға сын» (таным теориясының сұрақтары), «Практикалық ақылға сын» (этикалық мәселелер), «Пайым мүмкіндіктеріне сын» (эстетика және табиғатағы мақсатылық байланыстар туралы ілімі жүйеленді)Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінеді: 1) тәжірбиелік білімдер апострорий; 2) тәжірбиеге дейінгі білім –априорий.Кеңістік пен уақыт ұғымы:Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен уақыт шеңберінде өтіп жатады. Кеңістік – бұл материя тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді объективті формасы. Уақыт – бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы. Тек солар арқылы ғана адам өз дүниетанымын белгілі бір тәртіпке келтіре алады.
22. Шеллингтің натурфилософиясы. Табиғат философиясы.
Жаңа дәуірдегі ф-да натурф-лық
мәселелерді өз заманындағы ашылған жаратылыстану
ғылымдарындағы деректермен ұштастырып,
сонымен қатар біршама жаңа ойларды дүниеге
келтірген Шеллингті, бұл жағынан алғанда,
ешкіммен салыстыруға болмайды. Шеллинг Фридрих Вильгельм
Йозеф (1775 — 1854) — философ, неміс классикалық идеализмінің
көрнекті өкілі. Негізгі еңбектері: «Трансцендентальдық идеализм
жүйесі», Дүниежүзілік жан жөнінде», «Өнер философиясы»,
«Философия және дін» т.с.с.Оны Фихтенің
жасаған «Үлкен Мені», әсіресе табиғатты
тек қана құрал ретінде түсінуі қанағаттандырмайды.
Дүниенің алғашқы бастауын Шеллинг Абсолюттен
көреді. Ол -субъект пен объектінің тепе-теңдігі.
Өзінің алғашқы кейпін алар болсақ, ол -
өзінің субъект, иә болмасаобъект екенін әлі
білмейтін рух, саналы және бейсаналы
іс-әрекеттің теңдігі. Сонымен Шеллингтің
сөздерімен айтсақ, Абсолют «өзінің мәні
бойынша идеалды да реалды да емес, ойлау
да, болмыс та емес бірдеңе» .Алайда бұл
бірдеңенің дамуға деген талпынысы бар.
Оның алғашқы нақтылы көрінісі - ол Табиғат.
Егер Фихтенің фило- софиясында «әрекет ет!»
деген талап үлкен орын алса, Шеллинг: «Бол !»-дейді. Табиғат
философиясы мәселесі жөнінде еңбектер
сериясын жазған. Онда Канттың идеясы мен Лейбництің тірі монадалар мен табиғаттың дұрыс
күштері туралы ілімін саралай отырып,
табиғатты түсінуге қайшылықтар арқылы
даму идеясын енгізді. “Транцендеталдық
идеализм жүйесінде” (1800) Фихтенің субъективті идеализмін
өз жүйесінің объективті идеализмімен
ұштастыруға тырысты. Еркіндік туралы
Шеллинг ілімі “Адам еркінің мәні туралы
және осыған байланысты заттар туралы
философиялық зерттеулерде” (1809) жан-жақты
дамытылды. Фихтемен бірге Шеллинг еркіндікті
ұғылған қажеттілік деп түсініп, еркіндік
құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес,
қоғамның жетістігі деп білді. Алайда
ақырында өзінің осы көзқарасымен қайшы
келіп, Шеллинг еркіндік мәселесін мистификациялап,
жеке негіз еркіндіктің түп тамыры, ал
ол негіздің көзі “ой жететін дүниеде”
деп жариялады. 1815 жылы Шеллингтің дүниеге
көзқарасында мистикалық элементтердің
мейлінше күшеюімен белгілі. Сондай-ақ
оның ілімі натурфилософтар және славяншылар
арқылы орыс философиясына да ықпал жасады.
23. Г.В.Ф.Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары
Гегель - объективтік идеалист. Оның еңбектері: ”Логика ғылымы”, ”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды. Гегель: “Қандай білім болса да –дамудың нәтижесі”, - деп жариялады. Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды. Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы.Гегель философиясының басты мәселесі әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Гегель абсолюттік идеяны табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның дамуын табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырды. Идеяның даму заңдары объективті щындықтың даму заңдарының санадағы көшірмесі екенін Гегель түсінбеді. Оның пікірінше табиғат - абсолюттік идеяның екінші өмірі. Бірақ табиғат дамымайды, дамитын тек идея деген қате пікірде болды. Олай болса білім физикалық дүниеге сәйкес келмей қалады. Оны сәйкестіндіретін адам іс-әрекеті, танымдағы практикалық тарихи қызмет. Ойдың өмір сүру шындығы - бұл тіл. “Материя—бұл ұғымның бір көрініісі”, - деп қарастырды Гегель.
Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Гегель қайшылықты – дамудың негізгі қайнар көзі және қозғаушы күші ретінде ерекше бөліп, ол туралы жан – жақты ілімді дамытты. Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын анықтап, олардың тиянақты жүйесін жасады.
Диалектиканың негізгі категориялары:
1)Мән мен құбылыс 2)Түр мен мағына 3)Себеп пен салдар 4)Мүмкіндік пен шындық5)Қажеттілік пен кездейсоқтық
24. Л.Файербахтың антропологиялық философиясы.
Жаңа дәуірден бастау алған рационалдық сарын классикалық неміс философиясында одан әрі тереңдей түседі.
Немістің классикалық философиясы, бір жағынан, романтикалық көңіл – күйді философиялық жағынан негіздеді, екінші жағынан, жаңа европалық классикада басталған ақыл – ойдың күшіне деген сенімді жаңа қоғамдық қатынастар тұрғысынан дәлелдеуге кірісті.
Неміс классикалық философиясының соңғы өкілі Л.Фейербах болды. Оның басқа неміс философтарынан ерекшелігі – ол материалист болды. Фейербахтың пікірінше, табиғат – барлық білімдердің қайнар көзі. Адам – табиғаттың бөлігі, психикалық – физиологиялық табиғаты бар тірі жан. Оның дамуында әлеуметтік ортаның маңызы орташа. Фейербах діни сананы сынға алады. Бірақ дінді ығыстыруға мүлдем қарсы, ескі дінді жаңа дінмен ауыстыруды қарастырады, оны сүйіспеншілік діні деп атайды. Өйткені, Құдайға сүйіспеншіліктің орнына адамға сүйіспеншілікті уағыздау тиіс.
Классикалық неміс философиясы жаңа дәуір кезеңін аяқтайды, ол математика мен механиканың ықпалымен дамыды. Бұл уақытта өмір сүрген философтардың көбі ақыл – ойды культке айналдырады, прогреске және адамның шексіз мүмкіндігіне сенім артты.
Л. Фейрбах «Адамның жануарлардан ең елеулі айырмашылығы…» атты шығармасында: «… адамның ойлайтын, түсіне алатын тектік мәні, табиғаты неде? Адамдығы нағыз адамдықтың белгілері қандай? Зерде, ырық, жүрек. Жетілген адамда ойдың күші, ырықтың күші, сезімнің күші бар. Ойлаудың күші – танымның нұры, ырықтың күші – мінездің қуаты, сезімнің қуаты – сүйіспеншілік. Зерде, сүйіспеншілік және ырықтың күші – ол жетілгендік. Ырықта, ойлауда және сезімде адамның ең биік мәні және өмірінің мақсаты берілген. Адам тану, сүю және тілеу үшін өмір сүреді. Нағыз адам ол – ойлаушы, сүюші адам», – деген болатын.
25. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
Түркі дүниетанымы – дәстүрлі қазақ ұлттық-мәдени ұстындарының бастауы әлемнің, болмыстың, адамның мақсаты мен өмірінің мәнін, оның құндылықтық әлемін тануға бағытталған біртұтас әмбебап көзқарас. Барлық халықтардың ұлттық-мәдени тұтастығы мен табиғи ерекшелігіне сай әлемнің жаратылуы (космогония), ғарыштың құрылысы (космология), кеңістік (отан, жер, су) пен уақыт (мәңгілік пен бақилық), адам және оның әлемдегі орны, жақсылық пен жамандық, өмір мен өлім, т.б. дүниетанымдық көзқарастарын бейнелейтін ұғымдар мен түсініктер бар. Т. д-ның дүниетанымдық, құндылықтық жүйесін зерттеп, негізгі ұстындар мен категорияларды филос., мифол. тұрғыдан қарастыру қазақ дәстүрлі мәдениетінің түп бастауын, дүниетанымдық ерекшеліктерін айқындаудың көрсеткіші болып табылады. Адамзат тарихында барлық халықтардың діни-филос. және тарихи тәжірибелік танымдарының кешенді жиынтығынан тұратын дәстүрлі дүниетанымдары “құдайлық киелілік” ұғымы төңірегінде қалыптасқаны сияқты, дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізгі ұстындары да Тәңірлік діни танымнан бастау алған. Бұл ойлау жүйесі бойынша адамның және оны қоршаған ортаның “иесі” мен “киесі” – Тәңірі. Ежелгі түркі әпсаналарында Жерұйық “орталық, кіндік” мағынасындағы символдармен берілген. Тәңірмен байланыстың өзі осы туған жердің торқалы топырағы арқылы жүзеге асатын болған. Демек, Желмаямен шартарапты кезген Қорқыт пен Асан Қайғының елі үшін жерұйық іздеуі – утопия емес, дәстүрлі түркілік дүниетанымның ділдік-ойлау әлемінің ақиқаты. Жерұйық – әлі күнге дейін тарихи функциясын жоғалтпаған дәстүрлі Т. д. космологиясының негізгі ұстыны әрі Тәңірге барар “орталық жолдың” рәмізі. Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы адам Тәңірлік бастаманы жалғастырушы қаған арқылы немесе аталар тарапынан салынған сара дәстүрді, әдет-ғұрыптарды саналы түрде жаңғыртып отыруы арқылы ақиқатқа ұласады.Тәңір – “Адам – Әлем” үштік ғарыштық компоненттерінің орт. ұстыны ретінде адам мен әлемнің өзара үндестігінің себебі әрі шарты. Түркілік дүниетанымда жер, су, отан – құтты, киелі. Туған жердің әр пұшпағына Жер-ана деп мән берген.
26. Түркі ойшылдарының Философиясы: Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Иүгінеки.
Әбу НасырӘл-Фараби – әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, ас
логика, музыка зерттеушісі.