Шпаргалка по предмету "Философия"
Шпаргалка, 28 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по предмету "Философия" на казахском языке.
Прикрепленные файлы: 1 файл
filosofia_1 (1).docx
— 192.50 Кб (Скачать документ)28. Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі.
Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізісыршылдық (мистикалық) дін екендігін ескерсек, сопылық дүниетанымның түрік мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастыруының себептерін ұғыну қиынға соқпаса керек. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феномонологиясы тұрғысынан алғанда діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтындығын, жаңаларының сол ұстындар, құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатындығынан көруге болады. Бұл барлық әлемдік діндерде кездесетін күбылыс. Түрік мемлекеттерінің саяси, әрі мәдени-дүниетанымдық негізде қалыптасуы мен ондағы адам санасының құндылықтық-құбылыстық рухани жаңғыруының көш басында алғаш түркілік руханият мектебінің іргетасын қалаған ұстаз Қожа Ахмет Иасауи тұрды. Оның ілімі традиционалист ғұламалардың формализміне, сыртқы ғибадат феноменологиясына қарсы мән, мазмұнға маңыз берген, шынайы парасаттылық пен адамгершілік ұстанымдарын қалыптастырды. ХІІ-ші ғасырдан кейін Ислам әлемі сопылық дүниетаным, ахилік сияқты кәсіпкерлік бірлестіктер, тариқат түрінде-текке (зауиййа, ленгерлер), рибаттар-рухты тәрбиелеудің қоғамдық ошағына айналды .
Иасауи ілімінің өзегі—адам және оның рухани тәрбиесі мен кемелдігі болып табылады. Оның осы мақсатта өсірген әрбір шәкірті адамзат тарихында жеке құндылық көздеріне айналды.
Иасауи дүниетанымы мен түркілік сопылық мәдениеттің ерекшеліктері мен категорияларын "дафтари сани" түсінігі төңірегінен табуға болады. Біздіңше, ислам өркениеті және дәстүрлі түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан "дафтари санидың" сопылық-философиялық табиғатының негізін "хәл ілімі", яғни, жүрекке (қалбке) бағытталған практикалық-эмпириялық доктриналар жүйесі құрайды. Қазақ мемлекетінің құрылуындағы Иасауидің маңызын елбасымыз Н.Назарбаев “...Түркістанның жаңа қазақ хандығының астанасына айналуы тек қолайлы географиялық жағдайына ғана байланысты емес еді. Ол сонау ХІІ ғасырдан бастап әлем назарын өзіне аударып алған-ды. Бұл исламдық руханиятта ерекше орын иемденетін айтулы сопылық мектептің негізін салған шайқы, ғұлама ақын, Қожа Ахмет Ясауидің жан-жақты ұстаздық және уағызшылдық қызметінің арқасы еді” -деп бағалайды.
29. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
Қазақ ф-сы ауыз әдебиетте, мақал-мәтелдерде, тұрмыс дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарда қалыптасқан.Қазақ халқының менталиті көптеген мәдени дәстүрлердің, яғни сақтардың, көне түркілердің, қытайдың, арабтың, парсының, орыстың, европалықтың өзара ұшырасып, араласуынан туындаған.Қазақтың ұлттық менталитетінің архетиптері болып табылатын кеңдігі, кеңпейілділігі, қайырымдылығы, қонақжайлығы, басқаны жатырқамауы, аңғарымпаздығы, байқағыштығы, табиғатқа жақындығы, ф-лық ойларға бейімділігі, дүние, өмір, заман туралы ойлары, ақын – жандылығы, маңғаздығы, асықпай – аптықбауы, тәубәшілдігі, сәтті күнді күтуі, туысшылдығы сияқты сипаттарының қалыптасуы Анахарсис, Қорқыт ата, әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Ясауи сынды әртүрлі бағыттағы ф-лық дәстүрлердің әсерінен болды.Қазақ философиясы мен дүниетанымының тағы да бір маңызды бастауы – сопылық дәстүр.Қазақ философиясының дамуына негіз, бастау, тарихи тамыр болған объективті алғышарттардың қатарына қазақ халқының өзінің ауыз әдебиеті және өмір сүру салт – дәстүрі, түрік мәдениеті мен түрік ойшылдары, араб- парсы әдебиеті мен философиясы, сопылық дәстүр жатады.
Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп – қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.
Қазақ философиясы негізгі үш бағытта дамыған. Бірінші, көрнекті бағыт жыраулар философиясы, екінші – билер, ал үшінші – зар заман философиясы.
30. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
Ақын-жыраулар негізінен өз шығармаларын толғау жанрында шығарған. Толғау – белгілі бір жағдайға байланысты философиялық пайымдау немесе тоғаныстар түріндегі поэтикалық сюжетсіз шығарма.Бұл кезеңдегі белгілі жыраулардың ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра жырауларды және т.б. ерекше атауға болады..Жыраулардың шығармашылығы олар өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері ханға қызмет етсе, үстем тап өкілдерінің мүддесін көздесе, басқалары бұқара халықтың атынан сөйлеп, халықтың мұң-мүддесін – көңіл-күйін білдіреді және батырлар жырларының, аңыздардың сақтаушылары және орындаушылары болып табылады.ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады.Адам баласының танымындағы ең басты мәселе – дүниені тану. Ақын - жыраулар осы мәселеге ерекше назар аударып, ондағы түрлі заңдылықтарды поэтикалық тұрғыда бейнелеуге ұмтылады. Олардың жыр толғауларында дүниенің, әлемнің жаралуы туралы ұғым діни түсініктермен және адамзат санасының сәбилік кезеңіне тән пайымдаулармен өрнектеледі. Жаратылыс бейнесіне қатысты поэтикалық тіл ең әуелі ғаламның бейнесін жасады, сол поэтикалық тілдің өзі жыраудың дүние бейнесі туралы танымын қалыптастырады.
31.
XIX ғасырдағы қазақ философиясының
ағартушылық сипаты: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбайұлы.
Қазақ ағартушылық
философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.
Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік филосо-фиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтар-дағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себеп-тілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтынды-ғына кәміл сенетіндігі байқалады.Ол сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болған. Ыбырай Алтынса-рин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді.Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылық тари-хында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай деизмге жақын. А-ң пік-ше,құдай әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты,сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды .Таным - адам тіршілігінің маңызды мақсаты мен жанының бірден-бір қажеттілігі;әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.
32.
Абай философиясындағы Алла мен
адам болмысы. (қара сөздерінен
қараңдар)
Абай Құнанбаевтың шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.
Құдай адамды да жаратты.Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам.Таным- адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі.
Абайдың шығармашылығында
философиялық,этикалық, танымдық және
әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған
қара сөздер маңызды орын алады. Мұнда
философ ақын адамдардың рухани толысуын,
адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік
этика мен қоғамды көркейту-дің жолдарын
көрсетпекші болды. Таза философиялық
терминдерге бой ұрмай әлеуметтік топтағы
адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып,
қоғамдық сананы айқындай бейнелі түрде
жеткізді. Абай шығармашылығындағы адам
мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік
философияға айналды. Ақынның қоғамға,
оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік
туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты
жою, сайлау, билер соты жайлы,пікірлері
ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.
Ұлы ақынның өмірінің
соңында жазылған 45 қара сөзі мен өлеңдерінің
біршамасында қоғамдық ой-пікірлері ашық
та айқын жазылған. Ол қазақ халқын өнер
үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін білуге
шақырды. Егіннің ебін, сауданың тетігін
үйреніп, ойлын, мал тап , дейді. Қазақ елінде
ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден
бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп
қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына
ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.
Қырық екінші сөзде Абай қазақты пайдасыз,
жұмыссыз, қаңғырып жүруге құмар деп санады.
Абай өзінің өлеңдерінде, әңгіме, өсиеттерінде
жан-жандағында қара, көршілес өзбек, татар
халықтарынан өнеге ал, солардан үйрен
дейді.
33. XX ғ. басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.
Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты.Қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады. Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодан-дықтан көреді.Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстем-дік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады. Қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов.Ол сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдение-тін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Оның еңбектерінің ішіндегі құндысы — Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі.Бұл жерде көтеріп отырған мәселе бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарымқатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелері талқыланады.Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасы-нан қашанда күш-қуат алып отырды.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымы-ның экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды."Бостандық таңы атты", "Бостандық туы жарқырап", "Қош, жұртым" сиякты - өлеңдерінде ақын қазақты оянуға, марқаулықтан арылуға шақырды. Бұл кезеңде Шәкәрімге елінің басына тәуелсіз заман туғандай көрінді ү, содан міттенді.
|
34) ХIХ - XX ҒҒ
БЕЙКЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ |
таратуы керек, |
дүниені тануда негізгі рөл
атқаратын зерде немесе сана емес, рухтың
күші ғана, ал рух дегеніміз – өмірдің
өзі. Өмір өзінің қайғы-қасіретімен және
азабы арқылы білім бола алады. Ницшенің
иррационалистік философиясының бір ерекшелігі:
өмір мен ырық (абсолютті ырық) арасындағы
байланысты анықтауға ұмтылғандығы. Ол
өз шығармашылығының алғашқы кезеңдерінде
ырықты өмірге деген құштарлық деп танып,
өмір философиясының негізін қалады. Бірақ
Ницше шығармашылығының соңғы кезеңі
ырыққа деген басқа көзқарасты тудырды.
Оның ойынша, өмір ендігі жерде ырыққа
деген құштарлық емес, керісінше, бұл рухтың
үстемдікке, билік етуге құштарлығы болып
шықты. Ницшенің пікірі бойынша, адам,
бір жағынан, тек жәндік қана, ал екінші
жағынан алғанда, әрі тудырушы, әрі жаратушы.
Жалпы ол адамның рөлін, әсіресе, шығарм.
қызметін жоғары бағалаған. Ол неміс тілінің
айрықша өткір түрімен сол дәуірдегі қоғамдық
сенім, өнеге, мәдениет, пәлсапа және ғылымды
сын тезіне алады. Ницшенің көзқарастары
кейінгі пәлсапаға әсіресе бар болушылық
ағымы мен постмодернизмге терең ықпал
етті. Оның құндық көзқарасы және шындық
туралы қойған сұраулары мен түсініктемелері
еуропалық және түсініктемелік пәлсапаның
негізін қалады. |
35. ХІХ ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (П.Я. Чаадаев, А.И. Герцен, И.В. Кирееевский, А.С. Хомяков).
ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары жалпы философиялық мәселелердің қатарында орыстың қоғамдық және философиялық ойы екі бағытқа бөлінді: батыстану және славяншылдық. Бұл екі бағыттың да қалыптасуына П.Я. Чаадаев үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқараста-рын ол атақты « Философиялық хаттарында» баяндады. Чаадаев католиктік батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Батыстың идеологиясын В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский қолдады. Олардың еңбектері негізінен ең ірі батысеуроппалық ойшылдары: Гегелдің, Фейербахтың, франция материалистерінің идеясын жаңғыртады. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенеді. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болады. Славяншылдық орыстың нағыз философиялық-идеалистік бағытында көрініс тапты. Оның негізінде орыс халқының мессиандық ролі туралы, оның діни және мәдени болмысы, тіпті алабөтендігі туралы идея жатыр. Бастапқы Славяншылдардың тезисін оқу барлық әлемдік өркениеттің дамуы үшін православияның шешуші ролін бекітуден тұрады, өйткені провославия сол байырғы орыс бастамасын қалыптастырған, сол «орыс рухы» орыс жерінің шексіз көлемін жасады. Славяншылдықтың негізін қалаушылар: А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, К.С. Аксаков т.б. Олар Ресей православилік рухани негізге сүйене отырып, оны әлемдік жетекшілікке әкелетін ерекше жолмен жүруі тиіс деп ойлады.
Бұл идеялық позицияға Даль, Островский,
Тютчев сияқты ақын-жазушылар
Славяншылдар Ресей дамуының бүкіл Батыс
36. Марксизм философиясы.
Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізінқалаған философ