Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 02:02, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Философии".

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия.docx

— 139.98 Кб (Скачать документ)

 

      Қайта Өрлеу  дәуірінің дүниегекөзқарасының  негізгі ерекшеліктері:

 

1) Өнерге көп көңіл бөлінуі.  Қайта Өрлеу дәуіріні көркемдік-эстетикалық  сипатта болды.

 

2) егер Антика дәуірі  табиғат-космос, ал ортағасырларда  адамның құдайға қатынасы орталық   мәселе болса, Қайта Өрлеу дәуіріні  адамды орталық орынға қойды,  философиялық ойлауының негізгі  ерекшелігі антропоцентризм, гуманиз  болды. Қайта Өрлеу дәуірініде  адамды шығармашылық тұлға ретінде  қарады. Орта ғасырлық рухани  түсініктерден арылуға талпыныс  өнердің, әдебиеттің гүлденуіне  алып келді, сөйтіп гуманистік  дүниетаным қалыптасты.

 

3) дүниені пантеистік тұрғыдан  түсіну Қайта Өрлеу дәуірінің  натурфилософиясының өзіндік ерекшелігі  болды. Пантеистік көзқарас құдайды  табиғатпен теңестірді, табиғатты,  адамды құдайлық дәрежеге көтерді.

 

4) Натурфилософиямен қатарласа  жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды (ірі ғылыми жаңалықтар ашылды, ол ғылыми-техникалық прогрессті  көрсетті).   

 

     Пантеизм догматтық,  діни дүниетанымнан табиғатты  ғылыми тұрғыдан түсінудің жаңа  формасы болды. Қайта Өрлеу  дәуірінің ғалымдары бірінші  орынға тәжірбиені, зерттеудік  эксперименталды әдісін қойды. Натурфилософияны дамытқандар: Д. Бруно, Б. Телезио, Н. Кузанский, М. Монтень, Н. Коперник, Г. Галилей, Леонардо да Винчи.

 

    Зерттеушілер Қайта  Өрлеу дәуірінің философиясының  дамуының екі кезеңін көрсетті: 1) Жаңа заманның талаптарына сай  Антика философиясын реставрациялау  мен қайта жасау кезеңі (XIV-XV ғғ.) – Данте Алигьери, Лоренцио Валла,  Франческо Петрарка және т.б.

 

2) Өзіндік философияның  қалыптасуы, жаңа натурфилософия (XVI в.).

 

     Ерте Қайта  Өрлеу дәуіріне тән сипат христиандық  діни ілімді антикалық «бұтқатабынушылық»  философиялық ойлармен толықтырғысы  келді. Сонымен, итальян гуманистері  14 ғ. алғаш рет антропоцентризм  философиялық принципін шығарды,  адамды тек табиғатпен жақындастырып  қойған жоқ, оны Құдай ұғымымен  де сәйкестендірлі. Олар үшін  адам жан-жақты дамыған, әрекетшіл,  Құдаймен тең, дүниенің, адамгершілік  идеалдың кіндігі, орталығы.

 

    Қайта Өрлеу  дәуірі гуманистері кәсіби философтар  болған жоқ, олар жаңа әлеуметтік  топ өкілдері – саяси қайраткерлер, дипломанттар, филологтар, поэттер  болды. Олар Антика дәуірі авторларының  еңбектерін аударды. әсіресе Италия  гуманистері маңызды орынға ие  болды. Олар: Никколо Никколи,  Франческо Петрарка, Салютати, Леон  Батиста Альберти, Леренцо Валла,  Марсилио Фичино, Пико делла Мирандола,  Пьетро Помпонацци болды.

 

    Гуманистер шіркеудегі  схоластикалық рухта білім алуға  қарсы болды, олар шіркеумен  ешбір байланыспады. Ортағасырлық  концепцияларға қарсы болды. Орта  ғасырда адам жанына көп мән  беріп, тәнін тысқары қалдырса, гуманистер гуманистер адамның  тәндік бастауларына көп көңіл  бөлді. Адамдағы рухани-тәндік  сипатты жоғарлатты, біріктірді. Осы  тұрғыда эпикуршілдік көзқарастарды  қайта жаңғыртты.

 

    Гуманистер адам  табиғатының қайырымдылығын және  олардың қандай сословияға жататындығына  қарамай барлығының теңдігін  айтты. Адамға мүмкіндік пен  шығармашылық тән деп, тұлғалық мән - әр бір адамның өзіне байланысты деп пайымдады.

 

    Гуманизмдегі негізгі  сипат – антиклерикализм –  католиктік шіркеу қызметкерлерін  сынау, әсіресе монахтардың әрекеттерін  қатты сынады. Бұл жөнінде Бруни  мен Браччолини «Көзбояушыларға  қарсы» диалогін; Валла «Монахтың  уәдесі» атты шығармасын жазды.

 

 

 

    Данте Алигьери (1265-1321) «Божественная комедия» «Пир»  «Монархия туралы» еңбектерінің  авторы. Оның пікірінше «Құдайлық  ақылдың көрінуі,  бұл - адам. Адам  – ең ұлы ғажайып» ол адамның  екі түрлі ролі туралы айтты:  адам мәңгілікке, о дүниелік өмірге  бару үшін туылған, бірақ оның  осы өміріндегі, жер бетіндегі  шынайы өмірі құнды. Адам тағдыры  алдын ала анық емес, оны өзі  жасайды, сондықтан жақсылыққа, білімге  ұмтылуы керек.

 

    Гуманистік қозғалыстың  негіздеушісі Франческо Петрарканың  негізгі міндетті «өмір сүру  өнерін» жасау болды. Оның пікірінше,  адам нақты осы өмірінде бақытқа  кенелуге құқы бар. Петрарка  адамның тұлғалық мәні адамның  ішкі дүниесінің үміті, бастан  кешкендері мен қорқынышымен  ерекшеленеді. Петрарканың көзқарастарында  индивидуалистік тенденция орын  алған, бұл тенденция да Қайта  Өрлеу дәуірінің негізгі сипаты  болып табылады. Тұлғалақты шыңдау  жағымсыз әрекетерден арылуға  тырысқанда, әруақытта өзін жетілдіргенде  мүмкін болады (Джованни Бокачоға  да осы идеялар тән).

 

     Лоренцо Валла  этикалық ілімін қалыптастырды,  ол өз ілімінде Эпикур этикасын  бастау етіп алды. Ол адам өмірін  жан-жақты толысқан етіп қалыптастыруға  тырысты. Оның этикасының негізі  ләззаттану принципі, онда ол  жан мен тәннің ләззаттануын  біріктіруге тырысты.

 

      Валла адам  ақылының күшіне сенді, адам  белсенділігі идеясы мен ерікті  әрекетке негіздеп тәрбиелеуді  ұсынды,

 

2. Қайта Өрлеу дәуірінің  натурфилософиясы – жаратылыстану  ғылымдарының пайда болып, дамуын  жүзеге асырды. Натурфилософиясы дүниенің суретін қайта жасауға тырысты. Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының негізгі сипаттары:

 

Пантеизм – Құдай мен  табиғаттың өзара теңестірілуі;

 

Микро және макро космостың  теңдігі идеясы, бұл дүниетаным адамның  шығармашылық қабілетін табиғатпен теңестіруді негіздейді;

 

Гилозаизм – барлық болмысты жанды деп ұғыну;

 

Табиғатты сапалық тұрғыдан түсіндіру;

 

Материяның өздігінен  әрекетшілдігін тұжырымдау.

 

    

 

      Қайта өрлеу  дәуірінің пантеистік философиясының  негізін салған италян философы  Николай Кузанский (1401-1464) математика  және жаратылыстану ғылымдарымен  шұғылданған. Құдай мен дүние  арақатынастарын қарастырып, теологияны  жоққа шығарды. Құдай шексіз  тіршіллік иесі, абсолютті максимум, Құдай әлеммен өлшенбейді, сондықтан  ол абсолютті принципиалды түрде  танылмайды.

 

     Егер құдай  шексіз болса, яғни абсалютті  максимум болса, соңы жоқ болса,  онда сонда мағынада одан ажырамас  абсолютті минимум да болады. бұндай сәйкестіктен мына қоытындыны  шығаруға болады, Құдай барлығында  әлемді құдайдан тыс қарау  шартсыз, екіншіден, Құдай себеп  пен салдардың, жаратқанның және  жаратылғанның бірлігі; үшіншіден  көрініетін заттар мен Құдайдың  мәні бір-біріне сәйкес, бұл әлемнің  бірлікте екендігінің дәлелі.

 

            Н. Кузанский философиясында адам  туралы ілімге көп көңіл бөлген. Ол креационизма сияқты  христиандық  идеялардан бас тартты, адамды  өзінше микрокосм ретінде,  табиғат  перзенті ретінде қарастырған  антикалық идеяларға қайта оралды. Сөйтіп, Кузанский микрокосмды құдайлық  мәнмен байланыстыруға тырысты.  Ол мынандай тұжырымдарға келді:  кіші әлем, адам, тек өндірмейді, көпжақты табиғат әлемін өзіне бағындырады, максимальды әлем – Құдаймен тең.

 

            Кузанскийдегі адамның әулиелігі  ұғымын адамның шығармашылық  мәнін түсіндіру үшін қолданды. Егер жаратушы абсолют Құдай  болса, онда адам Құдайға ұқсас,  абсолют болып табылады, ол шығармашылық  бастау, яғни, толықтай ерік бостандығына  ие.           

 

Қайта Өрлеу дәуірінің  және Жаңа заманның көптеген философтары  сияқты Кузанскийдің танымының мақсаты  схоластикалық сенімді жою болды.

 

    Кузанскийдің ойынша, адам микрокосм ретінде, табиғатты  танып білуге табиғи мүмкіндіктерге  ие. оның танымдық мүмкіндіктері  әулие, шығармашыл ақылының арқасында  жүзеге асады. Ақыл индивидуалды, адамдардың түрлі тәндік құрылымымен  шарттанған.

 

Николая Кузанскийдің философиялық көзқарастары қайта Өрлеу дәуірінің  натурфилософиялық ойына көп  ықпал жасады. 

 

3. Ренессанс дәуірінің  әлеуметтік-философиялық іліміндегі  күшті орталықтандырылған мемлекетті  орнатудың қажеттілігін негіздеген, ірі өкілдері Францияда Жан  Боден (1530-1596) – «Республика туралы  алты кітап», Польшада – Анджей  Моджевский (1503-1572) – «Мемлекетті  түзету туралы» трактат. Бұл  дәуірдің әлеуметтік-философиялық  ойы Томаса Мюнцера (1490-1525) –неміс  революционерінің атымен байланысты, ол Германиядағы Реформация және 1524-1526 жылдардағы шаруалар көтерілістеріндегі  крестьян бұқарасының көсемі; Томмазо  Кампанелла (1568-1639) итальян философы  – «Күн қаласы», ағылшын гуманисті,  утопистік социализм теориясының  негіздеушілердің бірі, «утопия  – ешқайда жоқ орын» терминінің  авторы (1478-1535) – «Утопия». Т. Мор  бойынша:

 

- жеке меншік жоқ;

 

- барлық азаматтар өндірушілер  болып табылады.

 

     Қайта Өрлеу  дәуірінің әлеуметтік философы  мемлекеттің теократиялық концепциясының  негіздеушісі Никколо Макиавелли (1469-1527) болды. Ол адам табиғатының  зұлымдығын жоюға көмектесетін, қоғамға қажетті тәртіпті орнататын  зайырлы мемлекетті құрудың қажеттілігін  тұжырымдаған. «Билеуші» атты  трактатында  күшті мемлекетті құрудың жолдарын  іздестірді. Макиавелли мынандай  сұрақтарды қарастырды: «Не жақсы:  сүйіспеншілік тудырған жақсы  ма, әлде үрей ме?», «Билеуші  өз сөзінде тұрғаны дұрыс па?»,  «Билеуші өзіне халықты бағындыруы  үшін өзін қалай ұстауы қажет?»,  «Билеушінің кеңесшілері кімдер  болуы керек?», «Жағымпаздардан  қалай құтылу керек?» және т.б..

 

     Макиавелли  идеялары күшті мемлекет құру  үшін мемлекеттік билікті күшейту  және өзінің саяси мақсаттарына  қол жеткізу үшін тіпті антигуманды  құралдарды қолдануы  арқасында  макиавеллизм деген атауға ие  болды. Билеуші күшті мемлекеті  құру жолында өзінде арыстан  мен түлкі қасиеттеріне ие  болуы қажет. Сатқандық, өлтіру, улау, сенімін бұзу – мемлекеттік  билікті нығайтуға бағыталған  саясатта қолдануға болатын жағдайлар  деп тұжырымдады.

 

6 дәріс. Жаңа заман және  ағартушылық философиясы

 

 

 

      Дәрістің  мақсаты: классикалық жаңаеуропалық  философиялық ойының дамуының  өзіндік сипатымен, негізгі гносеологиялық  мәселелермен және оның шешілу  жолдарымен, адам және қоғам туралы  ойларымен таныстыру.

 

 

 

Негізгі сұрақтары:

 

1. Жаңа заманның рационалистік  и эмпирикалық дәстүрлері(Ф. Бэкон,  Р. Декарт).

 

2. Д. Локктың сенсуалистік  гносеологиясы және Т. Гоббстың  философиялық  концепциясы.

 

3. Б. Спинозаның субстанция  мәселесі және Лейбництің монадологиясы.

 

4. XVIII ғ. Француз материализмі.

 

 

 

1. XVII ғасырдан бастап жаратылыстану  ғылымдары қауырт дамыды, сондықтан  философияның ғылыми жаратылыстық  алғышарттары қалыптасып, философия   схоластикалық ойлаудан діннен  толығымен арылды, ақылыдың құдіретілігі  мен ғылыми зертеулердің шексіз  мүмкіндіктері туралы айтқан  ілімдер қалыптасты.

 

    Жаңа заман философиясына  жаратыластанудың тәжірбесінен  туындаған материалистік тенданция  тән. 

 

    XVII ғасыр Еуропаның  философиясының ірі өкілдері  Ф. Бэкон, Т. Гоббс и Дж. Локк (Англия); Р. Декарт (Франция), Б. Спиноза  (Голландия), Г. Лейбниц (Германия).

 

    Оларға тән ортақ  сипат ортағасырлық рухани мұраларға  сыни көзқарас, философияның рөлі  мен маңызын қайта қарау, схоластикалық  ойлаудағы суеверияға қарсы шығу  болды. 

 

      Философия  практикалық сипатқа ие болып,  адамзат тағдырына нақты ықпал  етуіне байланысты өмірлік қолданыс  тапты.

 

Жаңа заман философтарының қарастырған мәселелері мына төмендегілер:

танымның жаңа әдістерін  жасау;

онтология мәселелері;

болмыс мәселесі субъстанцияны  қарастыруда көрінді;

әлеуметтік өмір мәселелері. XVII ғасыр философиясы гуманистік идеалдар мен құндылықтырды саналы түрде қорғады, әсіресе ақыл мен  бостандық принциптерін талдауға ерекше мән берді.

 

       Фрэнсис  Бэкон (1561-1626) – Англиядағы эмпиризмнің  егізін қалаушы. «Жаңа Органон»  трактатының авторы, онда ғылымның  міндетіне жаңа түсінідірмені  жасап, ғылыми индукцияның негіздеді. «Жаңа Атлантида» шығармасында саяси көзқарастары тұжырымдалып, утопиялық көзқарастары берілді, гүлденген идалды мемлекет бейнеленді,   онда өмір ғылымның рационалды негіздері арқылы ұйымдастырылып, техниканың дамуы қарастырылған, бірақ онда басқарушы мен бағынушы класстар сақталған.

 

      Бэкон бойынша  ғылыми білімнің міндеті, адамзат  ұрпағына пайда алып келу. Барлық  ғылымдардың ортақ мақсаты –  адамның табиғатқа билігін одан  әрі нығайта түсу. Бэкон өзінің  «Білім - күш» атты афоризммен  танымал, онда жаңа ғылымның  практикалық мәні мен бағытылығы  айқындалған. Ғылым – бұл құрал,  өзіне өзі мақсат емес, оның  мақсаты табиғи құбылыстардың  себептілік байланысын ашу, өйткені  бұл құбылыстарды адамзат игілігі  үшін пайдалану мақсатында қажет. 

 

       Табиғатқа  үстемдік жүргізу үшін, адамға  қызмет етуін қарастыру керек,  сол үшін ғылыми танымның әдістерін  өзгерту қажет. Барлық таным,  барлық жаңалық тәжірбиеге сүйенуі  қажет. Ол тәжірбиенің екі түрін  көрсетті: 1) «жеміс берін» - тәжірибе, оның мақсаты – адамға қажетті  пайданы көздеу, 2) «тек гүл беретін» - тәжірибе, ол тек заттар құрлысы  мен құбылыстардың заңдылықтарын  ғана танумен шектеледі. 

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"