Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 02:02, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Философии".

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия.docx

— 139.98 Кб (Скачать документ)

1. Астика (ортодоксальды,  яғни Вед авторитетін мойындайды)

 

Веданта, Миманса, Санкхья, Ньяя, Вайшешика, Йога

 

2. Настика (ортодоксальды  емес, яғни Вед  авторитетін  мойындамайды) Джайнизм, Буддизм, Локаята  (Чарвака).

 

     Джайнизм (джина  - жеңіс) негізін қалаған –  Махавира. Жеңіс – ол адамның  өзін-өзі жеңуі. Негізгі ұғымдары: тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара  – жанның тазалануы, тәуелдік, карманы бұзу – нирджара, босау.  Джайнизмдегі «үш асыл»: - дұрыс  сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс.

 

     Джайнизмде  адам өзін-өзі жеңу үшін бірнеше  қағидаларды ұстану керек:

 

Апариграха – дүние  заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық;

 

Сатья – ешбір қиындыққа  қарамастан шындықты айту;

 

Астья – ұрлық жасамау;

 

Ахимса – қиындықтарп  жөніндегі ілім, еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу.

 

     Буддизм -  негізін салған шакья тайпасының  принці Гаутама Сидхартка (б.ғ.д.563-485) Будда – көзі ашылған, нұрланған  дегенді білдіпеді. Будда ашқан  төрт ақиқат:

 

өмір қасіретке толы;

 

қасіреттердің себебі бар, ол – адамның құмарлығы, тойымсыздығы;

 

 қасіретті тоқтатуға  болады; оның сегіз түрлі жолы  бар – дұрыс көзқарас, дұрыс  сөйлеу; дұрыс ой, дұрыс өмір салты,  дұрыс жүріс-тұрыс, дұрыс бетбұрыс, дұрыс күш салу, дүрыс зейін  қою.

 

Нирванаға жету; нирвана –  сананың өшуі, сөнуі, дүние қызығынан  бас тарту.

 

     Үнді философиясының  онтологиясы Рита заңдарына сүйенеді  – космологиялық эволюция, циклділік,  тәртіп пен өзарабайланыс. Болмыс  және бейболмыс Брахма-Космостың  (Жаратушы-Құдайдың) дем алуымен  немесе дем шығаруымен ұқсастырылады.  Өз кезегінде, Космос-Брахма 100 космостық  (жердегегі 8640000000 жыл) жыл өмір  сүреді, одан соң ол өледі және  абсолютті бейболмыс басталады,  жаңа Брахма туғанша – 100 космостық  жыл өтеді .

 

Бар шексіз тарих – Космоса  өмірі мен Абсолютті Бейболмыстың кезектесуі, бір бірімен әр 100 космостық  жылда кезектесіп отырады. Әрбір  жаңа Космоса-Брахманың туылуына байланысты өмір де барынша жетілген формада  қайта туындайды.

 

Дүние өзарабайланысты. Космос өміріне әрбір оқиға өз әсерін тигізеді. Эволюцияның мақсаты –  материалды формаларды әр кезде өзгерте  отырып барынша жетілген рухқа қол  жеткізу.

 

Көне Үнді философиясының гносеологиясының ерекшелігі заттар мен  құбылыстардың сыртқы белгілерін қарастыру  емес, заттар және құбылыстар әлемін түйсінгендегі  санадағы процестерді тану болды.

 

Көне Үнді философиясының кейбір маңызды ұғымдары

 

Атман - Болмыстың жоғарғы  субъективті бастауы, жоғарғы рухани бастау                            Джива -         кең  мағынасында жан немесе өмір ұшқыны, монада, әлемдік 

 

                        өмірдің бастамасы

 

Дхарма -        моральды заң, парыз, рухани ілім

 

Агни -            от құдайы

 

Яма -              өлім құдайы

 

Рита                - ғарыштық тәртіп            

 

Карма -          себеп пен салдар заңы; жазалану; рок немесе тағдыр

 

Мукти

 

(мокша) -      сансарадан  және жергілікті кармадан босатылу, жоғарғы адамгершілік 

 

                       бастамалар

 

Нирвана -     сананың  жоғарғы рухани жағдайы, рухани болмыс сферасына жетумен 

 

                       байланысты 

 

Пракрити -    материалды табиғат, материалды субстанция

 

Пуруша -       рухани табиғат; рухани субстанция; Абсолютті  рух

 

Сансара -     қайта  туылған жанның әруақытта  материалды және рухани әлем  

 

                       шеңберімен жанның айналуы

 

3. Б.з.б. VIII-VI ғғ. Көне Қытайда  құлиеленушілік қоғамның қалануы  мен дамуында идеологияда екі   тенденция қалыптасты: консервативті  және прогрессивті, мистикалық және  материалистік. Бұл екі тенденция  арасындағы күресте бес алғашқы  элементтер (металл, ағаш, су, от, жер)  туралы, қарама-қайшы бастамалар (Инь  және Янь), табиғи заң (дао) туралы  қарапайым материалистік  идеялар  кеңінен тарады және басқа  да көзқарастар б.з.б  II-I мың  жыл. білімнің нәтижесі еді.    

 

       Қытай  философиясы халықтың патриархалды  тіршілігіне ұқсас және практикаға  нақты-әрекетпен бағыталған. Қытай  философиясында Көне Үндідегіндей  немесе басқа халықтардікіндей  бай мифологиялық негіз жоқ.. Қытай  философиясы ең бастысы прагматикалық  философия, арғы дүнедегі емес,  осы дүнедегі бүгінгі күннің  практикасына бағыталған.

 

    Көне Қытайдың  философиясының алғы бастауы  алғашқы қытай жазба ескерткіштерінде, әсіресе «Өзгерістер кітабында» («Ицзин»), Қытай философиясының  басталуын ұқтыртады. Бұл кітап  (сол сияқты. «Ши цзин» - «Өлеңдер  кітабымен» бірге) Үндістандағы  Упанишад сияқты мәнге ие болды.

 

          Көне Қытай философиясындағы  жоғарғы маңызға ие болған  даосизм мен Конфуций ілімі  болды.

 

    Даосизм –   Лао-цзы құрған ілімі, Дао –  заттардың жолы. Даосизмді негіздеушінің  негізгі идеясы табиғат пен  адам өмірі «аспан әмірімен»  басқарылмайды, белгілі бір жол  – даодан пайда болады.  Дао  – бұл заттардың табиғи заңы, Ци (ауа, эфир) субъстанциясымен бірге  әлемнің негізін құрайды. Әлемдегінің  барлығы қозғалады, дамиды, үнемі  өзгерісте болады. Даму қалай  жүрсе де, адалдық әруақытта жеңеді. Заң солай. Адам заттардың табиғи  жолына араласпауы керек.

 

    Араласпау, немесе  «әрекетшілдік» (увэй – шынайылыққа  саналы қатынасс) – адамға байланысты  даоның бір талабы. Бұл «табиғилықпен жүру» дегенді білдіреді. Бұл талаптар индивидке де, адамдардың әлеуметтік әрекетіне де, сол сияқты таным әрекетінің сферасына  да қатысты айтылған.

 

     Лао-цзы идеясы  «Доа дэ цзин» атты кітабында  б.з.б. V-III ғғ. пайда болған, оның жалғасы  б.э.б. I ғ. 

 

    Конфуцийшілдік. Бұл  ілімнің негізін қалаған көрнекті  ойшыл, саясатшы - Конфуций (б.д.б. 551-479 ж.ж.) болған. Конфуция көзқарастары  «Лунь юй» («Әңгімелер мен пайымдар»)  атты кітапта берілген. Конфуцийшілдік  – бұл, ең алдымен моралдық-этикалық  ілім, әрбір адамның дүниедегі  алатын орны туралы сұраққа  жауап іздеді. Мұнда ақсүйектерді  құрметтеу, қоғамдағы өз орныңды  біліп, оны мықтап ұстау және  т.б. орындалуы тиіс этикалық  ережелердің жиынтығы. «Сяо» - «ата-ананы  құрметтеу», «ди»- «үлкен ағаны құрметттеу»,  «чжун» - «өз басшыңа адал болу  және оны құрметтеу». Осы ережелермен  жүру бұрыннан қалыптасқан тәртіптің  бұзылмауын қамтамасыз етеді.     Конфуцийдің адамның қоғамдық  өмірдегі жүріс-тұрысының алтын  ережесі: өзіңе қаламағанды өзгеге  жасама.

 

     Конфуций өзінің  әлеуметтік идеалын қалыптастырды  – толысқан (жан-жақты, қайырымды)  адам идеалы (Цзюнь-цзы), ол екі  ішкі сипатқа ие болуы керек  – «Жэнь» (гуманизм, адамсүйгіштік)  и «И» (парыз сезімі және  әділдік, білуге ұмтылу). Цзюнь-цзы  – еліктеудің эталоны, қытай  қоғамының әрбір мүшесі сондай  болуға ұмтылуы керек. 

 

    Конфуцийдің көргісі  келетін Аспан асты мемлекетінің  құрылымдық модельінде толысқан (жан-жақты) адам идеясы көрінді.  Оның пікірі бойынша, мемлекет  – бұл үлкен отбасы. Бірақ бір  ғана әке – мемлекетті басқаруды  толығымен жүзеге асыруға мүмкіндігі  жатпейді. Оның көмекшісі ретінде  чиновниктер алынады. Басқаруға  құқықты алу үшін олар өздерінің  жоғары моральдық тұлға екендіктерін  көрсетуі қажет, оны өз қармағындағыларға  қамқорлық жасаумен, олардың молшылықта  өмір сүруін және жақсы тәрбиемен  дәлелдеуі қажет. Конфуцийдің  практикалық кеңесін бүгіндегі  басқару саласындағы ең ақылды  администрацияның өсиеті деп  атауға болады:  ақылды басшы  адамдар нені жақсы көретіндігін  білуі керек, нені жек көретіндігін  де білуі керек.

 

     Бұдан мынандай  қорытынды жасауға болады конфуцийшілдік  қытай дәстүріне негізделіп жасалған,  ал даосизм – әлемдік философияға  негізделген. Даолықтар әлеуметтіліктен  тысқары космосқа қарай өтуін  тұлғаның жалпыадамзаттық ұмтылыстарының  «жердегі» шеңберден, мемлекеттілік  тұйық шеңберде шығуымен түсіндіргісі  келді.   Адам барлық уақытта  жалпыадамзаттық ұмтылысында өзін  микрокосмосом, өзінің соңғы құрыламы  мен мәні бойынша космостың  табиғи элементі ретінде сезінуге  тырысты.

 

Дәріс 3. Антика философиясы

 

 

 

Дәрістің мақсаты: Көне Грек өркениетінің қалыптасуы мен даму ерекшелігімен, антикалық ойлаудың негізгі категориялары: Космос, Табиғат, Логос, Эйдос, Жан ұғымдарының  мәнін түсіндіру.

 

 

 

Негізгі ұғымдар: натурфилософия, субстанция, апейрон, атомизм, болмыс, апорий, софизм, материя, форма, перипатетизм, стоицизм, киниктер, неоплатониктер.

 

 

 

Негізгі сұрақтар:

Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты.

Сократқа дейінгі философиялық кезең – Милет мектебі, Гераклит, Атомистік мектеп, Элей мектебі.

Софистер және Сократ ілімі.

Платонның объективті идеализмі.

Аристотел философиялық ілімі.

Эллинистік дәуір философиясы.

 

 

 

1.    Гректердің антика  философиясы б.э.б. VII-VI ғғ. пайда болды.  Өзінің сипаты және мазмұнының  бағыты, философиялық ойлау методтарының  өзгешелігіне байланысты шығыс философиясынан өзгеше, тарихта алғаш рет қоршаған ортаны рационалды тануға тырысты. Антика философиясының дамуының 4 кезеңін атап көрсетуге болады:  

 

1 кезең – Сократқа дейінгі  кезең. Бұл кезеңнің орталық  мәселесі космос, табиғат мәселесі  болды. 

 

2 кезең – классикалық  кезең. Ол  Сократ, Платон және  Аристотель сияқты көрнекті философтардың  шығармашылықтарымен сипатталады.  Адам мәселесіне, оның мәніне  және танымдық мүмкіндіктеріне  негізгі көңіл бөлінді. 

 

3 кезең – эллинистік  кезең – бұл кезеңде көптеген  философиялық бағыттар мен мектептер  қалыптасты, олардың көпшілігі Плотон  мен Аристотель философияларының  ықпалымен пайда болған этикалық  мектептер. 

 

4 кезең – антикалық  философияның дамуының соңы –  бұл кезеңде грек демократиясы  құлап, грек полистері Рим империясының  қолына өткен кезі еді. Бұл  кезде (І-ІІ ғғ.) христиандық философия  басталды.

 

2. Милет мектебі  –  Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.  Антикалық Грецияның ең алғашқы  философиялық мектебі. Бұл мектептерде  алғаш рет барлығының бастауы  не, дүниенің субъстанциясы мәселесі  қарастырылды. Дүниенің негізі ретінде  олар белгілі бір  материалды  принципті алды. Олар интуитивті  түрде әлемді материалды деп  түсінді. Алғашқы грек мектептері  стихиялы материализм бағытын  ұсынды. Бұл мектептің негізгі  принципиалды ойлары ретінде  мыналарды айтуға болады: дүниені  түсініп білу үшін табиғаттан  тыс күштердің жаратқандығына  сенімнен тыс, оны өзінде ұғыну  керек, яғни оның негізі материалдық  бастамалардан іздеу керек. Милет  мектебі өкілдері гилозоистер  болды, яғни материаның жанды  екендігін айтып, әрбір заттың  жаны болғандықтан қорзғалады, бұл  олардың қоршаған ортадағылардың  барлығы үнемі қозғалыста, өзгерісте  болады деген қарапайым диалектикалық  ойларынан туындаған.

 

     Элей мектебінің  өкілдерді – Ксенофан, Парменид, Зенон. Элей мектебінің өкілдері  рационализмнің негізін қалаушылар  болды, олар шынайылықтың ұғымдық  бейнеленуін қарастырды. Олар ең алғаш таным процесінің сезімдіктен рационалдыққа өту екендігін анықтады, бірақ танымның бұл деңгейлерін бір-бірінен мәнділігіне қарай бөліп, оларды қарама-қарсы қойды. Ақыл бұл – «ақиқатқа бастайтын жол», яғни ол ғана ақиқат білімді береді, ал сезімдік таным «пікірді ғана тудырады». Білімді пікірге қарсы қойылған, яғни күнделікті қарапайым пікірлерге қарсы қойылған.

 

      Элей мектебінің  көрнекті өкілдері Парменид пен  Зенон болмыс туралы мәселені  жан-жақты талдады. Дүниені екіге  болді бірі – сезімдік заттар  дүниесі, екіншісі – сезімнен  тыс дүние. Болмысты ойлау арқылы  білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. парминид : «болмыс бар, ал болмыс  емес жоқ» - деп, «Ойлау мен  болмыс бір» деп тұжырымдады.  Болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын  процесс деп қарады.

 

      Зенон болмыстың  өзермейтін, қозғалмайтындығын түсіндіру  үшін апорийлерін пайдаланды. Ол  үшін төрт дәлелге сүйенді. 1-ші  – қозғалыс ешбір ақиқатқа  ие бола алмайды, өйткені қозғалушы  дене өзінің нысанасына жету  үшін алдамен жарты жолға жету  керек, ал оған жету үшін  оың жартысына жектуі керек,  сөйтіп қайталана береді. 2-ші  – қозғалысты сезімдік арқылы  анықтау оңай болғанымен, ой арқылы, кеңістік пен уақыт арақатысында  анықтау өте қиын. «Ахиллес пен  тасбақа». 3-ші – «ұшып келе  жатқан жебе тыныштықта тұр»  қозғалыс пен тыныштық диалектикасын  анықтау. 4-ші – қозғалыс барлық  денеге тән бе? Осы мәселелері  арқылы Зенон диалектиканы негіздеген.

 

      Гераклит  – оның ілімі бойынша барлығының  түп негізі от; барлығы оттан  пайда болады және оған қайта  оралады. Оның шығармасы «Табиғат  туралы», бірақ бұл еңбектің  кейбір бөліктері ғана жеткен. Гераклитті «Қараңғы» деп атаған, бұлай деп аталуы оның идеяларының  күрделілігінен болса керек.

 

    Гераклит атымен  диалектикалық көзқарастардың дамуын  байланыстырады. Оның ілімінің орталық  принципі панта рей («барлығы  ағады»). Тіршілік ететінің бәрі  бір күйден екінші күйге ауысады,  бұл қарама-қайшылықтардың сәйкес  келуінен болады. гераклит қарама-қайшылықтардың  күресінің жалпылығы туралы айтты.  «Соғыс – барлығының әкесі,  патшасы: ол біреулерді құдай,  біреулерді адам, біреулерді құл,  ал кейбіреулерді ерікті етті». Соғыс, күрес арқасында қарама-қайшылықтар бірігеді, олардың арасында  гармония орнығады. Осылайша, пайда болу мен жойылу, өмір мен өлім, болмыс пен бейболмыс - өзара байланыста болып, шартты түрде бір-біріне өтеді.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"