Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 16:21, реферат

Краткое описание

1867-68 жылдардағы Жапонияның революциясы оның осыған дейінгі ішкі және сыртқы дамуынан келіп шықты. Жапониядағы 1867-68 жылдардан кейінгі оқиғалар, яки буржуазиялық революция дәуірі ұзаққа созылды. Революцияның ішкі жағынан алғышарттарының даярлануында XIX ғасырда натуралды шаруашылықтың күйреуіне, ақша-товар қатынастарының дамуына, буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуы, Токучавтың саяси тәртібінің дағдарысына т.б. ерекше көңіл бөлінді. Бірақ Жапонияның сол кездегі Европа елдерінен айырмашылығы Жапония буржуазиясы революциялық күшке айналмады

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Азия ж-не Африка елдеріні- жа-а ж-не -азіргі заман тарихы».doc

— 435.50 Кб (Скачать документ)

                     

6.ХҮІІ ғ.соңы  жартысы – 1918 жж.Осман империясы  және Араб елдері 

Жаңа заманның басында Туркия Осман империясының ауқымды орталығы болды. Ол өзінің құрамына: Европа территориясы (Балқан түбегі, Қырым, Қара теңіз және Азов жағалауы аудандарымен) Азия (Кіші Азия, Аравия, Ирак – Месапатамия, Сирия, Полистина, Заковказьяның бір бөлігі) және солтүстік Африка кірді.

    Әсіресе империяны  қанаудағы шаруалардың жағдайлары ауыр болды. Балқан түбегінде помещиктердің феодалдық қанауы ұлттық және діни қанау сипатында болды. Шаруалары түрік эксплотациясына саясатына және өздерінің ислам дінін қабылдаған феодалдарына қарсы шықты. Мұсылман еместер «райя» (табын) деп аталды. Райя мемлекеттік қызметке қызмет етуге, соттан қорғауіздеуге және қару ұстауға құқы болған жоқ. Олардың киімдері мұсылмандардан басқаша болуға тиіс болды. Ислам дініндегі Аравия түбегіндегі араб халықтары, Ирак, Сирия, Палестина, Ливия, Гнунис және Алжирде түріктердің және өз феодалдарының эксплотациясы болды.

    Осман империясының  территориясында қолөнер өндірісі  дамыған ірі қалалар өмір сүрді. Жібек маталар, атлас және барқыт, сыналар және піл сүйегінен  жасалған бұйымдармен атағы шықты.Стамбулда, Израильде ондаған мың қолөнершілер болды.

        Осман  империясы бірнеше облыстарға  және вассалдық жерлерге бөлінді. (Африкада және Аравияда) облыс  және жердің наместниктері - әмірлер  және палиалар - өз қолдарына әскери  және азаматтық билікті біріктірді. Империяны басқаруда жоғарыға мұсылман дінбасыларының рөлі зор болды. Діни соттар заң бойынша барлығың басқарып отырды. XVI ғасырдың соңы – XIX ғасырдың басында Осман империясында феодалдық дағдарыс басталды, және Түркияға және басқа елдерге Еуропа колонизазорларының енуімен өмір сүруін аяқтады. 

ХVІІ ғ ІІ- жартысында Осман империясы қоғамдық даму жағынан Батыс Еуропа елдерімен салыстырған да артта қалушы елдердің қатарында болды. Осы  уақытта Англияда, Голландияда және басқа еуропалық елдер де буржуазиялық тәртіп орнай бастаса, ал Осман қоғамында әлі феодалдық қатынас жалғасып, нығая түскен болатын.  ХVІІ-ХVІІІғғ Осман державасы мықты Еуропа, Азия, Африкамен салыстарғанда территория жағынан үлкен болды және маңызды сауда жолдарын бақылауда ұстады, көптеген елдермен тұтқындар  билігінде болды. Сұлтандардың басқаруы мықты әскер арқасында сақталды. Ішкі аудандар арсындағы қатынас жақсы болмады. Әскери феодалдық тәртіп мәдениетпен шаруашылықтың дамуына кері әсерін тигізді. Мұсылман еместер немесе кяфирлер (сенімді еместер) қиын жағдайда болды. Оларға гректер, сербтер, болгарлар т.б жатты. 

         Еуропалық отаршылдардың Осман  империясына енуі. Осман империясы  әлсірегеннен француз, ағылшын көпестері  империяға қол сұға бастады. XVI ғасырдың өзінде-ақ түрік сұлтаны Керемет Сүлеймен француз королі I Францискемен саяси келісім жасасып, сауда шартына қол қойылған болатын. Бұл келісім француз көпестерінс айрықша жеңілдік берді. XVI ғасырда мұндай келісімдерге басқа да мемлекеттер ие болды. Батыс еуропалық көпестердің саудадағы мұндай артықшылықтары капитуляция  тәртібі деген атқа ие болды (капитал-келісім-шарттың тарауы). 1740 жылы Осман империясының үкіметі Францияға жаңа «бас капитуляцияның» шартын берді, бұрынғы ескі шарттардың орнына жаңа шарт енгізіліп, мәңгілікке күшін сақтайтын болып жарияланды. Франциядан кейін мұндай міндеттемеге еуропалык мемлекеттер: Англия, Ресей ие болды. Капитуляциялық жеңілдік Осман империясы үшін халықаралык міндеттемеге айналды, ал капитуляциялық ереже мәңгілікке бекітілді. Шетел тауарларына баж салығы өте аз мөлшерде салынып, көпестер салықтан босатылды XVIII ғасыр соңында Осман империясының сыртқы саудасы толығымен шетелдіктердің, француздар мен ағылшындардың қолына көшті. Еуропадан Түркияға мата, темірден жасалған әртүрлі бұйымдар әкелініп, ал Түркиядан мақта, жүннен жасалған киімдер, былғары, темекі, өсімдік майы шетке шығарылды.

Шетел капиталы империяның ішкі саудасына әсерін тигізіп, өзіне бағындыруға кірісті. Порттық орталықтарда грек, армян, еврейлерден тұратын компрадорлық буржуазия қалыптаса бастады.

XVIII ғасырдың соңына қарай Осман империясы тәуелді елге айналуға бет бұрғаны байқалды.  Империяның  шеткі  аймақтарында  түріктерге   қарсы  езілген   халықтардың көтерілістері жиіледі. Өз бетімен көтерілген шаруаларды Ұлттық буржуазия жетекке  алды. Бұл көтерілістер ұлт-азаттық қозғалыс сипатын алып, Осман империясын әлсірете түсті.

ІІІ Селимнің реформалары. ХVІІІ ғасырдың соны мен XIX ғасырдың басында ман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Селим сұлтан (1789-1807) қолдады. 1792-1796 жылдары Селим армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушының иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери-инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарынан тұратын соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батысеуропалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. ІІІ Селим жүргізген шаралар «жаңа жүйе» деген атқа ие болды.

Көптеген феодалдар мен мұсылман дінбасылары реформаға қарсы болды өйткені олар өздері пайдалынып жүрген жеңілдіктерінен айрылатындарын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычар корпустарын жояды деп түсінді. Сондықтан III Селимге қарсы феодалдық бүліктер басталды. Ал 1798 жылы Наполеон Бонапарт бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс басталды. Осы соғыстың барысында III Селим янычарларға бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806-1812) III Селим 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа барлық реформаға тиым салды.

Реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделді билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегіне топтаса бастады. Оларды «рущук достары» деп атады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Селимді таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбұлға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Селим кісі қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның ағасы II Махмұдты (1808-1839) таққа отырғызды. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды, «рущуктік достар» маңызды мемлекеттік қызметтерді иемденді.

Елде реформа қайтадан басталды. Янычарлардьвд ашық наразылығына қарамастан Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылы Стамбұлдағы янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Реформа жасаушылардың сәтсіздікке ұшырауы кездейсоқтың емес еді. Өйткені Түркияның тек әлеуметтік жағынан түпкілікті қайта құру арқылы ғана өркендетуге болатын.

Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге бейім Ұлттық мемлекет құрғанда ғана жүзеге асатынды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты.

ІІ Махмұт реформалары. Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілістілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасыларының қолдауына сүйенген ІІ Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың адам қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуык янычар өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар корпусы осылайша жойып жіберілді.

30-жылдары мемлекеттік  және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық, мәдениет салаларына қайта  құру жүргізілді. Тимар (сипак) жүйесінің  жойылуы зор маңызға ие болды.

Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империянын бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет (губерния) пен санджаққа (уездерге) бөлінді, оллрдың билеушілерін орталық өкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жацаруынан еуропалық үлгідегі бірқатар министрліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер ашылды.

II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлда медициналық, әскери және теңіз-инженерлік училищелері ашылды. 1831 жылы түрік тілінде бірінші мемлекеттік газет шығарыла бастады. Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға жіберілді. Одан да маңыздырақ реформалар II Махмұт өлгеннен кейін іске асырылды.

Танзимат. 30-жылдардың аяғында реформаторлар арқа сүйейтін қоғамдық топтар көбейді. Сұлтанның шенеуніктері арасынан оқымысты зиялы топ пайда болды. Реформаны жақтаушы компрадорлық буржуазия күшейді. Түрік емес халықтардың бітпейтін ұлт азаттық қозғалыстары, сұлтанның Египет патшасымен (1831-1833 жылдардағы, 1838-1841 жылдардағы) соғысы, шетелдік державалардың араласуы, билеуші топтардың көрегенділігінің оянуы бірқатар жеңіл-желпі реформа жасауға түрткі болды. Реформаны жақтаушыларды түріктің көрнекті саяси қайраткері және дипломаты Решид-паша басқарды.

Ол сыртқы істер министрі бола тұра, реформаның бағдарламасын жасады. 1839 жылы қарашаның 3-і салтанатты жағдайда сұлтанның реформа туралы бұйрығы оқылды. Ол мыналарды жүзеге асыруға: 1)дініне қарамастан империяның барлық бағыныштыларының мүлкіне, намысына, өміріне қол сұғылмауына; 2) салықты мерзімінде қайта бөлу және өндіріп алу, салық жинау құқығын сатып алу жүйесін жоюды; 3) әскери қызмет етуге шақыруды әділетті жолға қоюға уәде берді.

Әбділ Мәжит сұлтанның бұл бұйрығы жалпы бағдарлама мен Рашид-паша көптеген реформалардың, танзиматтың (реформалар, қайта құрулар) бастамасы болды.

Реформа саясаты билеуші топтардың көпшілігі қарсы болған, ішкі қайшылықтарға толы жағдайда өтті. Решид-пашаның өзі де сыртқы істер министрлігі қызметі мен ұлы уәзірліктен бірнеше рет босатылып, бірнеше рет қайта тағайындалды. Соған қарамастан бірқатар қайта құруларды жасаушы және оның орындалуын бақылаушы Юстицияның жоғарғы кеңесі құрылды. Сауда соты құрылды, сауда жөніндегі заңдар шығарылды, акша реформасы жүргізілді. Шенеуніктерге тұрақты жалақы тағайындалды. Экопомиканы жақсартуға ұмтылған Мұстафа Решид-паша салық жүйесін қайта қарастырып, жан басы салығын жөнге келтіріп, арнайы салықтар, барщина жойылды.

Либералдық – конституциялық қозғалыстар мен “Жаңа османдар” қоғамының  туындауы. XIX ғасырдың орта шенінде елде көпестер мен ұсақ шеберхана иелерінің саны біртіндеп көбейе бастады. Бүл танзиматтың нәтижесінен түңіліп, тығырықтан шығудың жолын іздестіре бастаған топтар еді.

Осман империясында сан жағынан аз, шығу тегі жағынан феодалдық-шенеуніктік, ал идеологиялық жағынан буржуазиялық интеллигенция пайда болды. Олардың арасынан жазушылар мен көсемсөзщілер шықты. Мысалы, Ибрагим Шинаси, Намык Кемаль және басқа қайраткерлер. Олар білімнің дамуын, Ұлттық әдебиеттің қалыптасуын жақтады. Сондай-ақ оларды елдің саяси және экономикалық даму мәселелері, оның еуропалық елдерге тәуелділігінің артуы қатты алаңдатады. Ибрагим Шинаси, ІІамык Кемаль және басқа ағартушылар өздерінің саяси көзқарастары жағынан Түркияны конституциялық монархияға айналдырушылардың жақтастары болды. 1865 жылы Стамбұлда Намык Кемаль мен оның жолдастары «Жаңа османдар» деп аталатын жасырын саяси ұйым құрды. Оның құрамына 250-ге жуық адам кірді.

«Жаңа османдардың» негізгі бөлігін прогресшіл жазушылар, журналистер, мұғалімдер,  шенеуніктер, офицерлер құрады. Ұйымның негізгі мақсаты елде конституциялық құрылысты енгізу болды. Астыртын әрекет арқылы ұйым мүшелері сұлтанды елге конституция сыйлауға мәжбүр етуге сенім артты. Бірақ астыртын әрекеттері әшкереленіп, ұйымның көптеген мүшелері тұтқынға алынды, жетекшілері шетелге қашты.

Түркияның тарихында «Жаңа османдар» қозғалысы елеулі кезең болды “Жаңа османдар” халықтың білім алуы үшін күресті, сұлтан режиміне және елдің шетел капиталына тәуелді болуына қарсы бой көрсетіп отырды. Бірақ олар халықпен байланысы жоқ қастандық жасаушы ұйым болды.

Жас түріктер қозғалысының тууы. Шетелдік отаршылдардың езгісі, ІІ Әбділ- Хамит деспоттық режимі түріктің ұлттық капитализімінің дамуына тежеу болды. Түрік көпестері мен кәсіпкерлерінің жағдайы шетелдік фирмалармен салыстарғанда өте төмен болды. Бұл жағдай түрік буржуазиясының наразылығын тудырды.

1899ж Стамбулдағы әскери-дәрігерлік  училишенің оқушылары “Бірлік  және прогресс” деп аталатын жасырын қоғам құрды. Бұл ұйымға қатысушыларды жас түріктер деп атады.

Жас түріктердің ең басты мақсаты 1876ж конституцияны қалпы келтіру және еуропалық үлгідегі бірынғай буржуазиялық реформалар жасау болды.

1908-1909 жылдардағы жас түріктер революциясы. Жас түріктер қозғалысының өрлеуіне 1905-1907 жылдардағы орыс реаолюциясы үлкен әсерін тигізді. Ол Осмен империясында кен қолдау тапты. Сұлтан өкіметі революцияның Туркияға таралып кетуіне жол бермеудің барлық шараларын қарастырды. Ресеймен шектес Кавказ шекарасы жабылды. Ресей туралы хабарларға цензура енгізілді, әскери бақылау күшейтілді. Әскерде толқу күшейіп, әскерилер елде болып жатқан жағдайға қарсы ашық көтеріле бастады, жазалаушы экспедицияларға қатысудан бас тартты. Ресейдегі революцияның әсерімен империяның әр провинцияларында үкіметке қарсы шашыранқы бас көтерулер жиіледі. Осы аталған  мәселелердің болуынан өкіметтін қаупы күшейе түсті.

1908-1909жж ревалюциялық  жағдайлардың артуы жас түріктердің  белсенділігін ұлғайтты. Жас түріктердің  басшылары армяндық, македондық, албандық басқа да ұлттық ревалюциялық ұйымдармен жақындасты. 1908-1909жж Туркиядағы ревалюция түрік халқының саяси тұрғыдан оянуының ең алғашқы қадамы болды. Сипаты жағынан бұл буржуазиялық ревалюция болды. Жас түріктер өз өкіметін нығайту мақсатында жаңа шетелдік несиеге  келісім жасасты.

 

7.ХҮІІ ғ.соңы  жартысы – 1918 жж. Африка елдері

Солтүстік Африканың көп бөлігі Осман империясының құрамына кірді. Египет XVI ғасыр басында түріктермен жауланып алынды. Сол уақытқа дейін онда мамлюктік әскери-феодалдық кастасы үстемдік етті. Олардан египеттік сұлтандар гвардиясы құрылды. Түріктік жаулап алудан кейін, мемлекеттік Осман сұлтаны тағайындаған паша биледі. Осман империясының әлсіреуімен түрік сұлтанының Египеттегі үстемдігі формальді бола бастады. XVII ғасырдың аяғында мамлюктер өзінің саяси билігін қалпына келтірді.

Информация о работе Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы