Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:39, курсовая работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде талай-талай белестерді бағындырды. Ол халықаралық қатынастан бастап, елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салаларының барынша қарқынмен дамуы арқылы көзге түседі. Бұл еліміздің рухани бай болуының, білімділігінің, байсалдылығы мен сабырлығының арқасында келіп жатқан үлкен жетістік. Қазақ халқы тарихтың талай соқпақтарынан өтсе де, небір қилы заманды басынан кешсе де ұлттық құндылығын бағалаған халық. Оның айғағы тіліміздің, дініміз бен діліміздің, ұлттық құндылықтарымыз бен өнеріміздің өлмей, атадан балаға мұра болып, қазіргі өркениетті күнге жетуі десек артық айтқандық емес. Соның ішінде ұлттық өнердің ажырамас бөлігіне айналған қазақ биінің орны ерекше.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАГИСТ.ДИССЕР..doc

— 6.34 Мб (Скачать документ)

Айттыру - қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкeсі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шeшесінің айттыруға қарсы емес екендігін білeді. Содaн кейін қызды рeсми түрде айттырaды. Той қамы, бaсқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы келісілeді.

Ауыз тию - ғұрып. Алыс сaпарға, емделуге шыққан aдам ауылдың үлкен үйінен дәм татып aттанатын ырым бар. Бұл «қара шаңырақтың иесі» қолдaсын деген cенімінен шыққан. Сондaй-ақ даcтарқaн үстінде келген адам дәмнен aуыз тиюге тиісті деген ырым бар.

Жол бeрy - қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы. Жаcы кіші адам үлкeнге бөгет жaсамай, жoл босатады, үй ішінде төрге отырғызады, acтaн дәм татар кезде де осы әдеп сақталады.

Сүйінші - қуанышты хабар әкелушігe берілетін сыйлық. Дүниeге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, осы кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.

Сыйлық - тұрмыс салт-дәстүрі, құрмeт көрсeту, ол барлық xалықтаp араcында ертeден келе жатқан дәстүр. Сыйлық бұрын қaзақ қаyымдарында мәртебелі адамдарға, даpынды ақын-әншілeрге, құда-жeкжaттарға беpілген.

Сыралғы - дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдaн кездескендe сұралатын жол cыралғы деп аталады. Аңшылар сыpалғының cөзін жерге тастамайды.

Той - әдет-ғұрып дәcтүpі. Дүние жүзінің барлық xалықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени өміpіндe той eжелгі зaманнан бастап үлкен орын алғaн. Мысалы, қыз ұзaту, үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тoйлаpы. Қыз ұзату, үйленy, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуaн күpеc, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың жақcы дәстүрлері бүгіндe сaқталған, үйлену тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындаp ұйымдастырылaды [38, 15 б.].

Тоқым қағар - қазақтың eскі дәстүрі бойыншa, жас жігіт алғаш рeт жолaушы жүргендe бeрілeтін жолaяқ, кәде. Алыc жoлға кеткен жігіт амaн-есен кeлсін, тoқымы жерде қалмaсын деген жақсы тілек білдіруге бaйланыcты бергeн.

Сыбаға - қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кeзінде ауыл адамдары біp-біріне сыбаға берген. Сыбaға әкелгeн табаққа тиісті сыйлығын сaлып қaйтаpады. Көбінесе отау үйдің aдамдары қаpa шаңырaққа немесе жасы үлкен адамдаpға cыбағa береді.

Міне, бұл аталғандардың барлығы бай салт-дәстүріміздің бір қыры ғана. Осы салт-дәстүріміздің көпшілігін (тұсау кесер, қыз қуу, бата беру, қыз алып қашу, беташар, шашу тағысын тағы) дәріптеп, насихаттап келе жатқан өнер шаңырағы «Наз» Мемлекеттік би театрына алаш жұртының айтар алғысы шексіз.

Халықтың осы салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, сенім-нанымдары би өнерінің өзегіне айналды.

Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынаға айналдырған құдіретті өнерді тудыратын - сол халықтың өзі. Қай өнердің түрі болмасын, ол халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы. Осылардың ішінде халқымыздың өткендегі өмір салтын, мәдени болмысын сақтай отырып дамыған - ежелгі би өнері.

Би - әсемдік пен икемділікті талап ететін көркем өнер. Өнерді адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түйсінуі қажет. Егер де біз халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Басқа өнер түрлері секілді би өнері де қазақ халқының ғасырдан-ғасырға жетіп, атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани байлығы.

Ұлттық би - бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері екені даусыз. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан.

Осы рухани қазынаға айналған би өнерін дамытуда «Наз» би театрының ерекшелігі - қазақтың салт-дәстүрін, үлттық өнерін, атадан балаға мирас болып қалған ұлттық құндылықтарды насихаттайды. Сондықтан, сахналық би қойылымдарынан қазақтың ұлтттық дәстүрлерін жиі көреміз. Театр ұжымының би спектакльдері мен би қойылымдарына көбіне қазақтың ұлттық күйлері таңдалады.

«Наз» мемлекеттік би театрының ұлттық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың нәрін көрсететін тың туындысы - «Қазақ жәдігерлері» деп аталады.  Аталмыш туынды қазақ халқының бай салт-дәстүріне тұнып тұрған ұлттық сананы дәріптейтін ірі әрі керемет туынды. Жоғарыда аталған, ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымыздың баршылығы осы қойылымнан табылады. Зерттеу барысында «Наз» Мемлекеттік халық би театрының репертуарындағы қойылымдардың негізі болған осы туынды екеніне көз жеткіздік.

Аталған әсем туындының көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Қадиша Ермекбайқызы болса, балетмейстерлер - М. Айтмағамбетова, Р. Белгібаева сынды өнерлі жастар. Әртістер бөлімінің меңгерушісі - С. Төребаев, ұстаз репититорлар - С.Дұзбаев пен Б. Баянбаевтар. Әуенмен әрлеуші - Н. Вахитов, бас костюмер - Ғ. Тынышбаева, бас әкімгер - Ж. Баймұратова, режиссерлер - А. Шоман мен Н. Вахитов, концертмейстер - Қ. Қанапина мен                   П. Ивановтардың көп еңбек еткенінің арқасында дүниеге келген бағдарлама.

«Наздың» осы туынды бойынша ұсынған концерттік бағдарламасына қарасаңыз, он бес концерттік нөмірден тұратын тың туынды қазақтың ұлттық, рухани құндылықтарын паш етеді. Ақан Сері, Естай және халық әуендерімен басталатын «Қайыңдар» биінде қызыл көйлекті, қыпша белді жас қыздар, «Құсни-Қорлан» сынды қос ғашықтың махаббат әуенімен баяу тербеліп, қыздардың қимылына құстардың әдемі «шырылы» қосылып, табиғат пен махаббат бір-бірімен астасып жатқандай әсерде отырасың. Сахна сыртында оқылған махаббат тақырыбындағы ақын өлеңі оның бояуын одан да қанықтыра түсті. Қыздардың киімдерінде мін жоқ. Ұлттық негізді сақтай отырып, әдемі ою-өрнектерімізбен көмкерілген. Көздің жауын алады.

«Қайыңдардан» кейін сахна төріне шыққан «Қос аққуды» көргенде көрермендер тіптен шабыттанып кетті.

«Тау мен күннің арасы таянғанда,

Таудың басы алаумен боялғанда.

Тірілетін таудағы бар тіршілік,

Қанатынан аққудың оянған ба?!»,-деп басталатын жыр шумағы жүректерді толқытпай қоймады [39, 12 б.]. Бұл биді қазіргі таңда                        А. Атымтаева мен А. Умашева орындап жүр. Балетмейстер Нағима Тайырқызы қойған осы би көрерменінің көзайымына айналды. Сахна төріне шыққан «қос аққу» ақ мамықтай нәзік, шын аққудай көркем еді. Олардың би барысындағы қимылдары керемет шеберлікпен орындалды. Аққулар өте тату құс. Үндемей үнсіз түсініседі. Сұлулығы адамдарды ғана емес, өзге қанаттыларды да таңқалдыратын секілді. Дәл сондай сұлулықты, сабырлылықты бишілер табиғи қалпында көрермендер жүрегіне жеткізе білді. Олардың күлімдеген көздері, сүйір саусақтары да би тақырыбына сай болатын. Олар бақытты, алаңсыз, махаббат пен қуанышқа толы өмірді бейнелей алды.

Тоқаның күйіне орындалған «Бозайғыр» мен «Секіртпе» билері көрерменнің делебесін шын қоздырды. Кәдімгі ауыл тіршілігін көрсететін дыбыстар: жылқының кісінегені, жаңбырдың себелегені, күннің күркірегені, қойдың маңырап өріске кетіп бара жатқаны, әтештің шақырып жатқан дауысы, ауыл адамдарының дабыры барлығы осы бір көңілді қойылымның көркін аша түскендей болды.

«Болғанда көктем жыл басы,

Аспаннан жаңбыр себелеп,

Күркіреп, бұлт күңіреніп,

Жердің жүзі көгерер.

Аспан - жердің арасы,

Адамзаттың панасы,

Қанат беріп ұшырған,

Құдіретке қарашы...»,-деп басталып, жалынды жас жігіттердің жігерлі биімен басталатын бұл көрініс көрермен көңілін көтеріп тастады [39, 14 б.]. Ауыл баласына тән жігіттердің қарапайым киімдері, өзара әзілдері, қалжың күрестері, арғымақпен шабыстары барлығы да бимен өз үйлесімін әдемі тауып жатты. Аталмыш бидің балетмейстері, би өнерінің  дарынды өнерпазы Д. Сүлейменова еді.

Театрдың балетмейстері Еркебұлан Ағымбаев Т. Атабайұлының «Буын биін» сәтті шығарды. Алқызыл киіммен шыққан, он бір жігіттен құралған бишілер тобы сахнаны түрлендіріп жіберді. «Буын биі» деп аты айтып тұрғандай, биші жігіттердің бүкіл денелері, буын-буындары қозғалып, керемет би қимылдарымен жастық жігерді танытып жатты. Бишілердің киімдеріне басылған ұлттық ою-өрнектер де дұрыс әрі тақырыпқа сай таңдалған.

Атақты компазитор, дирижер Нұрғиса Тілендіұлының «Көшкеруен» атты шығармасын Қадиша Ағымбаева абыроймен алып шықты.

«Пай, пай, киелі неткен жер,

Батырлар дүркіреп өткен жер,

Сал-сері сайран еткен жер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым етпей өтпеңдер!»,-деген жалынды жырмен басталатын «Көшкеруен» - әр қазақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатары хақ [41, 21 б.]. Мың бұралып, музыка ырғағымен баяу шыққан қыздардың үстіндегі ашық түсті, ою-өрнекпен көркемделген көйлектері тым көз тартарлық, ол нәзіктіктің, пәктіліктің символындай көрінеді. Бишілер «Көшкеруенді» аса бір шеберлікпен орындап шықты.

Атақты Кеңес күйіне қойылған «Киіз басу» биі - ежелден қоғаммен бірге жасасып келе жатқан көне билердің бірі. Бәз біреулер «арқасы жауыр болған» би дейтін шығар, десек те бұл биден әлі күнге бишілер де, көрермен де жалыққан емес. Себебі, ақ жаулықты аналарымыздың сонау замандардағы қолөнері, тұрмысы бейнеленген бұл дәстүр ешқашан ұмытылмақ емес. Аты әлемге мәшхүр бұл бидің балетмейстері, ұлты басқа болса да қазақ биіне жанашырлық танытқан, өнертанушы                                О. Всеволодская-Голушкевич. Ақ орамал тартқан, сегіз адамнан құралған келіншектер тобының еңбекқорлығы әсем қимылдар арқылы өрнектелген бұл би де осы бағдарламада сәтті қолданылды.

«Қазақ жәдігерлері» бағдарламасының шарықтау шегі Түркештің «Көңіл ашарынан» басталды. Олай дейтініміз, нағыз ұлттық сананың ұйытқысы, қазақтың салтын дәріптеп, ғұрпын ұлықтайтын сәт осында екен. Ондағы көкпар тартысты бишілер сәтті орындады. «Көңіл ашардың» балетмейстерлері Ағымбаевтар. 

Сахна төріне ақсақал Абыз шығып, үлкен тойдың болатынын жамағатқа жариялайды. Соңынан нәрестені алып шығып, аяғына ала жіп байлап, қазақы дәстүрге сай тұсауын кесу рәсімін көрсетті.

«Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам...»,- деп сәбидің екі жағынан апалары жетектеп, тәй-тәй жүргізеді [42, 12 б.].

Қазақ қашан да баласының тұсауын үлкен ырыммен кеседі. Ешкімнің ала жібін аттамасын деп, өмір жолы ақ пен қарадан тұрады, ақжолы көп болсын деп ырымдайды екен. Сонымен қатар, бала тұсауын ауылдың беделді, белді азаматтарына кестіреді. Себебі, сол адамға тартсын деген ниетпен. Бұл ретте, көрермен «Наз» ұжымының тапқырлығын, халықтың жөн-жоралғысын дұрыс көрсете білуіне сүйсініп, бір марқайып қалғандай. Осыдан кейін ауыл тұрғындары аз уақыт ішінде киіз үйлерін тігіп, дастархан жайып, абыр-сабыр күй кешеді. Керемет көрініс. Дөңгелек дастархан үстінде бауырсақ, сапырылып жатқан қымыз, ары-бері ойнақтап жүрген бала-шаға. Бәрі дәл ауылдағыдай. «Ата-баба салтымен, той жалғасын табады», - деген Абыз сөзінен кейін сахна төріне шыққан қыз-жігіттер бірін бірі қамшылап шығып, қалжыңға басты. Бұл қазақ халқының айтыс өнерінен мағлұмат беретін суреттеме. Қазақта қыз бен жігіт айтысы өте қызықты айтыстардың бірі болған. Қыздар бір жақ, жігіттер бір жақ болып, сөз таластырғандары, жай сөзбен емес, құдіретті өлең шумақтарымен жырлау екінің бірінің қолынан келмейді. Ол суырып салмалылық қасиет. Қыз-жігіттердің арасынан сол кездері талантты жастар көптеп шығатын көрінеді. Халық әні «Алуа-ай» әуеніне салып:

«Ақын болсаң алдыңа,

Сұрау сала айтайын,

Аспандағы жұлдыздар,

Нешеу екен құрбым-ай?» - деген қыздардың сұрағына жігіт жағы:

«Қара суда қаймақ жоқ,

Мұз болмаса қыздар-ай,

Қой етінің дәмі жоқ,

Тұз болмаса қыздар - ай.

Аспандағы жұлдызды,

Кім санапты, дүние - ай,

Шалқасынан көп жатқан,

Қыз болмаса шіркін-ай»,-деп қыздарды сөзбен шымшылап, оған жұрт қыран-топан күлісіп жатады [43, 32 б.]. Міне, нағыз қазақы, әдемі қалжың. Мәдениетті түрде өлеңмен өрнектеп, жауап қайтару - тек қазақтың қолынан келетін, қазақтың қанына ана сүтімен сіңген дарын мен талант. Көрермен қауым осы сәтте «ду» қол шапалақтап, күлісіп жатты.

Ақын қыз айтыскер жігіттен сөзден жеңіліп қалған соң: «Қыздар, мынау қалжақбастың аузын жабатын өнерлерің бар ма? Салыңдаршы ортаға»,-дейді. Сол сәтте «Білезік ойыны» биімен, қиғаш қасты, қыпша белді арулар жігіттердің алдында сызылып шығады. Жігіттер қыздардың әдемілігіне, әсемдігіне қызығып, қылығына тамсанып тұрады. Сол кезде бір сұлуға өлердей ғашық болып тұрған бозбала қызды арқасына салып алып қашып кетеді. «Білезік ойынын» қойған Қ. Ағымбаева.   

«Сүйінші» ағам келін әкеле жатыр»,-деген баланың қауанышты дауысына барлық жұрт елеңдеп, дабырласып кетеді. Ақ келіннің бетін ашу үшін ақын жігіт ортаға киелі домбырамен келіп, «Беташар» айтып, жаңа түскен келіннің бетін ашады, сол сәтте халық кәдесін табаққа салып жатады. Халық әні «Көшкенде» әуеніне сүйеніп, жас келін «Қалыңдық биін» билейді. Қазақ келіндері ұяң, ұстамды, биязы болып келетінін қалыңдық өз биімен дәлелдеп, әсем қимылдарымен, тәтті қылығымен жұртшылықты тәнті етеді. Бұл көріністі сахналаған М. Айтмағамбетова болса, келін рөлін нақышына келтіріп, көрерменнің көңілінен шыға сомдаған, жеке орындаушы - А. Әбілқасымова болатын.

Сонда қарап тұрсаңыз, бұл композицияда қыз бен жігіттің айтысы, қыз алып қашу, жамбасқа салып күресу, сүйінші сұрау, беташар, тұсау кесу сияқты тұнып тұрған қазақтың салт-дәстүріне бай көріністер қойылған екен. Бұл «Наз» Мемлекеттік халық би театрының қазақ би өнерінде өз орнын ойып алуына ықпалы артып, мерейі өсіп, халықтың өлмес мұрасына айналады деген сөз. «Қалыңдық биінен» кейін көңілді әуенмен жалғасқан «Жастар биі» той көрігін қыздыра түсті. Онда жастардың жалынды қимылдары көрермендерге жаңа леп беріп, ойнақтата, орғыта билеген қыздар мен жігіттер сахнаны түрлендіріп жіберді. Бақтыбай әуеніне жазылған аталмыш көріністі әсем сахналаған ұжымның көркемдік жетекшісі мен балетмейстерлері Ағымбаевтар болды. 

Информация о работе Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы