Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 09:16, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы территориясының көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынды алады, ал тұрғындарының саны тек 15 млн-нан сәл артып түседі. Осы тұрғыдан алғанда транспорттық – коммуникациялық кешеннің маңызы ел экономикасы мен оның мемлекеттік тұтастығы үшін алатын орны өте жоғары.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың тұрақты дамуы, транзиттік қатынастардың өрістеуі, коммуникациялар мен ақпараттың ғаламдық жүйелері, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар мен корпарациялардың іс – қимылдары, жүк және жолаушы тасымалдар көлемінің өсуі, сондай-ақ барлық елді – мекендер, аудандар мен облыстар арасында тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттілігі республикада автомобиль жолдары желісін дамытудың маңыздылығын айқындата түседі.

Содержание

Кіріспе ...............................................................................................................3

ТАРАУ І.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ…...................................................................5

1.1. Өндіріс ерекшеліктері және олардың шығындар есебін ұйымдастыруға тигізетін әсерлері .................................................................................................5
1.2. Өзіндік құнның экономикалық мәні және оны үнемдеу
жолдары .............................................................................................................10
1.3.Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындар және олардың есеп саясатындағы көрінісі ...............................................................................13

ТАРАУ ІІ. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ.......................................................................................................17
2.1. Материалдық шығындар есебі ..................................................................17
2.2. Еңбек ақы шығындарының есебі ...............................................................22
2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру ................27

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс орнының бәсекелестігі.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)

     № 920/1 – «Қосалқы цехтар» (қиыршықтас, қиыршықтасты құм, шағылтас және т.б. құрылыс материалдарын дайындау);

     № 920/2 – «Жөндеу шеберханалары»;

     № 920/3 – «Көлік құралдарын ұстау және пайдалану бойынша шығындар»;

     № 920/4 – «Меншікті құрылыс машиналары мен механизмдерін ұстау және пайдалану бойынша шығындар»;

     № 920/5 – «Жалға алынған құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану бойынша шығындар».

      Автокөлік олдарын  салу мен жөндеу жұмыстарында  өндіріс шығындарының маңызды  элементтерінің бірі болып материалдық  шығындар саналады. Материалдар  шығындар - өндіріс процесінде еңбек  бұйымдары ретінде пайдалануға  алынған заттық элементтер. Олардың  еңбек заттарынан айырмашылығы өндірістік циклде толықтай тұтылынып, өзінің құнын құрылыс – монтаж жұмыстарының өзіндік құнына толықтай аударады.

      Негізгі құрылыс  материалдарды – жолдарды салу  мен жөндеу жұмыстары кезінде  құрылыс – монтаж жұмыстарының  заттай материалдық негізін құрайтын материалдар оларға: битум, құм, қиыршық тас, цемент, металл, асфальт-бетоны және т.б. жатады.

        Көмекші материалдарға  – жолдарды салу мен жөндеу  жұмыстарының өзіндік құн құрамына  кіргенімен, бірақ негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Оларға жол құрылысының технологиясына пайдаланылатын көмір, энергия, газ, мазут, жанар май, ыдыс және ыдыстық заттар және қосалқы бөлшектер жатады.

    Соған байланысты  материалдық шығындар есебінің  негізгі міндеттері болып мыналар саналады: материалдық қорлардың түсуін, ішкі орын алмасуын, жұмсалуын дер кезінде құжатпен рәсімдеуді және белгіленген тәртіпте олардың сақталуын қамтамасыз ету; материалдарды дайындау, қабылдау және жіберу бойынша операцияларды уақытында көрсету; барлық материалдық құндылықтардың бір жерден екінші жерге ауысуы мен пайдалануы бойынша сақтауды және бақылауды қамтамасыз ету; материалдық қорлардың нормаға (сметаға) сәйкес жұмсалуын қамтамасыз ету; кәсіпорынның қоймасындағы немесе басқалай сақтаудағы материалдардың қалдығы жөніндегі нақты мәліметтерді алу.

    Материалдық  шығындар есебі біріншіден әртүрлі тапсырыстар мен орындалған жұмыстарға және қызметтерге жұмсалған материалдық шығындар деңгейін анықтап, материалдық құндылықтарды бағалау мен өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін қажет болса, екіншіден, ол басқару шешімдерін қабылдау мен құрылыс – монтаж жұмыстарына бағаны тағайындау мақсатында жоспарлау (бюджеттеу) және болашақ уақытқа материалдық шығындарды есептеу үшін қажет [18].

    Материалдық  қорлар есебін дұрыс ұйымдастырудың  негізгі міндеттерінің бірі –  бұл олардың дұрыс бағалануы. Себебі материалдық ресурстарды дұрыс бағалануы өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құн деңгейіне және табыс көлеміне әсерін тигізеді.

    Материалдық  құндылықтар бухгалтерлік есепте  нақты өзіндік құнмен қабылданады. Материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнына: оларды сатып алуға, тасу-тасымалдауға, қайта өңдеуге кеткен шығындары кіреді.

    Материалдық  құндылықтарды сатып алуға кеткен  нақты шығындарға келісім шарт  бойынша жабдықтаушыларға төленген  сомалар, сырттан әкелуге алынған  баж салығы, материалдарды сатып алу бойынша делдалдық ұйымдарға төленген сый ақылар, пайдалану жеріне дейін материалдық ресурстарды дайындау және жеткізу шығындары және сатып алуға байланысты тікелей басқа да шығындар кіреді.

    Материалдардың  нақты өзіндік құнына, сонымен  бірге дайындау -  қойма шығындары, яғни құрылыстағы дайындау аппараттарын, қоймалар мен басқа да сақтау орындарын ұстау шығындары, материалдарды күзету шығындары материалдық ресурстардың түсуі туралы хабарламалар мен өлшеу үшін төлемдер, сондай-ақ табиғи жойылу нормасы шегінде қоймадағы және жолдағы материалдардың жойылу сомалары да қосылады.

    Материалдарды  қайта өңдеуге кеткен шығындарға  жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарында (өндіріс процесінде) қолданылатын  табиғи ресурстардың, шикізаттардың,  материалдардың, отынның, энергияның, еңбек ресурстарының, негізгі құралдардың тозу құны, сондай-ақ құрылыс пен жөндеу жұмыстарының технологиясына байланысты басқа да шығындар енгізіледі.

    Автокөлік  жолдарын салу мен жөндеу жұмыстарына  қажетті материалдар ұйымның  өз күшімен дайындалатын болса, онда олардың нақты өзіндік құны материалдардың өндірісіне жұмсалған нақты шығындармен анықталады. Оларға дайындау процесінде жұмсалған шикізаттар мен материалдар, отын, энергия, еңбек ресурстары, сондай-ақ негізгі құралдарды пайдалану шығындары жатады.

    Басқа мекемелерден  тегін алынған материалдық ресурстардың  нақты өзіндік құны кірістелген  мерзімде нарықтық баға шегінде  анықталады.

    Егер жыл  ішінде материалдық ресурстардың  бағасы төмендесе немесе олар  табиғи жағдайға байланысты бастапқы сапалығын жойса, онда олардың құны есепті жылдың аяғында бухгалткрлік баланста мүмкін сатылу бағасы бойынша көрсетіледі.

    Өндірістің  басқа да салалары сияқты жол  құрылысы мекемелері жолдарды  салу мен жөндеу жұмыстарына  шикізаттар мен материалдарды төмендегі бағалау әдістерінің біреуін қолдану арқылы жібереді:

  • Арнайы идентификациялау (әрбір бірліктің өзіндік құны бойынша);
  • Орташа өлшемді баға;
  • Материалдық құндылықтардың алғашқы сатып алу бағасы (ФИФО).

    Арнайы идентификациялау  әдісі бірін – бірі алмастыра алмайтын және арнайы жобалар мен тапсырмаларды орындауға арналған материалдарды бағалау үшін қолданылады.

    Орташа өлшемді  баға әдісі – материалдарды  кіріске алғанда егер олардың  параметрлері бірдей болса, онда  олар бір ғана инвентарлық карточкада есепке алынады. Жаңадан келіп түскен материалдар бұрынғы келіп түскендермен біріктіріліп ортақ бағасы алынады. Қоймаға материалдар түскен сайын баға қайтадан есептеліп отырылады, осыған орай өндіріске жіберілген және қоймадағы қалдық материалдардың құны соңғы орташа баға бойынша көрсетіледі.

    Өндіріске  пайдаланылатын материалдар әртүрлі  болып және олар ең төменгі  өзіндік құнға ие болған жағдайда, сонымен бірге бағаның жиі  өзгеруінде орташа өлшем әдісін  қолдану өте қолайлы. Өйткені,  бұл бағалау әдісі материалдарға деген шамадан тыс жоғары немесе өте төмен баға әсерлерін төмендетеді, сонымен бірге бағалаудың өзіндік құнын мүмкіндігінше тұрақтандырады [20,12,26].

    ФИФО әдісі  бойынша өндіріске материалдар  бірінші сатып алынғандардың  құндарымен жіберіледі, яғни материалдарды өндіріске нақты өзіндік құнмен жіберуді білдіреді. Егер өндіріске материалдар әртүрлі бағамен аз көлеммен және жіберіліп отырылса, онда материалдарды бағалауда ФИФО әдісін қолдану біршама қиындыққа әкеледі. Сонымен бірге өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құндарын калькуляциялауда пайдаланбаған материалдарды жабдықтаушыларға немесе қоймаға қайтарған кезде қосымша қиындықтар туындайды. Бұл әдісті қолдану кезінде есепті мерзімнің аяғында қоймадағы материалдық ресурстар соңғы сатып алушылардың нақты өзіндік құны бойынша, ал өндіріске жіберілгендер- алғашқы түскендердің өзіндік құндары бойынша бағаланады.

    ФИФО әдісінің  бірнеше артықшылықтары бар. Біріншіден, пайдаланған материалдардың құны  белгіленген жүйеге сәйкес өндіріс шығындарына қосылып отырады. Екіншіден, материалдардың осындай үздіксіз қозғалысы нәтижесінде олардың сапасының өзгерісіне және жұмсалуына тиімді бақылау жүргізудің мүмкіндігі қалыптасады. Үшіншіден, материалдық ресурстардың құны ағымдағы нарықтық бағаға жақын соңғы сатып алынғандардың бағасымен бағаланады [17,19]. Бірақ құрылысқа материалдарды ФИФО әдісін қолдану арқылы жіберу үшін материалдар әрбір келген партиясы бойынша сақталуы және бөлек есептелуі керек. Ал, егер біз жол құрылысының технологиялық ерекшелігін ескере отырып, жол құрылысы ұйымдарындағы материалдардың көпшілігі ашық алаңдарда сақталады, яғни оларды әрбір түскен партиялары бойынша сақтау және есебін бөлек жүргізу көпшілік жағдайда мүмкін бола бермейді.

    Материалдарды  «дәл мерзімінде жеткізу» әдісі бойынша өндіріске жіберілген материалдардың бағалары ағымдағы нарықтық бағаға жақын келеді [25]. Яғни, материалдарды «дәл мерзімінде жеткізу» әдісін қолданатын құрылыс ұйымдары үшін материалдық ресурстардың өндіріске жіберу бағаларын анықтауонша маңызды болып саналмайды.

    Қазіргі кезде  құрылыс ұйымдарының көпшілігі  материалдары өндіріске олардың  орташа бағалары арқылы жібереді. Бұл әдістің артықшылығы сол,  бұл бағалау әдісі арқылы материалдық  шығындарының шамадан тыс жоғарлануының  алдын алуға болады және оның есептелу тәртібі өте қарапайым болғандықтан есепте қолдануда еш қиындықтар тудырмайды. Дегенмен де, бұл мәселе бойынша біржақты шешім қабылдауға болмайды. Сондықтан қандай да бір бағалау әдісін таңдар алдында, жалпы жол құрылысы жұмыстарының және материалдарды жеткізудің мерзімділігін, жұмсалатын материалдардың сипатын, өндірістік циклдің ұзақтығын, қоймадағы материалдық ресурстардың қорын және т.б. жағдайларды ескеру қажет. Сонымен бірге таңдап алынған бағалау әдісі құрылыс ұйымының болашақ жоспарларымен байланысты болуға тиісті, себебі таңдап алынған әдіс инвестициялық қызметке және салық салу жүйесіне де тікелей әсер етеді.

    Материалдарды  бағалауда таңдап алынатын әдіс, біріншіден, ағымдағы шығындар мен  түсімдер арасындағы ара қатынасты, екіншіден, есепті мерзімнің аяғында қалған, бірақ болашақ кезеңде пайдаланылатын материалдық құндылықтардың құнын, үшіншіден, шаруашылық субъектілерінің жабдықтау, өндіріс және сату сферасындағы саясатты нақтырақ айқындауға тиісті. Қорыта айтқанда өндіріске жұмсалған материалдарды бағалау және олардың құндарын анықтау және ұйымның есеп бөлімі №7 бухгалтерлік есеп стандартын және оған әдістемелік түсініктемені басшылыққа ала отырып, құрылыс – монтаж жұмыстарының өзіндік құндарының құрамына қосылатын материалдық шығындар есебін ұйымдастырады.

    Құрылыс мекемелерінде  материалдық қорлардың қозғалысы  жөніндегі мәліметтер «Материалдардың  қозғалысы есебі ведомостісінде»  жинақталады. Бұл ведомостіде  қоймаға түскен материалдардың  құны есепті бағамен көрсетіледі. Сонымен бірге ведомостіде түскен және жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құндары көрсетіліп, материалдардың нақты өзіндік құндары мен есепті бағаларының арасындағы айырмашылықтар анықталады. Егер материалдардың нақты өзіндік құны олардың есепті бағалары бойынша құндарынан төмен болса, «-» айырма (кредиттік) болады, ал егер жоғары болса, онда ауытқу «+» (дебеттік) болады. Анықталған айырмашылықтың бір бөлігі жұмсалған материалдардың есепті бағалары бойынша тиісті баланстық шоттардың дебетіне шығарылады, ал айырмашылықтың қалған бөлігі ай соңындағы қалған материалдардың құндарымен баланста көрсетіледі.

    Сонымен материалдық  шығындар есебін зерттей келе  жол құрылысы ұйымдарына:

  • Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына негізгі құрылыс материалдарын, соның ішінде асфальт – бетон қоспасын «дәл мерзімінде жеткізу» әдісі арқылы, ал басқалай құрылыс материалдарын орташа өлшем бағасымен жіберу қажет;
  • Жолдарды салу және жөндеу жұмыстары бір – бірінен қашық әртүрлі құрылыс участкелерінде орындалатындықтан, әрбір құрылыс объектісіне ай ішінде келіп түскен материалдардың санын, олардың бригада бойынша өндіріске жіберілгенін және нақты жұмсалғанын анықтау үшін «Құрылыс учаскесі бойынша материалдық шығындар есебінің ведомосін» пайдалануды ұсынамыз;
  • Жол жұмыстарындағы материалдық шығындардың пайдалану тиімділігін өндіріске жіберілетін материалдарды қажеттілігіне қарай бірден жұмыс орындарына жеткізу, жергілікті құрылыс материалдары мен бұрын пайдаланған материалдарды пайдалану, материалдарды тасымалдау кезінде жойылуын қысқарту, сондай-ақ тұтқырғыш материалдарды (цемент, битум, қарамай) тиімді сақтау арқылы арттыруға болады.

 

 

2.2. Еңбек ақы шығындарының есебі

 

    Кез келген өндірістік процесте жұмыс күші негізінен қозғаушы күш ретінде шығын элементтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Еңбек ақының негізгі ұстамы ретінде жалақымен өлшенетін жұмысшылардың жаңа өндірген өнім көлеміне сан және сапа жағынан қосқан үлесі саналады. Еңбек ақы – еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыстардың көлемін ұлғайтуға, оның сапасын көтеруге жұмысшының мүддесін арттыратын негізгі құрал болып саналғандықтан ұйымдар үшін еңбек ақы шығындары есебі өндірістік есеп жүйесінде маңызды орын алады.

    Жұмысшы мен  жұмыс берушілердің арасындағы  еңбек қатынастары Қазақстан  Республикасының Конституциясы  және Қазақстан публикасының «Еңбек туралы» заңы арқылы реттеледі.

    Шаруашылықтың  жаңаша даму жағдайында еңбек  және еңбек ақы шығындары есебінің  негізгі міндеттері болып мыналар  саналады: еңбек және еңбек ақы шығындары бойынша барлық құжаттарды дер кезінде толтыру; өнімнің өзіндік құнын құрайтын ебек ақы шығындары мен одан аударымдар сомасын дұрыс анықтау және олардың өндіріс шығындарына дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету; құрылыс жұмысшыларына төленген нақты еңбек ақы шығындарының сметада белгіленген нормадан ауытқуларын анықтау, ауытқу сомаларын тиісті белгі құжаттармен рәсімдеу және олардың шығын объектілеріне бөлінуін қамтамасыз ету; белгіленген мерзімде жұмысшылармен еңбек ақы бойынша есеп айырысуды жүргізу, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу үшін еңбек ақы бойынша көрсеткіштерді жинақтау және топтастыру;

Информация о работе Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру