Әкімшілік менеджменттің мақсаты, міндеті оның құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 07:20, реферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек

Содержание

1.Кіріспе
2. Әкімшілік менеджменттің мақсаты, міндеті оның құрылымы
3. Менеджменттің негізгі категориялары
4.Басқарудағы әдістемелік тәсілдері және заңдылығы мен принциптері
5. Сапа менеджменті жүйесі
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар2.docx

— 32.89 Кб (Скачать документ)

                                   Жоспар

 

1.Кіріспе

2. Әкімшілік менеджменттің мақсаты, міндеті оның құрылымы

3. Менеджменттің  негізгі  категориялары

4.Басқарудағы әдістемелік тәсілдері және заңдылығы  мен принциптері

5. Сапа менеджменті жүйесі

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

                                                                                  Кіріспе

Қазақстан  экономикасында  ақырғы  он  жылда  өткізілген  нарықтық  реформалар    өндіріс  пен  басқару  үдіріміне  қатысушылардың  арасындағы, мемлекеттік  органдар  мен  шаруашылық  субъектілердің  және  іскерлік  серіктестіктердің    арасындағы  өзара  қатынастың  мәні  мен  түрлерінде  елеулі  өзгерістерді  туғызды. Кәсіпкерлік  іс-қызметпен  айналысатын  субъектілердің  жұмысын  бағалау  өлшімімен  бірге, осы  субъектілердің  өздері  үшін  іс-қимылдарының  негізгі  болып  табылатын  мақсаттарын  да  өзгертті. Бұның  бәрі  өндіріс  үдерімін  және  жұмыскерлер  ұжымын  басқару  ісін  ұйымдастыруға    қатысты  көзқарастың  өзгеруіне  әкелді.  Басқарудың  және  жұмыскерлер құрамын  еңбектің  өнімділігіне  ынталандырудың  жаңа нысаны  мен  түрлері  пайда  болды.  Басқару  сферасымен  айналысқан  қызметкерлерге  енді  кәсіпорындардың  іс-жұмысының  нәтижесіне  ықпалын  тікелей  немесе  жанама  түрде  тигізетін  жаңа  сыртқа  және  сыртқы    факторлардың  пайда  болғанын   ескеріп  қана  қоймай, есепке  алып  отырулары  керек. Басқару  ғылымының  эволюциясы  мен  оның  әрі  қарай  дамуы  және  бұл  орайдағы  отандық  шетелдік  зерттеулердің    жетістіктері,  менеджменттің  оқу  пәні  ретінде  жеке  бөлініп  шығуы  табиғи  қажеттілік  екені  байқалады.  Бұл  орайда  айта  кететін  жағдай,  басым  түрде  орталықтанған    жоспарлауға  негізделген  басқарудың  отандық  тәжірибесін  стихиялы  қалыптасып  жатқан  нарық  жағдайында  толық  қолдану  мүмкін  емес, бірақ  кәсіпорындарды  басқарудың  теориясы  мен практикасының   жекелеген  қағидаларын  б.гінгі  жағдайда  пайдалануға  болады.  Бұнымен  бірге  шет  елдерде  қалыптасқан  менеджмент  жүйесі    ұйымдастырудың  мақсатына  жету  ептілікті  қажет етсе  де,  адамдардың  жүріс  тұрысының  ынта-ықыласын,  интелектілігін,  еңбегін  жұмылдыра  алатын  болса  да,  біздің  елдің  экономикасында  ойламай, бірден  оның  көшірмесін  пайдалануға  және  ұлттық   менталитетті    ескермей,  бұл  жүйені  тиімді  түрде  жүзеге  асыруға  болмайды.  Соныдқтан, менеджментті  басқарудың  тәжірибесі  ретінде  өмірдің  барлық  жағдайына    жарамды  дайын рецепт  немесе  шешімдер  жиынтығы  түрінде  қарастыруға  болмайды.

Менеджмент  іс-тәжірибенің  негізінде  қалыптасқан  постулаттар, принциптер  және  ережелер  арұылы  мақсаттар мен  міндеттерді  дұрыс  қою  мен  оларды  оңтайлы  шешуге  үйретеді. Бұл  орайда  шығармашылық  істің  ыңғайы  болмаса,  бүгінгі  таңдағы  менеджменттің    барлық  жаңалықтары  тосқан   нәтижені  оңай  бере  алмайды.  Шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  шарттары    өндірісті  ұйымдаструда  және  және  ұжымды  басқаруда    менеджердің  атқаратын  ролін  күшейте  түседі  және  оның  жеке  кәсіби  қабілетіне  қойылатын  талаптарды  қатаңдатады.  Басқарудың  тиімді  жүйесін  құру  үшін,  менеджер  кәсіпкерлік  білімнің   жиынтығын  толық  түрде   біле  отырып,  практикалық  іс-қызметте  оны  қолдануға  қажетті  тәжірибені   меңгеруі  керек,  бұныммен  бірге  ұжыммен  және   жеке  адамдармен  қалай  жұмыс  істей  алатындығын  да  білуі  қажет.

1. Әкімшілік менеджменттің мақсаты, міндеті оның құрылымы

Менеджмент  басқарудың    мақсатына  адамдардың    еңбек  белсенділігін  ынта-ықыласы    арқылы  көтеріп,  олардыңң  тиімді    жұмысының  негізінде   жетуді  ұйғарады.  Ғылымның  бұл  түрін  білу  барысында    басқарудың  мақсаттарын  қою  мен  дәлелдеу  үшін  нақты  білім  және    тәжірибелік  дағды  алуға  болады,  осы  мақсаттарға  жету    жолында  персоналдың   күш-қуатын  жинастыруға, ғылыми  дәлелденген  шешімдерді  қабылдауға, кадрлар  жұмысын  жүйелеуге, кәсіпорындарды  біртұтас  жүйе  түрінде  басқаруға  мүмкіндік  береді. Әртүрлі  ғылымдар  секілді  менеджменттің  де   теориясы  болады,  онда  осы  пәнге  тән  қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар  және  өзінің   ізденіс  жолы  қамтылады. Басқару  адамдардың  парасаттылық  нысаналы  іс-қызметінің  көмегімен    қоршаған  әлемді  бағындыру  және  тіртіпке  келтіру  жұмысынан  тұратындығы    бұрыннан  белгілі. Менеджмент – басқарудың  маңызды  құрамдас  бөлігі, оның  пәні  басқару  үрдісіндегі    әлеуметтік  қатынастардан  тұрады. Сөйтіп, менеджменттің  ғылым  ретінде  айналыфсатын  пәні  басқару  үрдісінідегі    адамдардың  арасындағы  қалыптасатын  қатынастар. Менеджментті  кәсіпкерлік  іс-қызметтің  түрі  деп   қарастыруға  да  болады. Осы  көзқарасқа  қарай  менеджментті  алдын-ала  белгіленген  экономикалық  нәтижеге  жеті  үшін  адамдардың  күш-қуатын нысаналы    түрде  шоғырландыруды    ұйғаратын  іс-қызметтің    бір  түрі  деп  түсінген  дұрыс. Әр салада  басқару    іс-қызметтің  жалпы  қағидаларымен  бірге  өзіне  тән  ерекшелігі  болады. Аграрлық  сфераны  алатын болсақ, онда  басқару  қатынастарының    ерекшелігі  ең  алдымен    оның  іс-жұмысының    көлеміне, сонымен  бірге  жұмыскерлердің    санына  қарай   әрбір  елдің  экономикасының  ірі  салаларының    бірі  болып  есептелетініне  байланысты. Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  іс-жұмысына  өздерінің  ықпалын  тигізетін    сыртқы  факторлардың  қатарына    жататындардың  бірін  көрсетпесек  те,  келесілерді  айтуға  болады: халықтың  төлем  қабілеті  бар  сұранысты, өндірістің, тауарды  сыртқа  шығарудың  және  оны  шеттен  әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының  демографияның  жиі  жағдайын. Сонымен  қатар, бұл  кәсіпорындардың  және  ұйымдардың  іс-қимылы  олардың  қолындағы  жердің, техниканың    малдың, материалдық  құралдардың  және  ақша  қаржысының  болуына  ғана  емес,  сонымен  бірге    оларда  ең  алдымен  жұмыс  істейтін    адамдардың  барлығына  байланысты.

Менеджмент  стратегиялық  және  тактикалық    мақсаттарға  оңтайлы  жетуде  әрбір  кәсіпорындардың  және  олардың  персоналдарын  нысаналы  және   келісімді  жұмысаен  қамтамасыз  ететін  басқару  іс-қызметіне  ерекше  түрінен  тұрады. Ал  басқару  үрдісі  белгілі  мақсатқа  жетуге  бағытталған  дәйекті  түрдегі  істің жиынтығының көрінісі. Мененджмент  макро  және  микроэкономиканың  негізгі  қағидаларына  негізделеді.  Бірақ, бұл  бірыңғай  экономикалық   пән  болып  табылмайды. Оның  ғылым  болып  құрылуына  айтарлықтай  ролдә  психология, педогогика, социология, кибернетика  және  математика  атқарады. Онымен  қатар, менеджменттің  өзі  маркетингті, коммерциялық  іс-қызметті  және  басқару  іс  жұмысын    жүргізумен  байланысты   басқа  қолданбьалы  пәндерді    зерттеуге  негіз  болып табылады.

2. Менеджменттің  негізгі  категориялары

Басқару  мен  менеджментте  бірдей  категориялар  пайдаланылады,  бұларға   жататын  ұғымдар  мынадай – «басқарудың  объектісі  мен  субъектісің, «олардың  арасындағы  тура  және  кері  байланысң, «басқару  жүйесің, «қоршаған  ортаң. Менеджмент  пен  басқарудың  негізгі  категорияларын    кәсіпорындар  мен  ұйымдар  деңгейінде  қарастырғанда,  олардың  іс-жұмысының  ерекшелігін  және  шаруашылық  субъектілердің    іс-қимылдарының  жалпы  міндеттерін  ескерген  жөн. Басқару  объектісі – бұл  бақарылатындардың  барлығы, яғни  сала, кәсіпорын, бөлімшелер  және  т.б.  Менеджментте  басқару  объектісі  ретінде  әр  уақытта  белгілі  бір  мақсатқа  жету  үшін  өздерінің  іс-қызметтерін  үйлестіретін    және  бағытталатын  адамдар  тобы  қарастырылады.  Басқару  субъектісі – бұл  басқарушылардың  барлығы,  яғни  саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің  басқару  аппараты.  Басқарудың  объектісі  мен  субъектісінің  арасында  тура  және  кері  байланыс  болады.  Тура  байланыс – бұл  басқару  объектісіне   субъектіден түсетін   әмір (команда). Кері  байланыс – бұл  басқару  субъектісіне  объектіден    әмірдің  орындалғаны  және  оның    жағдайы  туралы  түсетін  ақпарат. Басқару  объектісі  мен  субъектісінің  жиынтығы   тура  және  кері  байланыстармен   бірге  басқару  жүйесін  құрайды. Басқару  жүйесінде  басқару  объектісін  басқарылылатын  жүйелілік, ал  субъектісін – басқаратын  жүйелілік  деп  жиі  айтылады. Басқару  жүйесін  бірқатар  жалпы  шарттары    сипаттайды.  Ең  алдымен  басқарылатын  жүйеліліктің   басқарушы  жүйеліліктің    ықпалымен  өзінің  параметрін (немесе  қасиетін)  өзгертетін  қасиеті  болып табылады.  Бұл  орайда  басқарудың  тиімділігі    үшін  критерийлер  мен  көрсеткіштер  қажет,  олардың  ішінде  басқару  объектісінің    іс-қызметінің    маңызды  паремтрін   неғұрлым  толық  көрсететіндер 

 

Қоршаған орта

1-Басқарудың  негізгі  категорияларының  өзара  байланысы

Басқару  субъектісі  объектіге  берілген  мақсатқа  сәйкес  ықпалын  жүргізеді. Бұл  үшін  басқарылатын  жүйе  бөлігі  басқару  объектісіне  көрсетілген  ықпалынан  кейін  оның    жағдайы  қандай  екенін  анық  білуі  керек. Мақсатқа  анық  бет  бұру  үшін  басқару  субъектісіне  объектіге  ықпал  көрсетілгенше  және  көрсетілгеннен  кейінгі    жағдайлары  бойвынша  ақпарат    түсіп  отыруы  қажет,  басқаша  айтқанда  басқару  жүйесінде    тура  және  кері  байланыс  айқын  түрде  ұйымдастырылуы  керек.  Сонымен  ақырында,  басқарудың  қайсы  бір  экономикалық    жүйесі  болса  да, онда    белгілі  материалдық,  еңбек, қаржы  және  басқа  ресурстар    болуы керек. Әрбір  кәсіпорын  қоршаған  ортамен    өзара  әрекетте  болады.  Қоршаған  орта – бұл  осы  кәсіпорынды   қоршағанның  барлығы: жеткізушілер  мен сатып алушылар, бәсекелестік  ұйымдар, мәдениет, саяси  ахуал  және  т.б.   Қоршаған  орта  қай  ұйым  болса  да,  оған  кадрларды,  еңбек  қаруын, шикізатты, материалдарды  және  қуат  таситындарды  бере  отырып,  белсенді  әсерін  көрсетеді. Өз  кезегінде  кәсіпорын    қоршаған  ортаға  тауарлар   мен  қызметті  өңдіргенде   және  өткізгенде   өзінің  ықпалын  тигізеді.

3. Басқарудағы әдістемелік тәсілдеі және заңдылығы  мен принциптері

Әдістемелік  тәсіл  менеджментке  қатысты  басқарудың мақсатына  жетуге  бағытталған  іс-қызметті  танып  білудің  белгілі  жолын  және  әдістерін  пайдаланғанды  ұйғарады.  Менеджментте неғұрлым  көп  тараған  үрдістік  тәсіл, яғни    басқару  ұйымының   мақсатына  жетуге  бағытталған   және  басқару  функциясының  үзілмес  өзара  байланысқа  негізделген  іс-қызмет  ретінде  қарастырылады.  Әртүрлі  авторлар  басқару    функциясының  әртүрлі  санын  ұсынады.  Оңтайлы  жиыны  келесі  функциялардан  тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау. Тұрақтандырусыз  жағдай   орын  алғанда  және  сыртқы  ортада  қатал  өзгерістер  болғанда  басқаруды  ахуалды  тәсіл    іс  жүзінде  қолданылады.  Ахуалды  тәсілд  басқарудың   әртүрлі  әдістерін    таңдағанда  жағдайға  қарай  анықтағанды  ұйғарады. Ұйымды  немесе  қоршаған  ортаны  алсақ  та, оларда  көптеген  факторлар  болғандықтан,  ұйымды  басқарудың бірегей   өте  жақсы  әдісі  болмайды.  Нақты  жағдайда  басқару  әдісінің    нағыз  тиімдісі  орын  алып  отырған    ахуалға сәйкес  болса. Ахуалды  тәсіл  басқару  теориясына  үлкен  үлес  қосты, өйткені  онда  орын  алып  отырған    жағдайға  қарай  басқару  ісіне    орайлас  ғылыми    қағидаларды  пайдалану  туралы   нақты  ұсыныстар  бар. Ахуалды  тәсілдің  негізін   ұймның іс-қимылына  ықпалын  тигізетін  негізгі    ішкі  және  сыртқы  факторларды   анықтау  құрайды.  Жүйелік тәсіл    бысшылардың    ұйымды  өзара  тәуелді  адам  құрылым,  міндет  және  технология  сияқты  элементтердің  жиынтығынан    тұратындығы  және  олардың   сыртқы  ортаның  өзгермелі    жағдайында  әртүрлі    мақсатқа  жетуге  болатындығы    түрінде  қарастырғанды  ұйғарады. Жүйелі  тәсіл – бұл  басқару  объектісін  жүйе  реітнде  зерттеуге  негізделген    ғылыми  танып  білу  және   әлеуметтік  тәжірибе  әдістемелінің  бағыты.  Бұл  тәсіл  басқару  объектісінің  жағдлайына  және  серпіндігіне  ықпалын  тигізетін  барлық  негізгі  факторларды  ескере  отырып  жүргізетін  кешенді  зерттеуге  негізделген. Басқарудағы  жүйелі  тәсілдің  маңызды  бір  белгісі  жүйелі  талдау,  ол  күрделі  басқару  шешімді   дайындауда  және  дәлелдеуде  пайдаланылатын   әдістемелік құралдардың   жиынтығынан  тұратындығының  көрсетеді.  Жүйелі  талдау  декомпозиция  жүйесіне  негізделген,  яғни  оны  құрайтын  элементтерге  бөлуді,  олардың  әрқайсысын  және    өзара  байланысын  зерттеуді, осы  элементтердің  түгелдей    жүйенің  жай  жағдайына    және  іс-қимылына  көрсететін  ықпалын  анықтауды  қажет етеді.  Сөйтіп  жүйелң  талдаудың  көмегі  арқылы  күрделі  зерттеу  объектісі   оқып  білуге  қажетті    қол  жетерлік  қарапайым  элементтерден  құралған  жиынтықтан  тұратындығы  көрсетіледі.

Жүйелі  тәсілді  және  талдауды  пайдаланудың  сферасын  кеңейту  бағдарламалы – мақсатты  басқаруды  таратумен  байланысты, ал  оның  мәні  мақсатты  айқын  анықтаудан,  қойылған  мақсатқа  кеңтайлы   жетудің  бағдарламасыне  жасаудан,  оны  жүзеге  асыру  үшін   қажетті  ресурстарды  бөлуден  және  бағдарламаны  орывндау  жұмысына    басшылық  ететін  ұйымдарды   қалыптастырудан  тұрады. Бағдарламалы-мақсатты  басқару    түпкілікті  мақсатты  ашып, айқын  қоюдан  басталады.  Мақсат  әдеттігінше  ойдағы  тосатын  ахуалды  көрсетеді, бірақ  басқару  жүйесі  белгілі  бір   уақыт  кезеңінен  кейін алдын-ала  бекітіліп  берілген  ахуалдан  және  онымен  осы  тосатын  ахуалды  бірінен  бірі  алыстататын  бірқатар  проблемаларды  щещкеннен  кейін  оған  өтуі  керек. Сөйтіп, жалпыланған  үлгісі (моделі)  мақсатты  қою  стратегиясынан  жасала  бастайды. Ал оынң  біту  кезеңі  шешімнің  балама  варианттарын   қарастырумен  және  шешімнің  қорытынды  вариантын  таңдап  алумен  аяқталады. Осыдан  кейін  шешім  қабылданады, бағдарламаны  жасау  кезеңі  басталады. Бұл  кезеңде  стратегиялыққа  мақсатқа    жету  өз  алдына  мақсаттың  2  түріне  бөлінеді. Әрбір  кезеңнің  міндеті  және  оны  шешудің  басымдылықтары  бөлініп  көрсетіледі  және  оларды  ресурстармен (материалдық, еңбек, қаржы)  басқару  ісі  атқарылады. Бұл  орайда  әрбір  кезеңдегі   жұмыстың  орындалуы  негізгі  нәтижемен  көлеммен  және  уақытпен  айқын анықталады. Бағдарламаны  жасау  стратегиясында  өте  маңызды  болып  табылатын  басты  мақсат   бағытын  сақтай  отырып, аралықтағы  кезеңдердің    және  шешімдірдің  сабақтастығы  және  тұрақтылығын  өнімді    өткізудің  түпкілікті  нәтижесін  тигізетін  олардың  ықпалын ашып  көрсету  және  талдау арқылы  істі  қамтамасыз ету. Бағдарламаны  жүзеге  асырудың  барлық  кезеңдерін  байланыстыру  үшін «ағаш мақсаттары» (дерево  целей)  жасалуы  керек.  Бұл  термин  60  жылдары  менеджмент  бойвынша  жазылған    әдебиеттерде  пайдалана  басталды. «Ағаш  мақсаттары»  термині  2  ұғымнан  тұрады: «ағаш» - бұл  графтар  теориясында  айқын  жазылған  және  «мақсаттар» - оны  басқаруда  нақты  мағынасы  бар. Бұл  2  ұғымды  біріктіру    арнайы  түсінік  беруді  талап  етпейді  және  өзімен  өзінің  түсінгеніндей әдетінше  сезімділікпен  ұғынылады. «Ағаш»  деп  О (Х, И, У, 2)  графиктері  айтылады, онда  қандай  2  төбе  болмасын, олар  жалғыз  бұта  бұғауымен  байланысады. «Ағаш»  үлгісін  келесі  түрде  көрсетуге  болады

 

2  – «Ағаш  мақсаттары»

Көптеген  төбелерді  Х= (А,В,С,О,Е)  және  көптеген  дұғаларды  a=[(А,В), (А,С), (В,О), (В,Е)]  әдетте  ағаштың  реттің  көптеген  Х  қатынасы  деп атайды,  демек X

Информация о работе Әкімшілік менеджменттің мақсаты, міндеті оның құрылымы