Әкімшілік менеджменттің мақсаты, міндеті оның құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 07:20, реферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек

Содержание

1.Кіріспе
2. Әкімшілік менеджменттің мақсаты, міндеті оның құрылымы
3. Менеджменттің негізгі категориялары
4.Басқарудағы әдістемелік тәсілдері және заңдылығы мен принциптері
5. Сапа менеджменті жүйесі
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар2.docx

— 32.89 Кб (Скачать документ)

Көптеген  Х  ең  үлкен  ХО элементі  болады, «ағаштың»   тамыры  деп аталатын «Ағаш  мақсаттары»  ұғымында  «ағаш  тамыры»  бағдарламаның  басты  мақсатымен  бірдей  деп  қаралады,  бөліп  шығарған  бірінші  сатыдағы  төбе  бірінші  деңгейдегі    мақсатқа  сәйкес  болса, келесі  сатыдағы  төбе  екінші  сатыдағы  мақсатпен анықталады  және  с.с.  «Ағаш  мақсаттарының»  төменгі  салалрындағы  мақсатын  өте    жоғары  деңгейдің   мақсаттарына  жетудің   әдістері  мен  құралдары  деп   қарастыру  керек.

Бұдан  соң  «ағаш  мақсаттарының»  көмегімен  негізгі  мақсатпен  және  басқа  мақсаттар  өзара   үйлестіріліп, қатарлараы  белгіленгеннен  кейін, бағдарлама  әдетінше  барлық   орындаушыларға  міндеттелетін    директивтік  құжаттың    фомасын  алады. Қабылданған  бағдарлама  орындалуға  беріледі. Бірақ  оны  жүзеге  асыру  үрдісінде  басқаруда  және  қоршаған  ортада  өзгерістер  тууы  мүмкін, бағдарламаны  қабылдаған  уақытта  бұлар  мүмкін  болмаған (немесе  есепке  алынбаған). Бақылаудың  нәтижесі  бойынша  талдау  жасалынады, оны  жасаған  уақытта   алынған  нәтижелер  бағдарламаның  негізгі  мақсатымен (мақсаттарымен)  салыстырылады, ауытқушылық  болған  жағдайда  оның  себебі    анықталады. Біздің  елде  барлық  деңгейдегі  бағдарламалы-мақсатты  басқару  бойынша    мәнді  тәжірибе  жинақталған. Бірақ, бағдарламаның  кейбіреуі  толық  күйде  және  өз  уақытында жүзеге  аспаған. Бағдарлама  тапсырмасының  орындалмау  себептерінің  ішінде  бақылаудың  ойдағыдай  ұйымдастырылмағанын,  жауапкершіліктің  төмен  дәрежеде  болуын  және  бағдарламаны  жүзеге  асыруға   қатысатындарды  тиісті  ынталандырудың    болмауын атап  көрсетуге болады. Жүйелі  тәсіл  мен  бағдарламалы-мақсатты  басқару   менеджмент  әдістемелігінің    іргелі  қағидасы  ретінде  басқарудың  заңдылығымен,  принциптерімен, функцияларымен  және  әдісімен  тығыз  өзара  байланыста  болады.Басқаратын  және  басқарарылатын  жүйелердің  басқарудың  объектісі  мен  субъектісінің  салыстырмалық  заңдылығы    басқару  сферасының  басқару  объектісінің  талабына  сәйкес  екенін  көрсетеді.  Солай, 70  жылдары  Қытайда  байқалған  эконгомиканың  дамуындағы  сапалы  өзгерістер  барлық  атарбасының  белгілі  бір  өзгеріске  ұшырауын талап етті, бұл  1975  жылы  жүзеге  аса  бастаған  кешенді  реформада  өзінің  көрінісін  тапты. Осының  нәтижесінде  Қытайдың  экономикасы  мен   оны  басқару  ғылыми-техникалық   прогресстің  талабына  зерек  болды,  тұрақты  дамудың  тенденциясын  алды,  реттелетін  нарықтық  қатынастарға    өту  дағдарыссыз  және  сілкініссіз  жүрді. Егер  жалпы  заңдылық  басқаруға  тұтас  түрде  тән  болса,  ал  жеке  заңдылық  басқарудың  бөлек  жақтарын    және  жүйесін    сипаттайды. Жеке  заңдылыққа   басқару  функцияларывның    өзгеру  заңдылығын, басқару  сатыларының   санын  оңтайлау  заңдылығын  басқару  функцияларын   шоғырландыру    заңдылығын  және  бақылаудың  өрістелу  заңдылығын  жатқызуға  болады. Басқару  функциялардың    өзгеру  заңдылығы    басқарудың    әртүрлі  иерархиялық  сталыраныда  белгілі  бір    функциялардың  артқанын      және  келесі  кейбіреулерінің    азайғанын  көрсетеді.  Басқару  сатыларының  санын  оңтайлау  заңдылығы    басқарудың  артық  буындарын    қысқартуды  ұйғарды.  Бұл  оның  дереулігін  және  икемділігін көтереді. Басқару  функцияларын  шоғырландыру  заңдылығы    басқарудың  әрбір сатысы    фһункцияның    көбірек  шоғырланғанына  ұмтылады.  Яғни, басқару  персоналдың   сандарының  өсуіне  және   өсіруіне  бұл  заңдылықты    барлық  елдерде  байқалатын  бюрократтық  аппарат  санының  өсуі  туралы  деректер  көрнекі  суреттейді. Бақылаудың  өрістелу  заңдылығы    бағынғандардың  саны    мен  және  олардың    мүмкіншілігінше    тиімді  басқару  іс-қызметін,  іс-әрекетін  басшы  жағынан    бақылау  арасындағы  тәуелділікті    көрсетеді. Бұл  басшының қол  астында  7-10  бағынған  адамдар  болса  да  оңтайлы  деп есептелінеді. Басқарудың  жалпы  және  жеке  заңдылықтары    объективті  сипатта  болады және   адамдардың  басқару  іс-қызметтерін    үрдісінде  жүзеге  асады. Басқарудың  принциптері – басқаруды  ұйымдастыруға  және    оның  құрылымына, жүйесіне  қойылатын  негізгі  талаптары  анықтайтын  басшылықтың  ережесі.  Басқарудың  заңдылығы  сияқты  оның  принциптері  де  жеке  және  жалпы  болып екіге  бөлінеді. Басқарудың  жалпы  принциптері  әмбебап сипатта  болатындығымен  және  басқарудың  барлық  сферасы  мен  халық  шаруашылығының   барлық салаларына  ықпалын  тигізетіндігімен сипатталады. Басқарудың  жалпы  принциптеріне   мақсаттылық, жоспарлылық,  құзыреттілік,  тәртіптілік, ынталандыру, иерархия№ Мақсаттылық  принципі  басқарудың  бағдарламалы-мақсаттық  мәнімен анықталады  және  әрбір  кәсіпорын мен  оның  бөлімшелерінің    алдына  айқын мақсатты    қойғандығын  ұйғарады.  Бұл  орайда  мақсат  нақты,  жетуге  болатын  және  деректі  анықталған  шекті  болуы  керек, сонда  ғана  бұл  оның  орындауға   персоналдың  күшін  жұмылдырады  және  оның  жұмысына  дұрыс  мағына  береді. Мақсаттылық  принцип  мақсаттарды  қоюды ғана  емес, онымен  қатар  олардың  қажетті  ресурстармен  аралық  қатынасына    қатысты  болғанын  ұйғарады.  Бұл  орайда, мақсаттардың  оларға  жетуге    қажетті  басты   ресурстармен  байланысын    қамтамасыз ету  ғана  емес,  осы  мақсаттарға  жетуге  кедергі  жасайтын  ең  әлсіз  буынға  назарды  аударған  жөн. Басқарудың  жоспарлау  принципі  де  бағдарламалы-мақсатты  басқарумен  байланысты   және  іс-қимылдың  бағдарламасын   жасауды,  оны  жүзеге  асыруды  алдын-ала  қарастырады. Құзыреттілік  принцип  пен  жердің  басқару  объектісі   бойынша  білімнің   болуынан немесе  ең  жоқ  дегенде  шешім    қабылдаған  уақытта    маманның  құзыретті    консультациясын   дұрыс  ұғыну  қабылетінен  көрінеді.  Құзыреттілік  принцип   басқарудың  функциялары   бойынша еңбектің    жатық  бөлінісімен  байланысты. Басқарудың  ажырамайтын принципі  тәртіптілік, бұл  басқарудың  қандай  жүйесі  қай  сатыда    болса  да  сақталуы  керек. Тәртіптілік    басшының нұсқауын, лауазымды  қызметтің   міндеттерін, инструкцияларды, бұйрықтарды және  басқа директивтік құжаттарды  сөзсіз  орындағанды ұйғарады. Ынталандыру  принципі  ең  алдымен материалдық  және  моралдық  стимулдарды    пайдаланудың  негізінде  еңбекті  іс-жұмысқа  сылтауратуды  ұйғарады. Материалдық  ынталандыру   жұммыскерлердің  еңбек  нәтижесіне  қарасты  жеке  экономикалық  мүдделігіне  негізделсе,  ол  моралдық  негізінен    жұмыскерлерге  психологиялық  әсер  көрсетуден тұрады. Иерархия  принципі  басқару  еңбектің  тік  бөлінісін  көрсетеді, яғни  басқарудың  сатыларын  бөлінуін  және    басқарудың  төменгі  сатылардың    жоғарыдағыларға  бағынғандығын  көрсетеді.

4. Сапа менеджменті жүйесі

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін менеджмент жүйелерінің  даму концепциясы

Қазақстанда рыноктық экономиканың дамуы өндіріс дамуының жаңа басым  бағыттарын анықтап берді: Қазақстанда  өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өндірістен өңдеуші  өндіріске өту; тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру; тұтынатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.Осыған байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешудің жаңа ыңғайларын пайдалану қажеттілігі келіп туындады. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстандық өнімнің шетелге экспортын арттыру өнім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу, менеджменттің қазіргі заманғы жүйелерін енгізу арқылы мүмкін болды.Индустриалды дамыған елдерде өндірістегі интенсивті бәсекелестік және технологиялық күрделену әлдеқашан менеджменттің қазіргі заманғы жүйелерін енгізу мен қолдауды аса қажет еткен.Сапа менеджменті жүйелерінің даму концепциясын әзірлеудің бастапқы алғышарттары мынадай:

• Қазақстандық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі;

• Қазақстандық экономиканың әлемдік экономикаға ұласу шарттарын  құру;

• Жиынтық рынок жағдайында мемлекеттік органдардың, өндірушілердің, қоғамдық ұйымдардың және тұтынушылардың мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

Отандық өнімдер мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі  саласындағы міндеттерді шешуге ықпал жасау үшін өкімет органдарының, мекемелердің және ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық, сондай-ақ, азаматтардың күш-жігерін  біріктіру, халықаралық стандарттар  талаптарына сәйкес келетін Менеджмент жүйелерін құру мен қолдануға  байланысты әрекетті күшейту, 2015 жылға  дейінгі кезеңде бұл әрекетті үнемі жетілдіру.

1) Қазақстан Республикасында  менеджменттің қазіргі заманғы  жүйелерін, оның ішінде интеграцияланған  жүйелерді, енгізудің бүкіләлемдік  тәжірибесін пайдаланатын мекемелер  мен ұйымдар санын ұлғайту.

2) мекемелерге менеджменттің  қазіргі заманғы жүйелерін әзірлеу  мен енгізуге көмек көрсету.

3) Менеджмент жүйелері  бойынша аудиторлар сарапшыларын  дайындау мен аттестациялау жүйесін  жетілдіру.

4) Отандық өнім сапасы  мен бәсекеге қабілеттілігі саласында  қол жеткен табыстарды мадақтау  механизмдерін дамыту және жетілдіру.

Қазіргі заманғы менеджмент проблемалары дегенде жаңа ұрпақ  менеджменті жүйелері стандарттары үлкен роль атқарады.

Қазіргі кезде кез-келген көлемдегі, әрекет түріндегі және меншік нысанындағы ұйымдарда менеджменттің  қазіргі заманғы жүйелерін әзірлеу  мен енгізуге байланысты халықаралық  стандарттардың бүтін бір қатары өмір сүруде – МС ISO 9001:2000 "Сапа менеджменті  жүйелері. Талаптары", МС ISO 14001:2004 "Қоршаған ортаны басқару жүйелері. Қойылатын  талаптар мен қолдануға байланысты басшылық", OHSAS 18001:2007 "Кәсіби қауіпсіздік  пен еңбекті қорғау саласындағы  менеджмент жүйелері", МС ISO 22000:2005 "Тамақ  өнімдері қауіпсіздігі менеджменті  жүйелері. Азық-түлік тізбегіндегі кез келген ұйымдарға қойылатын  талаптар. «, МС SА 8000:2001 »Әлеуметтік  жауапкершілік", МС ISO 17025:1999 "Сынау  және калибрлеу лабораторияларының біліктілігіне қойылатын жалпы  талаптар", МС ISO/ТS 16949:2002 "Сапа менеджменті  жүйелері. Автомобиль өнеркәсібі мен  соған сәйкес құралдар өндіретін  ұйымдарда ISO 9001:2000 пайдалануға байланысты қойылатын ерекше талаптар", МС ISO/TS 29001:2003 "Сапа менеджменті жүйелері. Өнеркәсіптің мұнай, мұнайхимия және газ салалары".Сапа менеджменті жүйелерін сертификациялау туралы ISO орталық хатшылығы есебі (2006 жылдың соңы жағдайында) көрсеткендей, МС ISO 9001-ге сәйкес келу СМЖ сертификациясы бүкіл әлемде бұрынғысынша қажет және сертификацияланған компаниялар саны ұдайы өсуде.«Қазақ Суарнажоба» АҚ 2011 жылдың басында қабылдаған сапа саласындағы мақсаттарыСапа саласындағы саясатқа және стратегиялық дамудың негізгі бағыттарына сәйкес Институт басшылығы және қызметкерлер алдарына мынадай мақсаттар мен міндеттер қояды.

• Тақырыптық, кәсіби және басқару  курстарында оқыту арқылы қызметкерлердің  біліктілігін, ғылыми және практикалық  білімдерін көтеру. 2011 жыл бойы 12-ден  кем емес маман оқыту.

• 2011 жылғы үшінші тоқсанда локалдық компъютерлік тізбек құру.

• Қоғамның қызметкерлерін материалдық ынталандыру жүйесін  әзірлеу, оның ішінде медициналық қызмет көрсету, тамақ, қызметтік автомашинамен  қамтамасыз ету, 2011 жылдың аяғына дейінгі  әлеуметтік бонустарды қоса алғанда.

• 2011 жылдың аяғына дейін  Институт қызметкерлерінің кабинеттерін орналастыруды оңтайландыру, жаңадан  қайта жоспарлау және кондиционермен жабдықтауды қоса алғанда.

• 2011 жылдың соңына дейін  мемлекеттік сатып алу жоспарының бекітілген құжатына сәйкес компъютерлік жабдықтар мен лицензиялы бағдарламалар  сатып алу.

«ҚАЗАҚ СУАРНАЖОБА» АҚ САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ"

Қазақ Суарнажоба" АҚ Институтының негізгі қызметі – тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық саласындағы жоба алдындағы  жұмыстарды және жобалау-іздестіру  жұмыстарын орындау барысында мемлекеттік  техникалық саясат әзірлеу және жүргізу, өндірістік және азаматтық объектілердің, сумен жабдықтау мен кәріздеу жүйесін қоса алғандағы, инфрақұрылысын жобалау. Сапа саласындағы мақсаттарға  жету МС ИСО 9000:2008 қағидаларына негізделген  және төмендегідей қызметтермен қамтамасыз етіледі:

● қызметкерлердің күнделікті қызметі жоба-іздестіру жұмыстарын жүргізу қызметін тұтынушылармен жұмысты  үнемі жетілдіру және жақсартуға бағытталған; ● Институтта барлық процестерді  басқару шынайы жедел ақпаратқа, тапсырыс берушілердің талаптарын талдауға және қосымша қызмет берушілермен үнемі  байланысқа және жұмыстың барлық түрлерін материалдық қамтамасыз етуге негізделген  жүйелі және процесті сипатта;

● қызметкердің біліктілік дәрежесін үнемі көтеріп отыру  үшін институттың қызметкерлеріне  техникалық және академиялық білім  беру және сапалы менеджмент жүйесі саласында  олардың білімін жетілдіру жүргізіліп тұрады;

● өндірілген жұмыс пен  көрсетілген қызмет сапасы бойынша  талаптарды орындау үшін жоғарғы  басшылардан бастап жұмыс орындаушыларға дейін – барлық деңгей мамандарының жауапкершілігі бекітілген;

● институттың динамикалық  өсуіне жету және максималды табысқа  қол жеткізу отандық және шетелдік компаниялармен және халықаралық ұйымдармен өзара белсенді әрекеттестік пен  ынтымақтастық жолымен қамтамасыз етіледі.

● Институттың барлық қызметкерлері  өз жұмыстарын ИСО 9000 сериялы халықаралық  стандарттар талаптарына сәйкес жеке адамға, ұжымға, сенімге, өзара  ашық қарым-қатынасқа негізделген  корпоративтік этиканың бірыңғай ережелерімен өмір сүретін мызғымас бір команда  болып орындайды.

● Институттың жоғары басшылығы  осы саясатты жүргізуде, мақсаттар  бірлігін қамтамасыз ету бойынша  міндеттерді, басқару дәстүрлерінің  сабақтастығын жүргізуде жетекші  рөл атқарады, Институт саясатында және МС ИСО 9001 талаптарында айқындалған  принциптерді сақтау мен орындау  жауапкершілігін өзіне алады.

                              

                                5. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Т.И. Есполов, Ж.Ж. Сулейменов. Менеджмент – Алматы, 2003 
2. Веснин  В.Р. основы  менеджмента – М: Триада  ЛТД, 1996


Информация о работе Әкімшілік менеджменттің мақсаты, міндеті оның құрылымы