Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

Жоба сондай-ақ пайдаланушылар ретінде мұғалім-тіл мамандарын және жүйе басшылары ретінде информатика бойынша мұғалімдерді бір мезгілде оқытуды алдын ала ескерді. Тренингтік курстар ҰАО-ның мен ST Electronics (Training & Simulation Systеms) қызметкерлерімен республиканың барлық облыстарында жүргізілген болатын (екі жарым мыңға жуық мұғалімдер оқытылды).

Іс жүзінде жұмыстардың барлық түрі жергілікті бірлестіктер пайдаланылып жүргізілді де республикада желілік технологиялардың белсенді дамуына ұмтылу қызметін атқарды. 2007-2008 жж. мультимедиалық лингафондық бөлмелерді жеткізу процесіне енді отандық бірлестікктер де кірісті.

Intel бағдарламасы бойынша Астана мен Қарағанды қалаларының бірнеше мектебіне планшеттік ноутбуктер, сымсыз желі үшін жабдық, «е-learning class for Classmate» бағдарламалық жасақтамасы қойылды.

Осындай жүйелі мемлекеттік және демеушілік қолдаудың нәтижесінде мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз етуде оқушылар мен компьютерлер санының қатынасы 16:1-ді құрайды.

Республиканың 98% мектебі Интернет желісіне қосылған. Алайда Интернетке кеңжолақты қатынас құру тек 37% мектепте ғана бар.

Қазақстанда жалпы орта білім беруді ақпараттандырудың контенттік жасақтамасын дайындау ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 022 «Білім беру жүйесін ақпараттандыру» (2000-2006 жж.), 008 «Білім беру жүйесі үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау мен сынақтан өткізу, білім беру саласында қызметтер көрсететін республикалық ұйымдар мен шетелдегі қазақ диаспоралары үшін оқу әдебиеттерін басып шығару мен жеткізіп беру» (2007-2009 жж.) бағдарламаларының ауқымында орындалады, сәйкес түрде оқыту жүйесі 12-жылдық жалпы білімдік мектептің 1-3 сыныптары үшін электрондық оқулықтар дайындалынды; 008 «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» (2010-2011 жж.)

 Бұдан басқа білімдік қолданбалы бағдарламалық өнімдерді бастамалық негізде әр түрлі бірлестіктер, фирмалар мен білім беру ұйымдары дайындайды.

Жоғары білім беру саласында жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарына қатысты ҚР Үкіметі 2007 жылы 2 маусымда № 452 қаулысында бекіткен білімдік іс-әрекетті лицезиялау кезінде қойылатын жүйелеу талаптарына сәйкес электрондық және магниттік тасуыштардағы оқулық әдебиеттермен жасақтаушылық институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін 10 пайыздан аз емес мамандық оқу жоспары пәндерін, академиялар, консерваториялар үшін 15 пайыздан аз емес оқу жоспары пәндерін, университеттер үшін 20 пайыздан аз емес мамандық оқу жоспары пәндерін құрауы тиіс. 

 

 

 

 

ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning)

 

Қазақстанда алғаш рет электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізу міндеті анықталған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын [1]. Білім және Ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың бағалауы бойынша – бұл білім берудің барлық деңгейін қамтитын қағида түріндегі жаңа ортақ жүйелі көзқарас [32].

Жүйені құрудың мақсаты – жаппай сапалы білімге бағытталған озық білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету.

Жасы мен әлеуметтік жағдайына тәуелсіз түрде барлық халыққа техникалық пен кәсіптік оқыту, жоғары білім беру жүйелерінің әр түрлі формалары мен жеке меншіктік білімдік қызметтерді жеткізушілер (оның ішінде арақашықтықтан оқыту) арқылы базалық машықтарды жетілдіру мен ие болу мүмкіндіктері ұсынылатын болады. Оқу мекемелерімен, сондай-ақ  әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, өндірістен қол үзбестен оқыту қарастырылатын болады. Адам оқытудың түрін, ырғағы мен мерзімін, білім алу процесін дербестендіруді өзі таңдай алады.

Сертификаттар беретін тәуелсіз агентіктерде білім алушылардың алған мамандығының деңгейін бағалаудан өткізу арқылы, білімдік қызметтерді мемлекеттік пен жеке меншіктік жеткізушілердің оқыту нәтижелерін мойындау бойынша тиімді шаралар дайындалатын болады.

Ғүмыр бойы оқыту оқытудың қалыпты және қалыпты емес формаларын қамти отырып, мектепке дейінгі жастан бастайтын және зейнеткерлік жаспен аяқтайтын (6-65 жас) оқытуды қамтиды.   

Жоғары кәсіптік білім беру саласында еңбек нарығының мұқтаждығын, елдің индустриалдық инновациялық даму міндеттерін және тұлғалық мұқтаждықты қанағаттандыратын сапа деңгейіне қол жеткізу, жоғары білім беру мазмұны мен құрылымын Болондық процестің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы еуропалық аймаққа кіріктіруді қамтамасыз ету мақсаты қойылады. ЖОО-ның кеңжолақты Ғаламторға қатынас құруы 100%, университеттік порталдардың құрылуы (жоо-ның 2015 жылға 50%, 2020 жылға 100%) қамтамасыз етілетін болады. Республикалық жоо-ның аралық электрондық кітапханасына жоо-ың қосылуы жоо-ның техникалық дайындығының шамасына қарай (2015ж. - 80%, 2020ж. - 100%) жүзеге асырылатын болады.

2015 жылға электрондық оқытуға  білім беру ұйымдарын 50% қамту, ал 2020 жылға бұл көрсеткішті 90% жеткізу жоспарланады. 

Қойылған мақсаттың жетістігі оқыту сапасын, білім беруді басқару тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуді арттырады және:

        • білім беруді басқару жүйесін автоматтандыру үшін;
  • білімдік процесті технологияландыру үшін;
  • Отандық цифрлық білімдік ресурстарды (ЦБР-ды) дайындау үшін

жағдайлар жасайды.

Білім беру жүйесіне электрондық оқытуды енгізу нормативтік құқықтық, инфрақұрылымдық, бағдарламадық-контенттік және кадрлық-әдістемелік негіздерді қамтамасыз ететін тұтас өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді ұйғарады.

 

Электрондық оқытудың нормативтік-құқықтық жасақтамасы бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді; жаңа нормативтік-құқықтық құжаттар дайындауды талап етеді. 2012 жылға электрондық оқыту жүйесінде жұмыс істеу үшін жоғарғы, техникалық пен кәсіптік білім берудің МБС-на – педагог кадрларды дайындау бөлігіне, орта білім берудің МБС-на – электрондық оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігіне толықтырулар енгізілетін болады.

Білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы ережелер білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың мақсатына, мазмұнына құралдарына, формалары мен әдістеріне қойылатын нормалар мен талаптардың жүйесін, ақпараттық-қатынастық технологиялар саласында оқушылар мен педагогтарды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығын тағайындайды, білім беру ұйымдарында ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану көлеміне қойылатын талаптарды анықтайды.

Мәселен, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарында электрондық оқытуды іске асыруға қойылатын жалпы талаптар электрондық оқыту құралдарын пайдалану оқу жүктемесінің 20%-ға дейінгі көлемі болып саналады.

Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану дамитын пәндік ортаны байытушы және түрлендіруші фактор болып саналады. Физиологиялық-гигиеналық, эргономиялық және психологиялық-педагогикалық шектейтін және рұқсат ететін нормалар мен ұсыныстарды сөзсіз сақтау кезінде компьютер мен интерактивтік жабдықты  мектеп жасына дейінгі ересек балалармен жұмыс істеуге пайдалануға болады.

Балалар ерте жастан компьютер алдында ұзақ отырмауы тиіс, әрекет ететін СНИП-пен сәйкес түрде уақыт бойынша ақылға сыйымды түрде компьютермен айналысуға шектеу жасау керек. 

Жалпы орта білім беру ұйымдарында электрондық оқытудың құралдарын пайдалануды оқу жүктемесінің 30%-на дейінгі көлемінде ұсынады. Электрондық оқыту білімдік процесс субъектілерінің бір бірімен және оқу-танымдық іс-әрекеттердің алуан түрлері мен лездік кері байланыс есебінен ақпараттық білімдік ортамен оқушылардың интерактивтік өзараәрекеттестігі ретінде жүзеге асырылады. Электрондық оқыту жағдайында оқушы цифрлық білімдік ресурстар мен қолданбалы бағдарламалық өнімдердің көмегімен қажетті білімдерді, біліктер мен машықтарды ала отырып, оқыту мазмұнының үлкен бөлігін белсенді түрде және өз беттерімен игереді. Мұғалім, енді білімдердің негізгі және жалғыз ғана көзі болып саналмастан, кірістік оқу ақпаратын жай тарататын емес, оқушының оқу материалымен жұмыс істеуін, оқу мақсаттарында оқушылардың бір-бірімен  өзара әрекеттестінін ұйымдастыратын тьютерге айналады, оларға кеңес береді және қажетті жағдайда қолдау көрсетеді, ақпараттық-білімдік орта жағдайында оқушылар жетістігінің теңбе-тең бағалануы, мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру және ата-аналар тарапынан бақылау мүмкіндіктерін кеңейту қамтамасыз етіледі.

Техникалық пен кәсіптік білім беру ұйымдарында электрондық оқыту құралдарын пайдалану оқу жүктемесінің 30%-ға дейінгі көлемінде ұсынылады. Дайындықтың (мамандықтардың) белгілі бір бағыттары үшін оқыту мазмұны техникалық пен кәсіптік білім берудің білімдік бағдарламаларына сәйкес анықталады. Электрондық оқыту оқытушылардың оқитындармен міндетті сабақтарының көлемімен, оқу процесін ұйымдастыруымен, оқыту технологияларымен ерекшеленетін әр түрлі формаларда жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша және оқитындардың келісімімен білімдік бағдарламалар оқытудың осы формаларымен үйлестіріліп меңгерілетін болады. Белгілі бір форма бойынша оқыту кезінде және оқытудың әр түрлі технологияларын үйлестіру жағдайында біртұтас білімдік стандарт әрекет етеді.

Электрондық оқыту жағдайында оқыту процесінің негізі типтік оқу жоспары немесе мемлекеттік білімдік стандарттың талаптарына сәйкес құрастырылған және кәсіптік мектептердің, колледжілердің директоры бекіткен дайындық (мамандық) бағыттардың жұмыстық оқу жоспары болып саналады.

Электрондық оқыту барысында оқу іс-әрекетінің келесі түрлері пайдаланылады: бейнедәріс, кеңес беру, онлайн семинар сабақтары, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс, бақылау жұмысы, өзіндік жұмыс, практика, курстық жобалау (курстық жұмыс), мамандық жұмысты (дипломдық жұмысты) орындау. Оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты оқу іс-әрекетінің басқа түрлерін тағайындау мүмкіндігі бар.

Электрондық оқыту жағдайында оқу іс-әрекетінің барлық түрі:

-   дәрісханадағы оқитындармен оқытушының педагогикалық қарым-қатынасы немесе байланыстың электрондық құралдары;

-   дәрісханадағы оқитындармен тьютердің педагогикалық қарым-қатынасы немесе байланыстың электрондық құралдары;

-   электрондық оқу материалдарымен оқитындардың өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі электрондық оқытудың басты мақсаты – білімдердің іргелі негіздеріне қол жетерлікті, кәсіптік өсу үшін мүмкіндікті арттыру және ғылым, экономика мен технологиялар саласында әлемдік жетістіктерге бағдарланған әлемнің барлық мамандарымен қатынас жасауға дайын маманның бәсекелестік қабілетін арттыру, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде студенттер мен оқытушылардың ақпарқатынастық мәдениетін қалыптастыру.

Оқытудың күндізгі формасы кезінде оқытудың электрондық құралдарын пайдалану оқу жүктемесінің 30%-ға дейінгі көлемінде ұсынылады. Электрондық оқыту оқытушылардың оқитындармен міндетті сабақтарының көлемімен, оқу процесін ұйымдастыруымен, оқыту технологияларымен ерекшеленетін әр түрлі формаларда жүзеге асырыла алады. Жоо-ының ғылыми кеңесінің шешімі бойынша және оқитындардың келісімімен білімдік бағдарламалар оқытудың осы формаларымен үйлестіріліп меңгерілетін болады. Белгілі бір форма бойынша оқыту кезінде және оқытудың әр түрлі технологияларын үйлестіру жағдайында біртұтас білімдік стандарт әрекет етеді.

 

Технологиялық инфрақұрылымды дамыту білім беру ұйымдарын өткізгіштік қабілеті 4-тен 10 Мбит/сек-қа дейінгі Ғаламтор желісіне қосуды ұйғарады. Ғаламтор желісіне 90%-дан артықтау білім беру ұйымдары, бірінші кезекте, ресурстық орталықтардың пилоттық бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер қосылатын болады.

Ғаламторға қатынас құру әр түрлі: аналогтық, ерекшеленген, өткізгішсіз, серіктік, ұшқыр және т.б. байланыс арналары базасында жүзеге асырыла алады. Ғаламторлану болашағы жергілікті білімдік желілердегі және білім беру ұйымдарының аймағындағы Ғаламтордағы Wi-Max мен Wi-Fi өткізгішсіз қатынас құру аймағын құруға кейіннен оларды біріктіріп және ұшқыр ұялы байланыс арқылы Ғаламтор-ресурстарына қатынас құрудың Wap-технологияларын енгізуге бағдарланған бола алады. Білім беру ұйымдарының телеқатынастық арналарының өткізгіштік қабілеті оқу процесінің оқу жоспары мен күнтізбелік графигінде қарастырылған оқу іс-әрекеті мен педагогикалық қарым-қатынастың барлық түрі бойынша электрондық оқытуды іске асыру үшін жеткілікті болуы тиіс.

Электрондық оқыту жүйесі тегі алуан түрлі ресурстардың үлкен мөлшеріне қорғалған, мөлшерленген және сенімді қатынас құруды ұсынуы тиіс.

Кеңжолақты Ғаламторға қосылу, электрондық білім беру жүйесі үшін жабдықпен қамтамасыз ету және қызметтерді жеткізушілерді таңдау мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының жұмыс істейтін заңдарына сәйкес жүргізілетін болады.

Мектептерде мультимедиалық проекторлары, экрандары, интерактивтік тақталары бар мұғалімнің компьютерленген орнын құру жоспарланады. Сыныптарда мұғалімдердің орындарынан басқа, компьютерлермен кітапханалар, дәрігер қызметкерлердің бөлмелері, мұғалімдер бөлмелері жабдықталатын болады. Мектеп бөлмелерінде жаңа компьютерлік сыныптар, оның ішінде наутбуктары немесе планшеттік компьютерлері бар жылжымалы жинақы сыныптар қойылады. Әрбір мектепте басшы немесе Қазтелекомның дата-орталықтарының мамандары қызмет көрсететін сервер қою жоспарланады.

Жүйеге бірыңғай кіру ҚР БжҒМ-нің Қазақстандық білімдік порталы арқылы қамтамасыз етіледі. Кірігу веб-қызмет көрсетулер, xml-стандарттар және т.б. арқылы Жүйенің ішкі жүйесі мен ҚР БжҒМ-нің Қазақстандық білімдік порталы деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс.

e-learning жүйесінің тұғырнамасы географиялық түрде үлестірілген көпдеңгейлі архитектурадағы жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.

Жүйе модульдік қағида бойынша құрастырылуы тиіс. Әрбір модуль пайдаланушыға автоматтандырудың жеке объектілерінің міндетіне сәйкес Жүйе қызметін ұсынуы тиіс. 

Жүйе білімдік жүйеге қатысты:

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас