Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

Оқыту деп ақпарат беру бойынша мұғалімнің іс-әрекеті; оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру; оқу процесінде қиналған кезде көмек көрсету; оқушылардың қызығушылығын, өзінділігін және шығармашылығын ынталандыру; оқушылардың оқу жетістігін бағалау түсініледі. Оқытудың мақсаты ақпарат беру процесінде әрбір оқушының тиімді оқуын ұйымдастыру, оны меңгеруді бақылау мен бағалау, сондай-ақ оқушылармен және ұйыммен өзараәрекеттестік және бірлескен, әрі өзіндік іс-әрекет болып саналады.

Оқу – бұл оқушының білімдер мен машықтарды меңгеруін, бекіту мен қолдануын, іздестіруге өзіндік ынталануды, оқу міндеттерін шешуді, оқу нәтижелерін өзіндік бағалауын; қоршаған болмыстың мәдени құндылықтары мен адамзаттық тәжірибенің, процестер мен құбылыстардың тұлғалық мағынасы мен әлеуметтік маңыздылығын ұғынуды білдіретін іс-әрекет; Оқудың мақсаты қоршаған әлем туралы ақпаратты тану, жинау мен өңдеу болып саналады. Оқудың нәтижелері оқушылардың білімдерінде, біліктерінде, машықтарында, қарым-қатынас жүйесі мен жалпы дамуында білінеді [75].

В.К. Дьяченко оқытудың мазмұны процесс ретінде білім алушы сол немесе басқа дәрежеде меңгеретін және білім алу толық емес немесе ішінара меңгерілетін: бала әріптерді жазу техникасын, санауды, көбейту кестесін және т.б. меңгеретін қандай да бір іс-әрекет болып саналатынын айрықша атап көрсетеді [30]. Бұл іс-әрекет өзімен-өзі бойынша – еңбектің қандайда бір нақты түрі. Орыс тілі, математика бойынша дидактикалық материалдарды құрастыратын әдіскердің жұмысы оқыту болып саналмайды. Бірақ бұл, егерде мұғалім-әдіскер мұғалімдік үстелде болса және балаға әріптерді жазу техникасына, санауға, көбейту кестесіне және б. үйрететін болса, онда еңбек оқытудың мақсаты мен мазмұны бола алады. Сонда мұғалім-әдіскер айналысқан сол практикалық іске тікелей тағы бір қамқорлық – баланы оқыту қосылады.  Оқыту – бұл әдіскердің (ғалым-әдіскердің, әдіскер-практиктің) тікелей ісінде не болмаса, сол, және ол әдіскердің ісінен сонысымен ерекшеленеді, оқушылармен тағыда олардың қарым-қатынасы енгізіледі. Мұғалім көрсетеді, түсіндіреді, оқушыларға сұрақтар қояды, тапсырма береді, оларды тексереді, кемшіліктері мен қателіктерін көрсетеді, қозғалыстарын, әрекеттерін түзетеді, сол немесе басқа құралдармен, қарындашпен немесе қаламмен қалай жұмыс істеу керектігін тағыда көрсетеді. Яғни, В.К. Дьяченконың пікірі бойынша, оқытудың маңызы – кім оқытады, соның және кім оқиды, соның педагогикалық қарым-қатынасы. «Кез келген оқытуда оқытатын мен оқитынның тек іс-әрекеті ғана емес, тағы да белсенділіктің екі түрі: бірі – бұл ұстаздың үйрететін және оқушының меңгеретін нақты іс-әрекеті, ал екіншісі – бұл тұра, тікелей және жанама, ортақталынған қарым-қатынасы біріне бірі қалайда жапсырылады. біртұтас қосылады» [сонда, 44-45 б]. Оқыту процесінің екіжақтылығы осында айтылады; білім беру мазмұнының формасында оқушыға әлеуметтік тәжірибені беру кезінде бірлікте тұратын, оқыту – мұғалімнің іс-әрекеті және оқу – оқушының іс-әрекеті.

Біз де оқыту процесінің маңыздылық сипаттамасын «өзараәрекеттестік» ұғымы бейнелейді деп есептейміз: оқыту – бұл белсенді мақсатты өзараәрекеттестік процесс. Электрондық оқытудың мәтіндік мәнінде – бұл тек мұғалім мен оқушының ғана емес, нәтижесінде оқушыда белгілі бір білімдер, біліктер, машықтар, іс-әрекет тәжірибелері мен мінез-құлықтар, сондай-ақ тұлғалық сапалар қалыптасатын педагогикалық процестегі АҚТ-дың трансферті есебінен жасалған мұғалімнің, оқушы мен ақпараттық-білімдік ортаның өзараәрекеттестігі.

Электрондық оқытудың әдіснамалық негізі гносеология болып саналады. Оқыту процесі – ең алдымен адамның танымдық іс-әрекетінің ерекшелік түрі, білімдерді меңгеру процесі. Гносеология болмыстың аяқталғандай фотографиялық бейнесін беретін бір ретті актісіндей емес білімдерді қалыптастыруды қарастырады. Білімдердің қалыптасуы – бұл өзінің нығайту, тереңдету және т.б. кезеңдері бар процес және де электрондық оқыту, егерде оның барлық құрылымы, мазмұны мен әдістемесі тек танымның осы объективтік заңына сәйкес болатын кезінде ғана ғылыми түрде негізделген және нәтижелі бола алады. «Электрондық оқыту процесінің басты әдіснамалық тезисі таным процесінің гносеологиялық формуласы болып саналады: «Тікелей түйсінуден (пайымдаудан) дерексіздік ойлауға және одан практикаға – ақиқатты танудың диалектикалық жолы осындай; объективтік ақиқатқа жататындықты тану». Сезімдік тану негізінде түйсік пен қабылдау жатады; дерексіздік ойлау – бұл түсіну, ұғыну, қорыту. Егерде индуктивтік-талдау жолы таңдалынса, онда қорыту (негізінен) оқытуды аяқтайды. Дедуктивтік-жинақтаушылық логика кезінде, керісінше, ұғымдар, теориялар, заңдар түріндегі мәліметтер тақырыпты оқып-білудің басында немесе оны оқып-білу процесінде енгізіледі [88, 27].

Оқыту процесі сондай-ақ тұлғалық теорияға сүйенеді, өйткені кез келген оқыту жеке тұлғаға жолданады. Тұлғалық-бағдарланған амал көзқарасы тұрғысынан әрбір тұлға бірегей, өзіндік тәжірибесімен және өзіндік мұқтаждығының бар болуымен, белсенділік деңгейінің және бірқатар басқа маңызды сапаларының әр түрлілігімен сипатталады. Тұлғаның объективтік даму заңдары, сананың әр түрлі дербес көріністерінің жұмыс істеуі психологиямен тағайындалған, мысалы, материалды есте сақтау және ұмыту. Электрондық оқыту, егерде оның технологиясы мен әдістемесі осы заңдарға сәйкес болса, онда ғылыми негізделген болады. Бұл жағдайда еске сақтаудың беріктілігіне ғана қол жетіп қоймайды, жадтың қызметі де табысты дамиды.

Электрондық оқытудың әдіснамалық іргесі болып сондай-ақ іс-әрекет теориясы да шығады (Л.С. Выготский [18], П.Я. Гальперин [19], В.В. Давыдов [25], А.И. Леонтьев [50], С.Л. Рубинштейн [82], Н.Ф. Талызина [95] т.б.). Іс-әрекеттің ең кең философиялық анықтамасы – бұл адам мен қоғамның тұтастай өмір сүру тәсілі. Іс-әрекет адамның тек мәнін ғана анықтап қоймай, мәдениет пен барлық адамзаттық әлемнің шынайы субстанциясы рөлін атқара отырып, адамның өзін де жасайды. Даму нәтижелері мен іс-әрекеттің қарқындылығының арасындағы тура байланыс –мынадай тұжырым жасауға болатын дамудың жалпы заңдылығы: белгілі бір салада адам неғұрлым көп жұмыс істесе, осы салада оның даму деңгейі солғұрлым жоғары болады. Осы заңдылықтың әрекет ету шегі «ұстамдылық» факторларымен – қабілеттілікпен, жаспен, қарқындылықпен  және іс-әрекеттің өзінің ұйымдастырылуымен және т.б. анықталады [75].

«Адамның мақсатты қоғамдық түрде пайдалы іс-әрекеті өмірлік тетіктер мен процестер деп аталатын оның саналы іс-әрекетінің қызметтік жүйесінен құралады, осының арқасында ол білімдерді, біліктер мен машықтарды, адамдардың әлеуметтік тәжірибелерін тек игеріп қана қоймай, өзінің қабылдауын, ойлауын, елестетуін, сезімі мен еркін, бір сөзбен айтқанда, ақиқатқа өзінің белсенді, саналы қарым-қатынасын және өз әрекеттері мен мінез-құлқының түрткісін қалыптастырады» [76].

 Іс-әрекеттік амалға сәйкес оқытудың мазмұнын игеру, адамзаттық қабілеттер мен міндеттерді  қалыптастыру білім алушылардың іс-әрекеті процесінде болады. Танымдық іс-әрекет – тану шынайылығын саналы ұйымдастыру және өзіндік ұйымдастыру. Одан басқа оқыту процесін біз адамзаттық іс-әрекеттің алуан түрлілігі – білімдік процесс субъектілерінің: мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті, олардың өзараәрекеттестігі ретінде қарастырамыз. 

Іс-әрекет процесінің құрылымын негіздеу кезінде М.С. Каган электрондық оқыту мәтін мәніндегі ең маңызды, келесі аспектілерді бөледі:

  • субъектінің әрбір мақсатты белсенділігінің өнімі – басқарушы ішкі жүйенің (психиканың) бірінші міндеті, ішкі құлшынысы бар болуы тиіс;
  • іс-әрекет процесінің құлшынысы бағдарлама жоспарының, әрекет технологиясының  мақсатты ұйғарымы мен оның дайындалуын білдіретін осы процестің нақты бағдарына түрленуі тиіс;
  • іс-әрекеттің стратегиясы мен тактикасы, көмегімен әрекет тікелей жүзеге асатын әлде бір операциялық базаның бар болуы кезінде ғана іске асырыла алатын болады, осыған сәйкес түрде психика осы атқарушы тетіктерді меңгеруі, олармен операция жасай білуі тиіс;
  • егерде субъект орындалатын әрекеттердің тиімділігі туралы ақпарат ала алмайтын және осы негізде барлық жоғарыда сипатталған блоктарды түзете алмайтын болса, онда іс-әрекет өзіндік реттеуші жүйе бола алмайды, яғни психикаға кері байланысты жүзеге асыратын блок қажет [38].

Электрондық оқытуға аксиологиялық бап білімдік процесс субъектілерінің санасын байытуға – санаға оқудың жаңа тұлғалық мағынасын, ынтымақтастық пен шығармашылық арқылы олардың ампликациясын енгізуге мүмкіндік туғызады.

Сол немесе басқа ілімдердің гносеологиялық көзқарастары олардың оқыту теорияларында өзінің нақты өрнегін табады.  Теория — бұл, шындықтан белгілі бір бақылауларды түсіндірудің өз мақсаты бар, өзара байланысты идеялардың, түзілімдер мен қағидалардың  жүйесі. Дидактиканың дамуының осы кезеңінде оқыту процесін сипаттайтын, оның әлде-бір белгілі қағидаларын алғы шепке шығаратын әр түрлі баламалы теориялар қатар өмір сүреді. 

Оқытудың қоғамдастық-рефлекторлық теориясы (С.Л. Рубинштейн, А.А. Смирнов, Ю.А. Самарин, П.А. Шеварев және б.) келесі теориялық қағидаларға негізделеді:

  • машықтар мен біліктерді меңгеру, адамның тұлғалық сапаларын дамыту – оның санасында әр түрлі қарапайым және күрделі қоғамдастықтарды құру процесі; 
  • білімдерге ие болудың, машықтар мен біліктерді қалыптастырудың, қабілеттерді дамытудың (яғни қоғамдастықтарды құрудың) белгілі бір логикалық бірізділігі бар болады және өзіне келесі кезеңдерді қамтиды: оқу материалын қабылдау; оны ұғыну, ішкі байланыстары мен қарама-қайшылықтарын түсінуге дейін жеткізу; оқып білген материалды есте қалдыру және сақтау; меңгерілгенді практикалық іс-әрекетте қолдану;
  • оқыту процесінің негізгі кезеңдері болып теориялық және практикалық оқу міндеттерін шешу бойынша білім алушының белсенді ойшылдық іс-әрекеті алға шығады.

Осы теория бойынша оқытудағы ең жоғарғы нәтижеге бірқатар шарттарды сақтау кезінде жетістікке жетеді: білім алушы тарапынан оқуға белсенді қатынасты қалыптастыру; оқу материалын белгілі бір ізділікпен беру; жаттығуларда ақыл-ой мен практикалық іс-әрекеттің әр түрлі тәсілдерін көрсету мен бекіту; білімдерді оқу мақсаттарында қолдану және т.б. [77, 89].

Оқудың бихевиористикалық тұжырымдамасы оқушының қоғамдастық теорияда пайдаланылмайтын меншікті оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесін қарастырады: ол енді әйгілі болған формула түрінде оқу процесінің элементарлық жасушасын істетеді: S (Стимул - ынта) − R(Реакция) − R (Бекіту). Ынта – бұл оятушы себеп немесе жағдаят (міндет,сұрақ және т.б.), ынтаға реакция – әрекеттің (физикалық, ақыл-ойлық) өзі, бекіту – әрекетті орындаудың дұрыстығы туралы сигнал (материалдық немесе ізгіліктік ынталандыру). Осы формула бойынша ғасырлар бойы жануарларды үйрету жұзеге асырылды.   

ХХ-ғасырдың басында америка психологтары осы схеманы адамға да сынай бастады. Таңданарлықтай ештеңе болған жоқ, адам да оқыту мақсатына ұсақ қадамдар қозғалысын жасау арқылы күрделі мінез-құлыққа үйренді. Адамзаттық психологиялық процестердің құрамдас бөліктері ретінде сананы теріске шығара отырып, бихевиористер ынтаға бара-бар реакцияларды механикалық (физиологиялық) бекіту арқылы түзілетін, бихевиористердің пікірі бойынша, тек сыртқы, мінез-құлықтық актілерді талдайды. Меңгерудің бихевиористік теориясына құрылған үйретуші жаттығулар әр түрлі үйлесімде әлденеше рет қайталанатын және оларды есте сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттың ұсақ, бөлшектенген үлестерінен тұрады. ХХ-ғасырдың ортасында бихевиоризм АҚШ-та өте танымал болды және оны оқытуда қолдануда көптеген талпыныстар жасалған болатын. Бихевиоризм идеялары сол кезде туындаған бағдарламаланған деп аталатын оқытудың негізіне қойылған болатын [10, 77].

Бағдарламаланған оқытудың пайда болуы осы процестті басқару есебінен оқытудың тиімділігін аттыруға 1954 жылы педагогикалық қоғамды шақырған Б.Ф. Скиннердің атымен байланысты. Басқару санаты бағдарламалау үшін орталық ретінде қарастырылады. Бағдарламаланған оқытудың негізіне бірізділіктің, ұғынықтылықтың, жүйеліліктің, өзіндіктің  жалпы және дидактикалық қағидалары жатады. Осы қағидалар оқытуды бағдарламалаудың – міндеттердің реттелген тізбегі болып саналатын үйретуші бағдарламаның басты элементтерін орындау барысында іске асырылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидақтикалық машинаның» (немесе бағдарламаланған оқулықтың) бар болуы маңызды. Осы оқытуда белгілі бір шамада үйретуші бағдарламаны меңгеру сипатын есепке алу ретінде дербес амал іске арырылады. Алайда басты болып меңгеру процесі қалады, біліктіліктер өнімі бағдарламамен басқарылады [77, 95].

«Қазір білім беру тарихының жаңа орамында айтарлықтай өскен психологиялық-педагогикалық білімдерімен және дербес компьютерлердің ғаламат мүмкіндіктерімен бағдарламаланған оқыту идеясына қайта оралу XXI ғасырдағы білім берудің шынайылығы мен талаптарына бір ғана тиімді жауап болып саналады» деген В.П. Беспалькомен келіспеуге болмайды [10, с.129].

Оқытудың Гештальт теориясы Алманияда өткен ғасырдың басында пайда болды. Оның негізгі назары адамзаттық таным мен ойлаудың тұтас сипатын зерттеуге жұмылдырылған. Осы теорияда алғашқы постулат адам оны қоршаған болмысты ең алдымен біршама біртұтастық (Gestalt) ретінде қабылдайтыны туралы пайымдау болып саналады да содан кейін осы гештальттың бөліктерін талдайды. Бұл пайымдау бірінші көзқараста оқытудың бихевиористік теориясымен қарама-қайшылықта болады, бірақ іс жүзінде жаңа оқу элементтерін оқып білу және ұғымдарды бастапқы қалыптастыру кезінде оқушылардың іс-әрекетін бір ізді ұйымдастыру ретінде қарастыра алады. Оқытудың гештальт теориясының ұсыныстарында жеке оқу элементтерін, оларды тікелей қабылдау мен бірмезетте еске сақтау үшін, қолайлы топтарға топтастыру бойынша нұсқаулар бар. Гештальт теориясы бойынша жаттығулар мағыналық қатынаста, үзінді құрылымы мен оның мағынасы жазылып қалатындай, жеткілікті түрде ірі аяқталған ақпарат үзінділерімен жұмыс істейді [10,  с.113].

Ақыл-ой әрекеттерін кезең бойынша қалыптастыру теориясы бойынша (П.Я. Гальперин [19], А.Н. Леонтьев [50], Н.Ф. Талызина [94]) ақыл-ойдың дамуы, білімдерді, машықтар мен біліктерді меңгеру сияқты, интериорлау арқылы, яғни «материалдық» (сыртқы) іс-әрекет ішкі ақыл-ойға, жоспарға кезең бойынша өтетін болады. Осындай өтудің нәтижесінде сыртқы заттармен сыртқы әрекеттер ақыл-ойға түрленеді. Осы кезде олар талдап қорытуға ұшырайды, түрленеді, қысқарады, сыртқы іс-әрекеттің мүмкіндіктерін арттыра алатын ары қарай дамытуға дайын болады. Ақыл-ой әрекеттері мен ұғымдарды кезең бойынша қалыптастыру теориясының негізінде оқытудың тиімділігі бірқатар шарттарды сақтауға байланысты болады: әрекеттің ақырғы нәтижесі мен оның сипаттамаларын нақтылы сипаттау; керек әрекетті қалыптастыруды қамтамасыз ететін есептер мен жаттығуларды таңдау; әрекетке кіретін барлық атқарылатын және бағдарланатын операциялардың орындалу ретін дәл анықтау; бағдарланатын негіздердің дұрыстығы мен толықтылығы.

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас