Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

 

ЮНЕСКОНЫҢ «Қоғамдық білімге» деген баяндамасында ұлттық білімдік жүйелерді жаңарту мен дамытуда электрондық оқулыққа (e-Learning) маңызды рөл беріледі. 2008 жылы ЮНЕСКО өткізген білім берудің озат жетекшілерінің Форумында ЮНЕСКОның бас директоры мырза К. Матсуура электрондық оқыту (e-learning) мен ара қашықтықтық оқытуды қазіргі әлемдегі білім беруді дамыту үрдісінің маңыздыларының бірі ретінде бөліп айтты.

Электрондық оқыту динамикалық бәсекеге қабілетті білімге негізделген экономиканы құрудың, бүкіл ғұмыр бойы оқыту кеңістігін және Еуроодақты құрудың  құралы екендігі 2000-2010 жылдарда Лиссабон стратегиясында мойындалды. Осы стратегияның ауқымында Еуропада 2004-2006 жж. (2003) білім беруде АҚТ-ды Кіріктіру бағдарламасы, 2007-2013 жж. (2006) Ғұмыр бойы оқыту бағдарламасы, білім беру саласындағы, ең алдымен, электрондық оқыту бойынша, бар барлық кіріктіретін бағдарламалар қабылданды.

Бүгінгі таңда электрондық оқытуға барлық әлемнің педагогикалық жұршылығының назары ауып отыр. Болашаққа сеніммен қарау болжамы бойынша біртіндеп e-learning-тен «е» әрпі жоғалатын болады, өйткені оқыту үшін электрондық қолдау табиғи, ескермейтіндей және әлбетте өзінен өзі қабылданғандай болады (Woodill [111, 16 б]).

Бірқатар елдерде білім беруді ақпараттандыру бойынша арнайы ұлттық бағдарламалар қабылданды.

Осы процесте топ жарған Сингапурда өмір сүрудің барлық саласына ақпараттандыруды кең ауқымда енгізу 1980 жылдан бастап ең жоғары басымдылық міндеті болды. Комьютерлер мен олар үшін құрамдас бөліктер өндірісін, электрондық және телеқатынастық құралдарды, лазерлік оптиканы, биотехнологияларды енгізе отырып, жоғары технологияларды пайдаланып ғылыми ауқымды салаларды дамытуға болатын тірекке сәйкес Мемлекеттік ұлттық компьютерлендіру комитеті құрылды, «Civil Service Computerization Programme» (1981 г.) Мемлекеттік қызметті компьютерлендіру бағдарламасы, Ақпараттық технологиялар бойынша ұлттық жоспар («National Information Technology Plan» (1986 г.), «АТ 2000 жоспары – Парасатты аралдар»  «IT 2000 – Intelligent Island» (1991 г.), жалпыұлттық кең жолақты желілерді құру жобасы «Singapore ONE -  One Network for Everyone» – «Сингапур 1 – Барлығы үшін Бір Желі» (1996 г.), «ICT-21 Masterplan» бағдарламасы қабылданды.

30 жыл бұрын Сингапурдың білім беру саласында ақпараттандырудың жай-күйі қазіргі Қазақстанда қандай байқалса, шамамен сондай болды: мектептер компьютерлермен жеткілікті мөлшерде жабдықталмады, электрондық оқытуды қолдау үшін мазмұн дайындалмады, ал ең бастысы – мұғалімдердің жаңа технологияларды ендіруге жеткілікті дайындығы байқалмады, олардың көпшілігі компьютерлік сауаттылықтың қажетті деңгейіне ие болмады және сабақтарда техникаларды қолдану алдында психологиялық бөгетті бастан кешірді, әсіресе ерекше аға буын мұғалімдер. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаға сәйкес елеулі күш, бірінші кезекте, мұғалімдерді оқытуға және цифрлық білімдік ресурстарды дайындауға бағытталған болатын. 

1997 жылы оқытудың құралдары ретінде  компьютерлерді пайдалануды қарастыратын  «Білім беруде АТ-ды дамытудың негізгі жоспары» мектептік білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы қабылданған болатын. Үкіметтің міндеті мынаған саяды, әрбір оқушы – оның отбасы өзіне компьютер ала ала ма немесе жоқ па – қазіргі заманғы АҚТ-ға қатынас құруы және олардың көмегімен ойлау мен жасап шығаруды үйренуі керек. 

Казір сингапурліктердің өсіп келе жатқан буындарын тәрбиелеу мен білім беру саласында АҚТ кеңінен пайдаланылады. Сингапур Интернетке тегін қатынас құруға барлық қоғамдық орындары жабдықталған әлемдегі бірінші мемлекетке айналды.  Наутбугі немесе Интернетке шыға алатын телефоны бар Сингапурдың әрбір тұрғыны сауда орталықтарында, кітапханаларда, клубтарда, мейманханаларда және мемлекеттік мекемелерде ауқымды желіге әбден тегін қосыла алады. Әрбір мектеп оқушысы тегін электрондық мекен-жай алды, демек бұл оқу материалдары бар мәліметтер базасына қосылу және қарым-қатынас жасау мүмкіндігін білдіреді.

Қазіргі уақытта Сингапурде мектептердің қазіргі заманғы компьютерлік техникамен жабдықталуы екі оқушыға бір компьютер. Компьютерлерден басқа мектептерді АҚТ-дың, әр түрлі пәндерде АҚТ-ды қолдану үшін қағидалы түрде бар болатын, басқа құралдарымен: проекторлармен, цифрлық өлшеуіш құралдарымен және т.б. жабдықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Іс жүзінде Сингапурдың барлық мектептерінің цифрлық өлшеуіш аспаптардан «бергіштерден» мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған құралдары бар. Мектептердің үштен екісінде виртуальдық зертханалар бар. 

Сингапурдың мектептерді компьютерлендіру дәрежесі оқу процесін АҚТ негізінде құруға мүмкіндік береді, әлбетте компьютер аясы тар мақсат ретінде емес, оқыту құралы ретінде алға шығады. Біз үшін өте маңызды болатыны, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес міндетті талап мектептегі оқу бағдарламасының 30%, оның ішінде электрондық оқулықтар мен Интернет ресурстар АҚТ-дың көмегімен игерілуі болып саналады.

Сингапурдың Ұлттық білім беру институтының «Болашақтың мектебі» жобасы мектептік білім беруде электрондық оқытуды енгізудің тиімді жолдарын анықтауға бағытталған. Бұл мектепте оқу процесі дәстүрліден түбегейлі ерекшеленеді, өйткені толығымен АҚТ-ды пайдалануға сүйенеді. Оқушыларда дәстүрлі оқулықтар мен дәптерлер жоқ, олардың орнына – оқытуды басқарудың ортақ жүйесі мен Интернетке сымсыз қатынас құруы бар электрондық планшеттер қолданылады. Мұғалім оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырушы, оның міндетіне қызықты сұрақтар беру, мектеп оқушылары айналысатын шешімдерді іздестіретін мәселені қою жатады. Тапсырмалар оқушылардың әр түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде және Интернет желісімен, өзіндік жұмыс істеуін ұйымдастыру, ақпаратпен сауатты жұмыс істеу, оның ішінде ана және шет тілдерінде қажетті ақпаратты іздестіру, тұлғалық маңызды ақпаратты іріктеу, оның пайдалылығы мен ақиқаттығын бағалау, оны логикалық өңдеу, пәнге   назарды шоғырландыруға қабілеттілік біліктерін; байланыстық пен тілдік біліктерін дамыту мақсатын көздейді. Егерде тақырыптарды оқып білу кезінде білікті мамандардың бірімен байланыс жасау қажеттілігі бар болса, онда, ол қай елде тұрғанына тәуелсіз түрде, онлайн режімінде желі бойынша оны істеуге болады. Осындай жағдайда мұғалім мен оқушының жұмысы шынайы ынтымақтастыққа артады да бірлескен күш салумен туындаған қиындықтарды жеңуге, пікірлер алмасуға, алынған білімдер мен деректерге сүйене отырып, пайымдауға мүмкіндік береді.

Сонымен, Сингапурдегі электрондық оқыту ақпараттық қатынастық пен педагогикалық технологиялар кірігу жолы бойынша бара жатыр,  ақпараттандыру бағдарламасы техникаларды жеткізу және инфрақұрылымды дамыту шешімдерімен шектелмейді.

Оңтүстік Кореяда басым түрде, атап айтқанда, мектептік білім беруге саятын нәтижелі мемлекеттік саясат жүргізіледі. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) мәліметі бойынша Корея үкіметі жылына бір оқушыға шамамен 2000 АҚШ долларын жұмсайды [101].

Кореяда оқу процесіне АҚТ енгізуге ерекше назар аударады. Cyber Home Learning System жобасын жүзеге асыру 1998 жылы басталды, оған 1,1 млрд долларға жуық бюджет қаржысы жұмсалды. Нәтижесінде, Оңтүстік Корея өз мектептерін компьютерлермен және Интернетке қатынас құрумен толық жасақтаған Сингапурден кейінгі әлемдегі екінші мемлекет болды [41]. 2004 жылы қаңтарда электрондық оқытудың индустриясын дамуы туралы заң қабылданған болатын. Қазір Cyber Home Learning System жүйесі бренд болып саналады. Бұл жүйе өзіндік жұмыс кезінде оқушылардың он-лайн Интернет қолдауын қамтамасыз етуге саяды. 2008 жылы жүйеге бүкіл ел бойынша 3 млн-нан аса мектеп оқушылары, сондай-ақ 60 мың сибер-оқытушылар мен тьютерлер қосылған болатын. Күн сайын жүйеде 304 236-ға жуық пайдаланушылар жұмыс істейді. Жүйені пайдаланатын оқушылардың 80,2%-ы оқыту үшін жүйенің пайдасын мойындайды, ал 71,7% -ы мектеп сыныбындағы дәстүрлі оқуға қарағанда жүйе аса пайдалы деп есептейді. Әлеуметтік сауалнама (ақпарат көзі – KERIS, 2007 жыл) мынаны көрсеткен, сұралғандардың 13,3%-ы репетитерлік пен жеке меншік сабақтарды қажет етуді тоқтатқан, 48,4% респонденттер негізгі оқуға қосымша жүйе арқылы оқытуды талап етеді деп есептейді, ал 10%-ы басқа қосымша оқытуды талап етпейді деп есептейді. Бұл жоба, ресми мәліметтер бойынша, мектеп оқушыларының білім деңгейін 40%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді [8]. Бұл жүйенің тиімділігін біз тек кең жолақты арнамен қамтамасыз етілгенімен ғана емес, мектеп оқушылары осы канал бойынша қандай мазмұн алғанымен, осы кезде олар қандай іс-әрекеттерді орындағанымен байланыстырамыз. Біздің көзқарасымызда, мұнда іс-әрекеттің ақсиологиялық әдістерінің орны бар, құндылықтық бағдардың: іздестіру – бағалау – таңдау – проекция тетігі жұмыс істейді.

2011 жылы Оңтүстік Кореяда электрондық  оқулықтарға «digital textbooks» толық өтудің 5-жылдық бағдарламасы қабылданды. Болжам жасалатын  инвестицияның сомасы 2 млрд долларды құрайды  (http://ru.euronews.net/2011/07/25/korea-s-digital-schoolbook-drive/).

Малайзияда 1997 жылы Multimedia Super Corridor1 компаниясының жеті стратегиялық жобаларының бірі ретінде смарт-мектептерді ашу бойынша жобаны іске асыру басталған болатын (http://www.mscmalaysia.my/). 1999 жылдан 4 кезеңге ұйғарылған «Смарт-мектептер» (1999-2020 гг.) жобасын іске асыру басталды:

1 кезең – 1999-2005 жж. –  АҚТ-ды пайдаланып мектептік басқару мен сабақ берудің озат практикасы бар модельдік мектеп ретінде «88 смарт-мектеп» пилоттық жобасы, бұл мектептер электрондық оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдарымен жабдықталған; 

2 кезең – 2002-2005 жж. –  смарт-мектептер қағидаларын нығайту (пост-пилот);

3 кезең – 2005-2010 жж. – елдің барлық 10000 мектебінің базасында смарт-мектепті  құру;

4 кезең – 2010-2020 жж. –  смарт-мектептердің  технологияларын тұрақтандыру.

АҚТ-ды енгізудің техникалық қолдауын CCS (Content Creating System), CMS (Content Management System), LMS (Learning Management System), AMS (Authoring Management System), SMS (School Management System), M-learning е-модульдері іске асырады.

Жобаны іске асыру мен енгізу бойынша білім беру ұйымдарының нәтижелігін сараптау және бағалау үшін KPI индикаторы анықталынды және 1 ден 5ке дейін жұлдыздармен бағаланатын төрт параметр:  системаны пайдаланудың жай-күйі, адамзаттық капитал, пайдаланылатын қосымша бағдарламалар, техникалық инфрақұрылым бойынша Smart School Qualification Standards негізінде бағалау жүйелері енгізілді.

Егерде 2007 жылы пилоттық жобаның 88 мектебінен 25 мектеп 5-жұлдызды, 17 мектеп 4-жұлдызды, 17 мектеп 3-жұлдызды, 21 мектеп 2- жұлдызды, 8 мектеп біржұлдызды болса, ал 2008 жылың желтоқсанында 88 мектептің барлығының 5-жұлдыздылығы мойындалды. Тұтастай алғанда елдегі мектептердің жалпы саны бойынша 5-жұлдызды – 500 мектеп (жалпы санның  5%-ы), 4-жұлдызды – 2000 мектеп немесе 20% , 3-жұлдызды – 7500 мектеп немесе 75% болды. 

Сонымен, әрбір мектеп озат смарт-мектебіне арналған 5 жұлдызды алуға және бағаны ұстап тұруға талаптанады.

Австралияда әлдеқашан 20 жыл бұрын, 1990 жылы мектептің барлық оқушыларын шағын компьютерлермен-ноутбуктармен жасақтаудың бірінші бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл ел «1 оқушы : 1 колмпьютер» қозғалысының пионері болып саналады. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық мектептерде ноутбуктардың көмегімен оқытуға жоғары қызығушылық байқалды, осылайша 2001 жылға 45 мың австралиялық мектеп оқушылары мен 60 мың оқытушылар оларды білім беруде пайдалана бастады. Тегі осындай жоғары ырғақты инновацияларды мына жағдаймен байланыстыруға болады, Австралия мектептерінің 40%-ы жеке меншік мектептер, осы кезде және мемлекет әрбір мұғалімге ноутбук алуға жылына 150 доллар бөле отырып, оларға елеулі қолдау көрсетеді.  Австралия бағдарламасының негізіне 1:1 идеясы жатады, мектепте бала пайдаланатын ноутбукке меншіктік құқық болғандықтан, мектеп емес оның отбасы ие болуға тиіс (ноутбукті иемдену немесе арендаға алу сияқты нұсқалар пайдаланылады). Негізгі нәтижелер ретінде «1 оқушы : 1 компьютер» ортасын құру ынтымақтастық машықтарын жақсарту және жазба сөзді дамыту, сондай-ақ сындарлық ойлауды игеру деп аталады. Бұл оқушылар оқытуға аса жауапты түрде қарайды және оқу материалын өзінің өзіндік ырғағында игеру мүмкіндігін алады [112].

Одан басқа, жоғары саяси деңгейде құжаттар қабылданған болатын: 2004-2006 жылдарға ақпараттық экономиканың австриялық стратегиалық негізі ретінде «Ақпараттық дәуірдің мүмкіндіктері мен мәселелері»; 2005-2007 жылдарға ақпараттық экономика үшін білім беру және кадрларды дайындау саласындағы әрекеттер жоспары «Білімдер мәдениетін құру», онда негізгі мәселе ретінде электрондық оқыту анықталған.

АҚШ-та ғасырдың басында білім берудің базалық мақсаты ақпараттық ғасырда табысқа жетуге, ақпараттық процестердегі оқыту мен тәрбиелеуді дамитын экономиканың талаптарына бейімдеуге, ең дарынды оқушыларды іріктеп алуға мүмкіндік беретін, білімдердің сондай  капиталын меңгерген азаматтарды дайындау ретінде анықталатын «Әлемдік деңгейдегі білім беруді әрбір балаға ұғынықты ету керек» ұранымен «Білім беру жүйесіндегі элеектрондық технологиялар» Бас жоспары (2000) қабылданған болатын. Ақпараттық технологияларды пайдалану білімдік қызметке кіруді және олардың сапасын арттыруды қамтамасыз ететін тиімді құрал ретінде бекітілген, осымен байланысты барлық оқушылар оқуға тағайындалған АҚТ-ды меңгерудің базалық машықтарына ие болуы, және бұл талап елдің алдында тұрған бірінші кезектегі міндетке айналуы тиіс.

АҚШ-тың Бас жоспарында АҚТ-ды енгізудің 5 мемлекеттік мақсаты қойылған болатын:

  1. Барлық оқушылар мен оқытушылардың сыныпта, мектепте, шағын ауданда және үйде АҚТ-ға қатынас құруы бар болуы тиіс;
  2. Оқушылардың білімдік стандарттарға сәйкес білім алуы үшін барлық оқытушылар білімдік технологияларды пайдалануы тиіс;
  3. Барлық оқушылар жаңа технологиялармен жұмыс істеу машықтарын игеруі және ақпараттық сауаттылықты меңгеруі тиіс;
  4. Зерттеу жүргізу оқу процесіндегі технологиялардың келесі буынын қолдануды жетілдіру мен кеңейтуге мүмкіндік туғызуы тиіс;
  5. Цифрлық мазмұн мен желілік қосымша бағдарламалар оқу процесін түрлендіруі тиіс [23].

Сол уақытта АҚШ-тың мектептік білім беруіндегі электрондық оқыту тек өзінің сондайлық алғашқы қадамын ғана жасайды. Мәселен, орта мектеп бағдарламасы бойынша электрондық оқытуға арналған Sloan Consortium есебінде, 63 млн кіші жастағы мектеп оқушыларының миллионнан астамы  онлайн курстарын таңдағанымен, электрондық оқыту «әзірше ерте кезеңінде тұрғаны» бекітілді. Калифорния мектептерінде, штаттың білім министрі Г. Томастың 2009 жылдың 11 тамызында хабарлағанындай, орта мектептер үшін алғашқы электрондық оқулықтар пайда болды. Бақылаушылар Калифорния жобасын АҚШ президенті Б. Обаманың білім беру саласындағы инновацияларды қаржыландыруға 4,35 млрд доллар бөлу уәдесімен байланыстырады. Б. Обаманың сөзі бойынша, бұл АҚШ тарихындағы білім беру жүйесіндегі инвестициялардың ең ірілерінің бірі. 

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас