Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 23:57, реферат

Краткое описание

Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады.
Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін тиімді игеретін болса, сол елдің экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.
Егер индустриалды-инновациялық даму стратегиясында анықталған негізгі басымды бағыттарды елде қарқынды дамыта алатын болсақ, онда Қазақстанның әлемдік ғылыми сиымды өнімдер рыногында беделін бәсекелік сапа, баға, сервистік қызмет көрсету арқылы арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, еңбекпен қамту және кедейлік мәселесін жою және жоғарыда аталған экономиканың басқа да кұрылымды мәселелерін шешу мүмкіндігі туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа- Туремуратова Г.А..doc

— 245.00 Кб (Скачать документ)

Шынайы  ақша сальдосы -  бұл инвестициялық  жобадағы  барлық қарастырылатын  3 жағдайдағы ақша қаражаттарының  приток  пен отток арасындағы  айырмашылық.

Шынайы ақша ағымдары – бұл инвестициялық  жобадағы қарастырылатын  инвестициялық және операциялық  жағдайлардағы  ақша  қаражаттарының  ағымы пен шығындары арасындағы  айырмашылық.

2.2.  Қазақстандағы инновациялық технологиялардың аймақтық даму тенденциясы

 

Индустриялық -инновациялық даму стратегиялық    жоспарының ең басты мақсаты- өнеркәсіпті жаңарту,    бәсекеге    қабілетті    өнім түрлерінің өндірісі  мен   әкспортын   дамытуға         жағдай   жасау      есебінен   тұрақты экономиалық өсімді қамтамасыз ету. Индустриялық — инновациялық дамуының басты міндеті - бәсекеге қабілетті индустриялық кешенді   қалыптастыру .

2015 жылға дейінгі кезеңдегі стратегиялық жоспард жүзеге асырудың  басты бағыты     әкономиканың     нақты     секторы  өсімінің  орташа жылдық қақын 4,5-8 пайызға жеткізуді қамтамасыз ету.

Индустриялық-инновациялық дамытуды іске асыру, оны толық жүзеге асыру үшін,  үш   кезеңге жоспарланған: бірінші- 2004-2006 жылдар. Екінші 2007-2010 жылдар, үшінші- 2011-2015 жылдар.

Бірінші  кезең 2004-2006 жылдар, даярлау сипатындағы  іс-шараларды жүзеге асырумен сипатталатын болады.

Экспортпен пен ішкі тұтыну үшін өндірілетін дәстүрлі тауарлар   мен қызметтің сандық өсуімен бірге жоспарлы кезеңде өнекәсіп пен аграрлық секторды жаңарту, жұмыстардың барлық инвестициялық -құрылыс  циклін түпкілікті өзгерту есебінен әкономикалық тұрақты өсімін қамтамасыз етуге жоспарлы кезеңге негіз қалау керек.

Тиімді       инновациялық       инфрақұрылымның       негізі       қаланатын  болады. Тауар мен қызмет өндірісінің өсімі  өнекәсібінің жедел дамуы есебінен, әсіресе мұнай мен мақта талшығын өңдеу арқылы қамтамсыз етілетін боады.

Мұнайды тереңдете өңдеу, сонымен қатар    пластмасса, резина және оның бұйымдары өндірісінің қуатын дамыту.

Мұнай-газ, металлургия  кешені, ауылшаруашылық машина жасау, электрлі және электронды жабдықтар  өндірісін дамытуға жағдай жасау.

Құрылыс материалдары, тамақ, балық, жеңіл өнеркәсіптерде жаңа өндіріс ұйымдастыру.

Өндірістік өнім сапасын  жақсарту және ІSО 9000 сериалы халықаралық  стандарттарға өту есебінен жергілікті өндірушілердің тартымдылығын көтерумен шикізат нарығын, өнімді өткізудің сыртқы нарығы алғашқы барлау.

Екінші  кезең.(2007 - 2010 жылдар) әкономиканың барлық салаларында сратратегияның іс-шараларын белсенді түрде жүзеге асыру кезеңі болады.

Өнеркәсіпті жаңарту мен экономиканың құрылымын диверсификациялауға     бағытталған көптеген     жобаларды     іске     асыру басталатын болады.

Экономиканың диверсификациясы саласындағы бірқатар  прогреске қарамастан,экономикалық дамуы негізінен мұнай мен мақта талшығын өңдеу есебінен қамтамасыз етіледі.

Машина  жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында экспорттық әлеуметі   жоғары,   бәсекеге   қабілетті   енім   шығару   мақсатында   өндіріс салаларында жаңа техникалық өзгерістерді, өндірісті жаңартуды қамтамасыз ететін негізгі капиталға ресурстар салу үшін белсенді инвестициялық саясат жүрзілетін болады.

Бұл кезеңде тігінен байланысқан  өнеркәсіптік және қаржы-өнеркәсіптік топтар қалыптасатын болады, олар өзіндік технологияны әзірлеумен қатар өндіріс шығындарын кеміту, өзіндік құнды төмендету мен өндірілетін өнімнің сапасын одан  әрі  көтеру  мақсатында  шетелдік  технолоияларды  алуға  да бағытталатын болады.

Үшінші  кезең. (2011-2015жылдар) бағдарламаны орындауда  ең өнімді кезең. Бұл кезеңде енгізілетін  қуаттар игерілетін болады. Тауарлар мен қызметтер өндірісі және экспорты артады. экономика мен экспорт құрылымының диверссификациясы болады.

Индустриалдық-инновациялық стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың негізгі механизмдері:

- кәсіпорындарды  қаржы экономикалық сауықтыру шараларының даму болашағы бар дәрменсіз төлем қабілеті нашар кәсіпорындарда іске асыру;

- нарық  кеңістігін дәрменсіз кәсіпорындардан тазарту үшін банкроттық процедурасын қолдану;

- сыртқы  әкономикалық қызметті тарифтік және тарифсіз әдістермен  ретттеу;

- халықаралық  стандарттар бойынша өндірістерді сертификациялау   мен сапаны бақылауды  дамыту;

- корпоративтік  құрылымдардың қалыптасуына құқықтық және ұйымдастырушылық ықпал ету;

- өндірістік  инфрақұрылымды қаржыландыруды дамыту;

- қызметке  тауар нарығында үстемдік ететін, табиғи монополистер мен шаруашылық субьектілер жұмысына тарифті қалыптастыру үшін, өндірушілер, тұтынушылар мен мемлекеттің әкономикалық мүддесін сақтауда құқықтық және нормативтік -әдістемелік базаны жетілдіру;

- тиімділігі  жоғары технологиялармен іске қосуды ынталандыру;

- келісім-шарт  түзумен шетелдер нарығына шығуды қамтамасыз етуде кәсіпорындарға ықпал ету;                

- БСҰ кіруге дайындық.

Қазақстан    Республикасы   Үкіметінің    «Қазақстан Республикасының  индустриялық-инновациялық    дамуының     2003-2015      жылдарға     арналған стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл, жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес индустриялық дамудың басымды бағыттары бойынша 2005-2007 – жылдарға арналған   жоғарғы   технологиялық   өндірістерге   мамандар    даярлау бағдарламасы. Денсаулық сақтау саласында 2006-2008 жылдарға арналған ғылыми зерттеу бағдарламасы, 2005-2015-жылдарға арналған энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама секілді жекелеген салалық бағдарламалар әзірленетін болады. Оларды нақты орындаушылар мен іске асыру мерзімдері, сондай-ақ көзделетін көлем мен кадрландыру көзі жылдар бойынша көрсетілетін болады.

Стратегиялық  жоспарды іске асыруға тікелей қажет  инвестициялық сипаттағы шығындардың  көзделіп отырған көлемі 30 млрд. теңгені құрайды. қосымша құны жоғары өндірістердің 13 инвестициялық жобасын қаржыландыруға 10 млрд. астам теңге, облыстың инновациялық мемлекеттік қор арқылы 2004жылы -100,0млн. теңге, келесі жылдары тиісті жылға бекітілетін бюджетке сәйкес анықталады.

Стратегиялық  жоспардың іс шараларын қаржыландыруға кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған  Даму банкінің, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаржылары облыстың, облыстық инновациялық мемлекттік қорының қаржылары жүмсалатын болады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті жылға бюджет құрған кезде нақтыланып отырады.

Сонымен қатар, шетелдік инвесторлардың қаржылары тартылатын болады.

Өзіндік қаржы есебіне бәсекеге қаблетті өнім шығару үшін жаңарту жүргізілетін жеке сектор басты қаржылық ауыртпалықты көтеретін болады.

Стратегилық жоспарды сәтті іске асыру уран, алтын, көмір, құрылыс қазбалары секілді кен алу саласын одан әрі дамыту салаларының өндіріс үлесін төмендету және өңдеу саласында дайын өнім өндіріс үлесін арттыру, машина жасау сапасының өндірісін жаңарту, жаңа экспортқа бағытталған өнім түрлерінің өндірісі есебінен облыстың экспорттық әлеуметін көтеру негізінде облыс экономикасын тұрақты арттыруды қамтамасыз етуге, мақтаны тереңдете өңдеудің аяқталған циклін құруга әсер етеді.

Иновациялық жоғары технологиялық өндіріс, дайын өнім экспорты артатын болады .

Облыстағы инвестициялық қызметтің климаттың жақсаруы шетелдің инвесторлары тартудың ұлғаюына алып келеді.

Стратегиялық  жоспарды іске асыруға шағын, орта бизнес белсене тартылатын болады, бұл салада инновациялық бағыт дамитын болады.

Индустриялық - инновациялық дамуының іс-шараларын жүзеге асыру  экономикалық өсім қарқынын ұлғайтуды  қамтамасыз етеді. 

Дүниежүзiлiк  экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан  экономикасы бiрқатар проблемаларға  тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға  мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикізат бағыттылығы, әлемдiк  экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.   
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр. 

Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын  дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.   
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде. 

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген  тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек. 

Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн  жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.  Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек. 

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа белгiлерiне ие болды. 

Мұндай  өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр  өсуiмен, трансұлттық компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды. 

Егер  елуiншi жылдары әлемдiк экономика  дүние жүзiндегi барлық елдердiң ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап корпорацияларды трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс бере бастады. 

Тоқсаныншы  жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер  өндiру процесi толымсыз сипат алып, әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы  орналасты. Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды.   
Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы аса зор. Дамыған және дамушы елдер арасындағы шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал орталық оны өңдеп, шетке қайта жеткiзуге негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар айтарлықтай өзгердi. 

Ғаламдық  капитализм жағдайында дамушы елдер өндірістік  процесс тiзбегiне тартылып, қосылған құны барынша төмен тауарлар өндiрiсiнiң салыстырмалы төменгi сатысындағы  тауарларды өндiрумен айналысады.  

Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк  проблемасын ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады. Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.  

Тарихи өткен кезеңде  Латын Америкасы елдерi де, Шығыс  Азия елдерi де импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен  өткен. Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру  саясатынан бас тартып, экспортты қолдау саясатына көшуі, ал Латын Америкасының импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.  

Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген  саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты. 

Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдiк экономикадағы басым үрдiстердi төмендегiше жiктеуге болады:

- дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистiк-технологиялық экономикаға өту; 

- ғаламдану;

- экономиканы ырықтандыру; 

-ғаламдық бәсекенiң  артуы және өңiрлiк ықпалдасу.   
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар. 

Информация о работе Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы