Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 23:57, реферат

Краткое описание

Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады.
Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін тиімді игеретін болса, сол елдің экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.
Егер индустриалды-инновациялық даму стратегиясында анықталған негізгі басымды бағыттарды елде қарқынды дамыта алатын болсақ, онда Қазақстанның әлемдік ғылыми сиымды өнімдер рыногында беделін бәсекелік сапа, баға, сервистік қызмет көрсету арқылы арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, еңбекпен қамту және кедейлік мәселесін жою және жоғарыда аталған экономиканың басқа да кұрылымды мәселелерін шешу мүмкіндігі туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа- Туремуратова Г.А..doc

— 245.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Елбасы  “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

Осы заманғы білім  әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің  басты факторына айналғанын баршаның мойындап отырғаны белгілі. Жабдықтардың, технологиялардың моральдық тозуы ауқымының, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ұлғаюы жағдайында өндірушілер өндірісті жедел қайта құрып, басқаруды және бизнес қызметінің тетіктерін жаңартуы тиіс.  Бүгінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті дамыған елдердің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұмылып отырғанда, бұл тұрғыда жақсы бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты болады. Қазақстан экономикасының «жаңа индустриалды елдердің» әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қадамдар жасау арқылы ғана қол жеткізе алады. Ол үшін Қазақстан экономикасының дамуына кері әсер етуші проблемаларды, яғни экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы; өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы сияқты бірқатар мәселелерді жойып, экономианы әртараптандыру бағытында алға қойған шараларды түбегейлі іске асыру қажет. Ол үшін алдымен ғылым, білім беру саласын, ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру мәселесін шешу керек. 

Қазіргі таңда Қазақстан  экономикасын әртараптандыру және модернизациялау  барысында өнім шығаруды жедел игеріп, жолға қою, рыноктың басқа сегменттеріне  дер кезінде бет бұрыс жасау қабілеттеріне ие білікті менеджерлерге, инженерлерге, технологтарға, маркетологтарға деген сұраныс өсе түсуде. Экономиканы жаңарту үшін мықты кадрлар керек, сол жаңартуға негіз болатын жаңа технологиялар мен инновациялар керек. Ал бұлар өз кезегінде ғылым мен білімді дамытуды талап етеді. Экономиканы жаңартуға, оған инновациялар енгізуге қатысты барлық буындардың айқын да үйлесімді жұмысы қажет.

Жоғары  индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады және меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді. Адам капиталының рөлі жоғарлайды. Яғни бағдарламада көрстілгендей жоғары индустриалды сатыға өту үшін экономикалық тұрақты дамуды қамтамасыз ету қажет.

Тұрлаулы даму жағдайындағы экономикалық өсу – бұл энергияны  және ресурсты үнемдеуші технологияларды  жаппай енгізу, экономика құрылымының, табиғи-ресурс потенциалы мен қоршаған ортаның қолайлығын сақтау мақсатында жеке және өндірістік тұтыну құрылымдарының өзгерісі, қазір өмір сүріп жатқан және келешек ұрпақтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.    

Жоғарыда  көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады.

Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін  тиімді игеретін болса, сол елдің  экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.

Егер  индустриалды-инновациялық даму стратегиясында анықталған негізгі басымды бағыттарды елде қарқынды дамыта алатын болсақ, онда Қазақстанның әлемдік ғылыми сиымды өнімдер рыногында беделін бәсекелік сапа, баға, сервистік қызмет көрсету арқылы арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, еңбекпен қамту және кедейлік мәселесін жою және жоғарыда аталған экономиканың басқа да кұрылымды мәселелерін шешу мүмкіндігі туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БӨЛІМ 1. БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖҮЙЕДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН БАСҚАРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

 

1.1 ҚР инновациялық технологиялардың рөлі мен маңызы

 

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өндірісте инновация  формасында көрінеді. «Инновация» ұғымы XIX ғасыр ойшылдарының ғылыми зерттеулерінде пайда болып, белгілі бір мәдениеттің  жекелеген элементтерін екіншісіне енгізуді білдірген. Ол, әдетте, еуропалық салт-дәстүрдің ерекшеліктері мен ұйымдастырудың әдістерін дәстүрлі азиялық, африкалық қоғамға енгізу болды. «Инновация» түсінігі ағылшынның «іnnovation» сөзінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңаша бастау» деген ұғымдарды білдіреді екен. Сөздің кең мағынасында алғанда ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген техника мен технологияларды және еңбекті ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып табылады. Ал инновациялық қызмет сөзіне «елдегі жинақталған білімді, технологияларды, құрал - жабдықтарды моммерцияландыру, яғни пайда табу бағытына шоғырландыру» деген анықтама берілген.   

Инновациялар  тек техникаларға, технологияларға  ғана емес, сонымен бірге басқаруды  және өндірісті ұйымдастырудың формаларына да қатысты. Олардың барлығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты және өндірістің тиімділігін арттыруда, өндіргіш күштерді дамытуда сапалы саты болып табылады.  Инновация үшін жақсы идеяның ғана болуы жеткіліксіз. Инновациялық процесс кезінде идеяның пайда болуынан оны жүзеге асыруға көбірек назар ауады. Ғылыми - зерттеу жұмыстарға жаңа білімді игеру болса, конструкторлық өндеулер осы білімді бірінші қолданатын болады. «Басқалардың» жетістіктерінің негізінде жаңалықтар енгізу еліктеу (имитация) деп аталады.

Сонымен «инновация»  терминіне тоқталар болсақ, оны ең алғаш рет жаңа экономикалық категория  ретінде ғылыми айналымға XX ғасырдың 30-жылдары австриялық экономист Йозеф Алоиз Шумпетер енгізген, ол оны өзінің «Экономикалық даму теориясы» (1912 ж.) және «Капитализм, социализм және демократия» (1942 ж.) атты еңбектерінде қарастырған. Ол өз еңбектерінде қалыпты экономиаканың «нормасы» мен экономикалық теорияның негізгі шындығы тепе-теңдік емес, керісінше кәсіпкер-жаңалық табушының қызметінің нәтижесінде туындайтын «динамикалық теңсіздікті» қарастырып, дәстүрлі экономикадан бас тартады. Содан бері «инновация» термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде жалпыға мәлім категория ретінде қарастырылуда.

Шумпетер инновацияны  өндіріс факторларының «жаңа комбинациясы» ретінде де қарастырған, ол дегеніміз қолда бар өндіріс факторлары мен өндіргіш күштердің қосылуы, яғни  кәсіпкердің инновациялық қызметі. Ол «жаңа комбинацияның» негізгі түрлеріне төмендегілерді жатқызды:

- жаңа игіліктер өндірісі;

- игіліктер өндірісі мен оларды коммерциялық пайдаланудың жаңа әдістерін қолдану;

- жаңа өткізу рыногын игеру;

- жаңа шикізат көздерін игеру;

- салалық құрылымды өзгерту (монополия құру немесе жою).

 «Жаңа комбинацияларды» жүзеге асыру үшін жаңа идеяларды тиімді экономикалық шешімдерге айналдыра алатын, новатор – кәсіпкердің жігерлігі, шығармашылығы қажет.  Себебі кәсіпкер – жай ғана ойлап тапқыш емес, ол-жаңалық табушы: екіншісі біріншісіне ілесіп отырады, бірақ оған-өнертапқышты-лыққа жанама түрде түрткі болады. 

Экономикалық көзқарас бойынша, инновациялық даму өндірістік әдісті дамытудағы логикалық саты. Әр инновация өз циклына «қарама-қарсы», өзін жоққа шығарып, келесі инновация үшін алғышарттар туындатады, яғни жаңа техникаға, технологияға, білімге, ғылымға және басқару әдістеріне жол ашады. Сондықтан инновациялық даму спираль тектес формаға ие, ол шексіз және белгілі бір кезең аралығында ғана өз кемеліне жетеді.

Ал инновацияны  енгізу мен  инновация диффузиясы арасында да, яғни жаңа өнімді немесе процесті  алғашқы коммерциялық енгізу мен  әлеуметтік жүйе мүшелері арасында байланыс тетіктері арқылы жаңалықты тарату процесі арасында да өзгешелік бар.

Өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап, яғни инновацияның шумпетерлік  кезеңімен қазіргі кезеңін салыстыратын болсақ, қазір «инновация» туралы көптеген тұжырымдамалар бар. Бірақ көптеген анықтамалар оның экономикалық мәнін ашпайды және тек сапасы туралы сипаттамалармен ғана шектеледі, яғни кезкелген жаңалықты алдыңғысымен салыстырғанда ешқандай артықшылығы, тиімділігі  жоқ болса да оны инновация деп анықтайды.

Инновацияның қазіргі  кездегі теориясы үшін ХХ ғасырдың әйгілі экономисі   Фредерих фон Хайектің идеялары өте маңызды.  Ол экономикалық дамуға тән, яғни инновациялық процестің негізі болып табылатын ерекшеліктерге – ақпараттың анықталмағандығына, шектеулілігі білімнің жетілмегендігіне талдау жасаған ғалым.

Венгерлік маман  Б. Санто инновацияны қоғамдық-техникалық-экономикалық процесс деп түсінеді, яғни идеяларды, өнертабыстарды тәжірибеде пайдалану арқылы өте сапалы ерекше заттар, технологиялар жасауға болады және оны рынокқа шығарып, қосымша табыс алуға болады. Сонымен қатар Б. Санто инновацияның зертеулер мен өңдеулерден бастап маркетингтік қызметтерді де қарастыратын барлық қызмет саласын қамтитынын айтады.

А.Н. Богатырев пен П.А. Андреевтің ойлары бойынша: «Инновация – бұл экономикалық әсер алу мен коммерциялық пайдалануға дейін жеткізілген идеяларды, жаңалықтарды және техникалық өнертабысты жүзеге асыру кезінде орын алатын процесс немесе қызмет. «Инновация» ұғымына берілген осындай анықтамаларға Г.Крутиков, Б.А. Райсберг, П.Н. Завлин, А.К. Казанцев, Л.Ш. Лозовский және т.б. еңбектерінен қолдау табуға болады.

Қазіргі экономикалық ғаламдану жағдайында инновация  ұғымын 1992ж. Норвегияның астанасы –  Ослода қабылданған халықаралық стандарттарға («Ғылым және инновация статистикасындағы халықаралық стандарттар», яғни «Осло басқармасы») сәйкес сипаттауға болады. Бұл стандарттар технологиялық инновацияларға қатысты жасалған, яғни олар жаңа өнім мен жаңа процесті және де олардың маңызды технологиялық өзгерістерін сипаттайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес «инновация» тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде және рынокқа шығарылған жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде көрінетін инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

Автордың пікірі бойынша, жоғарыда аталған экономистердің инновация терминіне берген анықтамаларының  мазмұны, қысқаша айтқанда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бір, яғни кезкелген  жаңа өнім, жаңа тәртіп немесе қызмет, жаңа технология, техника болсын барлығы инновация болып табылуы үшін алдымен оның рыноктық аспектісіне көңіл бөлу қажет, яғни сауда сферасында ұсынылып, тұтынушының қажеттілігін қанағаттандырып, кәсіпкердің инновациялық қызметін ынталандыруға ықпал ету, яғни пайда әкелуі тиіс.            

   
 

1.2    Инновациялық технологиялардың негізгі принциптері мен даму әдісі

 

Қазақстан экономикасының Азия елдерінің «жолбарыстары» мен  «айдаһарларының», яғни қазіргі «жаңа  индустриалды елдердің» әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қадамдар жасау арқылы ғана қол жеткізе алады. Ол үшін Қазақстан экономикасының дамуына кері әсер етуші проблемаларды жойып, экономианы әртараптандыру бағытында алға қойған шараларды түбегейлі іске асыру қажет. Алдымен экономиканың тұрлаулы дамуына кедергі келтіріп отырған қандай проблемалар бар, соларға тоқталып өтелік.

Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай  проблемалар орын алуда:

- экономиканың шикiзат бағыттылығы;

- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

- ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;

- өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi;

- iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;

- өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;

- мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;

- кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;

- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

- ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;

- отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы;

- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;

- экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;

- менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi;

- рынокқа шығару мақсатында технологиялар мен ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы;

- технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы;

- инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк Қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;

Информация о работе Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы