Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 23:57, реферат

Краткое описание

Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады.
Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін тиімді игеретін болса, сол елдің экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.
Егер индустриалды-инновациялық даму стратегиясында анықталған негізгі басымды бағыттарды елде қарқынды дамыта алатын болсақ, онда Қазақстанның әлемдік ғылыми сиымды өнімдер рыногында беделін бәсекелік сапа, баға, сервистік қызмет көрсету арқылы арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, еңбекпен қамту және кедейлік мәселесін жою және жоғарыда аталған экономиканың басқа да кұрылымды мәселелерін шешу мүмкіндігі туындайды.