Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр.Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
I Тарау. Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны
1.1 Лизингтің даму тарихы және лизингтің Қазақстанда қалыптасуы ........
1.2 Лизингтің классификациясы ........................................
1.3 Лизингтің экономикалық мәні және оның тиімділігін бағалау
II Тарау Қазақстан Республикасындағы лизингтің
2.1 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларды жүргізуін талдау (АҚ «Қазақстан Халық Банкі» мысалында),,,.....................................

2.2Лизингтік бизнестер және оның ерекшеліктері...................................
III ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің дамуы.............................
3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары........................

Қорытынды
Қолданылған оқулықтар

Прикрепленные файлы: 1 файл

лизинг (2).docx

— 266.89 Кб (Скачать документ)

    Лизинг  алушының мүддесі:

  • лизинг саласына жаңа мүлік объектілерін келтіру;
  • өндіріске қажетті құрал-жабдықтарды, мүліктерді және қазіргі заман технологияларын бөліктеп төлеу арқылы алып және оларды тездетіп пайдалану;
  • лизинг бойынша берілетін салық жеңілдіктеріне байланысты қаражат жыйынтықтарын үнемдеу;
  • лизингтік төлемдер механизмінің икемділігін қамтамасыз ету;
  • өндірісті техникалық жарақтандыру үшін керек бастапқы капиталдың қажеттілігін төмендету;
  • пайдадан алынатын салықты және салық шығындарын төмендету;
  • әкімшілік шығындарын азайту;
  • негізгі құрал-жабдықтардың моральдық және табиғи тозу қаупін лизинг берушіге аудару;
  • еңбек өнімділігін арттыру;
  • өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту;
  • лизинг шартын жасау тәртібін ықшамдау;
  • ақша ағымдарын жоспарлауды оңтайландыру;
  • ағымдағы капитал айналымын қысқарту және өндірісті кеңейтуге арналған капитал айналымын молайту;
  • экономикалық еркіндікті кеңейту. 

Жеткізушінің  мүддесі:

  • өнімді пайдаланушылардың қатарын кеңейту және осыған сәйкес табысты молайту;
  • шығарылған өнімнің кемшіліктерін жедел табу;
  • шығарылатын өнім үлгілерін тездетіп ауыстыру және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру;
  • төлем-төлемеу қаупін дер кезінде шешу;
  • лизинг алушылармен көп жылдық қарым-қатынаста болу.

 Инвестордың  мүддесі: несие және лизинг затының мақсатқа сай

пайдалануын қатаң қадағалауда  ұстап отырып пайыздық табыс табу;

Кепіл берушінің  мүддесі:

  • кепіл бергені үшін сыйақы алу;
  • кепілдікке байланысты тәуекелдікті азайту.

     Делдал  мүддесі: агенттік функцияны жасағаны үшін сыйақы алу;

     Сақтандырушының мүддесі: сақтандыру тәуекелдігін неғұрлым азайту нәтижесінде сақтандыру сыйақысын алу.

     Лизинг  операциясына қатысушылардығ жалпы  мүддесі:

  • өздерінің бәсекеге жарамдылық дәрежелерін жоғарылату;
  • бизнес және капиталды пайдалану пайдалану салаларын ұлғайту;
  • лизингтік бизнесте кездесетін қауып-қатерлерді неғұрлым азайту.

Лизингке берілген мүліктердің  экономика секторлары бойынша құрылымы:

  • ауыл шаруашылығы  -  47 %
  • көлік және сауда       -  17%
  • құрылыс                    -   13%
  • өнеркәсіп                   -  9%
  • сауда                          -   6%
  • басқа салалар           -  8%
  1. ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

3.1  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ 

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңінде лизингтік қатынастарды белсенді түрде пайданалу қажеттіліктерін айтып қана қоймай, сонымен бірге, осы қатынастарды білікті түрде басқаруға да ете көп көңіл бөлу қажет. Соған байланысты, еліміздегі лизингтік қатынастарды басқарудың бірнеше деңгейін қалыптастырудың қажеттілігі бар. Ол келесі 7-суретте  көрсетілген


      ЛИЗИНГТІК  ҚАТЫНАСТАРДЫ  БАСҚАРУ                    

           

МЕГАДЕНГЕЙ

 

МАКРОДЕНГЕЙЕИ

 

МЕДИАДЕНГЕЕЙ

 

МИКРОДЕҢГЕЙ    \ 4

Халықаралық

ұйымдар деңгейінде

басқару

 

Мемлекеттік деңгейде басқару

 

Лизингке беруші субъектілер деңгейінде басқару

 

Лизингкс алушы  субъектілер денгейіиде

 

Лизингтік

қатынастарды реттеу бойынша ұсыныстар беру арқылы лизингтік қатынастардың дамуына қолайлы жағдай жасау

 

Тұрақты құқықтық базаны жасау арқылы, лизингтік қатынастардың

дамуын ынталандыру

 

Лизингтік 
қатынастардың 
тиімді моделін 
қалыптастыру

 

Лизинг объектісін пайдалану арқылы қажетті тиімділікке қол жеткізу


 

  1. Сурет 7 - Лизингтік қатынастарды басқару деңгейлері
  2.      Әртүрлі халықаралық ұйымдар үкіметтік емес ұйымдардың, университеттердің, халықаралык агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизинпік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, лизингтік қатынастарды мегадеңгейде басқаруда маңызды роль аткарады. ҚР-да халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агенттігінің қаржылық қолдауымен 2010 жылы лизинггі дамыту бойынша Жоба өз қызметін бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты лизинггік қатынастарды реттейтін заңдылыктарды жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдарына жәнс Парламентке ұсыныстар беру, қаржылық және кәсіпкерлік орталарда лизинг туралы танымдылықты жоғарылату және лизингтік сектордың ресурстық базасын кеңейту бойынша көмектер жасау болып табылады. Қазіргі кезде осы Жобаның бірінші және  екінші кезеңдері толық іске асырылған. Ал үшінші кезеңін іске асыру үшін Халықаралық қаржылық корпорацияның инвестициялық департаменті мен бірлесе отырып, Орталык Азияда лизингті қаржыландыру  Қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Лизингтік қатынастарды мегадеңгейде басқаруды дамыу үшін шетелдік инвесторлар тартуға көбірек көңіл бөліну қажет.

     Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойып отырғанда, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандык өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандык өндірісті, сол арқылы отандык өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай-ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалык факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 70-80%-га дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандык өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде еліміздің үлттық банктік жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттындыру мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден аз емес мөлшерде инвестициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, біздің ойымызша, лизингтік қатынастар негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизинггік қатынастар экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық кызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылык құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалык қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ.

       3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары

 

Кәсіпкер  өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден, егер құрылғыларды лизингке алу банктік несие есебінен сатып алуға қарағанда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алуы үшін сенімді несиелік тарихы болмаса. Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуекелділіктерге бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.

Лизингтік қызметтер нарығы сегменттерінің бір белгісі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына, оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтайтындығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушылардың алынуына, олардың сұраныстарының сипатын анықтайтындығы әсер етті.

Енді, осы  кестеде -27  көрсетілген лизингке алушы тұлғалардың әрбір типіне неғұрлым толығырақ сипаттама берейік.

Қаржыгерлердің  III Конгресінде ҚР-ң Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-ң Үкіметіне және ҚР ҰБ-не индустриялдық саясат шеңберінде приоритеттік маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмін дамытуды тапсырғаны белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік сұрақтарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгілі. Шағын кәсіпкерлік жалпы экономиканың дамуының қозғаушы күші бола отырып, халықты жұмыспен қамту деңгейін қамтамасыз етеді және қоғам тұрақтылығының негізі - орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

Міне  осы шағын кәсіпкерліктің дамуына  әсер ететін факторлардың бірі сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы  болып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бір қосымша ақша қаражаттарының көзін іздестіру болып табылатындығы белгілі. Ал 2009 жылғы қараша айындағы деректер бойынша банктік сектордан шағын бизнеске бөлініп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлінген несиелердің 22,7% ғана құрап отыр. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Осы сегментке  тән сипаттық белгілердің бірі- шағын кәсіпорындарды қаржыландыру күрделі қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелділі жоғары түрі болып табылатындығы. Оның себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады;

1. Шағын кәсіпорындардың көбісінің кепілге қоятын өтімділігі жоғары мүліктері жоқ;

2. Шағын  кәсіпорындарда білікітілігі жоғары мамандардың аздылығы немесе жоқтығы;

3. Қарызға алынған қаражаттардың өз мақсатына пайдаланылуына бақылау       жүргізудің нақты мүмкіндіктерінің жоқтығы.

Осы себептерге сәйкес шағын бизнеспен жұмыс істеуге шешім қабылдаған  несиелік  мекемелер мынадай мәселелерге кездеседі:

1. Көптеген  экономикалық және қаржылық ақпараттарды  талдаудағы және   шағын кәсіпорындардың (әсіресе регионалдық) осы ақпараттарды берудегі кәсіби деңгейлерінің төменділігі;

2. Шағын  кәсіпорындардың пайдаланатын құрылғыларының көп түрлілігі.

Осындай қаржылык, инвестициялардың тәуекелділігінің, жоғарлылығы шағын кәсіпорындар үшін банктерден берілетін несиелердің бағасы мен мерзіміне де әсерін тигізеді.

Ал, лизингтік  қатынастар осындай тығырықтан шығудың  бір жолы болып табылады, себебі лизингтік қатынастар кезіңде несие беру үшін қажетті қамтамасыз ету мөлшеріне қойылатын талаптар банктік несиеге қарағанда салыстырмалы түрде төмен.

Біздің  ойымызша, бүгінгі күні лизингтік  компаниялар шағын бизнес сегментін  игеруге неғүрлым көбірек умтылулары қажет. Ол үшін лизингтік компаниялардың ең төменгі шығындармен қамтамасыз етілетін перспективті инвестициялық  жобаларды таңдаудың тиімді механизмін құру арқылы, шағын кәсіпкерлер сегментіне тән тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктері болуы керек. Міне осы стратегия осы сегментте белгілі бір жетістікке қол жеткізуге көмегін тигізеді.

Сонымен біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлер  сегментімен лизингтік қатынсатар орнатудың міндетті шарттарының  бірі перспективті жобаларды таңдаудың  тиімді механизмінің болуы. Осы жерде  ең алдымен осы механизмнің міндеттері мен параметрлерін анықтау керек. Яғни, бір жағынан өмірлік қабілеттілігі  жоқ жобаларды қаржыландыру арқылы тәуекелділікті жоғарлатуға жол бермеуді, ал екінші жағынан өте қатаң талаптар қою арқылы барлық, жобалардың тым қатты сұрыпталуын болдырмауды ескеру қажет. Бұл жерде лизингтік компанияның лизингтік келісім-шарттарды бекіту үшін қаралатын жобалар санын тәуекелділіктерді жоғарылатпай көбейтуге, яғни көрсетілген екі талапты біріктіруге мүмкіндіктері болуы қажет.

Осындай тығырықтан шығудың бір жолы біздің ойымызша, лизингтік қатынастарға әртүрлі ұйымдарды тарту арқылы қаржыландырудың көптеген схемаларын құру. Бүгінгі таңда, лизингтік қатынсатарға гарант ретінде мемлекеттік органдарды немесе өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары жеткізушілерді тартудың өте үлкен потенциалы бар. Себебі, қазіргі кезде мемлекет экономиканың кейбір нақты салаларын дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

Сонымен бірге, лизингтік компаниялар құрылғыларды (мүліктерді) тиімді басқаруды ұйымдастыру арқылы өз тәуекелділіктерін төмендете алады. Яғни, лизингтік компания өз қасиетіне тән емес қызметтерді де өзіне жартылай алуы мүмкін. Ол үшін лизингтік компания лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті көптеген экономикалық жәие қаржылық ақпараттарға талдау жүргізу жұмыстарын өзі атқаруы қажет. Себебі, біз жоғарыда айтып кеткеніміздей, көптеген шағын кәсіпорындарда осындай ақпараттарды беру үшін біліктілігі жоғары мамандар аз немесе мүлдем жоқ. Бірақ осындай схема бойынша әрбір жобаны таңдау лизингтік компания үшін де қымбатқа түсетіні белгілі. Сондықтан, лизингтік компания өз шығындарын азайту үшін халық шаруашылығынын, перспективті салалары мен бағыттарын үнемі қадағалап отыруы қажет. Содан кейін ол белгілі бір жеткізушіні таңдайды және сол құрылғыларды пайдалану арқылы өндірісті жүргізудің, дамытудың перспективтілігін толық есептейді.

Информация о работе Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары