Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 08:45, реферат

Краткое описание

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пада болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауармен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар

Содержание

Кіріспе
Бөлім 1. Ақшаның пайда болуы мен мәні.
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы
1.2 Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
1.3 Ақшаның түрлері
Бөлім 2. Ақшаның қызметі.
2.1 Ақшаның атқаратын қызметі
2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы.
3.1 Қазақстан Республикасының валютасы.
3.2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ақша әне оның қызметі.docx

— 43.25 Кб (Скачать документ)

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай  түрде топтастыруға болады:

тауарлар және көрсетілетін қызметтер  бойынша төлем міндеттемелері;

мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;

сақтандыру міндеттемелері;

әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

Ақшаның төлем құрал қызметін толық  бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады. Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынды, сөйтіп тауарды сатып алу және сату қозғалысы үзіледі.Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады:

Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық  және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол  сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде  қоғамдық қорлану формасында;

Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда  байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларды қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлық құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге заем немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретінде металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» деп жазды. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты халықаралық валюталық қордың СДР – і атқарады.1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа валюта «Еуро» енгізілді. Еуропалық валюталық одаққа бастапқы да 11 ел қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1-қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1-қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылдың 1-шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.

2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы.

Ақшаның объективті қажеттілігі тауар  өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша – кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір – бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл – ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп түсіндіреді. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзінің “Никомахова этика” деген кітабында “Айырбасқа қатынастардың бәрі өзара салыстырмалы болуы керек. Айырбасты болдыру үшін шарттылыққа негізделген әрбір өлшем болуы қажет” деп жазған.Бұл ой көне Рим қоғамында заңға енгізіліп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекіткен. ΧVІ ғ. бас кезінде утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің “Золотая книга о наилучем устройсве государства и новом острове Утопия” деген еңбегенде «барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс шешілуі мүмкін болар ма екен» деп жазған.Сондай-ақ XIX утопист – социолистер Прутон, Оуэн, Грейт және басқалар да ақшаға жағымсыз көзқараста болды. Мысалы, Прутон тауар өндірісін сақтап қалумен қатар ақшаны құртудың жобасын жасап және оны дәлелдеуге тырысты. Сол сияқты 1832 ж. Р. Оуеннің тауарларды ақшасыз «еңбек бондарын» қолданып, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас жүргізуге ұмтылған әрекеттерді банкроттыққа соқтырған.Субъективті ой-пікірлер ХХ ғасырдағы көрнекті экономистерге де тән. Мысалы, американдық экономист П. Самуэльсон ақшаға жасанды әлеуметтік шарттылық ретінде қараса, Дж. К. Гэлбрейт «ақшаның қызметін асыл металдарға және басқа заттарға бекіту – адамдар арасындағы келісімнің өнімі» деп есептейді. Орыстың көрнекті ғалымы Струмилин С. Г. Ақшаның орнына белгілі бір еңбек өлшемін, ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық өлшемді ұсынды. Сондай-ақ 90-жылдардың бас кезінде шыққан «Экономикс» атты кітабында К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю «ақша адамдарды сиқырлайды, ақшаның кесірінен олар азаптанады, ақша үшін еңбектенеді. Ақша – ол өзіне баурайтын, қайталанатын, құбылмалы перделі жұмбақ нәрсе» деп жазды. Сөйтіп, рационалистік концепцияны жақтаушылар тобы – ақша адамдар арасындағы келісімнен туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста болды.Ал, эволюциялық концепцияны (өрістеу, бірте-бірте даму көзқарасын) жақтаушылар бұл «жұмбақты» басқаша шешуде. Бұл концепция қоғамдық тауар өндірісін зерттей келіп, ақша адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар екенін дәлелдейді. Алғашқы болып ақшаның тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының дамуына көп еңбек сіңірген К. Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым формасынан «көз шағылыстыратын» - ақшалы формасына дейін ұзақ даму жолдарын зерттей келіп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай-ақ К. Маркс ақшаның қажеттілігі жөнінде «егер ақша жойылса, біз қоғамдық өркендеудің ия ең жоғары дәрежесінде болармыз, ия қоғамдық өсудің ең төменгі сатысына лақтырылып тасталармыз» деп өз ойын қорытындылаған. Ал коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, одан әрі де бола береді. Маркстің айтуынша, табиғат ақша шығармайды, ал алтынға ол қасиетті қоғам берген. Себебі:

Біріншіден, оның өте жақсы табиғи сапасы бар: біртектілігі, оңай бөлінуі, әдемі түрі, тотықтанбауы, бұзылмай сақталуы. Ол тек «патша арағында» ғана ериді.

Екіншіден, бұл ең бастысы, алтынның біршама жоғары құны бар және алтын ақша құнсызданбайды.

Алтынның қоры шектеусіз еместігінен, оны шығаруға зор еңбек жұмсалады. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан оның құнсызданбауы туралы, егер толық құнды алтын ақшаның айналымдағы мөлшері оның нақты қажеттілігінен көп болса, онда олар айналымнан шығып, байлық қорына түседі. Керісінше, айналымға қолма-қол ақшаның қажеттілігі өссе, онда алтын ақша ешбір кедергісіз байлық қорынан айналымға кері оралады. Алтын ақшаның, өз иемденушісіне зардапсыз, айналым қажеттілігіне оңай, әрі тез икемделетін мүмкіндігі бар.«Ақша – зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы». Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды. Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әртүрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған – жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің түріне және көлеміне жоспар бекітті. Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әртүрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, корпоративтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімінің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады. Сонымен қатар, қазіргі кезде кәсіпорындарды жеке меншіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әртүрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда, ақша – тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар  өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан  нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.Сөйтіп, ақшалар ертеден азаматтың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, балықшы, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызымет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың  қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер бұрындары сатып алу  процесі жалпыға бірдей эквивалентпен  талтынмен жүргізілсе, бұл күндері  қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.Қазіргі кезде кәсіпорындарды жекешелендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс – шараларда ақшаның маңызы арта түсуде. Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфлияциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

1. Ақша, несие, банктер\ Жалпы  ред.Ғ.С. Сейтқасымов. Алматы: Экономика, 2001 жыл.

 

2. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары\ Жалпы ред.Б.А. Көшенова Алматы, Экономика, 2000 жыл.

 

3. Ақша айналысы және несие\ Жалпы ред.С.Б. Мақыш. ИздатМаркет Алматы, 2004 жыл.

 

4. Коммерциялық банктердің операциялары\ Жалпы ред.С.Б. Мақыш. ИздатМаркет  Алматы 2002 жыл.

 

5.Деньги, кредит, банки\ Под ред.О.И.Лаврушина. Москва, Финансы и статистика 2000 год.

 

6. Финансы, деньги, кредит\ Под ред. О.В. Соколовы. Москва, Юристь 2001 год.

 

7. Общая теория денег и кредита\ Под ред. Е.Ф. Жукова. Юнити, Москва 2000 год.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 3. Валюталық жүйе.

 

3.1 Қазақстан Республикасының валюта  жүйесі.

Қазақстан 1992 жылдың шілдесіде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің  құрылымдық қағидалары мен қордың жарғысына  сәйкес қалыптастырула. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде  «валюталық реттеу туралы» алғашқы  заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан  сом аймағында болғандықтан шетелдермен  жеке валюталық байланыстары жоқтың қасы болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға  шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң  бағаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып  келе жатқан валюта қатынастарына тіпті  қарама – қарсы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда  «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды. Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы заң; «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурызындағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысыты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 жылдың 20 шілдедегі заң, «Банк және банк қызыметі туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы заң, сонымен Қазақстан Республикасиның Президентінің Жарлықтары жатады. Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, алтын және басқа металдарды республикаға әкелу және алып кету , жібіру тәртібін белгілеу болып табылады. Валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады. Резиденттерге жататындар:

- Қазақстан Республикасында тұратын  жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;

- Қазақстан Республиасының заңдары  бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай – ақ олардың Қазақстан  территориясындағы филиалдары және  одан тыс жерлердегі өкілдіктері;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай – ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.

ҚР-ғы «резидент еместерге» жоғарыда республика «резиденттері» түсінігінде  көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады. Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу сату мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол: шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы (сфера) мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы (мүдде) көлеміне де енгізеді;

резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен  және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;

резиденттердің шетел банктерінде  шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық  операциялар жүргізуге лицензиялар  береді;

ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін, сондай – ақ шетел валюталарымен  және бағалы металдармен жасалатын  операциялар бойынша Қазақстан  теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;

алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;

халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы – валюталық  және несие – есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;

қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валюталарын тартады.

Қазақстанда валюталық бақылауды  валюталық бақылау органдары  және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары  болып Ұлттық банк және Қазақстан  Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:

жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен  рұқсаттың болуы;

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы