Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 14:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабыядаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды.

Содержание

І.тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.

І.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы.

І.2.Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы. Құрылымы.

ІІ.Тарау .Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарғының
қалыптасуы.
ІІ. 1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.
ІІ. 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.DOC

— 344.00 Кб (Скачать документ)

Акцияның     мөлшері,     санаты     (категориясы)     және көрсетілген құны туралы мәліметтер.

Банктің жарғысында шаруашылық серіктестіктері туралы заңда қарастырьшған мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі; ашықтамалар болуы керек: банктің толық және қысқартылған фирмалық атауы; банктің ұйымдастыру-құқықтық формасы мен меншік 
формасы туралы белгілер; -банктің қорларын құру жәке пайдалану принциптері; банктің басқару органдарының қаулы қабылдау тәртібі, оған қоса акционерлердің көпшілік даусы қажет

Ұлттық банктен басқа банктер өзінің атауына кез келген тілде толық немесе қысқартып "ұлттық", "орталық" деген сөздерін келтіруге, дәл сол сияқты мемлекеттік банктен басқа банктер «мемлекеттік» деген сөзді пайдалануына болмайда.

Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік операциялар жүргізудің негізгі көзі деп саналады. Алғашқыда  ол (мемлекеттік  банкті алғанда) акция сату есебінен, ия болмаса «құылтайшылардың» жарастығы қалыптасады. Банктің қолдаушы акционерлері   сатып   алған   акцияларына   тек   ақша   төлеумен міндетті. Жабық акционерлік қоғам тіліндегі банк акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепіл және басқа да тартылған қаражатты қолдануға акциясы    алғашқы    нарықта    барлық    құрылтайшылардың шешкен құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайшы құжаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет.

Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:

Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капиталдандыру және банктің облигация-сын оның акциясына айырбастау есебінен;

Екіишіден, акцияның көрсетілген құнын өсіру  жолымен.

Банктің жоғарғы басқарушы органы - акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің Басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, Қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері мен олардың орынбасарлары саналады. Банктік заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады (сайланады), әдетге олардың банк жүйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қызметкерлер Ұлттық банктің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға кұқы жоқ.

Акционерлердің  жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма-жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың, Қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.

Акционерлер жиналысының төмендегідей құқықтары бар:

банкке  қатысушылар санын немесе одан шығушылар 
санын өсіру туралы шешім қабылдайды;

Қадағалау    кеңесін,    тексеру    комиссиясын    сайлап, 
олардың өкілдік мерзімін анықтайды;

Жарғалық қордың мөлшері және оны өзгерту туралы 
қаулы кабылдайды; үлестің мөлшерін анықтайды; банктің Жарғысын, қадағалау кеңесі, басқарма, тексеру  комиссиясы   туралы   ережелерді   бекітіп,   оларға өзгерістер енгізеді; банктің жылдық балансын, өткен жылғы пайдасы мен шығыны    туралы    есепті,    тексеру    комиссиясының қорытындысы мен есебін қарап, оларды бекітеді;

банктің пайдасын бөліп, банк қызметін  анықтайтын кейбір мәселелерді шешеді.

Банктің Кеңесі: банк Басқармасының төрағасы  мен  оның мүшелерін қызметке бекітіп және одан босатады;

Жарғылық   қорды   ұлғайту   немесе   азайту   туралы, 
банктің Жарғысын өзгерту мен толықтыру және басқа да  жиналыста  қаралатын  мәселелер  жөнінде   акционерлер жиналысына ұсыныс жасайды; несие берудің негізгі жағдайларын анықтайды;

банктің филиалдары мен өкілдіктерін ашу және олар   дың құқықтарын белгілеу мәселелерін шешеді;

банктің,     оның     филиалдары     мен     өкілдіктерінің құрылымын   және   қызметкерлер   санын   анықтайды, еңбек   жөнінде   экономикалық   нормативтерді   және банкті дамыту үшін қажет шығындар мөлшерін  бекітеді;

Басқарма  жұмысын бақылайды. Банктің Кеңесін оның төрағасы тоқсан сайын кемінде бір рет шақырады. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі оның мүшелері мен Тексеру комиссиясының мүшелерінің 73 нің ұсынысы бойынша өткізіледі. Кеңестің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып саналады. Егер мәжіліске Кеңес мүшелерінің 2/3  бөлігі қатынасса, Кеңестің шешімі занды деп есептеледі.

Банктің Басқармасы:

- банктің   күнбе-күнгі   оперативті   жұмысын   ұйымдастырып,     акционерлер     жиналысының     және     банк Кеңесінің     шешімдерінің     орындалуын     қамтамасыз етеді;

банктің   құрылымдық   тараулары,    филиалдары    мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді; кадрларды   Таңдау әзірлеу   және   пайдалану   мәселелерін шешеді; өзінің Ережесіне сәйкес банк қызметінің басқа да мәселелерін шешеді.

Егер  мәжіліске Басқарма мүшелерінің" қатынасушылары 2/3-нен кем болмаса, банктің Басқармасы қарауына ұсынылған барлық сұрақтарды шешуге құқы бар. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болса, Басқарма төрағасының дауысы шешуші болып саналады. Басқарма мүшелері қабылданған шешіммен келіспесе, онда өз ойын банктің Кеңесіне хабарлауға құқы бар. Басқарма төрағасы банк берген өкілдігіне сөйкес банк жұмысын басқарып, Кенес жұмысына кеңесші дауыс құқымен қатысады.

Жалпы кез келген баңктің ұйымдық құрылымы банктік операциялардың атқаратын міңдетін ескеріп қалыптасады. Мысалы, банктің қаражат тарту және жинақтау операцияларын (банктің пассив операциялары) депозиттік операциялар, игеру-опирациялық, несие және.т.с.с. басқармалары орындаған. Әрбір коммерциялық банк банкте шаруашылық есепті қалыптастыру, банктің рентабельділігіне (пайдалылығына) және өргімділігіне, көп көңіл бөлуі тиіс. Ол үшін банктің алдағы; қызметімен шұғылданып, банктің жалпы жұмысына ұйымдастыру әсерін тигізетін құрылымдық бөлімшелер қалыптастырылады.

Банктің   актив   операцияларын   жүзеге   асыратын   негізгі: буыны  -  несие   басқармасы.  Банк  кәсіпорындарға,  ұйымдарға   және   басқа   банктерге   несие   береді.   Қарыз   қорын қалыптастыру көздерінің ерекшеліктеріне, берілетін несиенің қамтамасыз   етілуіне   және   несиелеу   механизміне,   несиені қолданатын жеріне және басқа факторларға байланысты несие басқармасының шеңберінде, әдетте, алты бөлің құрылады.

Несие операцияларын ұйымдастыратын жалпы бөлімі- ол:

нақты экономикалық жағдайларға байланысты банктің 
жалпы     саясатын     және     оны     орындау     тәртібін анықтайды;

қысқа   мерзімді   жәие   ұзақ   мерзімді   несиелеу   мен қаржыландырудың   жалпы   әдістемелерін,    сондай-ақ, клиенттің несие қабілеттілігін анықтау және перспективалық   қаржылық   қызмет   керсетуді   ұйымдастыру әдістемелерін дайындайды;

несиелік  тәуекелді зерттеп,  банктік несие  операцияларын сақтандыру мехавизмін анықтайды.

2. Қысқа мерзімді несиелеу бөлімі - ол: қарыздар мен қарыздың түріне байланысты банктің несилік потенциалына (мүмкійдігіне) қарай несие ресурстарын анықтайды; несие алудың қажеітілігін айқындап біледі; несиені   беруді   ұйымдастырып,   иесие   істерін   жүргізеді;

несие шарттарын жасайды; клиенттердін несие қабілеттілігін тексереді;

несие қабілеттілік картотекасын жүргізеді; факторинг операцияларын ұйымдастырады.

3. Ұзак   мерзімді   несиелеу   және   қаржыландыру 
бөлімі - ол: банктің инвестициялық потенциалына қарай несиелеу 
мен қаржыландырудың негізгі бағыттарын айқындайды; қаржыландыру    мен    несие    операцияларын    ұйымдастырады; несие беру және қызмет көрсету шарттарын жасайды; клиенттердің    несие    қабілеттілігін    тексеріп,    несие қабілеттілік картотекасын жүргізеді; клиенттің инновациялық ісіне байланысты несиелейді және    клиенттің    инновациялық    қызметін     қаржыландырады; клиенттің     тапсыруы     бойынша     қаржыландыруды ұйымдастырумен шұғылданады;

- ұзақ    мерзімді    жобаларды    ендіру    үшін    серіктер 
іздестіруде және оларды іске асыру үшін мердігерлер 
табуда делдалдық көмек көрсетеді.

4. Халықты несиелеу бөлімі - ол: тұтыну тауарларын сатып алуды және тұрғын үй салуды        тікелей        және        жанама        несиелеуді ұйымдастырады; несие карточкасын береді; халыққа басқа да көптеген қызмет көрсетеді.

5. Банкаралық операциялар бөлімі Ұлттық банкпен, басқа да коммерциялық банктермен, сондай-ақ өзінің бөлімшелерімен есеп жүргізуді және барлық банкаралық операцияларды талдауды ұйымдастырады.

6. Дәстүрлі емес банктік операциялар бөлімі несиелеумен, мысалы, лизинг операцияларын жүргізумен шұғылданады.

Коммерциялық  банкте валюта басқармасы маңызды қызмет атқарады, Ол: валюталық позицияны (қалып) жүргізеді; валюта шоттарын жүргізеді;

валюталарды сатып алып және сатады; қаржыны салымдарға қабылдап, қарыз береді; тәуекелді сақтандырады.

Бұл басқарманың ерекшеліктеріне байланысты төрт бөлім құрылуы мүмкін: талдау бөлімі; валюта шоттары мен валюталық позицияны жүргізу бөлімі; кассалық мәмілелер бөлімі; мерзімді мәмілелер, халықаралық есеп айырысу, "ностро" және "лоро" шоттары, саудалық емес операциялар бөлімі.

Депозиттік операциялар басқармасы-банктің, өз капиталы мен тартылған қаражатын талдаумен және есептеумен шұғылданып, негізінен мына, қызметтерді атқарады: банктің    депозиттік    қаражатын    олардың    мерзіміне қарай және әрбір депонент (ақша салушы) бойынша 
есептеу; қаражатты депозитке салу үшін шарт жасау; тартылған   қаражатты,   оның   құрылымын   және   банк ресурстары,    оның    балансының    өтімділігіне    әсерін бағалау мақсатымен даму динамикасын талдау; банктін ресурстарын жоспарлау үшін  қажетті  хабарларды беру.

Қор (фондовый) бөлігі банктің өз каражатын есептеу мен талдау қызметін жүргізеді. Олар: банктің каржылық қаражатын есептеу, оларды талдау және даму динамикасын есептеу;

банкке қарайтын бағалы қағаздарды сатып  алу және 
сату  операцияларын,   сонымен   бірге  клиенттердің де 
тапсыруымен дәл осындай операцияларды жүргізеді.

Клиенттерге   есептеу-кассалық   қызмет    көрсету    мақсатында    банкте    есептеу-кассалык    баскармасы   құрылады. Оның негізгі қызметтері: шоттарды ашу және есептесуді жүргізу;

кассалық операцияларды өткізу.

Банктің ең басты қызметтерінің бірі - өзінің филиалдары мен өкілдіктерін басқару. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банктің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттілік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі. Оның банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

Банктің өкілдігі - занды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлімшесі.

Банктің есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) -банктін. Ұлттық банк берген келісімі бойынша құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын филиалдық не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын аймақтық оқшау бөлімшесі.

Аталған банк мекемелерінің статусына байланысты (филиал, өкілдік, жинақ кассасы) олардың қызметі және оларды басқару формасы да әр түрлі болады. Филиалдар кейбір банктік   операцияларды   орындамайды: мысалы, корреспондент-банктермен операциялар,   халықаралық  операциялар, инвестициялық және басқа операциялар.

Банктін    филиалдарды    басқару    қызметіне   төмендегілер кіреді:

қызметін  басқару; несие саясатын және несие операцияларын жүргізуінің 
дұрыстығын бақылау; банк        жұмыстарының        тиімділігін        арттыратын жұмыстың жаңа әдістерін енгізуге көмектесу.

Талдау және  статистика  басқармасы  (бөлімі) төмендегідей жұмыстарды орындайды: статистикалык хабарларды жинақтау жэне талдау; клиентерге (занды және жеке тұлғаларга) хабарлама-анықтама кызметтерін корсету; банктің  қызметі   туралы   есепті,   жоспардың  жобасын дайындау; банктің балансын статистикалық тұрғыдан дайындау;

- эксперттік   зерттеуді,    банкті    бағалауды    (клиенттер 
үшін де) дайындау және орындау.

Кадрлар бөлімі: қызметкерлердің санын және оларды қолдануды  жоспарлайды; кадрлардың    мамандығын    көтеруді    және    оқытуды 
ұйымдастырады; еңбекақы корын басқарады; қызметкерлерді     таңдаумен     және орналастырумен шұғылданады.

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі банктің ғимаратын, құрал-жабдықтарын салумен, жоспарлаумен, сатып алумеп, жөндеумен және сатумен айналысады. Электронды-есептегіш машиналар бөлімімен бірлесіп электрондық жүйені қосу, банктің мекемелерін электронды-есептегіш машиналар жэне оргтехникамен қамтамасыз етумен, сондай-ақ архив ісімен шұғылданады.

Заң бөлімі:

- нормативтік    құжаттарды    дайындап,   банктің   жарғысына өзгерістер енгізеді;

жарғылық  шарттардың орындалуын және банктік мәмілелердің дұрыс дайындалуын бақылайды; шарттарды, кепілдік актісін және басқа іс қағаздарын толтырады; банктің сот және әкімшілік  мекемелеріндегі  барлық ісін жүргізеді; талап арыздарды, пікірлерді, шағымдарды және басқа әр түрлі актілерді толтырады; банкте     туындаған     барлық     құқықтық     мәселелер бойынша қорытынды жасайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері