Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 14:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабыядаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды.

Содержание

І.тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.

І.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы.

І.2.Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы. Құрылымы.

ІІ.Тарау .Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарғының
қалыптасуы.
ІІ. 1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.
ІІ. 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.DOC

— 344.00 Кб (Скачать документ)

Тексеру бөлімі банктің және оның филиалдарының жұмысының банктің Кеңесі бекіткен ережелерге, нормаларға сәйкес болуын тексереді.

Электронды-есептегіш машиналарды енгізу және колдану бөлімі:

банктің компьютерлік жүйесін ұйымдастырады; есеп айырысу мен төлемнің электрондық орындалуын қамтамасыз етеді; банктің басқармалары мен бөлімдері үшін бағдарлама дайындайды;

банкті электронды-есептегіш  техникамен  жабдықтаудың ағымдағы және болашақтағы бағдарламасын жасайды; әкімшілік бөліммен бірігіп осы бағдарламаны жүзеге асырады.

Нарықтық  экономика жағдайында банк қызметінің басты бағытының бірі - банктік кызметтің маркетингі. Маркетинг басқармасы: жаңа клиенттермен байланысты қамтамасыз етеді; іскерлік байланыстың дамуына әсер етеді; жаңа операциялар мен банктік қызметті енгізуге және дайындауға әсер етеді; нарықтық конъюнктураны зерттейді;

клиенттерге кеңес берумен көмектеседі.

Банктің клиенті - банкпен шарт жасасып банкте шот ашқан кез келген заңды және құқықтық тұлға. Біздің елімізде  Ұлттық  банкпен,  коммерциялық  банктермен  және олардың клиенттері арасындағы қатынастар келісім шарт негізінде жүзеге асырылады. Шартта банк пен клиенттің қарым-қатынастарының негізгі тәртібі анықталады. Шартқа сай банк пен клиенттің арасындағы іскерлік қатынастар өзара сенімге негізделіп құрылады. Шартқа несие «және, салым депозит) бойынша проценттік мөлшер, банктік қызметтердің және олардың орындалу мерзімі, шарттың жағдайларын бұзғаны үшін екі жақтың мүліктік жауапкершілігі, сондай-ақ шартты бұзу және басқа да шарттың елеулі жағдайлары көрсетілуі тиіс. Шартта көрсетілген міндеттер мен құқықтар біржақты өзгертілмейді.

Банктік шоттар. Банк пен клиенттің құқықтық өзара қатынастары банкте шот ашудан басталады. Біздің елде клиент өзіне қажетті мөлшерде есеп айырысу, депозиттік және басқа да шоттарды ұлттық, шетел валютасымен кез келген коммерциялық банкте ашуға құқылы. Мысалы, егер клиент құқықтық тұлға болса, негізгі қызметіне қарай бірнеше шот ашуға мүмкіндігі бар. Ондай шоттардың бірі - есеп айырысу (ағымдағы) шоты - ол өнімді (тауарды, қызметті) сатудан түскен түсімді және басқа да табыстарды есептеу үшін, сондай-ақ тауарды жөнелтушілермен, бюджетпен, жұмысшылармен, қызметкерлермен есеп айырысу үшін және басқа төлемдерді есептеуге қолданылады. Есеп айырысу шотынан басқа банктің клиенті депозиттік, иесиелік және басқа шоттар ашуы мүмкін.

Банктің операциялар жүргізуі банк қызметі болып табылады. Банктің дәстүрлі қызметтері мыналар: қаражатты депозиттерде шоғырлау (тарту);

оларды  орналастыру (инвестициялық қызметі); клиенттерге есептесу-кассалық қызмет көрсету. Банктер  ең  алдымен  арнаулы   несие  институттары  ретінде, бір жағынан, экономикадағы уақытша бос ақша қаражатын тартумен шұғылданса, екінші жағынан, осы тартылған қаражатпен кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың әр түрлі қаржылық қажетін өтейді. Әр түрлі клиенттердің, мысалы, ұсақ салымшылардан ірі фирмаларға дейін, қаржылық қажеттерін банк көптеген операциялар жүргізу арқылы қанағаттандырады.

Банктің жүргізген операциясы - банктің өз қызметін ісі 
жүзінде атқаруының көрінісі. Қазақстан заңдарына сай 
банктік операцияларға негізінен мыналар жатады: заңды      және      жеке      тұлғалардың      деяозиттерін қабылдау, оларға шоттар ашу және жүргізу; банктер  мен  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін    жүзеге    асыратын    ұйымдардың    корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу; кассалық операциялар. банкноталар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, 
сұрыптау, қаттап буу және сақтау; аудару операциялары, заңды және жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;       есептеу (дискоит) операциялары: заңды және жеке 
тұлғалардың     вексельдері     мен     өзге     де     қарыз міндеттемелерін есепке алу; қарыз беру операциялары: төлем, мерзім, қайтарым 
талаптарына   сәйкес    заңды    және    жеке    тұлғаларға 
ақшалай несие беру; сенім (траст) операңиялары: сенім білдірген адамның мүддесі  үшін  және  соның  тапсыруымен  тазартылған  бағалы  металдарды  және  бағалы  қағаздарды басқару; клиринг операциялары: төлемдерді жинау, салыстыру,   сорттау   және   растау,   сондай-ақ   олардың   өзара төлемдер    өтеуін    жүзеге    асыру    және    клирингке 
қатысушылардың таза көзқарасын айқындау; сейфтік операцнялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды    жалға     берумен     қоса,     клиенттердің бағалы   қағаздарын,   құжаттары   мен   құнды   заттарын 
сақтау жөніндегі қызметтер; ломбард операциялары: депоненттелген (сақтауға салынған)   оңай  сатылатын   бағалы   қағаздарды   және 
қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру; төлем карточкаларын, чек кітапшаларын шығару; форфейтинг операцнялары (форфейтингтеу): тауарларды   (қызмет   көрсетуді)   еатып   алушының   қарыз міндеттемесін   сатушыға   айналып   түспейтін   жолмен вексель (тратта) сатып алу арідылы төлеу.

Қорыта   айтқанда,   нарықтық   экономика   жағдайындағы коммерциялық банктердің  операцияларын  (олар  туралы  алдыңғы тарауда жазылды) шартты үш топқа бөліп, пассив операциялары (қаражат тарту); актив операциялары (қаражат орналастыру);

актив-пассив   операциялары   (делдалдық,   траст   және 
басқалары).

Осы аталған операцияларды жүргізу  үшін банктерге жә-не басқа банк емес занды тұлғаларға лицензияны Ұлттық банк береді. Банктер банк операцияларын жүргізудің жалпы шартгарын белгілейтін Ережелер мен әрбір банктің ішкі Ережелері болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Банк операцияларыи жүргізудің жалпы шарттары туралы Ережелерін банктің директорлар Кеңесі (жабық акционерлік қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердің жалпы жиналысы) бекітуі тиіс. Онда мына мәліметтер көрсетілуі керек: қабылданатын депозиттер мен берілетін несиенің шектеулі шамабы (лимит) мен мерзімі; олар бойынша сыйақының (мүдде) шектеулі мөлшері, оларды төлеудің шарттары; банк операциясын жүргізу тарифтері; банк пен клиенттің құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі.

Банктің ішкі Ережелерінде төмендегідей мәліметтер болуы шарт: бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, қызметі мен өкілеттігі; ішкі аудит қызметінің, несие комитеті мен басқа   да   органдардың   құрылымы,   міндеті,   қызметі   мен өкілеттігі;        құрылымдық        бөлімшелер        басшыларының кұкықтары мен міндеттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Тарау .Қазақстан Республикасында  бағалы қағаздар нарғының

қалыптасуы.

ІІ.  1. Бағалы қағаздар нарығының  қалыптасуы.

 

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарғының қалыптасуы. Бағалы   қағаздар   нарығының   пайда   болуы және оның құрылымы. Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

Бағалы  қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.

Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан  қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі, олар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.

Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру  оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі - акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.

Жекеменшіктендіру   чектеріне   кез   келген   жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген     кәсіпорын     ұжымының     мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру  чегімен  төлеуге  болады.  Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын   сатып   алу   аукциондарда  жүргізіледі.   Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа   акционерлік   қоғамдардың   акцияларын   сатып   алады. Инвестициялық   қорлардың   акцияларын   сатып   алушы   сол қордың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялык қорлар жеке ұйым.  Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.

Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру  чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және жеке-меншіктендіру чегіне акция сату 1994 - 1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.

Қорыта  айтқанда, жекеменшіктендіру бір  жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдық-құқықтық формасы - акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру -бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және инвестиция-лық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айырықша құқықпен (монопольно) өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырды. Оған дәлел мынадай мысал, ұлттық жалпы өнімнің заттай құрылымының 3/4 бөлігі өндірістік құрал-жабдықтарды өндіруді ұлғайтуға жұмсалған. Негізгі құрал-жабдықтар соғыс-өнеркәсіп кеше-ніне жұмсалғандықтан халық игілігіне қолдануға болмаған. Елімізде "ұзаққа созылған тапшылық экономикасы" қалыптасып, ол тек тұрмыстық игіліктің өткір кемшілігін ғана емес, сонымен қатар үнемі рухани кемшілікті де тудырды. Сондықтан, шаруашылықты ұйымдастыру мен оны басқа-руды жаңа әдіспен жүргізу объективті қажеттілік еді.

Нарықтық  экономика - адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркен-деу тәжірбиесі дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту - тек ашық нарыққа өту ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік экономикалық саясаттағы субъективизмнен (әділетсіздіктен) бас тарту.

Шаруашылықты  нарық әдістерімен жүргізу қаржы  на-рығының мол мүмкіндігін пайдалануды талап етеді. Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әр түрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп отырады және үнемі қозғалыста болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде АҚШ-тың, Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының на-рықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы на-рығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте.

Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ  әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:

Біріншіден, айналымдағы қолма-қол акша нарығы және қолма-қол ақша қызметін атқаратын қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және с.с.) жатады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы қазіргі кезде айналымдағы қағаз ақшаның құнсыздануынан инфляцияға ұшырауда. Егер жалпы ұлттық өнім жылына 5%-ке, ал айналымдағы ақша -6-7%-ке  өссе,  онда  жалпы  ұлттық  өнімді  сату  да  оңайға түседі.   Онда   экономикада   жағымды   өзгерістерді   аңғаруға болады. Егер де жалпы ұлттық өнім жылына сол 5%-ке, ал айналымдағы ақша 10-20%-ке және одан да көп өссе, онда қарқынды инфляция болып, экономика кұлдырап төмен кетеді.     Қазіргі     кезде     біздің     мемлекеттің     экономикасы дағдарыста.

Екіншіден, карыз капиталының яарығы, яғни қысқажәне ұзақ мерзімді банктік несие нарығы. Коммерциялық банктер қысқа мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары проценттік өсіммен береді. Бұл несиені өзінің айналым қаржысы жоқ кәсіпорындар алуына мәжбүр. Негізгі 
қорларды құруға және оларды жаңартуға проценттік өсімі өзгеріп, қайта қаралып отыратын ұзақ мерзімді несие беріледі. Сондықтан, қаржы нарығының бұл бөлігіне дағдарыс тән; 

Үшіншіден,  бағалы қағаздар  нарығы.  Бұл  нарықтың кейбір    белгілері    КСРО-да    қазан    революциясына   дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған   жоқ.   Ал   90-жылдардың   басында   ТМД   елдерінде, оның ішінде Қазақстанда, басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден  бастала-ды.   Нарық   ең   бірінші   меншікті   жекеменшіктендіру   және мемлекеттік кәсіпорындарды    акцияландырудан    басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру  мақсатында  бұрынғы  үйренген  әдіс  -  ақша  бел-гілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі - қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді (ГКО) шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері