Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 13:56, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады.Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банк үрдісінің салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді.Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізеді.
Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономика теория.doc

— 379.00 Кб (Скачать документ)

Бағалы қағаздардың  экономикалық тиімділігі және экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан  Республикасында ең маңызды орынды иеленеді және оны жүзеге асыру бүгінгі  күннің талабы.Бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуы экономикалық өсуді қаржыландырудың ең қолайлы тетіктерінің бірі болып есептеледі.

Коммерциялық банктер  үшін бағалы қағаздармен операциялардың бүгінгі таңдағы ең басты проблемасы – мәліметтердің шектеулілігі.Қазіргі кезде Қазақстандық коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларының ең негізгі түрі – бағалы қағаздармен инвестициялық операциялар , яғни бағалы қағаздарды сату және сатып алу оперциялары болғандықтан, коммерциялық банк мамандары бағалы қағаздардың бағамдары жайлы, олардың өзгерістері, болжанған бағалары туралы мәліметтерді қажет етеді.

Бағалы қағаздар нарығы - шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  мен мемлекет  шығарған  бағалы  қағаздардың  сан  алуан   түрлері  сатылатын  және  сатып алынатын  қаржы  нарығының  бөлігі болып есептеледі. Бұл нарықтың  жұмыс істеуі  көптеген  экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың  қор құрылымдарының – бағалы  қағаздардың сан алуандығымен  қол  жетеді.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады.

Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.Осыдан, бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінуге болады.

Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл нарықтық ары қарай дамуына, экономикаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге, елдің, аймақтың, кәіпкерлік құрылымдардың, халықтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы.

Мемлекеттік реттеудің  негізі мақсаты ретінде бағалы қағаздардың  сенімділігінің артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік  беретін ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады. Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі -бұл банктік өнімге бәсекелес құралдарды шығару және компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады.

Бағалы қағаз нарығын  мемлекеттік органдар тарапынан тиімді реттеу нарықтың макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау және олардың қоғамдық өндіріс, баға өзгерісі мен басқа да факторлардың байланысын анықтау маңызды сұрақтардың бірі. Сондықтан да, бағалы қағаз нарығының интегралды көрсеткіштерін, конъюктураны бағалау, несие нарығымен, бюджет жағдайы және басқа да макроэкономикалық көсеткіштермен өзара байланысында бағалы қағаз нарығының даму болжамы жүйелі түрде жариялануы қажет.

Бағалы қағаздар — бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен сан алуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін оларды ұсынудың қажеттігімен біріктіріледі.

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Қ.Қ.Ілиясов., С.Құлпыбаев. Қаржы. - Алматы: 2005.- 551 бет.

2.Б.Көшенова. Бағалы қағаздар нарығы және қор биржасы.-Алматы: 2007. 368бет.

3. Ғ.С.Сейтқасымов.Ақша.Несие.Банктер–Алматы: Экономика 2005ж. 459бет.

4. Г.И.Супугалиева. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелері. //Қаржы менеджменті.- 2008.- желтоқсан. - №12 (12) . 10-11бб. 

5.Д.Ш.Исканов.Бағалы қағаздар нарығы. //Экономика негіздері журналы.- 2009ж. -  сәуір №4 (4). 10-11бб.

6.Б.Т.Қайырбекова. Бағалы қағаздар нарығының дамуы.//ҚазҰУ хабаршысы.- 2009. – желтоқсан.- №12. 67-72бб

7. М.Селбиев. Мемлекеттік құнды қағаздар саудаға түседі.//Айқын апта.- 2008. 191 (1372). 14 қазан

 8.Б.К.Блеутаева. Ақша және банктер. - Алматы: ЖШС РПБК Дәуір – 2007. -

9.Ә.Саутбекова. Банктік жүйенің өзекті мәселесі. //Дала мен Қала – 2009. маусым. - №6. 6-7бб.

10. Мақыш С.Ақша айналысы және несие.Алматы: Издат Маркет 2004ж.

11. Әубәкіров. Байжұманов Б. Экономикалық теория. - Алматы: Қазақ университеті, 1999ж.

12. Экономика Р.О.Смағұлова – Алматы: Экономика. 2008ж.

13 . С.Б.Мақыш, А.Ә.Ілия . Банк ісі. – Издат Маркет. 2007ж.

14. Жүнісов Б. А., Мәмбетов Ұ. Е., Байжұмартов Ү. С. Нарықтық экономиканың негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті. 1994.

15. Блеутаева К. Б. Қаржы. 2-ші басылым. - Алматы: ЖШС РПБК Дәуір 2007. – 336 бет.

 

 

 




Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары