Монополияға қарсы саясаты

Курсовая работа, 18 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де.

Содержание


КІРІСПЕ............................................................................................................................
1 бөлім. Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi.............................................
2 бөлім. Монополияға қарсы – заңдар және экономиканы реттеу…….........................
3 бөлім. Монополияға қарсы саясат................................................................................

3.1. Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес........................
4 бөлім. Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай...................................

4.1. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi...........................................................................................................
4.2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері............................................................................................................
Қорытынды ....................................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер ...............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР монополияға қарсы саясаты.docx

— 53.39 Кб (Скачать документ)

 

         МСМК ТМД шеңберінде салалық  ынтымақтастық аз ғана органдардың  бірі болып табылады, оның отырысы  жұмыс істеген 17-ден астам жыл  ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің  астаналарында кезек-кезек жылына  кемінде екі рет тұрақты түрде  жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні  МСМК-ның 33 отырысы өткізілді. МСМК  отырысы оның қатысушыларына  тұрақты түрде Достастық мемлекеттердің  монополияға қарсы заңнамасы дамуының соңғы үрдістері және өз елдеріндегі жалпы экономикалық жағдай туралы пікірлермен, бәсекелестік заңнаманы дамыту бойынша жалпы тәсілдерді және ТМД шеңберінде оны қолдану практикасын өңдеу мақсатында монополияға қарсы құқық қолдану практикасынан барынша қызықты істер бойынша ақпарат алмасып отыруына мүмкіндік береді.

 

МСМК аясында жүргізілген жұмыс әсіресе, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық бәсекелестік заңнамасын (монополияға қарсы заңнама, жарнама, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы заңнама) және оны озық халықаралық тәжірибе және ТМД бойынша әріптес елдердің тәжірибесі, экономикалық даму моделі және көп жағдайда ұқсас бәсекелестік саясат саласындағы проблемалар негізінде қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған. Өткен жылдары бәсекелестік құқықты жетілдіру, монополияға қарсы органдар қызметін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша елеулі жұмыс көлемі жасалды. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары мыналарды қамтыды: бәсекелестік құқық жүйесіне кіретін әзірленген заң жобаларын талдау, қолданыстағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау. Нәтижесінде соңғы бірнеше жылдарда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бәсекелестік заңнамасы айтулы өзгерістерге ұшырады, ол қазіргі заманғы экономикалық болмыстарды есепке алып, оны жетілдіру қажеттілігіне және жаңа экономикалық беттесулерді, оның ішінде 2009-2010 жылдардағы қаржы-экономикалық дағдарысты еңсеру қажеттілігіне байланысты.

 

Сонымен бірқатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде халықаралық нормалар мен қағидаттарды және аталған саладағы үздік практиканы есепке алып ұлттық бәсекелестік заңнамаға түзетулер қабылданды, оны қабылдау процесі МСМК отырысы барысында оларды жарыққа шығарумен және талқылаумен қатар жүрді. Жекелеп алғанда, 2010 жылы Армения Республикасының Экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы: «Экономикалық бәсекелестікті қорғау туралы» Армения Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Армения Республикасында тексеруді ұйымдастыру және өткізу туралы» Армения Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Армения Республикасы заңына толықтырулар енгізу туралы», «Армения Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобаларының пакетін әзірледі. Көрсетілген заңдардың жобалары Армения Республикасының Ұлттық жиналысында қаралды және 2010 жылғы желтоқсанда бірінші оқылымда қабылданды, қазіргі уақытта – екінші оқылымның қарауына берілді.

 

Әзірленген құжаттар жобаларының мақсаты Комиссия қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады, жекелеп алғанда:

 

- бәсекелестік заңнаманы  бұзушылықтар бойынша деректер  мен дәлелдемелер алу бөлігіндегі  өкілеттікті кеңейту;

 

- бәсекелестікке қарсы  келісім сияқты құқық бұзушылықтарға  қатысты нормаларды нақтылау;

 

- тауар нарығында үстем  немесе монополиялық жағдайға  ие шаруашылық жүргізуші субъектілер  тарапынан бағаны негізсіз арттыру, төмендету және сақтау жағдайларын  табудың пәрменді тетіктерін  белгілеу.

 

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап  Қазақстан Республикасында «Бәсекелестік  туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы күшіне енді, ол «Бәсекелестік  және монополистік қызметті шектеу  туралы» және «Жосықсыз бәсекелестік  туралы» Қазақстан Республикасы  Заңдарының нормалары біріктірілген  тікелей іс-әрекеттегі заң болып  табылады. Заңда көзделген негізгі  жаңашылдықтар: адал бәсекелестіктің  қағидаттарын, мемлекеттің кәсіпкерлік  қызметке қатысу негіздері мен  нысандары тізбесін, нарық субъектілерінің  келісімдеріне немесе келісілген  іс-әрекеттеріне қол жетімділік  жағдайларын, эксаумақтылықты айқындау, шын өкінуіне байланысты жауапкершіліктен  босату, тұлғалар тобын құқықтың  бірыңғай субъектісі ретінде  қарау, монополияға қарсы органның  шешімдер қабылдау кезінде алқалылығы, мемлекеттік көмек көрсету негізі  және басқалар болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 бөлім. Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай.

 

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикада дамығандықтан, монополиялық бәсекелестік жетілмеген экономикалық күрес кездеседі. Қазақстан нарығында ірі монополистерге АҚ «АТКЕ», АГПО «Суканалы», ГКП «Алматы горгаз», «АПК», АО «Алматы аэропорты», ААҚ «Қазақтелеком», ЖАҚ «Эйр Қаз.», «Қазақойл».

 

2002 жылы Антимонополиялық  комитеттің шешімімен бюджеттің  кіріс бөлігіне мемлекеттік тәртіпті  бұзғаны үшін және монополиямен  айналысып, антимонополиялық заң  бағаларын бұзғаны үшін төленген  айыппұл 115422595,7 теңге, оның 63032352,6 теңгесі  бюджетке түсті. Бұны ұлғайту  үшін заңға өзгерістер енгізу  керек. «Сауда құралдарын жасау  зауыты» мен жеке «Азап» кәсіпорындары  электр энергиясын аз беріп  және жоғары бағамен сатқанына  байланысты комитет антимонополиялық  заңды қолдана отырып, олардың  іс-әрекетін қарап, оларға тоқтатылған  өндіріс, экономикалық шығындар, жұмыскерлердің  төленбеген жалақысын қайтаруды  бүйырды. Ал «ЗапКаз энерго» кәсіпорны  электрэнергиясын  заңда көрсетілген  тарифтерден жоғары бағамен сатқан. Баға дискриминациясы мен антимонополиялық  зақды бұзу «Қазақстан әуе  жолы» компаниясында кездесті.Онда  шетелдік азаматтарға әуе билеттері  қазақстандықтарға қарағанда бірнеше  есе жоғарылап сатылған. Қазақстан  Республикасындағы ең үлкен монополиялық  қылмыс 1999жылдың наурыз айында  болды. Ашық акционерлік қоғам  Қазақстан Республикасында «Жастық  тепло энерго» 1997 жылы антимонополиялық  комитетке келіп түскен. Көптеген  жерлерде кездескен үлкен қылмыс  орын алды. Ол мемлекеттік мекемелердің  өз қызметтері үшін көп көлемдегі  ақша алуы болды. Сонымен бірге  «Аптеба» кәсіпорнының тарифтерін  көтеріп, салық жасырын, заңсыз 5252724,3 тенге табыс түсіргендігі анықталды. Ірі момнополиялық кәсіпорындарға  жататын «KEGOC»,  «Қазақтелеком»  және «Қазақойл» компаниялары  өздерінің айналыс операциялары  туралы міндетті есеп береді. Олар еңбекақы мен амортизациялық  төлемдерге жұмсалатын шығындар  мөлшерін ұлғайтып, құжаттарда нақты  мәліметтерді дұрыс көрсетпегендіктен  қызмет көрсетілімдеріне бағаны  жоғарылатады. Антимонополиялық заңдар  мен арнайы комитет болуына  қарамастан қазіргі кезде көптеген  қылмыстар жасалып жатыр.

 

2004 жылғы «Табиғи монополия  және бәсекелестікті қорғау»  агенттілігінің есебінде 18 млрд. тенге  монополиялық кәсіпорындар мен  ірі фирмалардан заңсыз түрде  табыс түсірген. Агенттілік басшылары  мұндай жағдайда: «Кәсіпкерлердің  заңды білмеуімен, әдейі жасауымен»  түсіндірді. 2003 жылы агенттілік жетілген  бәсекелестікті қалыптастыруда 240 шаруашылық  субъектілерінің қаржылық есебі  мен халықаралық стандарттағы  бухгалтерлік есеп мәліметтерін  қарастырды. Қазақстанда монополияны  әлсіретумен байланысты соттық  реформа жетіліп жатыр. 2004 жылы  әрә кәсіпорындар 169 соттық анықталуда  болып, 12 шағымдық өтініштер қаралды. Оның енуі агенттілік жағына  шешілді. Бірақ, Қазақстанда тек  монополиялық қылмыс ғана емес, сонымен бірге әкімшілік құқық  бұзушылық та көбейіп барады. 2003 жылы 900 әкімшілік құқық бұзушылық  болса, 2004 жылы олардың саны 1200-ден  асады. Әсіресе көбейіп отырған  жетілмеген бәсекелестікті дамыту  әрекеті энергетикалық сектор, телекоммуникация, теміржол сияқты ірі кәсіпорындар  да кездесіп отыр. Осындай ерекше  сенімдерге байланысты «Табиғи  монополия мен бәсекелестікті  қорғау туралы» агенттілік 40-тан  астам арнайы нормативті құқықтық  актілерді дайындады. Ортамерзімді  тарифтерге көшу монополияның  бәсекелестікті болдырмау үшін  қолданылатын әдіс. Энергетикалық  өндіріспен айналысатын кәсіпорындардың  технологиялық мәлімет базасын  құру, өңдеуді автоматтандыру жетілген  бәсекелестікті қалыптастырып, оны  дамыту, сол арқылы тарифтер мен  бағалардың жоғарылауын (мемлекет  бекіткен жоғарғы шегінен әрі  қарай), ұсыныстың көлемдік азаюын  болдырмау. 

 

4.1. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi

 

1. Қазақстан Республикасының  Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, бұдан былай "Комитет" деп аталады, өз қызметiн  экономиканы монополиясыздандыру  саласында мемлекеттiк саясатты  әзiрлеу мен жүзеге асыру, бәсекелiк  күрес ережелерiн және шаруашылық  құрылымдарын кооперациялау мен  ұйымдық бiрiктiру процестерiн  бақылауды қатайту мақсатында  жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк  басқару органы болып табылады. Комитетке Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тiкелей басшылық етедi.

      2. Комитет  өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының  заңдарын, Қазақстан Республикасы  Президентiнiң жарлықтарын және  Қазақстан Республикасы Министрлер  Кабинетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ  осы Ереженi басшылыққа алады.

      3. Комитеттiң  негiзгi мiндеттерi мыналар:

      - экономиканың  әртүрлi салаларында монополиясыздандыру  саясатын жүргiзу, бәсекенi дамыту  және қатарлас әрi баламалы құрылымдардың  пайда болуына жағдай жасау;

      - монополиялық  қызметтiң және әдiлетсiз бәсекенiң  алдын алу, шектеу және тыйым  салу;

      - монополияға  қарсы заңдардың сақталуына мемлекеттiк  бақылау жасау.

      4. Комитет  өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:

      - республикалық  және аймақтық қаржы мен тауар  нарығына, өнiм өндiру мен өткiзуге  талдау жасау негiзiнде монополиясыздандырудың  мемлекеттiк саясатының, әр салалардағы  бәсекенi дамытудың бағыттарын, Қазақстан  Республикасында монополиялық қызметтi шектеу мен болдырмау тәртiбiн  анықтайды. Тиiстi бағдарламаларды әзiрлеп, үйлестiредi және олардың орындалу  барысына бақылау жасайды;

      -монополист  кәсiпорындар мен бiрлестiктердiң  мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi. Монополист  кәсiпорындардың қызметiн мемлекеттiк  реттеу мен бақылаудың арнаулы  шараларын әзiрлеп, оларды күшiне  енгiзедi. Меншiк нысандарына қарамастан  мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген  шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi өндiрiстi монополиясыздандыру және  көп салалы етiп дамыту бағдарламаларын  әзiрлеуге мiндеттейдi. Ол бағдарламаларды  келiседi, орындалу барысын бақылайды;

      - монополияға  қарсы заңдардың сақталуын бақылайды, оларды бұзу фактiлерiн анықтап, қарастырады, бұлар жөнiнде өз  құзыры шеңберiнде шешiмдер қабылдайды, заңдарды қолдану практикасын  жинақтайды, оларды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеп, тиiстi мемлекеттiк  өкiмет пен басқару органдарына  жiбередi. Комитеттiң құзырына жататын  мәселелер бойынша заңдық және  нормативтi актiлердiң жобасын Қазақстан  Республикасының Министрлер Кабинетiне  енгiзедi;

      - алдын  ала қорытынды беру жолымен  одақтар, қауымдастықтар, концерндер, корпорациялар, холдинг компаниялары, кәсiпорындардың салалық, салааралық, аймақтық және басқа бiрлестiктерi нысанындағы ұйымдық-басқарушылық, қаржы-басқарушылық құралымдарын  құру мен қайта құруға, мемлекеттiк  басқару органдары мен шаруашылық  жүргiзушi субъектiлердi аталған бiрлестiктерге  айналдыруға, сондай-ақ нарықта үстем  жағдайға ие болған шаруашылық  серiктестiктер, одақтар және басқа  шаруашылық жүргiзушi объектiлердi құру  мен қайта құруға, олардың акцияларының  бақылау пакетiн, үлестерiн және  жарналарын сатып алу мен сатуға, сондай-ақ басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, оның iшiнде жекешелендiру  процесiнде республикалық, коммуналдық  меншiк кәсiпорындардың акционерлiк  кәсiпорын етiп қайта құру кезiнде  акцияларының бақылау пакетiн, үлестерi мен жарналарын олардың сатып  алуына мемлекеттiк бақылау жасауды  жүзеге асырады;

      - монополиясыздандыру  және бәсекенi дамыту жөнiндегi шаралар  мен бағдарламалардың әзiрленуiн  үйлестiредi және оларды министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi атқарушы  органдардың, шаруашылық жүргiзушi монополист  субъектiлердiң жүзеге асыруын  бақылайды;

      - Қазақстан  Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, министрлiктер мен ведомстволардың, жергiлiктi атқарушы органдардың  экономиканы басқару құрылымдарын  қайта құру, республикалық және  аймақтық қаржы мен тауар нарығын  дамыту мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiнiң  жобасына мiндеттi түрде қорытынды  бередi;

      - iрi мемлекеттiк  объектiлердi акционерлендiру және  жекешелендiру бағдарламасының жобаларын  әзiрлеуге қатысады және олардың  жүзеге асырылуын келiседi. Мемлекеттiк  меншiк объектiлерiн жекешелендiру  жөнiндегi комиссиялардың жұмысына  қатысады;

      - тауар  нарығында үстем жағдайға ие  болған мемлекеттiк кәсiпорындарды  жекешелендiру жоспарының жобаларын  мiндеттi түрде келiседi;

      - мемлекет  иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң  республикалық және облыстық  бағдарламаларының жобаларына қорытынды  бередi. Өз өкiлдерiн мемлекеттiк  меншiк объектiлерiн жекешелендiру  жөнiндегi комиссиялардың, конкурстар  мен аукциондар өткiзу жөнiндегi комиссиялардың құрамына жiбередi;

      - жұмыста  жариялылықты қамтамасыз етедi, монополиясыздандыру  жөнiндегi шараларды жүзеге асырудың  барысы туралы, бәсекенi дамыту және  Комитет қызметiнiң басқа да  мәселелерi жөнiнде республиканың  халқын бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы, оның iшiнде мамандандырылған  мерзiмдi басылымдар арқылы ұдайы  хабардар етiп отырады, кәсiпкерлердiң  одақтарымен, қауымдастықтарымен және  басқа ұйымдарымен, қоғамдық ұйымдармен  және қозғалыстармен байланысты  қамтамасыз етедi;

      - Комитеттiң  құзырына жататын мәселелер бойынша  әдiстемелiк және ақпараттық-талдаулық  құжаттарды әзiрлейдi, олардың нақты  жүзеге асырылуына шаралар қолданады;

      - Қазақстан  Республикасының Министрлер Кабинетiне  заңдар мен өзге де нормативтi актiлердiң жобалары бойынша қорытынды, монополиялық қызметтi шектеу, қаржы  мен тауар нарығын, бәсеке мен  монополиясыздандыруды мәселелерiне  қатысты талдау материалдары  мен ұсыныстарды табыс етедi. <*>

      Ескерту. 4-шi тармақтың 5-шi абзацына өзгерту енгiзiлдi -

               ҚРМК-нiң 1995.10.12. N 1320 қаулысымен. P951320_

Информация о работе Монополияға қарсы саясаты