Экономикалық талдау териясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 07:16, курсовая работа

Краткое описание

Талдау (грек тілінен алынғанда analisis) – құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

талдау дұрыс.docx

— 86.97 Кб (Скачать документ)

 

К = Д / А

Мұнда, К - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;             

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;             

А - авансталған капитал.

Біздің  кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жыл басында – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер  жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.

2.Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептейді.

Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.

Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен  болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.

Біздің  кәсіпорын үшін негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті жыл басында  – 2,47 рет; ал жыл соңында – 1,79 рет  болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында негізгі құралдардың әрбір бірлігі 2 теңге 47 тиын келтірсе, жыл соңында 1 теңге 79 тиын келтірді.

3.Меншікті капиталдың айналымдылық  коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:

 

К = Д / С

Мұнда:  К - меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;              

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;              

С - меншікті капиталдың шамасы.

Бұл көрсеткіш  қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.

Біздің  кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 1,21 рет, ал жыл соңында – 1,26 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.Егер жыл басында кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі 1 теңге 21 тиын, ал жыл соңында 1 теңге 26 тиын келтірді.

                  1. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:

 

К = Д / Т

Мұнда:  К - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;              

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;              

Т - ағымдағы активтер.

Ағымдағы  активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Біздің  кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі  жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында  – 3,34 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің  артқанын көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2теңге 32тиынал жыл соңында 3теңге 34тиын келтірді.

5.Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.

Өндірістік  қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:

К = S / З

Мұнда:К–материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті;

S - сатылған өнімнің толық өзіндік  құны;

З - өндірістік материалдық қорлар.

Неғұрлым  айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай  қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.

Біздің  кәсіпорынымызда сатылған өнімнің  өндірістік өзіндік құны негізінде  есептелген материалдық айналым  құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында  – 6,52 рет; жыл соңында  – 6,65 рет болды.

6. Дебиторлық борыштың  айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:

К = Д / Д

Мұнда:  К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;              

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;              

Д - дебиторлық борыш.

Дебиторлық  борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. 

Біздің  кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті жыл басында  – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет  болды.

7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатуда түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың  шамасына қатынасымен анықталады:

К = Д /К 

Мұнда: К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;             

Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;             

К - кредиторлық борыштың кезеңдегі  орташа шамасы.

Сонымен, біздер кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын негізгі  көрсеткіштерді қарадық,оларды талдау,кәсіпорын өзінің қаражатын қаншалықты тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі.Бұл көрсеткіштерді талдаумен қатар, 1кәсіпорынның базарлық белсенділігін бағалауға болатын басқа да көрсеткіштерді қарап жіне жан-жақты талдап қорыту керек.  
 

    1. Өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістемелері

 

Экономикалық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Соның ішінде негізгі деген әдістерін қарастырайық:

Көлденең немесе уақытша талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру.ол өткен кезеңмен салыстырғандағы  бухалтерлік есептің түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей немесе құрылымдық талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.

Коэффициенттік  талдау - коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады. Олардың біреуі бірлік ретінде, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеміз. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.

Факторлық талдау- бұл жекелеген себептердің қорытынды көрсеткіштерге тигізетін әсерін зерттеудің детерминттік(анықтау) немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау. Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктесе тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктірсе кері болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған әдістер  мен қатар қаржылық жағдайды талдауда экономиканың және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шамалар, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және т.б.) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржыылық жағдайына терең талдау   жасауға және шаруашылық субьектінің тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Шаруашылық ететін субъектінің  сәттілігі немесе сәтсіздігі сұраныстың деңгейі, сипаты, құрылымы қаншалық мұқият зерттелуі мен анықталуынан және оның өзгеру беталысынан тәуелді болады. Нарықты зерттеудің нәтижелері шаруашылық стратегиясы мен тауарлық ассортиментті жасаудың негізіне салынған. Олар өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жаңарту екпінін, өндірістің техникалық жетілдіруін, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына мұқтаждықты анықтайды. Шаруашылық субъектісі өндіріс көлемін жоспарлаған және өндіріс қуатын анықтаған кезде қандай өнімді, қандай көлемде өндіретінін, қашан, қайда және қандай бағаға сататынын анықтайды. Соңғы қаржылық нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық осыған байланысты.

Ресурстар өның өнімдеріне сұраныс бар салалар мен кәсіпорындарға түседі. Нарықтық жүйе пайдасы жоқ  салалар мен шаруашылық субъектілерін сирек кездесетін ресурстардан айырады. Шаруашылық субъектілері тауарларды оны өткізуден пайда түсіп турған уақытқа, осы тауарларға сұраныс қаныққанға дейін өндіреді. Қанша және қандай тауарларды өндіру, қандай бағамен оларды сату, капиталды қайда салу сұраныс және ұсыныс механизімімен, пайда нормасымен, акция бағамымен, валютамен, несие пайызымен анықталады.

Өндіріс көлемінің өсу  және өнімді өткізу екпіні, сапаның  жоғарылауы шығындардың, түсімнің және рентабельділіктің көлеміне тікелей  әсер етеді. Шаруашылық субъектілердің іс-әрекеті аз шығынмен жоғары сапалы өнімді көбірек шығару және сатуға бағытталуы қажет. Сондықтан өндіріс көлемі мен өнімді өткізуді талдаудың маңызы зор. 

Бәсекелестермен салыстырғанда  тарату көлемін көбейту, өндірістік  қуаттарды барынша пайдаланған кезде рыноктың үлесін кеңейту, оның сапасын жақсарту жолдарын табу, шығару көлемін өсіру үшін ішкі резервтерді табу және нәтижесі – кәсіпорынның түсімін көбейту өнімді шығару мен өткізуді талдаудың мақсаты болып табылады.

Кәсіпорындарда  өнімді шығару мен өткізуді талдаудың негізгі міндеттері:

– көлемнің негізгі көрсеткіштері  бойынша, өнімнің құрамы мен сапасы дамуын бағалау;

–бизнес – жоспарлардың, жоспарлау көрсеткіштерінің, олардың қарбаластығы мен нақтылығының теңгерілімі мен оңтайлылығын тексеру;

–өндіріс көлемі мен өнімді өткізу мөлшері өзгеруіне факторлар ықпалының дәрежесін  айқындау;

–өнімді шығару мен өткізудің  ішкі шаруашылық резервтерінің көбеюін айқындау;

–өнімнің өсу, ассортименті мен сапасының жақсарту екпінін  көтеру үшін ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану бойынша іс-шаралар жасау болып табылады.

Талдаудың осы бағыттағы  объектілері:

  • өндіріс көлемі мен өнімді өткізу;
  • өнімнің ассортименті мен құрамы;
  • өнімнің сапасы;
  • өнімнің ырғақтылығы болып табылады.

Өнімді өндіру мен  өткізуді талдау процесінде өндірістің өсуіне тежеуіл болатын себептер ашылуы тиіс:

  • өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудағы кемшіліктер;
  • материалдық, еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз пайдалану;

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау

2.1. Ұйымның қаржылық тұрақсыздығын талдау

 

 Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық паайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның  табыстылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.Шетелдік арнаулы әдебиеттерге «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады:

«Табыстар» дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық  пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдйдағы капиталдың өсуіне әкеледі »

Информация о работе Экономикалық талдау териясы