Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТМД елдеріндегі халықаралық ұйымдар.docx

— 223.89 Кб (Скачать документ)

       Интеграциялық стратегияның үш нұсқасын талдау барысында (жалпы нарықта бәсекелестікті өрістету арқылы интеграциялану, қатысушы-мемлекеттердің бірыңғай саясат жүргізуі арқылы бәсекелестікті өрістету, мемлекетаралық реттеуші органдар құрып, мемлекеттердің ұлттық саясаттарын үйлестіру негізіндегі интеграция) және интеграциялық ықпалды статикалық және динамикалық әсерге жіктеу негізінде олардың оң және келеңсіз жақтары жеке айтылып, жасалатын ықпалдың жалпы сипаттамасы берілді. 

           Бәсекелестік пен интеграцияның экономикалық үдерістің өзара ықпал ететін факторлар ретіндегі байланыс проблемасы бір буын тізбегі ретінде берілу мүмкіндігі негізделді. Бұл байланыс проблемасы, біріншіден, бәсекелестіктің интеграцияның «қозғалтқышы» ретінде жасайтын ықпалының келешектегі нәтижесін анықтау, екіншіден, кері тәуелділікті (қашан бәсекелестіктің қарқынының шамасы ретінде интеграциялық әсерлердің бірі болса) анықтау үшін қарастырылуы тиіс. 

          Интеграцияның ең маңызды жалпы экономикалық сипаттамаларына: экономикалық үдерістерді мемлекетаралық реттеу; азды-көпті «дербес» кешендердің орнына ұдайы өндірісінің пропорциялары мен құрылымдары ортақ аймақшылдық интернационалдық шаруашылық кешенін бірте-бірте ұйымдастырылу; тауарлардың, жұмыс күші мен қаржы ресурстарының аймақ шектерінде мемлекеттер арасында кеңістікте жылжу мүмкіндігін кеңейту және осы қозғалысқа кедергі ететін сан алуан әкімшілік және экономикалық кедергілерді жою; интеграциялық бірлестікке қатысушы-мемлекеттердің ішкі экономикалық жағдайларын жақындастыру, олардың экономикалық дамуының деңгейін теңестіру жатады. Интеграцияның функционалдық және мекемелік параметрлеріне: тауарды әкелу, әкету кезіндегі кедендік және сандық шектеулерді жою; жалпы кеден тарифтерін енгізу; адамдардың, тауарлардың, капитал мен қызметтердің еркін қозғалысына қойылатын кедергілерді жою; ауыл шаруашылығы мен көлік саласында ортақ саясат жүргізу; олардың төлем баланстарының тепе-теңдігін орнатуда қойылатын кедергілерді жою; мемлекет ішіндегі құқықтық нормаларды тегістеу; мемлекетаралық инвестициялық банк құру болып табылады. 

         Әр түрлі елдердің экономикаларының өзара тәуелділігі өсетін, макро-, мезо- және микродеңгейдегі өлшемдері қарқынды дамитын, сонымен бірге елдердің жеке ұлттық шаруашылықтары сыртқы әлемге бетбұрыс жасаған ашық үлгідегі экономикаға жылдам айналатын интеграциялық үдерістердің даму барысы қарастырылды. Осының барлығы жалпы әлемдік шаруашылықтың және оның әсіресе қазіргі кезеңдегі экономикалық дамуының заңдылықтарына байланысты орын алып отыр. 

          ТМД-ғы интеграция үдерісі ЕО-пен салыстырғанда негізгі ерекшеліктерімен анықталады. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің шаруашылық кешендері «күйреуге» ұшыраған біртұтас халық шаруашылығы кешенінің орнына қалыптасады, ал әлемнің басқа интеграциялық қауымдастықтары, мысалы, ЕО бұрын бір-біріне тәуелсіз біріккен шаруашылық кешендері ретінде көрсетіледі. Осы орайда Достастық мемлекеттерінің интеграциялық үдерісі баламалы негіздегі кері интеграция үдерісі түрінде сипатталынады. Дипломда ҚР-ның ДСҰ-ға кіру мүмкіндіктері, проблемалары мен осы ұйымға кірген жағдайда берілетін артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ еліміз ДСҰ-ға кірген жағдайда өзіне алатын міндеттемелері, шегетін ықтимал ысырабы талданған. 

        ЕурАзЭҚ-қа қатысушы-елдердің ғылыми-техникалық, өндірістік-экономикалық, валюталық-қаржы, әскери-стратегиялық, ресурстық-шикізаттық және транзиттік-көлік әлеуетінің тиімді шешімдерін әзірлеу және қабылдау, өзара сауданы дамыту, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттердің халықаралық ұйымдарға кіру кезінде олардың өзара келісу көзқарастары үшін көп жақты қатынастар саласындағы жүйелік талдауды қолдану қажеттілігі туындайды. Қазақстан экономикасы транзиттік экономика болып табылады, осы мағынада ол екі жеке топтарды бір тұйық құрылымға біріктіретін алшақ жүйе ретінде қызмет атқарады.

          Басқару кезінде жасалатын ықпал үшін кіріс ақпаратты ғана пайдаланатын жүйе алшақ басқару жүйесі деп аталады. Алшақ схема бойынша басқаруда жүйенің қазіргі жәй-күйден (параметрлерден) ауытқуына ықпал ететін сыртқы ортаның басқарушы ықпалын таңдауға мүмкіндік береді. Мұндай басқару реттелетін параметрге ортаның жасайтын ықпалының орнын толтыруға негізделеді, яғни басқару кезінде жүйеге ықпал ету жөніндегі мәліметтер пайдаланылады.

       Интеграциялық үдерістің ерекшеліктері мен нәтижелері ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып бағалау жасалынды. Осы орайда: интеграциялық үдерістің қарқындылығын бағалау; интеграциялық үдерістің тиімділігін бағалау; интеграциялық үдерістің айқындылығы мен жариялылығын бағалау; бұрынғы кеңес кеңістігінде орналасқан мемлекетттердің интеграциялық үдеріске қатысуын бағалау; сондай-ақ интеграциялық үдерістің ұйымдастыру нысандарына, оның көп жақтылығына немесе екі жақтылығын бағалау қарастырылды. 

Қазіргі жаһандану кезеңінде ТМД елдерінің бүкілдүниежүзілік  экономикаға кірігуі – елдің одан әрі дамуы және қазіргі экономикалық бағыттың табысты алға жылжуы осының орындалуына байланысты болып келетін аса маңызды міндет. Бүгінгі таңда іс жүзінде, халықаралық қатынастардың басқа қатысушыларынан оқшаулана отырып тіршілік ете алатын бір де бір мемлекет қалмады.

ТМД елдерінің экономикалық ынтымақтастығы негізгі түрлері болып:

  1. Еркін сауда аймағы;
  2. Кеден одағы;
  3. Төлем одағы;
  4. Жалпы нарық;
  5. Экономикалық және валюта одағы табылады.

Бірқатар елдердің табысты ынтымақтастығының ең жарқын мысалы болып Еуропалық Одақ табылады. Еуропалық Одақтың өзінде іс жүзінде экономикалық және саяси ынтымақтастығының барлық түрлерін үйлестіру қолынан келді, осының арқасында тұрақты, үнемі кеңейіп отыратын интеграциялық топ құрылды. Еуропалық Одақтың табысын негізге ала отырып, ең тиімді болып ынтымақтастығының Еуропалық Одақта қолданылған механизмі табылады деп жорамалдауымызға болады [40].

Қазіргі таңда ТМД елдері көптеген беделді халықаралық кіріккен топтардың толық мүшесі болып табылады, бұл оған онда өзінің саяси және экономикалық мүдделерін қорғаштауына мүмкіндік беруде. Осы тұрғыдан алғанда ең көп қызығушылықты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Бірыңғай Экономикалық Кеңістік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы тудыруы мүмкін.

Ресейдің, Украинаның, Белоруссия мен Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігі өзінің мақсаты етіп оған кіретін мемлекеттер арасындағы еркін сауданы қамтамасыз ету үшін айтарлықтай негіздеме жасауда қойып отыр. Өкінішке орай, Украинадағы саяси тұрақсыздыққа, осы елдегі биліктің үнемі алмасып отыруына және, осының салдары ретінде, оның сыртқы саяси бағытының бұлыңғырлығына байланысты, Украина әлі күнге дейін Бірыңғай Экономикалық Кеңістік бойынша келісімдердің бүкіл пакетін ратификацияламады, демек, қауымдастықтың жұмысына толықтай қатыса алмайды. Осыған қарамастан, үш мемлекет 2007 жылы кеден одағын құру туралы келісімге қол қойды, бұл мемлекеттердің одан арғы экономикалық және саяси ынтымақтастығы үшін негіз болып қызмет атқара алады.

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы да қатысушы елдер арасындағы экономикалық қатынастарды нығайту мақсатын көксейді. Ресей үшін «Азия-тынық мұхиты аймағының» мемлекеттерімен ынтымақтастық басым бағыттардың бірі болып табылады. Осыған қарамастан, соңғы уақытқа дейін Ресей форум жұмысына байсалды қатыспай келді. Алайда 2010 жылы РФ премьер министрі В.В.Путин Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумының Ресей үшін маңызды серік болып табылатындығын жария етті. Осыдан кейін Ресейдің осы ұйымдағы іс-әрекетінің елеулі белсенді бола бастауы жүрді, ал соңғы саммитте Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы-2012 саммиті биылғы жылы Владивостокта өтетін болып келісілді [41].

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы соңғы уақытта елеулі күйзелісті бастан кешуде. Өкінішке орай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қазіргі кезде іс жүзінде 3 лагерьге: Ресеймен өзара интеграцияға ұмтылған мемлекеттердің; Еуропалық Одақққа ынтымақтастығына ұмтылатын мемлекеттердің және ана жаққа да, мына жаққа да тәуір болып көрінуге ұмтылып келе жатқан мемлекеттердің лагеріне бөлініп кетті. Әсіресе осындай бөлінуді бірқатар барқыт төңкерістері, сонымен қатар Украинамен және Белоруссиямен болған энергетика кикілжіңдері күшейте түсті. Алайда, осыған қарамастан, мүше мемелекеттердің ниетіне емес, интеграцияның қажеттігіне негізделгендіктен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін барлық елдердің мәдени, экономикалық және саяси тұрғыдан ажырамастай байланысты болғандығынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аса маңызды ұйым болып қалуда.

Ресейдің Еуропалық Одақққа ену идеясы қазіргі уақытта өзекті емес. Екі жақ үшін де берік экономикалық ынтымақтастықты құру міндеті анағұрлым маңыздырақ болып табылады. Ресей мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының кейбір мемлекеттері арасындағы энергетикалық жанжалдардың қатарына орай еуропалық елдер Ресей Федерациясының Еуропалық Одаққа шикізат жеткізудегі ролін азайту туралы көбірек ойлана бастаса да, Еуропалық Одақ Ресейдің нгізгі сауда серіктерінің бірі болып табылады.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы да бірқатар проблемаларға ие. Ең алдымен, бұл оның көптеген функцияларын осылардың мүшелері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдер болып табылатын басқа халықаралық ұйымдардың қайталауы, жарыса істеуі. Алайда бұл топ бірінші кезекте оған қатысып отырған Ресей мен Қытайдың экономикалық потенциалымен анықталатын елеулі потенциалға ие. Оны аша түсу үшін, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына аталған ұйымның ролінің кеңеюіне ықпал ете алатын бірқатар тұрақтандырғыш және прогрессивтік шаралар қолданған жөн.

Соңғы жылдары ТМД елдерінің Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне деген қызығушылығы көбірек артып келеді, бұл бірінші кезекте Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенінің өнімдерін сатудың ең келешегі мол нарықтарының  дәл осында орналасқандығымен туындап отыр. Қазіргі уақытта осының қызметі, жұмысы Ресейдің ұйыммен жақындасуына бағытталған Ресей-Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы комиссиясы құрылған және жұмыс істеп жатыр.  Ресейдің Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына кіруі жақын болашақта әбден мүмкін және аталған аймақ елдерінің өзара экономикалық интеграциясын күшейте алар еді.

Жалпы алғанда, ТМД елдері қазірдің өзінде дүниежүзілік  қауымдастықтың толық мүшесі болып табылады. Соңғы жылдары ол өзінің ролін жыл сайын күшейте түсуде. Ал Ресей ең беделді халықаралық ұйымдардың көпшілігінің («Үлкен жетілік», «Үлкен жиырмалық», т.б.) мүшесі болып табылады, бұл оған өзінің сыртқы саяси позициясын қорғауға және өзінің экономикалық мүдделерін қорғаштауға мүмкіндік беруде. ТМД елдерінің дүниежүзілік  экономикаға одан әрі интеграциялануы оған өзінің шетел мемлекеттерімен экономикалық байланыстарын нығайтуға және олармен тауар алмасуды күшейте түсуге мүмкіндік бере алар еді, бұл сөз жоқ, жалпы алғанда ТМД елдерінің экономикасына оңды әсерін тигізбей қоймайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. .Г.Глушкова, Ю.А.Самагин, . Экономическая и социальная география России и новых независимых государства, М., 2001

2. Т.О.Уәлиев, Б.Е.Кереев, ТМД және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік және экономикалық географиясы. Оқу құралы, Алматы, 2000

3. А.Ю.Скопин. Экономическая  география России. М., 2004

4. В.И.Бутов. Экономическая  и социальная география: зарубежного  мира и РФ. М., 2003

5. Экономические связи Казахстана с республиками СНГ. //Ашық нарықтық экономикасының дамуы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақалалары, халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылына арналған. //Алматы,1999,с.204-209. – 0,38 п.л.

6. Интеграциялық үдерістердегі транспорттың құрамдас факторлары.//«Көлік-коммуникациялық кешенінің дамуының қаржы-экономикалық механизмін жетілдіру». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 2-том. 30 мамыр 2008ж.//Алматы: М.Тынышбаев атындағы ҚазККА, 2008, 271-275б.- 0,31 б.т.

7. Әлемдік жаһанданудағы Қазақстанның транзиттік жағдайы.// Журнал “КазЭУ Хабаршысы“, №1(73 ), 2010ж. 470-473б.-0,5б.т. 

8. Интеграциялық үдерістерді бағалау//«V– Рысқұлов оқулары – Ryskulov reading». Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция. 2010ж. 19-21 мамыр. //Алматы. «Экономика баспасы». 2010. 2–бөлім. 112-117б.-0,4б.т.

            Қосымша әдебиеттер

1. Хрущев А.Т. География  промышленности СССР. М., 1990

2.  Бабурин В.Л., География  Российсково зарубежья: мы, соседи. 8-9 кл. М., 1995

3. Алексеев А.Н., Николина  В.В., География: население и хозяйство России. 7 кл. М., 1995

4. Родинова И.А., Бунакова  Т.М.,  Экономическая география.  М., 2003

5.  Региональная экономика (Учебник для ВУЗов) под ред. Морозовой  Т.Г., М., 1990

6. Новое в России (цифры  и факты)/под ред. Ром В.Я., М., 1997

7.  А.Ю.Скопин, Введение  в экономическую географию. М., 2001

8. М.М.Голубчик, Э.Л.Файбусович.  Экономическая и социальная география. М., 2003

9. Экономическая и социальная  география стран ближнего зарубежья/ под ред. М.П.Ратановой. М., 2004

10. Мировая экономика/ под  ред. И.П.Николаевой. М., 2003

Анықтамалық әдебиеттер

 

1. Хрестоматия по экономической  географии зарубежных стран. Составитель- А.П.Кузнецов. – М., «Просвещение», 1985

2. Страны мира (справочник). Под. Ред. И.С. Иванова. – М., «Республика»  1999г.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 1-6 томдары

4. Дүние жүзінің жер  су аттары/ Үрімжі 2000

Интернет-көздері:

    1. ru.wikipedia.org/wiki/
    2. www.relief.pu.ru
    3. www.ocean.ru
    4. rgo.ru/geography/fiz_geography/slovar

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

Информация о работе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы