Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 07:32, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 тарау.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық  құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып  табылады.

Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары  мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің  жалпылама белгілердің, қоғамға  қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер  шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.

Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық  құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді. 

2. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады.

Әрекет дегеніміз – адамның  қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз  адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Қылмыс дегеніміз – қылмыстық  заңдармен тиым салынған, қоғамға  қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз.

Қылмыстың белгілеріне мыналар  жатады:

1. Қоғамға қауіптілігі

2. Заңға қайшылығы

3. Айыптылығы

4. Жазаланатындығы.

Қылмыстың санаттары  деп оларды нақты белгілері бойынша  топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар  сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай  санаттарға бөлінеді:

- онша ауыр емес;

- ауырлығы орташа;

- ауыр;

- аса ауыр.

Қылмыстық Кодекстің 10-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан:

1. қасақана жасаған әрекеті – 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – онша ауыр емес;

2. қасақана жасаған әрекеті – 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – ауырлығы орташа;

3. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге – ауыр;

4. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе – аса ауыр санатына жатады.

3. Қылмыс құрамының  түсінігі және оның белгілері. Қылмыстың құрамы дегеніміз – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығын айтамыз. Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:

- қылмыстың объектісі;

- қылмыстың объективтік жағы;

- қылмыстың субъектісі;

- қылмыстың субъективтік жағы. 

1.       Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.

2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

3. Қылмыстың субъектісі  – ол қылмыс жасаған уақытта  ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған  жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар  үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау  және т.б.) қылмыстық жауатылыққа  адам 14 жастан тартылады.

4. Қылмыстың субъективтік  жағы – бұл қылмыстың ішкі  мәнін, мазмұнын білдіреді.

Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды  болып жіктеледі.

Материалдық құрамда  қылмыстың аяқталу сәті қоғамға  қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың өзі қылмыстың аяқталғандығын  көрсетеді.

3. Кез келген қылмыс  белгілі бір кезеңдерден немесе  сатылардан өтеді. Көп жағдайда  адам қылмыс жасауға даындалып барып, өз ниетін іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында  бір бірінен әрекет сипаты мен  аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақана қылмыстың үш сатысы көрсетіледі. Олар:

1. Қылмысқа дайындалу;

2. Қылмысқа оқталу;

3. Аяқталмаған қылмыс.

Осы үш саты тек қана тікелей  ниетпен жасалған қысқаша қылмыстарда  болады.

1. Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау» объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады. Ол қылмысқа оқталу мен аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілік дәрежесі төмен. Қылмысқа дайындалушы бұл жағдайларды өз қолымен жасайды, бірақ еркіне байланысты емес мән-жайлар бойыншаақырына дейін жеткізілмейді. Егер де бұлай болмай қылмыстық өзгерістерді дайындалу сатысынан доғарса, қылмыстан өз еркімен бас тарту болар еді.

2. Қылмыс жасауға оқталу. «Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады».

3. Аяқталған қылмыс. Егер  адам әрекеттерінде қылмыстық  кодекстің ерекше бөлімінде келтірілген  баптың диспозициясындағы барлық  объективті және субъективтік  белгілердің бәрі болса, аяқталған  қылмыс болып есептеледі.

4. Жаза ұғымы,  түрлері Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.  Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамдарды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.

Жазаның белгілеріне  мыналар жатады:

1. Қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды;

2. Жаза тек қана жеке сипатта әке-шеше, туған-туыс емес тек қылмыскер ғана жазаға тартылады;

3. Ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан шектейді.

Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстың салдары. Дегенмен ол қылмыстың алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру әдістеріне, тәрбиелеу шараларына бой бермей бара жатса, оны қылмыстық жазамен тоқтатуға тура келеді.

Жазаның мақсаты:

- әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру;

- сотталған адамды түзеу;

- жаңа қылмыстар жасаудан сақтандыру.

Әлеуметтік әділдік  жәбірленішінің бұзылған құқықтары  мен бостандықтарын қалпына келтіруді  көздейді. Ол мүліктік сипаттағы санкцияларда (айыппұл, мүлікті тәркілеу), ал өлім, жарақаттар үшін қылмыскерді құқықтары мен бостандықтарына ұзақ мерзімге айырудан көрініс табады.

Мәніне қарай жазаның  түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

1. Сотталған адамға  моральдық жағынан әсер ететін  жаза түрлері. Бұған жататындар қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы әскери немесе құрмет атағынан айыру, дипломатиялық дәрежесінен және мемлекеттік наградадан айыру.

2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері. Бұған белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру жатады.

3. Сотталған адамды  материалдық жағыннан айыруға  байланысты жазалар: түзеу жұмыстары,  айыппұл, мүлікті тәркілеу.

4. Сотталған адамның  құқығынан немесе бас бостандығынан  айыруға байланысты жаза түрлеріне өлім жазасы, бас бостандығынан айыру жатады.

 

Әдебиеттер тізімі (оқу-әдістемелік  әдебиеттерге сілтеме, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде қаралған)

Оқу-әдістемелік  әдебиеттер тізімін қараңыздар.(12,40-43,)  

 

Студенттердің өзін-өзі  тексеруіне арналған тапсырмалар:

1. Жазаның түрлері

2. Қылмыстық құқықтың  міндеттері, жазаның мақсаты

 

 

Тақырып 7.  Азаматтық  құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты: Азаматтық құқығының ұғымы туралы, ол қандай принциптерге сүйенеді және жүйесі қандай, оның субъектілері мен объектілерін нақты көрсету және өкілдің әрекеттері қандай жолдармен жүзеге асырылу керектігі жөнінде негізгі түсініктер беру.

 

1. Азаматтық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі және принциптері

2. Азаматтық-құқықтық  қатынас объектілері мен субъектілері 

3. Өкілдік пен  сенімхаттың түсінігі, жасалу мерзімі

 

Дәрістер тезисі;

 

Азаматтық құқық - бұл  тауар- ақшалай және қатысушыларының  теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін  құқық саласы. 

Азаматтық құқықтың пәні ретінде тауарлы ақшалай және қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік және мүліктік емес қатынастар болады. Жүйесі жағынан өзге құқық салалары ретінде жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқықтың принциптері:

  • Қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
  • Меншікке қол сұқпаушылық;
  • Жеке істерге кімнің де болса араласпауы;
  • Азаматтық құқықтарды кедергіссіз жүзеге асыру;
  • Нұқсан келтірілген құқықтарды қалпына келтіру;
  • Азаматтық құқықты қорғау.

2. Азаматтық-құқықтық қатынас объектілері мен субъектілері  Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды тұлғалар.

Құқық өкілеттігін алған  құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады.

Тұлғаның 2 категориясы  болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.

Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында  оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап  беретін, өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын жыне т.б. жатады.

       2. Мүліктік  қатынастарда өкілдікті жүзеге  асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында  қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.

3. Өкілдік пен сенімхаттың түсінігі, жасалу мерзімі Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілдік институтының мазмұны  субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.

Өкілдіктің негізгі  белгілері:

1. Өкілдіктің субъектілерінің  құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді  жасауды тапсырып, тиісті сенімхат  берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.

Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі  өкілдік үшін қажет.

Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

2. Өкілдік шартсыз  болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің  әрекет қабілетсіз азаматтар  атынан заңды өкіл болу шартын  қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де  соттағы заңды өкіл туралы  ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңының 111 – бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.

Қамқоршылар өздерінің  қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше  жасауға құқығы жоқ мәмілелерді  жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың  өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.

3. Өкілдіктің құқығы  мен міндетінен туындайтын қандайда  бір әрекеттер өкілдік беруші  үшін жасалады. Өкілдің барлық  әрекеттері  өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.

Информация о работе Экологиялық құқық