Экологиялық құқық бұзушылықтардың заңды жауапкершілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 16:32, реферат

Краткое описание

Экологиялық заңдарды бұзудың түсінігі және белгілерін, экологиялық әкімшілік, тәртіптік, азаматтық, қылмыстық жауапкершіліктердің түсініктерін, белгілерін анықтау.

Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1.Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы.

2. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы.

3.Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік.

4. Экологиялық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілік.

5. Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері.

6. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

26.doc

— 80.00 Кб (Скачать документ)

 
Тақырып-7. Экологиялық  заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік. 
 
Экологиялық заңдарды бұзудың түсінігі және белгілерін, экологиялық әкімшілік, тәртіптік, азаматтық, қылмыстық жауапкершіліктердің түсініктерін, белгілерін анықтау. 
 
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар: 
 
1.Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы. 
 
2. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы. 
 
3.Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік. 
 
4. Экологиялық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілік. 
 
5. Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері. 
 
6. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік. 
 
 
Экологиялық заңдарды бұзу дегеніміз- белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз. 
 
Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, таб пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады. 
 
Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның ішінде ҚР-сының аумағындағы құқық бұзған ел азаматтары және изаңды тұлғалары жатады. 
 
Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органнаң заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын айтамыз. 
 
Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау болып табылады. 
 
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында “қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген. 
 
Тәртіптік жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мееме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. 
 
Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар. 
 
Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген. 
 
ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде және ақшалай. 
 
Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды қалпына келтіру. 
 
Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады. 
 
Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлнрге бөлуге болады: 
 
А) Табиғатты пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу. 
 
Б) Негізгі табиғат компоненттердің бұзылуы: 
 
В)Фаунаны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар. 
 
Г) Флораны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар. 
 
Сонымен қылмыстық жауапкершілік қоғамға қауіптілігі жағынан жоғары дәрежеде болатын әрекеттерге тағайындалады. Ол сотпен ғана тағайындалады және жаза тағайындаудың негізі болып сот үкімі саналады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Экологиялық заңдарды бұзу дегеніміз не? 
 
2. Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне қандай қатынастар жатады? 
 
3. Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектілеріне кімдер жатады? 
 
4. Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз не? 
 
5. Экологиялық тәртіптік жауапкершілік дегеніміз не? 
 
6. Экологиялық әкімшілік жауапкершілік дегеніміз не? 
 
7. Экологиялық азаматтық жауапкершілік дегеніміз не? 
 
8. Экологиялық қылмыстық жауапкершілік дегеніміз не? 
 
 
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме) 
 
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі 
 
 
2.1. Бөлім. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының ерекше бөлімі. 
 
 
Глоссарий (анықтама, сөздік) 
 
 
Жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процессінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер; 
 
Жер кадастры - жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрамдас бөлігі; 
 
Жер учаскесі - Заң бойынша жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі; 
 
Жер - Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процессінің аумақтық негізі; 
 
Шет елдік жер пайдаланушылар - шет мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар; 
 
Мемлекеттік емес жер пайдаланушылар - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 
 
Тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар; 
 
Арнайы жер қоры - ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не ҚР-ның заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерінің және шартты жер үлестерінің иелері мен жер пайдаланушылар бас тартқан жердің есебінен құралатын резервтегі жер; 
 
Жер құқығы қатынастарының субъектілері - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер; 
 
Жер асты суларының бассейні - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы; 
 
Су сервитуты - су объектісін шектеулі пайдалану құқығы; 
 
Сулар - су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы; 
 
Су жинау алаңы - шекарасы шегінде су объектісінің су ресурстары қалыптастыратын аумақ; 
 
Су шаруашылығы - су объектілерін пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы; 
 
Су шаруашылығы жүйесі - суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ағынды суларды бұруға арналған өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені; 
 
Гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені; 
 
Гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, суды дайындау, су пайдаланушыларға беру, тасымалдау және суды бұру, сондай-ақ олардың зиянды әсірінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар; 
 
Су пайдалану көзі - су пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін су объектісі; 
 
Жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрылық бетінде оның бедері нысанындағы сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы; 
 
Жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптрға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жер асты сулары; 
 
Биологиялық әралуандық - белгілі бір аумаққа тән өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің жиынтығы; 
 
Орманды қайта жаңғырту - сүрекдіңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесілген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерінің пайда болуының табиғи процессі; 
 
Орман зиянкестері - орман екпелерін зақымдайтын организмдер; 
 
Қала ормандары және орманды саябақтар - қалалық елді мекен шекарасы шегіндегі орналасқан және мемлекеттік орман қорының құрамына кіретін сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы ормандар; 
 
Сүрекдіңдер - орман екпелерінің негізгі бөлігі болып табылатын ағаштар жиынтығы; 
 
Орманды қорғау - орманды зиякестерден, аурулардан, антропогенді және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерінен қорғау жөніндегі, жер үстінде жүзеге асырылатын іс-шаралар жиынтығы; 
 
Орман қорын түгендеу - орман қорының жекелелег учаскелерін сандық және сапалық көрсеткіштерін сипаттау, картаға түсіру және анықтау жөніндегі жұмыстар кешені; 
 
Орман - ағаш пен бұта өсімдікерінің және жанды табиғаттың басқа да компонентерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен; 
 
Орман шаруашылығы - орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы; 
 
Орманның аса қауіпті зиянкестері - жаппай көбейіп, таралатын, сөйтіп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегінен асып кететін залал келтіретін зиянкес организмдер; 
 
Арнайы мақсаттғаы плантациялық екпелер - өнеркәсіптік, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшін қолдан өсірілетін екпелер; 
 
Алаңқай жерлер - ағашы жоқ, бірақ орман өсімдіктерінің қалдықтары сақталған орман алаңы; 
 
Орманды мөлшерлеу - орман ресурстарының, соның ішінде кесу кесу көзделетін екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөніндегі іс-шаралар; 
 
Мемлекеттік орман қоры алқабы - орман орналастыру кезінде орман қорын мемлекеттік есепке алу, арнайы картаға түсіру мен орман шаруашылығы іс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттік орман қоры құрамында бөлінетін жер учаскелері.


Информация о работе Экологиялық құқық бұзушылықтардың заңды жауапкершілігі