Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:54, доклад

Краткое описание

Экология— тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық құқық.ppt

— 306.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Экологиялық 

құқық 

негіздері

 

 

 

 

Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелілік салаларының негізгі тіректерінің бірі

 

ұғымдар

 

санаттар

 

 

 

 

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834—1919) енгізген. 

 

 

 

 

Экология— тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаган ортаны қорғау — табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі.

 

 

 

 

  Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

  Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

 

 

 

 

   Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

 

 

 

 

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

 

   1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

 

   2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

 

   3. Заңды тұлғалар.

 

   4.  Жеке тұлғалар.

 

 

 

 

Экологиялық мәселелер

 

Жаһандық

 

Жергілікті

 

Ұлттық

 

 

 

 

Экологиялық құқықтың нормативтік актілердің ішінде халықаралық құқықтық нормативтік актілер ерекше орын алады. Олар Қазақстан Республикасы заңдарынан заңдық күші жағынан жоғары.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 3-тармағы: “Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін”.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабы 1-тармағы: “Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды”.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабы: “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті”.

 

 

 

 

Назарларыңызға 

 

рахмет !!!

Орындаған: РН-11-1 қ/т студенті

                       Нигметуллин Нұрсұлтан


Информация о работе Экологиялық құқық