Экология оқулығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:22, реферат

Краткое описание

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады. Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология.docx

— 112.96 Кб (Скачать документ)

        60-1-бап. Қалдықтардың паспорты      

 Өз қызметтерiнiң процесiнде  қалдықтар пайда болатын жеке  және заңды тұлғалар қалдықтардың паспортын жасауға тиiс, оның үлгiлiк нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.  
      Ескерту. 60-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  

        60-2-бап. Қалдықтар орналастырылатын объектiлерге  
                   қойылатын талаптар      

1. Қалдықтар орналастырылатын  объектiлер құрылысының орнын  анықтау мемлекеттiк экологиялық  және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда арнайы (геологиялық, гидрологиялық және өзге) зерттеулер негiзiнде жүзеге асырылады.  
      2. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында және олардың қоршаған ортаға әсер етуi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзуге мiндеттi.  
      3. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды орналастыру объектiлерiн пайдалануды аяқтағаннан кейiн олардың жай-күйiн және қоршаған ортаға әсерiн бақылауға және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыруға мiндеттi.  
      4. Елдi мекендердiң аумақтарында, орман саябақтары, курорт, емдеу-сауықтыру, рекреациялық, сондай-ақ су қорғау аймақтарында, ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын жерасты су объектiлерiнiң су жиналатын алаңдарында қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Пайдалы қазбалар жатқан жерлердiң ластану қаупi және кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзуге қауiп туындаған жағдайда пайдалы қазбалар жатқан жерлерде қалдықтарды көмуге және кен жұмыстарын жүргiзуге тыйым салынады.  
       Ескерту. 60-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 60-3-бап. Қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде  
                қойылатын талаптар       

1. Қауiптi қалдықтар түзiлетiн  шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын  жеке және заңды тұлғалар:   
      1) осы қалдықтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қауiптiлiктiң нақты сыныбына жатқызылуын растауға;   
      2) қалдықтарды олардың түрiне қарай жою, кәдеге жарату немесе қайта пайдалану жөнiнде iс-шаралар әзiрлеуге және жүзеге асыруға;  
      3) қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудi қамтамасыз ететiн,  қоршаған ортаның ластануын болғызбайтын жүйелердi құруға және енгiзуге;   
      4) қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерiн ескере отырып, қалдықтардағы зиянды металдар мен басқа заттардың болуы жөнiндегi белгiленген нормалардың орындалуын қамтамасыз етуге;   
      5) қалдықтарды қайта пайдаланудың жоғары дәрежесiне қол жеткiзу және олардың жиналуы мен өңделуiне жауапты қызметкердiң денсаулығына және қауiпсiздiгiне қатысты проблемаларды болғызбау қажеттiгiне байланысты қалдықтарға түзiлген жерлерiнде сұрыптау жүргiзуге тиiс.  
      2. Жеке және заңды тұлғалардың қауiптi қалдықтар түзiлетiн процестегi қызметiне:   
      1) қалдықтармен жұмыс iстеудiң адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмеген кезде шектеу;   
      2) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соқтыратын қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптар бiрнеше рет (екi реттен көп) бұзылған жағдайда тыйым салынуы мүмкiн.   
      3. Қалдықтардың түрiне байланысты оларды уақытша сақтау мерзiмi қалдықтардың адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтiру тәуекелi барынша аз болатындай етiп белгiленедi.   
      4. Қалдықтардың түрiне байланысты оларды тасымалдау шарттары мен құралдары олардың сақталуын және адам денсаулығы мен өмiрi, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.   
      5. Қалдықтардың түрiне байланысты оларды тасымалдау және сақтау құралдары қалдықтардың шығу ықтималдығын болғызбайтындай герметикалық болуға және техникалық регламенттерде белгiленген сақтандыратын таңбалық деректерi мен белгiлерi болуға тиiс.   
      6. Қалдықтардың көмiлген жерлерi және көму әдiстерi қоршаған ортаға (жерүстi және жерасты суларына, топыраққа, ауаға) қалдықтардың құрамындағы ластаушы заттардың ену ықтималдығын болғызбауға тиiс.   
      7. Қалдықтарды кәдеге жарату қоршаған ортаға зиян келтiру тәуекелiн барынша азайтып, қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрмейтiн әдiстермен жүзеге асырылуға тиiс.   
      8. Қалдықтарды сақтау, тасымалдау, көму және кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстарға қатысатын қызметкер қалдықтардың сипаты, зиян келтiрудiң ықтимал тәуекелi және жеке бастың қауiпсiздiгi мен кәсiпорынның басқа да қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы хабардар етiлуге тиiс.   
      9. Табиғат пайдаланушылар өндiрiстiк қалдықтармен байланысты мәселелердi шешуге және қалдықтардың қауiпсiздiгiн, оларды сақтау, тасымалдау, көму мен кәдеге жаратуды қамтамасыз ететiн талаптар мен нормаларды сақтауға тиiс.  
       Ескерту. 60-3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N  209  Заңымен.       

 60-4-бап. Қалдықтарды халықаралық тасымалдау      

 Қалдықтарды халықаралық  тасымалдау Қазақстан Республикасының  Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге  асырылады.  
      Қазақстан Республикасында қалдықтарды әкелуге (әкетуге) бақылауды шекаралық, көлiктiк және кедендiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етедi.  
      Ескерту. 60-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 61-бап. Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери  
                қызметке қойылатын экологиялық талаптар      

 Осы Заңмен белгiленген экологиялық талаптар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, әскери және қорғаныс объектiлерi мен әскери қызметке толық көлемiнде қолданылады.       

 62-бап. Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау      

 Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.       

 10-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын  
                    экологиялық талаптар       

 Ескерту. 10-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 62-1-бап. Үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және  
                  өзге де объектiлердi жобалауға, салуға, қайта  
                  құруға, тоқтатып қоюға және жоюға қойылатын  
                  талаптар      

1. Пайдалану процесiнде  қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және  өзге де объектiлердi жобалау,  салу, қайта құру, тоқтатып қою  және жою кезiнде жеке және  заңды тұлғалар:  
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;  
      пайда болатын қалдықтарды пайдалану, залалсыздандыру, кәдеге жарату туралы нормативтiк-техникалық құжаттамасы бар болуға мiндеттi.  
      2. Пайдаланылуы қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi салуға, қайта құруға, тоқтатып қоюға және жоюға мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптамалардың оң қорытындысы болған жағдайда жол берiледi.  
      3. Пайдаланылу процесiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау кезiнде оларды жинау үшiн орын (алаң) қарастыру қажет.  
       Ескерту. 62-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 62-2-бап. Yй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және  
                  өзге де объектiлердi пайдалану кезiндегi  
                  талаптар      

1. Қалдықтармен жұмыс  iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және  өзге де объектiлердi пайдалану  кезiнде жеке және заңды тұлғалар:  
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;  
      қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерiнiң жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен әзiрлеуге және оған бекiтуге ұсынуға;  
      ең жаңа ғылыми-техникалық жетiстiктер негiзiнде аз қалдықты технологияларды енгiзуге;  
      қалдықтар мен олар орналастырылатын объектiлерге түгендеу жүргiзуге;  
      қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзуге;  
      қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты авариялардың алдын алу талаптарын сақтауға және оларды жою жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қолдануға;  
      қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде авариялар туындаған немесе қаупi төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға дереу хабарлауға мiндеттi.  
      2. Қалдықтармен жұмыс iстеу адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiптi әсер етуге әкеп соқтыратын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады.  
       Ескерту. 62-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 62-3-бап. Елдi мекендердiң аумақтарында қалдықтармен  
                  жұмыс iстеуге қойылатын талаптар      

1. Елдi мекендердiң аумақтары  қалдықтардан үнемi тазартылып тұруға тиiс.  
      2. Елдi мекендердiң күтiп-ұсталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып қамтамасыз етедi.  
       Ескерту. 62-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 62-4-бап. Қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар      

1. Қалдықтарды тасымалдауға:  
      1) қалдықтардың паспорты;  
      2) қауiптi қалдықтарды тасымалдауға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып, арнайы жабдықталған және арнайы белгiлермен жабдықталған көлiк құралдары;  
      3) тасымалданатын қауiптi қалдықтардың санын, оларды тасымалдау мақсаты мен апаратын орнын көрсете отырып, қауiптi қалдықтарды тасымалдау құжаттары мен оларды беруге арналған құжаттар болған кезде жол берiледi.  
      2. Қауiптi қалдықтарды тасымалдаудың тәртiбiн, оның iшiнде тиеу-түсiру жұмыстарын орындауды, көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша айқындайды.  
      Ескерту. 62-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  

 11 тарау. Экологиялық сараптама       

 63-бап. Экологиялық сараптама және оның түрлерi      

 Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкес келуiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасалуы мүмкiн терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiнiң анықтамасы.   
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.        

 64-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама      

 Мемлекеттiк экологиялық  сараптаманы қоршаған ортаны  қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдарында айқындалған құзыретi шегiнде жүргiзедi.  
      Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын объектiлер тiзбесi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.   
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнiм (жұмыс, қызмет) мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге жатқызылса, оның оңды қорытындысынсыз Қазақстан Республикасының аумағында оны өндiруге немесе оған әкелуге тыйым салынады.   
      Экологиялық сараптаманың қорытындысы ресми құжат болып табылады, мiндеттi түрде орындалуға тиiс және оған қатысты дау сотта қаралуы мүмкiн.  
       Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама      

 Қоғамдық бiрлестiктер немесе халықтың өзге де топтары қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзе алады.  
      Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың ұйымдастыру нысандары және қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптама саласындағы өкiлеттi экологиялық сараптама туралы заңдармен белгiленедi.  
      Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныс жасау сипатында болады.  

 12 тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, ғылыми және  
мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерi       

 66-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры      

 Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту және рекреация нысанасы ретiнде қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, ерекше мемлекеттiк қорғауға алынған объектiлердiң жиынтығы.   
      Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерiн пайдалану iсiнде тыйым салу және шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.        

 67-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар      

1. Ерекше қорғалатын табиғи  аумақтар - ерекше қорғаудың құқықтық  режимiмен не шаруашылық қызметтiң  мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.  
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.   
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимдерi, олардың қызмет жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.  
       Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N  381 , 2001.07.04. N  205 , 2004.05.25. N  553  Заңдарымен.  

 13 тарау. Төтенше экологиялық ахуал және экологиялық апат  
аймақтары       

 68-бап. Төтенше экологиялық ахуал      

 Төтенше экологиялық  ахуал - адам қызметiнiң немесе табиғаттың дүлей күштерiнiң салдарынан белгiлi бiр аумақта пайда болған, қоршаған ортаның, адамдардың өмiрi мен денсаулығы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау үшiн қауiптi, терең және тұрақты терiс өзгерiстерiмен сипатталатын қолайсыз экологиялық ахуал.  
      Республиканың жекелеген аумақтарындағы төтенше экологиялық ахуал кезiнде заңдарда көзделген тәртiппен шаруашылық қызмет пен табиғат пайдаланудың жекелеген түрлерiне тыйым салынуы немесе олар шектелуi мүмкiн, табиғи ресурстарды қалпына келтiру (молықтыру), қоршаған ортаны сауықтыру, халықты әлеуметтiк қорғау жөнiнде жедел шаралар жүргiзiледi.        

 69-бап. Экологиялық апат аймақтары      

1. Егер қолайсыз экологиялық  ахуал салдарынан халықтың денсаулығына  елеулi нұқсан келтiрiлсе және (немесе) табиғи экологиялық жүйелер бұзылып, өсiмдiктер дүниесi мен жануарлар дүниесi азып-тозса, экологиялық ахуал төтенше аумақтар экологиялық апат аймақтары деп жарияланады.   
      2. Экологиялық апат аймақтары әрбiр жеке жағдайда өз кезегiнде төтенше экологиялық ахуалдың күрделiлiгi мен ауырлығына немесе осы жағдайға себеп болған факторларға қарай кiшi аймақтарға (экологиялық апаттар, экологиялық дағдарыс, экологиялық дағдарыс алдындағы жай-күйлер және басқалар) бөлiнедi.   
      3. Табиғи ресурстарды молықтыру, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру, халыққа медициналық көмек көрсету жөнiндегi шаралар Үкiмет бекiтетiн республикалық нысаналы бағдарламаларға сәйкес экологиялық апат аймағының белгiлi бiр кiшi аймақтары бойынша сараланып әзiрленедi және жүзеге асырылады.   
      4. Экологиялық апат аймағында:   
      1) қолайсыз экологиялық жағдайдың пайда болуына себепшi болған шаруашылық объектiлерiнiң қызметi тоқтатылады:   
      2) адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды ықпал ететiн ұйымдардың, цехтардың, агрегаттар мен жабдықтардың қызметi тоқтатыла тұруы мүмкiн;  
      3) табиғат пайдаланудың жекелеген түрлерiне шек қойылады;  
      4) қажет болған жағдайда адамдарды көшiру жөнiнде шаралар жүргiзiледi.  
      5. Төтенше экологиялық ахуал салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ экологиялық апат аймақтарында тұратын азаматтар өтемақылардың, жеңiлдiктер мен әлеуметтiк қорғаудың басқа да түрлерiн қоса алғанда өздерiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы бар.  
      Азаматтарды төтенше экологиялық ахуалдың салдарынан зардап шеккен адамдар қатарына жатқызу тәртiбi, оларды әлеуметтiк қорғау нысандары заңдарда белгiленедi.       

Информация о работе Экология оқулығы