Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен жолдарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушыларды өлке табиғатын қызғыштай қорғайтын адам етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын көрсету.
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
І бөлім: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және оның мазмұны ( психологиялық-педагогикалық проблема)....
1.2. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары. ...............................
1.3. Биология сабақтарында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, технологиясы және әдістемесі ................................
ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдірудың әдістері

2.1.Тіршілік тынысы - өсімдік” атты сыныптан тыс факультативті модульдік сабақ
2.2.“Табиғатым - тағдырым” атты сыныптан тыс сабақты оқушылардың Көңілді тапқырлық клубы ретінде өткізу
2.3.«Гүлді өсімдіктерді қорғау» - өткен материалдарды қортындылау сабағы ( ойын технология элементермен)
2.4. «Өсімдіктер әлемі» - биологиялық ойын
2.5 «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ » ІЗІМЕН – экологиялық ойын
2.6 "ЭКОБІЛІМ" сайысы
2.7. Биология сабағында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістерін қолданудың нәтижесің тәжірибелік – педагогикалық талдау.

Қорытынды............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . ...................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип новый Эк.эдістемесі.docx

— 1.47 Мб (Скачать документ)

А) су

Ә) ауа

Б) қорек

В) бәрі дұрыс

10. Организмдер арасында қандай  қарым-қатынастар болады?

А) жыртқыштық

Ә) паразиттік

Б) қоректік

В) бәрі де

11. қоршаған ортаның сапасы деген не?

А) ауаның тазалығы

Ә) судың

Б) жердің

В) бәрі де жатады.

12. Популяция ұғымын қалай түсінесіңдер?

А) Бір түрдің особтарының жиынтығы

Ә) Әр түрге жататын организмдер жиынтығы

Б) организмдердің табиғаттағы саны

В) организмдердің жиынтығы

13. Тіршілік ортасы деген не?

А) топырақ ортасы

Ә) су

Б) организмдердің өзі

В) барлығы

14. Биосфера ұғымын қалай түсінесің?

 А) жер шарының тіршілік нышаны  бар жерлер

Ә) биік таулар

Б) мәңгі мұздар

В) ауа

15. Экожүйе деген ұғымды қалай  түсінесің?

А) тірі организмдер жиынтығының тіршілігі қалыптасқан табиғат жүйесі

Ә)  организмдердің жиынтығы

Б) судағы тіршілік

В) құрлықтағы тіршілік

16. Агроценоз деген ұғым қандай?

А) адам аяғы баспаған тың жерлер

Ә) адам игерген экожүйелер

Б) таулар жүйесі

В) жайлау

 

Дұрыс жауаптары: 1-Б, 2-Б, 3-Б, 4-В, 5-В, 6-А, 7-В, 8-В, 9-В, 10-В, 11-В, 12-А, 13-В, 14-А, 15-А, 16-Ә.

Эксперименттің бастапқы кезінде оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейі және олардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріліп, талдау жасалды. Эксперименттің бұл кезеңі сабақ барысына бақылау жасау, оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу сияқты зерттеу әдістері арқылы жүзеге асты.

Эксперимент жүргізу барысында оқушылардың білімін тексеру, бағалау, пәнге деген қызығушылығын арттыратын тапсырмалар берілді. Сабақты жүргізу арқылы экологиялық білім беру ісін сыныптан тыс жүргізген жұмыстармен тығыз байланыстырдық, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра отырып оқытудың нәтижесінде білімдік, тәрбиелік мәселелерін шешіп соның негізінде экологиялық білім берудің деңгейі жоғарлағандығын байқадық.

Міне, осылайша тәжірибеміздің мақсатына толық жете алдық.

Биология сабақтарында экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыру  оқушылардың экологиялық білім алу  сапасын жақсартып, оқушылардың экологиялық мәдениеті  мен танымдық белсенділігін жоғарылатады.

                               Қорытынды

  

 Бүгінгі таңдағы экологиялық дағдарыстар жағдайында оқушыларға экологиялық мағлұматтарды беру отыру, олардың “экологиялық санасын” дамыту мектеп оқушыларын табиғатты сақтап қалу  шараларына қатыстыру, табиғаттың көз тұндырып, көңіл тояттандыратын сұлулығы мен байлығын қорғауға атсалысуға жұмылдыру ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі шапшаң даму жағдайында биология пәні мұғалімдерінің азаматтық борышы болып саналады.

Табиғатқа деген сүйіспеншілікті, жаңа экологиялық ойды, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу керек, бұны қызықты, эмоциональды, сенімді түрде жүргізу қажет. Адамдар неғұрлым табиғат үшін өзі жауапты екенін түсінсе, соғұрлым оны қорғау ісі тиімді болмақ.

Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үстінде біз оларда тәуелділік (иелік) сезімін оятуымыз керек. Әркімнің міндеті- тұған жердің байлығын қорғау және молайту. Жердің байлығын, туған өлкенің әсемдігін сақтау-барлық адамдардың патриоттық парызы.

 Сөйтіп, экологиялық оқу-тәрбие методикасын дамыту мұғалім мен оқушылардың бірігіп әрекет жасауының нәтижесі, экология мен табиғат қорғау мәселелеріне ғылыми және практикалық талдау жасағанда оқушылардың өзіндік көзқарасын дамытуға бағытталуы керек.    Оқушылардың қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми және практикалық пайдалы іс-әрекеті мен әдістерін сабақтастыру өте пайдалы. Оқушылардың қызығушылығы мен жеке ерекшеліктерін, жұмыстағы дағдысын, қабілетін және қоршаған ортаны қолайландыру тілегін дамытып отыру керек. Экологиялық проблемаларды шешудегі оқушылардың шығармашылық ізденісінің маңызын, экология негізі мен табиғат қорғаудың заңдылықтарын ғылыми тұрғыда қабылдауы мен түсінуін дамытудың да маңызы ерекше. Сондықтан да әр жас адамның экологиялық жауапкершілік оның жеке өмірінің бір бөлігіне айналуы керек. Ол қоршаған ортада адамдарға, өзіне материалдық, табиғи және рухани байлықтарға қарым-қатынасқа бағытталуы қажет екендігін көрсетеді.

Адамның дағдысы, санасы іс-әрекет негізінде қалыптасады. Бұнсыз біз баланың  табиғат сүйгіш мінезін қалыптастыра алмаймыз. Ал адамның мінез-құлығына табиғат тағдыры, демек, сол адамның өз тағдыры тәуелді. Өйткені, адамзат бұдан бұрын айтылғандай, табиғаттың ажырамас бөлігі “Баланы жастан” дейді.

Табиғат пен адамның болашақтары біртұтас. Осы кезге дейін адам табиғатқа қожалық етіп келді. Енді сол дана анамызға қайтадан бас иетін уақыт келді. Ақылды ұл мен қыз өмірдің объективті заңдарын ауырсына қоймас.

Экологиялық білім мен тәрбие беру ісінің тиімділігі іс-әрекеттің әртүрлі формаларын қолданып, оларды саналы түрде жүйелендіре, байланыстыра түсуге байланысты.

Экологиялық оқу-тәрбие ісі танымдық және практикалық іс-әрекеттің үйлесімділігін, табиғатты дұрыс пайдаланудың, адамның табиғатқа қарым-қатынасының ғылыми, этикалық, практикалық тәсілдерін алмастырып отыруды талап етеді.

Экологиялық білім берудің маңызды міндеті-оқушылардың табиғатоның құндылығы, адамның табиғаттағы іс-әрекеті, экологиялық проблемалар туралы теориялық білімді игеруі. Бұл міндет ең алдымен оқу процесінде, сонымен қатар, өздігінен білім алу процесі кезінде, табиғатты қорғау клубтарының сабақтары кезінде шешіледі. Бұл жерде экологиялық білім алу процесінде тиімді педагогикалық жетекшілік жасау үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Экологиялық білім алудың келесі міндеті-оқушылардың бағалауға үйренуі . Бұл міндетте табиғи ортаның жағдайын зерттеудегі, адамның іс-әрекетінің мақсаты мен мінез-құлығын оның нәтижесін бағалаудағы практикалық іс-әрекетінің өзара байланыстылығы маңызды болып табылады.  Кейбір белгілі тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар бағалау бағыты мен ой-пікірледі өздігінен қорыту дағдысына ие болады. Мектепте бұл іс-әрекет рефераттар қорғау барысында, тілдік қарым-қатынаста, іскерлік ойындар кезінде толықтырылып, дамып отырады. Ойындық ситуациялар барлық жастағы оқушылардың экологиялық білім және тәрбие алу процесінде сергіту сәттерін енгізеді, бұл оқу мазмұнның тәрбиелік мақсаттылығына бағыттауды күшейтеді.

     Ойын ситуацияларында оқушылардың  алдында таңдау жасау, қабылданған  шешімді азаматтық саналық позициядан  түсіндіру мәселесін қояды. Факультативті  сабақтар жүргізу барысында Ұлы  ақын жазушылардың табиғатты  қорғау туралы шығармаларын сабақ  мазмұнына сәйкес пайдаланып  отыру. Сондай –ақ іскерлік ойынның  ерекше құрылуының арнайы принципі  көмектеседі.

Экологиялық білім алудың міндетті шарты - балалардың іс-әрекетке талдау жасай білу қабілеті болып табылады. Бұл шарт балалардың ситуациялық тапсырмаларды орындау табиғи ортадағы құқықтық және адамгершілік нормаларға өзіндік қарым-қатынасты сақтауын, белгілі жағдайларда шұғыл шешім жасауын талап ететін оқиғаларға құрылады. Балалардың экологиялық сауатты іс-әрекеті олардың табиғатпен қарым-қатынасқа түсуі процесінің барлық формасында экскурсияда, экспедицияларда, сабақ үстінде, даладағы экологиялық практикум жағдайында қалыптасқаны қажет.

     Экологиялық білім берудің тағы  бір міндеті - балалардың қоршаған ортаны қорғау, жақсарту күту барысында еңбек дағдыларына үйренуі, табиғатты қорғау туралы идеяларды таратуы.Бұл іс-әрекет оқушылардың сабақ кезінде, өзіндік жұмыс кезінде іске асады.

       Оқушыларға экологиялық білім  және тәрбие беру кезінде кластан  тыс жүргізілетін жұмыстар да  елеулі орын алады. Әсірісе арнайы  өткізілетін ашық тәрбие сағаттары, табиғат қорғауға байланысты  тақырыптық кештер оқушыларға ерекше әсер етеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырып, білімін тереңдете түседі.

    Бұл  күндері экологиялық мағлұматтар  жалпы білім беретін мектептерде  оқытылатын биология пәндерінің аса маңызды, құрамдас бөлігіне айналды. Соның негізінде өскелең ұрпақтың табиғат компоненттерінің тепе-теңдігін қорғау туралы білім жүйесін меңгерудегі экологиялық мәдениеті қалыптасады.

    Экологиялық бағытталған еңбектік іс-әрекеттің  мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Бастауыш және орта мектеп оқушыларына мынадай қарапайым практикалық іс-әрекет қызықты және мүмкіншіліктеріне сай: құстарға арналған ұяларды ілу, құстарға уақытылы жем беру, балықтарды күту, өсімдіктер отырғызып, оларды күтімге алу.

   Ал  енді экологиялық білім алуда  оқушыларға экологиялық идеяларды тарату жұмысы күрделірек тиеді. Бұл дағдының дамуы ұйымдастырушылық жұмысының тәжірибесін қалыптастырумен бірге жүзеге асырылады. Оқушылар жұмысты өздері жоспарлап, ұйымдастырғанда, экологиялық идеяларды тарату жұмысына қатыссқанда педагогиканың тиімділігі байқалады.

   Экологиялық  білім және тәрбие берудің  аталған түрлері мектеп жұмысының практикасында қолданылады. Ол өз тарапынан жаңалық іздеуші ұстаздар қоғамға жауапкершілікті тәрбиелеудің жаңа жолдары мен әдістерін табуда. Бұл кезде жасалынып жатқан іс-әрекеттің тиімділігі педагог жұмысының сапасына, оның материалды жақсы баяндай білуіне байланысты болады.

    Оқушылардың экологиялық сауаттылығын, мәдениетін, танымдық белсенділігін, арттыруға мұғалімнің білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал етеді.

   Экологиялық тәрбие беруде пайдаланылатын даналық ұғымдар, тыйым сөздер, аныз-әнгімелер кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық асыл мұралар. Мәселен: « Атаңнан мал алғанша, тал қалсын», « Ағаш ексең аялап, басында болар сая бақ», « Бабалары еккен шынарды, балалары саялайды», - деген өсиет сөздерді ұстаздар күнделікті жұмыстарында пайдалану керек, мағынасын балаларға қарапайым мысалдармен түсіндіріп отыруы тиіс.

Экологиялық тәрбие беру проблемасын саралағанда прогресшіл педагогтердің ой-тұжырымдарында «өнегелі, дұрыс тәрбие барлық жағынан табиғатпен ұштасып жатуы керек» - деген қағиданы мақұлдайды.

Шығыстын екінші ұстазы атанған ғалым Әл-Фараби баланы оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу үшін, қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып білу керектігі жөнінде тұжырым жасайды. Ол бала тәрбиесін ұлттық тамырдан нәр алып, өз заманының таным-түсініктерімен байытылып, жаңғыруын заңды құбылыс деп танып, педагогикалық ілімдегі тәлім-тәрбие, білім беру мәселелерін табиғатқа қатысты ой-тұжырымдармен байланыстыра түсіндіреді. Ғулама ұстаз Әл-Фарабидің бұл айтқан ой-пікірлерін қазіргі экологиялық білім беру саласында пайдаланумыз керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Назарбаев Н.Ә.: «Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауы/ Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 1997 жыл.

2  Назарбаев Н.Ә.: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы/ Н.Ә. Назарбаев // – 2007 жыл – 28 ақпан. 
 3  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. – 2007 жыл. – 27 шілде.

4 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. – 2002 жыл. – 8 тамыз.

5 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. – 2004 жыл. – 7 шілде.

6 Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік 
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы // ресми мәтін. – Астана, 2012. 

7 Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  
2009 ж. 16 қарашадағы №521 бұйрығы // ресми мәтін. – Астана, 2009.  
 8  Ақназаров Б.З., Шыныбекова Э.И. Оқыту процесінде тәрбиелеу.- А., 1972.

9  Ишмұхамедова  Н.Б. Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың әдістемесі. Алматы: «Ғалым», 2006

10 Мамбетқазиев Е, Сабанбаев Қ. Табиғат қорғау. Алматы: «Қайнар», 1990

11 Мұқанов Б.Ы. Жеткіншектердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мен дамытудағы мұғалім мен оқушының өзара қатынасының педагогикалық негізі.-А.,1992.-267 б.

12 Сабыров Т.С. Оқушылардың  оқу белсенділігін арттыру жолдары.-А.:Мектеп,1978.-110 б.

13 Доклад Конференции организации обьединенных нации по окружающей среде и развитии. ООН, Нью-Йорк, 1993.

14 Международная Конференция ООН по окружающей среде РИО -1982

15 Қазақстан Республикасында 2004-2015 жылдарға арнаған экологиялық қауіпсіздікті сақтау туралы тұжырымдамасы. Астана. 2003.

16 “Қоршаған орта туралы заңдарды қолдану” Алматы 2000, 7 б.

17 Қазақстан Республикасында үздіксіз кәсіби педагогикалық білімді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2004.

18 Абдильдин Ж.М., Абишев К.А. Формирование строя мышления в процессе деятельности.-А., 1991.

19 А. Бейсенова, С. Самакова, А. Есполов, Т. Шілдебаев. "Экология және табиғатты пайдалану". "Ғылым". 2004. З-24-б.б.

20 Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. – Алматы:Рауан, 1990.

21 Степанов, Е.Н. Лузина Л.М. Педагогу о современных подходах и концепциях воспитания. – М.: ТЦ Сфера, 2003. – С. 51-61. 
18. Кусаинова, Ж.А. Проблемалық оқыту – оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары.   /Ж.А.Кусаинова. // rusnauka.com/3 _ANR_2013 / Pedagog. 
          22 Мұқанова Б.Ы.  Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері. Педагогика оқулығы. Алматы, 2003, 8-9 Б.

Информация о работе Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі