Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 10:51, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен жолдарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушыларды өлке табиғатын қызғыштай қорғайтын адам етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын көрсету.
Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
І бөлім: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және оның мазмұны ( психологиялық-педагогикалық проблема)....
1.2. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары. ...............................
1.3. Биология сабақтарында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, технологиясы және әдістемесі ................................
ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдірудың әдістері

2.1.Тіршілік тынысы - өсімдік” атты сыныптан тыс факультативті модульдік сабақ
2.2.“Табиғатым - тағдырым” атты сыныптан тыс сабақты оқушылардың Көңілді тапқырлық клубы ретінде өткізу
2.3.«Гүлді өсімдіктерді қорғау» - өткен материалдарды қортындылау сабағы ( ойын технология элементермен)
2.4. «Өсімдіктер әлемі» - биологиялық ойын
2.5 «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ » ІЗІМЕН – экологиялық ойын
2.6 "ЭКОБІЛІМ" сайысы
2.7. Биология сабағында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістерін қолданудың нәтижесің тәжірибелік – педагогикалық талдау.

Қорытынды............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . ...................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип новый Эк.эдістемесі.docx

— 1.47 Мб (Скачать документ)

Бөрі кеуделі, бөкен санды, Бота тірсекті.              ( шегіртке)

 

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай       (Қораз)

 

Қар астында қыстайды,       

Ақпен көркін тыстайды.     (Бәйшешек)

 

Өзіне шап-шақ

Киген қалпағы аппақ,

Балалар тұр қаптап.            (Бақбақ)

 

Ешбір тірексіз күмбез,

Ешбір сүйексіз күмбез.

Ешкім көтере алмайтын күмбез

Ешкім төңкере алмайтын күмбез.  (Аспан)

7. Қазақстанның қорықтары туралы:

Қорық – сұлу жаратылыстың, тамаша  табиғатын қорғанышы. Ал адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат адамды қайырымды, сұлу жанды етіп тәрбиелейді. Қорық барлық табиғат байлықтарын қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аймақ. Қазақстан жеріндегі қорықтарды ұйымдастыру тарихы өте ерте кездерден басталды. Қазақстанды қазіргі кезде тоғыз ірі табиғи мемлекеттік қорық бар. Олар: Ақсу Жабағылы, Алматы қорығы, Барсакелмес, Наурызым, Қорғалжын, Марқакзл, Үстірт, Батыс Алтай мен Алакөл қорықтары.

Қорықтар – табиғат этолоны. Мұндағы орман – тоғай, жайқалған шабандық, аң-құс, айдын көлдің мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс. Елімізде өсімдіктер мен жануарлар арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар-қорықтар ұйымдастырған:

Ақсу Жабағылы қорығы -1927 ж.

Алматы қорығы -1931 ж.

Барсакелмес қорығы – 1939 ж.

Наурызым қорығы -1956 ж.

Қорғалжын қорығы -  1968 ж.

Марқакөл қорығы  - 1976 ж.

Үстірт қорығы – 1984 ж.

Батыс Алтай қорығы -1992 ж.

Алакөл қорығы – 1998 ж.

  1. Ол кім?

Антони Ван Левенгук (1632-1723)

Антони Ван Левенгук Голландияның Делфт қаласында өмір сүрді. Левенгук тіршілік дүниесін сол уақытқа дейін адам баласына белгісіз болып келген үлкен бір әлемін – табиғат пен адам өмірінде орсан зор рол атқаратын микроорганизмдерді ашты. Левенгук аса көрнекті зерттеуші және тұңғыш жаңалық ашушы болды. Ол зоология мен ботаника, физика мен химия саласыында да көптеген жаңалықтар ашты.

 

Иван Владимирович Мичурин (1855-1935)

Өмір бойы бақта жұмыс істеді, өсімдіктерді зерттеп олардың тамаша жаңа іріктемелерін шығарады. Негізгі еңбегі: ол біліммен қаруланған адам күш жұмсап, еңбек етсе, наныңыз жасампаз, өсімдік табиғатын қайта өзгерушң\і бола алатындығын іс жүзінде дәлелдеді.

 

9. Табиғат туралы өлеңдер оқу  сайысы:

 

Табиғаттың қадірлеп қасиетін

Әділдікке әрқашан бас иемін.

 

Атаңнан мал қалғанша , тал қалсын деп,

Халық айтқан орынды өсиетін.

 

Табиғат, сен – тіршілігін, тұрып тұрған,

Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан

Сен көлсің, сен-ормансың, сен –бұлбылсың

Адамдарға сұлулықты шын ұқтырған.

 

 

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол - сәніміз.

Туған өлке табиғатым аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

 

10. Құстар туралы кім не біледі?

 

  1. Ең ірі алып құс – анд кондоры
  2. Көгершін атаулысының ең ірісі –тәжді көгершін
  3. Ең суыққа төзімді құс   - пингвиндер.

 

11. Көріністер.

 

      Табиғат қоғам байлығы ол қашан  да жер юетіндегі тіршіліктің  қайнар көзі. Қай елде болмасын  өзі мекендеген жерінің табиғатын  қорғау басты парыз. Ал жеке  адам ретінде шығар тауының  биік, жұтар ауасының таза, ұсынар  гүлінің жұпар иісті болғанын  кім қаламайды.

     Таза ауа мен самал желді, бұлттарға  арқасын төсеген асқар тауларды, сылаң қаққан сұлу су ағыстарын  қызықтап, табиғат саясында дем  алайық.

               Табиғаттан нәр алған ғой жанмыз.

                Жер бетінің ажары ол – сәніміз.

                Туған өлке табиғатын аялап,

                Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

 

2.3.«Гүлді өсімдіктерді қорғау» - өткен материалдарды қортындылау сабағы ( ойын технология элементермен)

Сабақтын мақсаты : Экологиялық рөлдік ойындар, әртүрлі шығармашылық тапсырмалар беру арқылы гүлді өсімдіктерді қорғауға, қоршаған орта тепе-тендігін сақтаудағы өсімдіктердің рөлін айқьш сипаттай білу аркылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой-өрістерін кеңейтуге, өз жұмысын жариялап айта білуге тәрбиелеу мақсатында сабақ өткіздім.

 Сынып  оқушыларын 4 топқа бөліп отырғыздым. Өткен материалдарды қайталау мақсатында топ оқушыларымен топтық жұмыстар жүргіздім.

 

"Миға  шабуыл". Өткен материалдар бойынша сұрақтарға жауап беру.

1-топ. Бактериялар тобы.   3-топ. Саңырауқұлақтар тобы.

2-топ. Вирустар тобы.    4-топ. Өсімдіктер тобы.

 

Бактериялар тобы.

1. Тірі табиғат дүниесі неше әлемге жіктеледі?

2. Ядролылар, ядросыздар дегеніміз нелер?

3. Бактерияларды кім ашты?

4. Микробиология қандай ғылым?

Вирустар тобы.

1. Луи Пастер кім?

2. Бактериялар қалай қоректенеді?

3. Цианобактерия дегеніміз не?

4. Вирустарды кім ашты?

Саңырауқұлақтар тобы.

1. Вирустар қандай ауру тудырады?

2. АҚТҚ вирусы туралы не білесіздер?

3. Иммунитет дегеніміз не?

4. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға  қандай саңырауқұлақтар жатады?

Өсімдіктер тобы.

1. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың  құрылысын айтыңыз.

2. Микориза, симбиоз дегеніміз не?

3. Қыналар қандай ағзалар?

4. Өсімдіктерді қандай топтарға  бөлеміз?

 

Термин сөздермен жұмыс.

1. Таллом

2. Хроматофор

3. Гамсталар

4. Зигота

5. Спорофит

6. Гаметофит

7. Зооспоралар

8. Қына

9. Индикатор

10. Мук

11. Плаун

12. Қырықбуын

13. Кырықжапырақгектсс

14. Сорус

15. Спорангий

16. Спора

17. Спирогира

18. Хламидомонада

19. Хлорелла

20. Хлорококк

21. Улотрикс

22. Ламинария

 

3. Үлестірме материалдармен жұмыс.

4-топқа үлестірме материалдар  таратылады. Оқушылар топтанып жұмыс  жасайды.

4. Сергіту сәті. Экологиялық ойындар.

Жойылып бара жатқан орман.

Бес оқушы бір-бірінен алысырақ тұрулары керек. Олар "орманды" құрады. Қалған оқушылар "құстар" болады. "Құстар" орманда ұшады. Оларды рөлге кіруіне шамалы уақыт береміз.

"Түн" басталғаны туралы хабар берген кезде құстар ағаштарға қонады. Келесі "Күн" деген кезде құстар ағаштардан ұшып кетеді. Окушылар айналада жүгіріп жүргенде бір-екі ағашты тығып қоямыз. Оны біреу шауып тастапты. Енді алақан соққанда құстарға қонақтау үшін ағаштардан орын табу керек болады. Құстардың қоректену көздері және ұялайтын жерлері азайғанда не істейтінін балалармен талқылауға болады. Оқушылармен бір ағашқа тым көп кұстар отырса және олар қоректің бәрін жеп кетсе ағаштың қурап қалатыны белгілі.

Орманда орын жетпей қалған "құстардан" олар өздерін қалай сезінгенін сұраңыз. Бұл ойын құстардың шын өміріне ұқсас па? Олардың арасында не ортақ және қандай айырмашылықтар бар?

 

"Коректік  тор".

Бұл үшін құстардың, балықтардың, өсімдіктердің құрт-құмырсқалардың, сүтқоректілердің аттары жазылған көрсеткіштер керек. Балалардың бірі "Күн" болып ортаға тұрса, қалғандары оны қоршап тұрады. "Күн" жіп түйінін ұстап тұрады. Кім Күн энергиясын бірінші қабылдайды. Өсімдіктерге жіптің бір ұшы беріледі.

1-тізбек. Өсімдік  — шегіртке — құстар - қырғи.

2-тізбек. Өсімдік  — тышқан - жылан - бүркіт т. б.

3-тізбек. Өсімдік  — балық — құстар - жыртқыштар.

Осылайша жіп жалғасады. Егер жіп үзілсе, не болар еді. Балықты шамадан тыс аулап, олар жойылса не болады? Сонда басқа жануарларға азық жетпей олар жойылып кетуі мүмкін. Көрнекті болу үшін тордағы жіптің бір жерінен қайшымен кесіп жіберіңіз. Экожүйеде байланыстар үзілген ағзалар "жерге құлап түсіп" тіршілік тоқтағанын бейнелейді. Балалардан осындай жағдайларға не себеп болатынын, оларды қалай болдырмау керек екенін сұраймыз.

Шығармашылық тапсырма. "Ең, ең, ең

Ең биік ағаш: Ротанг пальмасы - 200-300 м.

Лианалар - 200-300 м.

Эвкалипт - 140-155 м.

Майқарағай - 70 м.

Шырша — 60 м.

 

Қарағай - 48 - 50 м.

Емен - 20 - 50 м.

Қайың - 30 -35 м.

Талшын - 35 м.

Бамбук - 20 м.

Баобаб -12 м.

 

Ең аласа өсімдік:

Австралия орхидеясы 1-2 мм.

Вольфия - 1-2 мм.

 

Ең ұзақ жасайтын өсімдіктер.

Секвойя - 3000-5000 ж.

Баобаб - 5000 ж.

Тисе - 3000-5000 ж.

Талшын - 3000 ж.

Арша - 2000 ж.

Сауыр ( кипарис) - 1000 ж.

Жеке ағашы -1000 ж.

Емен — 1000 ж.

Шамшат - 600-900 ж.

Қарағай, шырша, майқарағай - 300-400 ж.

Грек жаңғағы - 300—400 ж.

Итмұрын — 400 ж.

Алмұрт - 50-200 ж.

Алма ағашы — 50—200 ж.

Терек - 120-150 ж.

Жүзім - 8-100 ж.

 

Жұмбақтар.

1. Біреуін бердім,

    Онын тердім.  (Тұқым)

 

2. Жасыл болып жыпырлап өнеді,

    Сары болып үзіліп түседі.

(Жапырақ)

3. Күн нұрымен піседі

    Уылжып қолға  түседі.   (Жеміс)

 

4. Үйіде жоқ, Күйіде жоқ,

   Бірақ жауыннан да, дауылдан да

  Қымсынбайды.

  Ыстыққа да шын шыдайды

   Шешуін айта той

   Балалар білсін жайды.

(Өсімдіктер)

 

Сабақты қорытындылау. Гүл күлтелеріне жазылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймыз.

Экологиялық шығармашылық жұмыс. "Алтын балык," туралы ертегі.

Сен де ешкім және ешнәрсе жоқ екенін көз алдыңа елестет. Кенет сен өзіңнің кез келген тілегіңді орындай алатын сиқыршыны кездестіресің. Сен нені сұрар едің? Ал, әзірше, "Балықшы мен Алтын Балық" ертегісін тындайық.

— Менің байығым келеді! Жұрт мұнай — берекелі іс деп айтады. Кәнеки, маған мұнай айыру зауытын салып бер.

— Жақсы, сенде мұнай айыру зауыты болады. Үйге бар да, еш нәрсені көңіліңе алма.

— Сен теңізді лас суға толы жыраға айналдырдың. Сен өзінді бай қыламын деп, тірі жанды өлтіргенінді байқамадың. Сол үшін сені жазалаймын! Енді сені өмір бойы ұжданың азаптайды — деп, балық суға жүзіп кетті.

— Шал теңіз жағасына келіп, барынша шуылдап, түтіндеп, теңізді ластап жұмыс істеп тұрған зауытты көреді.

Шалдың өміріне не болды? Мұнай алпауытында неге еш нәрсе қалған жоқ? Адамзат өмір сүру үшін қоршаған ортадан не алады?

 

2.4. «Өсімдіктер әлемі» - биологиялық ойын

  Өсімдік – адам  үшін азықтың қайнар көзі, байлығы, тірі табиғаттың бөлігі, қазынасы.Өсімдіктерді кутіп-баптап, қорғап отыру қажет, сонда ғана өсімдіктерден қажетті заттарды алуға болады. Оқушыларды өсімдіктердің тіршілігімен жақынырақ  таныстыру мақсатымен «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында биологиялық ойын  сабағын өткіздім. Ойын барысында сынып оқушыларын 6 оқушыдан тұратын 2 топқа бөлдім. Ойын топ бойынша жүргізіледі. Әр топтың топ басшысы сайланады және әр топтың аты, ұраны, төсбелгісі болады. Топ басшылары топты таныстырады. Ойын мынадай кезеңдерден тұрады.

I кезең – Таныстыру ( әр топтың  өзінин атын ұранын төсбелгиісін  таныстырады )

II кезең – Кім жылдам ? ( әр  топқа 6 сұрақтан беріледі )

III кезең – Қарама қарсы сұрақ  қою 

IV  кезең – Ол кім ,бұл не? ( автор енбектері)

Vкезең – Ти кестесін толтыру ( өсімдіктердің пайдасы мен қорғау  шаралары)

VIкезең – Сөздіктер сыр шертеді

VIIкезең – Ой толғаныс(  эссе  жазу )

VIII кезең – Гүл формуласы ( асбұрщақ  пен алма )

IX кезең – Мақал – мәтел  сайысы

I кезеңде әр топ өздерін таныстырады.

II кезең. Кім жылдам? Бізден сұрақ , Сізден жауап.

Информация о работе Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі