Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:14, реферат

Краткое описание

Эфир майы - ұшпа зат. Химиялық құрамы жағынан бұл әртүрлі қосындылардың күрделі қоспасы. Эфир майы (әсіресе қуаң жағдайда) жапырақтарға (шалфей, жалбыз, тасшөп) жиналады да, оларды қызып кетуден сақтайды; ол жемістерге (зире, кориандр, фенхель, анис), кейде жер астындағы мүшеларде (желгек) кездеседі, онда бәлкім жер астындағы зиянкестерден (дән мен тамырдың өнуі) қорғау қызметін атқаратын болар. Эфир майы өсімдіктерде аз да, көп болып, түрлі мүшелерде кездеседі. Өсімдіктердің жеке түрлерінде эфир майы оның әртүрлі бөлігінде біркелкі жинақталмайды: мөлшері ғана емес, майдың сапасы да әр мүшелерде өзгеріп тұрады (мәселен, кишнецте піскен жеміс майының иісі жапырақ майына қарағанда басқаша болады).

Содержание

Илік өсімдіктер және бояу алынатын өсімдіктер туралы түсінік
Илік өсімдіктерді қолданудың қысқаша тарихы
Әлемдік флорадағы илік өсімдіктердің негізгі өкілдері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эфир майы.doc

— 144.50 Кб (Скачать документ)

   Сүт малдарының азық рационына зиренің көк қоспасын қосқанда, олардың сүті молаятыны да анықталды.

   Татымды көк ретінде жапырақтары мен жас сабақ бұтақтарын асқа қосады, ал пісірілген тамырларын сорпаға тұздық ретінде пайдаланылады.

   Зиренің мәуесі ащы татымды, дәмді қышқыл келеді, оны нан өнімдеріне және ірімшік қайнатқанда, капустаны тұздағанда, алманы жібіткенде және арнаулы сорпалар мен тұздықтарға хош иіс беру үшін пайдаланылады.Сонымен қатар, дәрі-дәрмекке, сусындарға, арақ-шарапқа, нан өндірісіне пайдаланады.

   Зире - 2 жылдық өсімдік, яғни мәуесі екінші жылы ғана құралады, ал бірінші жылы жапырақ дегелектері мен тамыржемісі өседі. Жапырақтары екі түрлі-үш қат-үпілдек. Екінші жылы гүлді, бұтақты биіктігі 60-80 см келетін сабақ өседі. Мәуесі шілде айында піседі және құрғаған кезде үгітіліп түседі. Мәуесі - сопақша-жұмыртқа тәрізді, екі бүйірі қысыңқы, ұзындығы 3-5 мм, күңгірт-қызыл қоңыр, қабысқан.

   Зирені тұқымнан өсіреді. Ерте көктемде немесе күздің аяғында, тұқым пісіп жетіле бастағанда (себуге жас тұқымды, өткен жылғыдан ескі емес тұқымды алады) себеді. Оны қатарлы әдіспен тамыр - жемістілерден немесе бұршақ тұқымдастарынан (азотты тыңайқыштарына бай дақылдардан) кейін себеді. Дәндері 7-80С 18-25 тәулікке өседі. Зире топырақ таңдамайды, сонда да ылғалды, құнарлы, терең өңделген құмайт немесе әкті саздық жерде жақсы шығады. Бірінші жылы баяу өнеді, сондықтан жиірек егу керек. 2-3 жапырақ шыққанан кейін жас көктерді сиретеді. Екінші жылы мәуелері әбден пісіп жетпей тұрып, оларды жинайды. Зирені ертемен шық кетпей тұрып немесе түнделетіп жинаған жөн. Пісіп-жетілген және кептірілген дәндерді жақсы жабылған ағаш ыдыста сақтайды.

   Фенхель «Foniculum vulgare Mill»   Кәдімгі фенхель немесе дәріхана аскөгі, белгілі татымды және шипалы өсімдік.

   Мәуесінде 8-6% эфир майлары бар, олар жартылай (50-60%) анетолдан және 20% дейін майдан тұрады. Көктері эфир майларына, аскорбин қышқылына, каротинге, рутинге бай.

   Фенхельдің шипалық қасиеті көптен белгілі, бауырды, бүйректі, тұмаурату ауруларын, көз ауруларын емдеуге қолданылған.

   Мәуесі жел айдау дәруі ретінде пайдаланылады. Іш босату дәрулері құрамаса мен жөтел дәруі құрамына кіреді. Эфир майларынан аскөк суын дайындайды. Ыстық тұндырманы қолданады: 2-3 шай қасық ұсақталған мәуені бір стакан қайнаған суға тұндырады (10 минут), електен өткізеді (тәттілеуге болады).

   Тағамға көкөніс фенхельдің «домалақ бастарын», тамырлары мен жас сабақ- бұтақшаларын балауса күйінде немесе пісіріп пайдаланылады.

   Фенхель - диеталық аса бағалы азық. Басқа татымды көкөністардің эфир майларының молдығымен өзгешеленеді, мұның өзі организмге жақсы әсер етеді: тәбет ашады, ас қорытуды жақсартады. Жас жапырақтары салатқа жарайды, сабақтарын қияр тұздағанда пайдаланылады, жас сабақ-бұтақшаларын ағартып, пісіріп жеуге болады.

   Сырт көрінісі аскөкке ұқсас. Бұның биіктігі 1-2 метрдей, бір- екі және көп жылдық өсімдік. Жапырақ- сағақтары кең, таспаланып тар жарнақтарға тілімделген. Мәуесі сопақша, цилиндр тәрізді.

   Фенхнельдің көктемде әлде жаздың аяғында құнарлы, жақсы өңделген жерге себеді. Күзде өсімдікті көңмен немесе шіріндімен жабады. Фенхельді тұқым себу арқылы немесе вегетативтік әдіс- бұталарды бөлу арқылы өсіреді. Тұқымды кең қатарлы әдіспен егеді. Отағаннан кейін өсімдікті араларын 15-20 см етіп сиретеді. Шырынды, қалың жапырақ- сағақтары биязы болу үшін сабағы жуандағанда өсімдікті түптейді. Ерте өнім алу үшін фенхельді көшет арқылы өсіреді.

   Анис «Pimpinella anisum».  Кәдімгі анис көне заманнан бері өсіріледі: тұқымдары, тіпті, тас дәуірдегі тіреулі үйлерден табылған.

   Анистің шыққан жері - Кіші Азия, Көне Египет пен Үндістанда егіп өсіріледі, Гиппкраттың жазбаларында айтылған. Мәуесі үшін өсіреді, онда негізінен анетолдан (80-90%) тұратын 2-3% эфир майлары бар.

   Мәуесін емдік мақсатқа: қақырық түсіретін, ішек қызметін қоздыратын және жел айдайтын дәру ретінде пайдаланылады.

   Болгар халық медицинасында анистің мәуесі тыныс мүшелері ауруларын (жөтелді, дауыстың жойылуын), бадамша бездің қабынуын емдеуге және бүйрек пен қуықтың қабынуына қарсы дәру ретінде қолданылады. Гепатидтер мен бүйрек- тас ауруларын емдейтін қоспалардың құрамына кіреді. Анис мәуесін жұмыртқа белогына қосып, күйікті емдейді.

   Ішу үшін ұсатылған мәуелерден тұндырма жасайды (1-2 шай қасық мәуені 1 стакан қайнаған суға салып, 15 минут тұндырады). Осы дозаны бір күн бойы ұрттап ішеді.

   Мәуелері нан түрлерін пісіргенде татымды зат ретінде пайдаланылады.

   Бір жылдық өсімдік, биіктігі 30-50 см. Жапырақтары 3 түрлі: тамыр жатырақтары ұзын сағақты, тұтас жүрек тәріздес, тілік-тісті, бұлардан кейінгі жапырақтар да ұзын сағақты және ірі үш жарнаққа бөлінген, шеттері ара тістес, жоғарға жағы- отырмалы күйде дәрлік, 3-5 қысаң жарнақшалары тілінген. Мәуенің сырты кедір-бұдыр, формасы жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 4 мм, сүйкімді хош  иісті, тәтті- татымды дәмі бар.

   Оңтүстік өсімдігі ретінде анисті жылы климатты аудандарда, салқын желдерден сақтандыратын күн шуақты жерлерде өсіреді. Ал солай болса да көктері суық ұрудан қорықпайды. Топырақ қопсытылған, құнарлы, әкті немесе сазды құмдық болғаны жөн. Ауыспалы егісте тамыржемістілерден не бұршақ тұқымдастарынан кейін орналасады. Тұқымды алдын-ала (күзде) терең жыртылған жерге 8-100С-де ерте көктемде (наурыздың аяғы –сәуірдің басында) себеді. Және шашып немесе қатар аралық әдіспен себеді. Себілгенен кейін 18-20 тәулікте көктейді, оған күшті қуаңшылық, аңызақ желдер мен арам шөптер зиянын тигізеді, олар өнуіне кедергі жасап, көктерді өсірмейді.

Иісті шөптер. Бұрыш жалбызды,қияр шөпті,саралжынды үй маңындағы учаскелерде көп өсіреді.Олардың әр түрлі тағамға тұздық ретінде пайдаланады.Оларда эфир майлары,микро-макроэлементтер,органикалық қышқылдар,витаминдер,фитонциттер бар.Ішек қарын ауруларын емдеуге,қырқұлаққа қарсы дәру ретінде қолданылады.

   Бұрыш-жалбыз-Шалфей лекарственный «Salvia officinalis» Бұрыш жалбыз- көпжылдық қалың бұталы, тамырлы, шөпті ерінгүл тұқымдас өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қысқа сағақты,

2 жағынан майлы безшелермен  көмкерілген, осы безшелер эфир майын бөледі, дәмі тілді қуырарлық ащы болғандықтан да аты- «бұрыш жалбыз» деп аталған. Бұрыш жалбызының 2 түрі бар: қара- жапырақтары мен сабағы қоңырқай, қызғылт-күлгін реңді және ақ- сабағы мен жапырақтары ашық-жасыл түсті.Ақ түрі ерте гүлдейді, нәзік хош иісті майымен көзге түседі, бірақ аяз бен құаңшылыққа төзімсіз. 

   Жалбыздың хош иісін көне гректер мен римдіктер жоғары бағалаған, оның иісінде жақсылықтың нышаны бар: көңіл көтереді, ұнамды әңгімеге жол ашады деп есептеген, сондықтан болар, атақты қонақтар келер алдында бөлмага жалбыз суын бүрку римдіктерде дәстүрге айналған-ды. Рим тарихшысы Плиний үлкен өсімдіктің ой қызметін келгізетін қасиеті бар деп есептеп, жас жалбыздан жасалған венокты басына үнемі киіп жүретін болған.

   Бұрыш жалбыздың жер үстіндегі мүшеларінің бәрі эфир майларына бай. Ол әсіресе гүлдерінде көп (4-6%), жапырақтарында аздау (2,40-2,75%), ал сабағында аз (0,3% дейін). Жалбыз майына негізінен хош иіс беретін және физиолгиялық белсенді компоненті- ментол (40-65%) мен оның туындылары. Өсімдікті әсіресе ұзақ әрі ұсақталған күйінде сақталған кезде май бірте- бірте ұшып кетеді. Жапырақтарында рутин және каротин бар.

   Құрған жапырақтарында татымды- хош иіс және шайнаған кезде ауызды мұздататын ащы- татымды дәм болады. Оларды халық медицинасына асқазан ауруларына, жүрек айнығанда, ас сіңіруді жақсарту,газ шығару, іштің түйілгенін басу дәруі ретінде пайдаланылады. Өт айдайтын, тыныштандыратын дәрулердің (шайлардың) құрамына енеді.

   Ем үшін жалбыздың ұшын жапырақтарымен қоса, шанақтану кезеңінде немесе гүлдей бастаған кезде жинаған жөн. Кептірілген және ұсақталған жалбыз тұндырмасын қолданады, оны былай жасайды: 1 ас қасық жалбызға 1 стакан қайнап тұрған су құяды да оны қақпақпен жауып, ыстық суда 30 минут ұстайды, әлсін-әлсін былғайды, содан соң електен өткізеді, бұған термосты да пайдалануға болады. Жалбыз тұндырмасын ас қасықпен 2-3 сағат сайын ішеді. Сондай-ақ жалбыз жапырақтарынан істелген ұнтақты да 1 шышшым салып, тәулігіне 1-2 рет ішеді. Жапырақтардан істелген тұндырманы тіс еттері қабынғанда шаю үшін пайдаланады.

   Жалбыз майы дезинфекциялау мен ауруды басатын дәру ретінде-жалбыз дәрілерінің, асқазан таблеткаларының, тіс сұйық дәрмектерінің, тіс пасталарының негізгі компоненті, ал сүт қантымен (метол ұнтағы), вазелинмен (ментол вазелині) қоспасы тұмауға дәрі болады. Жалбыз майы Трасковтың демікпеге қарсы микстурасының, қалта ингаляторының, бас сақинасы қарындашының (парафинмен қосындысы) құрамына кіреді. Сондай-ақ тыныштандаратын және жүрек дәруі ретінде қолданылады, корвалол, валокардин құрамына кіреді. Невральгия ауруларында, бас сақинасына, тіс ауруына малма етіп және де хош иісті ванна (тыныштандаратын) түрінде пайдаланылады.

   Жалбызды косметикада терінің тітіркенуін азайтатын тұтқыр дәру ретінде қолданылады. Жалбыз тұндырмасының малмасын басу, үйкеу теріні сергітеді, қышыманы басады, ал жалбызбен ысу маусымды инфекциядан сақтайды деген де ұйғарым бар.

   Бұрыш жалбызы Кавказдың, Орта Азияның ұлттық тағамдарында хош иісті тұздық ретінде қолданылады, ол асқа тәбет ашатын сергітерлік сүйкімді хош иіс береді. Жас жапырақтары шайды, көкөніс пен жеміс тұздықтарын, соустарды хош иістендіреді.

   Жалбыз тікен, құлқайыр-«Althaea officinalis L». Құлқаыр тұқымдасына жататын, биіктігі 15-2 м жететін, бұтақсыз жуан тамырлы өсімдік. Жер үсті бөлігін жұлдыз тәрізді түк басқандықтан, түсі көкшілденіп тұрады. Жапырағының сағағы қысқа, сұрғыштау, шеттері ара тісті, жалпы формасы жұмыртқа тәрізді. Жапырағының 2 беті де ұйысқан түкті. Июньнен сентябрьге дейінгі аралықта гүлдейді. Бұл өсімдікті Қазақстанның кез-келген жерінде, әсіресе Оңтүстікте жиі кездестіруге болады. Ол ащылы шалғындарда, тау баулайлары мен жоталарда, өзен жағалауларында өседі. Жалбыз тікен немесе құлқайыр дәрі-дәрмектік өсімдік ретінде барлық елдердің фармакопеясына енген. Медицинада негізінен тамыры қолданылады. Кейдк жапырақтары мен гүлдері де кәдеге асады. Тамырынада негізгі әсер ететін заты шырыш, ол 35% мөлшерінде кездеседі. Ал жапырақтарында шырыш 2 есе аз. Сулы тұнбасын қақырық түсіру үшін, сондай-ақ тыныс жолдарының қабырғасын майлау үшін пайдаланады. Жалбыз тікеннің тамыры көптеген дәрінің құрамына енеді.Ұнтақтарын араластырып тағамға пайдаланады.Сесебі онда қант, крахмал және 14, 17 миллиграмға дейін С виитамині бар.Жапырағы мен гүлінде эфир майлары болады. Ол валериан иісті. Ауызды шаю үшін қайнатылған сулы тұнбасы пайдаланылады. Кептірілген жапырақтарында А провитамині және каротин болады. Халықтық медицинада жөтелген, тәбет арттыруға және түрлі улануға қарсы қолданылады. Сырты түрлі ісіктерге, күйіктер мен теміреткіге де пайдаланылады.

   Түймедақ-ромашка «Matricaria L».   Түймедақ- астра тұқымдасы, иісті 1 жылдық өсімдік, онша биік емес-35 см дейін. Дәрі- дәрмек үшін қолдан өсірілген түймедағының сапасы жабайы түймедағынан тәуір болады.

   Дәрілік түймедақ-ромашка лекарствен. «Matricaria chamomilla L». (басқа аты- кәдімгі түймедағы) антик заманнан-ақ әсемдіктен гөрі, көбіне дәрілік өсімдік ретінде белгілі болған. Ол Үлкен Плинийдің, Гиппократтың, Диоскоридтың еңбектерінде баяндалған. «Мarticaria» тектес аты гректің «matrix»-жатыр деген сөзінен шыққан, «matricaria»-жатыр шөбі делініп, осы өсімдікті әйелдер ауруларына қолданғандықтан алынған болар, ал түр-тұқымды аты-cnamomilla екі сөзден тұрады, «cnama»-аласа, «mellon»-жер алмасы, сірә, алманың иісіндей иісі болғандықтан айтылған болар.

   Түймедағы  гүр табақшасының негізгі құрамды  бөлігі- эфир майлары (0,12-0,45% дейін)  және гликозид- апиин. Эфир майларының  ең бағалы бөлігі-хамазулен деп аталған азулен, ал майдың басқа бөлігі белсенді емес. Бұдан басқа табақшада прохамазулен- матрицин, аз мөлшерде аскорбин қышқылы, каротин, қыша, шырыш, салицил және басқа органикалық қышқылдар.

   Дәрілік  түймедағының шипалық қасиеті  ондағы заттардың жиынтығна байланысты. Хамазулен қабынуға қарсы, спазмаға қарсы және жел шығаруға әсертетеді, сондай-ақ әлсірететін аллергиялық реакциясы да болады. Апииннің спазмаға қарсы әсері бар. Түймедағынан жасалған дәрілерде ішек түйілгенде, іш кепкенде, іш өткенде, етек кір келгенде және тер шығару үшін де ішеді, қабынуға қарсы және антисептикалық дәру ретінде шаюға, малма, ванна, клизма жасауға қолданылады. Русьтегі халық медицинасы ерте кезден-ақ шашуға, сарпқа, мысқылға, бас сақинасына, ұйқысыздыққа үй дәру ретінде қолданған. Болгарияда гриппке буын ішке жұтуды, тіс ауырғанда (шаюды), асқазанның уытты жарасында (ішуді), қабақ қабынғанда (малма), тершеңдікке (ванна), экземаға, сыздауыққа (компресстер) қолдануды ұсынады. Ішу үшін сорғыш дәру дайындайды- 10 шайқасық түймедағына 2 стакан салқын су құяды да 8 сағат тұндырады (1-2 тәуліктік доза) немесе тұндырма жасайды 15 г ұнталған гүлдерге 1 стакан қайнаған су құяды да 45 мин.тұндырады, електен өткізеді (тәулігіне 3-4 рет 1 ас қасықтан ішеді). Сыртқы аурулар үшін ыстық тұндырма жасайды. 2-3 ас қасық өсімдікке ыстық су құйып, 1 сағат тұндырады.

   Косметикалық  мақсатта түймедағының қайнатпасымен  шашты жуады (шаш алтындай сарғыш  түске енеді) немесе бетті қою  шырмен жуады (бет терісі барқыттай  болады). Түймедағыдың тұндырмасы  содай-ақ қабақтың шаршағанын, қыздырғанын  басады, терінің босаңсығанын азайтады, оған икемді жеңілдік береді.

   Құрқагүл.   Көпжылдық (құртқашаш тұқымдасы) биіктігі 50-90 см келетін, көлденең, тармақталған, жуан, тығыз көгентамырлы өсімдік.

   Бозғыл  құртқагүл (басқа аты- құртқашаш)  өсімдігі әсемдік жағынан ғана емес, дәрі-дәрмек жағынан да белгілі. Шыққан жері- Жерорта теңізінің жағалауындағы таулы жерлер.

Информация о работе Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер