Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:14, реферат

Краткое описание

Эфир майы - ұшпа зат. Химиялық құрамы жағынан бұл әртүрлі қосындылардың күрделі қоспасы. Эфир майы (әсіресе қуаң жағдайда) жапырақтарға (шалфей, жалбыз, тасшөп) жиналады да, оларды қызып кетуден сақтайды; ол жемістерге (зире, кориандр, фенхель, анис), кейде жер астындағы мүшеларде (желгек) кездеседі, онда бәлкім жер астындағы зиянкестерден (дән мен тамырдың өнуі) қорғау қызметін атқаратын болар. Эфир майы өсімдіктерде аз да, көп болып, түрлі мүшелерде кездеседі. Өсімдіктердің жеке түрлерінде эфир майы оның әртүрлі бөлігінде біркелкі жинақталмайды: мөлшері ғана емес, майдың сапасы да әр мүшелерде өзгеріп тұрады (мәселен, кишнецте піскен жеміс майының иісі жапырақ майына қарағанда басқаша болады).

Содержание

Илік өсімдіктер және бояу алынатын өсімдіктер туралы түсінік
Илік өсімдіктерді қолданудың қысқаша тарихы
Әлемдік флорадағы илік өсімдіктердің негізгі өкілдері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эфир майы.doc

— 144.50 Кб (Скачать документ)

   Құрқагүл  көгентамырының дәрі-дәрмектік маңызы  бар, оны шегіргүл хош иісі  болғандықтан «шегіргүл тамыры»  деп те атайды. Онда 0,1-0,2 % эфир  майы бар, мұның басты құрама бөлігі кетон-ирон және гликозид- иридин болып табылады. Сонымен қатар қант крахмал, май, илік заттар,орг-қ қышқылдар, шырыш, смола бар. Эфир майының қақыртатын қасиеті бар. Халық медицинасында өкпе қабынғанды, баспаны, шеменді емдейді. Қабығынан аршылған және үгітілген көгентамыр инфекция түскен жарақаттарды, жараларды, жыланкөздерді емдеуге, сеппе және косметикалық опа күйінде терінің түршуін басу үшін, сепкілдерді кетіру үшін пайдаланады. Осы мақсатқа тұндырманы да қолданады: 1 шай қасық ұнталған тамырды 1 стакан суға салып, 3 сағат тұндырады (тәулік дозасы).

   Аюбалдырған-дягиль «Heracleum L». Аюбалдырған-ірі, сыртын түк басқан, шөп сабақтас өсімдік. Шатыргүлділер тұқымдасына жатады. Жапырақтары қауырсын тәрізді, тілімделген. Биіктігі 1,5 см-ге дейін жетеді. Тостағаншасы араның жүзіне ұқсайды.

   Күлтесі ақ, сары, жасыл түсті болып келеді. Тамыры ұршық тәрізді, тамыр мойыны жалаңаш. Жоғарғы жапырақтары отырмалы, ал төменгі жапырақтары қынапты сағақты. Гүлі шатыр құрайды. Діңгек шатыры қос жынысты, ал жанама шатыры көбіне аталыққа толы. Июльде гүлдейді, августе жеміс береді. Аюбалдырғанның Қазақстанда 2-ақ түрі бар. Соның бірі салалы аюбалдырған. Ол көбінесе ылғалды жерлерде, өзендердің, бұлақтардың жағалауларында, таулы жерлерде, ағаштар мен бұталардың арасында кездеседі. Кей жерлерде жас сабағын тағамға пайдаланады. Жас жапырағы мен сабағында С витамині бар. Жас кезінде жылқы, қой жақсы жейді. Гүлі бал береді. Гүлденген мезгілде эфир майы болады. Аюбалдырғанның жемісінде жағымсыз иіс болады. Ол иіс эфир майына байланысты. Аюбалдырғанның тұқымында көптеген алкалоид бар. Оның эфир майлары күн бұлтты күні денеге тисе теріні күйдіреді.Себебі эфир майлары мұндайда ұшып, ауаға тарап кетпейді, ол өсімдіктің ұлпасына көптеп жиналады. Аюбалдырған жасыл, пісіп жетілген кезде ірі қара тез уланады.Уланған малдың аузынан сілекей, көзінен жас ағып, жалпы әлсірейді. Малдың артқы аяқтарының сіңірі тартылып, жүрегінің соғуы нашарлайды.

   Сасыр-Ферула «Ferula L». Көп жылдық, шөп сабақтас, шатыр гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Сабағы жуан, биіктігі 2 метр дейін жетеді. Жапырақтары тілімделген. Қазақстанда сасырдың 47 түрі өседі. Көпшілігінде шайырлар болуына байланысты техникада пайдаланады. Кейбіреулерінде эфир майлары болады. Тіпті сасырдың тамаққа пайдаланатын түрлері де кездеседі.

  Жаңғақ сасыр-F.songorika Pall. Көбінесе далалы таулы жерлерде кездеседі. Май, июнь айларында гүлдейді. Бойында шайыр көп.Тамырында желімдік зат және 1% дейін эфир майлары болады. Тамыры скепидар иісті. Сондықтан да бұл өсімдіктің тамырырын «скепидар тамыры» деп атайды. Қазақтар бұл өсімдікті сырқырама ауруларына қарсы пайдаланған. Сондай-ақ іш тоқтататын дәрі ретінде де пайдаланады. Халықтық медицинада тамырының жіңішке талшықтарын сырқыраған буындарды ысқылайды. Ресми медицинада қолданылмайды. Тамырын ерте көктемде және күзде жинайды. Жер үсті бөлігі құрғағаннан кейін жиналады.

   Түбірлі сасыр-«F.ferloidea (stend)».  Көбінесе далалы жерлерде, Ертістің жағалауында Зайсан, Нұр көлінің маңайында кездеседі. Майда гүлдейді, июньде жеміс береді. Тамыры және жапырақтары мал азағы болып есептелінеді. Әсіресе түйе жақсы жейді. Жылқы тіпті жемейді. Ірі қара мен ұсақ мал бұл өсімдіктің шөбін дақылды шөптермен араластырып жейді. Жапырағында шайыр болмайды, тамырында 8,1% дейін қант, 36,9% дейін крахмал, 2,7% эфир майы және 35% шайыр бар екендігі анықталған.Сасырдың кейбір түрлері улы, әсіресе гүлденгенге дейін улылығы күшті болады. Гүлденгеннен кейін улылығы жойылады.Уланған малдың аузы және мұрнынан қан кетуі мүмкін.

   Киік оты-зизифора «Ziziphora». Көпжылдық, бүтін жапырақты, шөп сабақтас өсімдік. Киік отының Қазақстанда 2-түрі өседі.Тостағаншалары қоңырау тәрізді, бес бөлікке тілімделген. Сырты түкті. Жемісі жаңғақша, қоңыр түсті.

   Кәдімгі киік оты. Биіктігі 35-80 см. Көп жылдық өсімдік. Сабағы жоғары бағытталып өседі. Июль, августье гүлдейді, сентябрьде жеміс береді. Киік отында 0,2% эфир майы болады.Эфир майының 6,7% тимол, сондай-ақ илік зат пен бояғыш заттар да жеткілікті.Тұқымында 28% мөлшерде тез қататын май болады. Киік отының эфир майы мемлекеттік фармакопияға антисептик дәрі ретінде негізілген. Киік оты үй тұрмысында түрлі паразиттерге қарсы пайдаланады. Халық медицинасында көбінесе түрлі асқазан ауруларына, тыныс жолдарының түрлі ауруларына қарсы, ұйқы қашқанда, құяңға және бұлшықет тартылғанда қарсы қолданылады. Киік отының жапырақтары мен гүлінің компресс ретінде сыртқы бөртпеге ванна ретінде пайдаланады. Балгардың халық медицинасында нерв жүйесін реттейтін, асқазан ауруларын емдейтін және тер шығаратын, қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдаланады. Сыртқы денедегі теміреткіге қарсы қолданады. Киік отының тамақ өнеркәсібінде, әсіресе арақ-шарап өндірісінде, ал иісті жапырақтары түрлі овощтарды тұздағанда иіс шығару үшін, сондай-ақ парфюмерияда сабын мен иіс су дайындауға пайдаланады.

   Татымды хош иісті өсімдіктер. Көне заманда көптеген татымды өсімдіктер алтынмен, аң терілерімен пара-пар бағаланған. Хош иісті мята (жалбыз)- адам парасатын бейнелеген құдай әйел Мятаның құрметіне латынша осылай атаған. Көне гректер мен римдіктер мятаның иісі адамның ақылын көбейтуге септігін тигізеді деп есептеген. Татымдылардың тағамдық қасиеті аса жоғары емес (оларда белок, май, көміртегі аз), ал олар ерекше қайталанбас хош иісімен бағалы, олар иісті заттардың аса күрделі қоспасын-организмге игілікті әсер ететін эфир майларын құрайды. Оларға: ваниль, лавр, қалампыр, мускат жаңғағы, хош иісті бұрыш, кинза (кориандр, тархун (эстрагон), көк пияз, сарымсақ, ақжелгек, ақжелкен, балдыркөк, аскөк, жалбыз, запыран, зире, анис, фенхель, әшкөк, т,б.

   Аскөк-укроп «anethum» Татымды көк біздің дастарханға ерте көктемде организмге көктемгі дем беруші ретінде келіп, оны қысқы витамин тапшылығынан құтқарады, солардың ішіндегі алғашқысы- иісті бақша аскөгі.

   Аскөк  өсімдігінің барлық бөлігінде  эфир майлары (1,5%) хош иіс беріп тұрады, олар көбіне мәуелерде жинақталады (2,8-4%). Бұл майдың құрамына карвон (мәуелерде- 50% дейін, шөпте- 16% дейін) кіреді. Емдік мақсатқа: гипертония ауруына, ұйқы қашқанда, бауыр мен өт жолдары ауруына, емізетін әйелдердің сүтін көбейту үшін, жүрек демікпесіне, малма (примочка) ретінде көз ауруына және терінің іріңді жарасына қолданады.

   Қазақсатан  жерінде Армиянский- 269, Сухумский,  Каскеленский сорттары аудандастырылған.

   Акжелкен-петрушка «Petroselinum Hoffm». Ақжелкен бақалық- екі жылдық өсімдік, жапырақты және тамыр жемісті болып 2-ге бөлінеді. Ақжелкен латынша «петроселинум»-тас балдыркөк, бұл оның Жерорта теңізі маңындағы таулы аудандардан шыққанын білдіреді. Көне Греция мен Египетте ақжелкенді, аскөкті, балдыркөкті әсемдік және дәрілік өсімдіктер ретінде өсірген. Ал тағамға оларды орта ғасырда қолдана бастады, ақжелкеннің әуелі тамырын, кейіннен-жапыраған пайдаланды.

   Ақжелкеннің  жапырақтары эфир майларына, С  (58-290), К, Е витаминдеріне, каротинге  (1,7 мг %) бай, ал тамыр жемістерінде бұл заттардан басқа В (В126) және РР- 2мг% витамин топтары бар. Мәуелерінде 6,0 % дейін эфир майы бар.

   Ақжелкен  тәбет ашады, шаншуды құсуды  басады. Халық медицинасында тер  шығаратын, жүрек ісінуі, бүйрекке  тас біткенде (бүйрек тастарын ұсатады, ерітеді және шығарады) пайдаланады, олар қабыну процестерін басады.

   Ақжелкеннің  жас жапырақтарын шыбын- шіркей  шаққан жерлерге басса, ол қабынбайды  және ауруы да бәсеңдейді. Шашты  нығайту үшін ақжелкен дәндерінен  дайындалған тұнбалармен бастың терісін сылайды.

   Ақжелкенді  косметикаға да қолданады. Ақжелкеннің  тамырының қайнатпасы беттің  күнге күюін бәсеңдетеді, ал  тамырларының қою қайнатпасын  лимон шырынымен қосып, беттің  сепкілін және терінің қоңыр  пигменттенген дағын кетіру үшін  пайдаланады (таңертең және кешке бетке жағады). Бетті ағарту үшін оны ақжелкеннің жаңа шырынымен күнде сылау керек.

   Қияр шөп. Қияр шөп- балауса, бұтақты, мықтап түктенген, биіктігі 50 см келетін сабағы бар бір жылдық өсімдік (айлауық тұқымдас). Ол біздің елге Оңтүстік Европадан келді. Қазір ол жер-жерде кездеседі. Қияр шөптің жас көгінде жас қиярдың сүйкімді хош иісі бар. Эфир майы шөпке қиярдың иісін береді. Бұл бақша өсімдігі ретінде антик заманнан бері белгілі.

   Саралжын. Саралжын жөніндегі алғашқы деректер Закавказьеден грузин жазбалары ішінен табылған, онда ол «тархун» деп аталған.

   Бұл тұқымдастың латынша «артемизия» деген аты гректің «аrtemis»-салауаттық деген сөзінен алынған.

   Хош иісті саралжын, басқа жапырақты тамырлар сияқты, адамды сергітеді, тәбет ашады, ас қорытуға, зат алмысуға әсер етеді.

   Балауса көгінде 0,1-0,4%, ал кептірілгенінде 0,25-0,8% эфир майы болады, оның негізі- эстрагон.

   Жас шөпті салатқа, колбаса салынған бутербродтарға қосады. Закавказьеде-басқа көкөніс тұздықтары сияқты мұны да лавашқа туралған ыстық шашлыққа қосып береді, сондай-ақ сергітерлік сусын- «тархунға» пайдаланылады.

 

   Қорыта  айтсақ, пайдалы өсімдіктер оның компоненттері эфир майлы өсімдіктерді зерттеу Қазақстанда алатын орны үлкен. Бұл жұмыстармен М.И.Горяева (1952), М.И.Горяева (1962). Ол және оның шәкірттері А.Д.Дембицкий, Ф.С.Шарипова, Л.А.Ельчибекова, Е.С.Неделько және басқалары дермененің, жалбыздың, киік отының т,б, өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеген.

   Эфир  майлы өсімдіктер көптеген әртүрлі  өндіріс орындарында қолданысқы ие. Оның кең таралуы парфюмерия-косметика, иіс су өндірісінде, одеколон, әрір, тіс порошогы, крем, т.б. Сонымен қоса, эфир майының күшті бактериоциттік қасиеті бар және оны дезинфекцияға, ауаны тазартуға қолданады. Аз мөлшерде лакқа, краскаға, препарат жасауға да пайдаланады. Эфир майлы өсімдіктерге: Шатыргүл тұқымдасының өкілі- ажгон.Оның шикізат көзі жемісі болып табылады, мәдени түрге айналдырылған. Құрамында эфир майымен бірге парацемол, темол кездеседі. Ажгоннан тіс дірігерлері қолданады. Пасталар, порошоктарға пайдаланады.

   Анис  өсімдігі- шатыргүлділер тұқымдасы,  жемісінен алынады эфир майы. Құрамында 80-90% анитол болады. Шараптар  жасауға, косметикаға, стомотологияда  алатын орны үлкен.

   Насыбайгүл-ерінгүлділер  тұқымдасына жатады. Шикізат көзі-гүлі болып табылады. Майын медицинада, парфюмерияда қолданады. Ең көп Украина, Кавказ, Өзбекстенда кездеседі.

   Қалампыр- мерта тұқымдасы, тропикалық ағаш. Шикізат көзі бутонында болады. Гүлшоғырын тамақтың дәмін келтіру  үшін қолданады. Шарап жасауға, микробқа қарсы дезинфекцияға пайдаланады.

Лаванда- Жерорта  теңізінде өседі. Шикі зат көзі-гүлі. 0,8-1,5% эфир майы болады.Сабын өндірісіне, парфюмерияға қолданады.

   Жалбыздың  3 түрі бар. Негізгі алынатын  май- ментол. Ол медицинада қолданады.

   Раушангүл-  эфир майы күлтесінде болады 0,02-0,05% өте аз. Медицинада, парфюмерияда, сабынға, кремге, тб,

   Розмарин- ерінгүлділер тұқымдасы. Шикізат  көзі-гүлі, пенен, конфен болады.Иіс  сабын, әтірлерге қолданады.

Қазір қолданбалы пайдалы өсімдіктердің ішінен эфир майы өсімдіктердің орны ерекше. Оның косметикаға, парфюмерияға, тағамға, фармацевтикаға қолданады. Оған деген сұраныс жылдан-жылға өсіп келеді.

   Сонымен  қатар эфир майлы өсімдіктерді  халық медицинасында пайдаланады.Оның  90%-ын парфюмерия мен косметикада  қолданады.

Эфир майының  антимикробтық қасиеті күшті болғандықтан халық медицинасында алатын орны үлкен. Дәрі-дәрмек жасайтын фармацевтика өндірісінде кең қолданысқа ие.

  Раушан гүліндегі  эфир майлардан мазь жасайды  және афтоза ауыз қуысын емдеуге  пайдаланады. Оның иісі адамның  дем алуын жақсартып, терінің температурасын көтеріп, артерия қысымын төмендетеді.

   Дәрілік  шалфейдің эфир айы-тер бездері  мен сүт бездеріне пайдалы.  Халық медицинасына мускат шалфейі  ревматизмге, сқорыту ауруларына, бүйрек ауруларына және жараларды  тез емдеуге пайдаланады. Антимикробтық қасиеті өті күшті.

Лаванда эфир майы- Ливиан аэрозоль препаратының құрамды  бөлігі. Оны күйіктерге ем ретінде  пайдаланады.

Күшті антисептикалық, дезинфекциялық қасиеті бар эфир майлы өсімдіктер эвкалиптте, насыбайгүлде, кориандр, жебіршөпте болады.

   Ет өнеркәсібінде–колбаса,  тағам өндірісінде- шатыргүлділердің  жемісін, ерінгүлділердің-жапырақтарын  ұнтақ түрінде қолданады.

   Қазіргі  уақытта раушангүлділердің, қалампырдың,  жалбыздың, лимон, апельсин, шалфейлердің, т.б эфир майы бар өсімдіктерден кофет өндірісінде кең қолданады.

   Сүттен  жасайтын тағамдар- ірімшікке, балмұздаққа,  т,б, эфир майының орны ерекше.

   Парфюмерия  мен сабын өндірісіне- қарағай,  арша, айр, Манчжурлық қайың, Қытайлық  лимон, раушангүл, жұпаргүл, жалбыз, аяндық шырша, дермене, т,б, өсімдіктердің майларын қосады.

   Алкогольсыз  сусындарға- мыңжапырақ, дермене, түймедақ, шалфей. Ащы дермененің қайнатпасы  ұсақ жәндіктерді, насекомдарды, капуста құртын, таракандарды, кене, бүрге, т,б, құрту үшін қолданады.

   Қазақстан  территориясында, әсіресе Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс аудандарда өте көп мөлшерде жабайы өсетін эфир майлы өсімдіктер бар. Оларды зерттегенде 23 тұқымдастың ішінен 500-ге жуық түрін анықтаған.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

1. "Эфирномасличные  растения Казакстана и их рациональное

Информация о работе Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер