Тұрақты даму концепсиясы
Реферат, 22 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Адамзат қоғамының алдында түрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық атрихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экология мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Прикрепленные файлы: 1 файл
эколог 6 срсп.docx
— 51.33 Кб (Скачать документ)1983 ж. БҰҰ Бас хатшысының
бастамасымен қоршаған орта
МКОСР баяндамасында экологиялық бағыттағы дамудың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жақтарын қамтитын, болашаққа бірден-бір жол болатын тұрақты даму қажеттілігі дәлелденді. Комиссия қоршаған орта жөнінде БҰҰ Конференциясын шақыруға басты ұйытқы болды. «Брутланд Комиссиясының (1983-1993) міндеттері:
- 2000 ж. дейін және одан кейінгі ұзақ мерзімде тұрақты дамуды қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғау саласында ұзақ мерзімдік стратегия ұсыну;
- Әлеуметтік-экономикалық дамудың әр түрлі сатысындағы елдер арасында экологиялық мәселелерді шешу үшін тығыз ынтымақтастық және мәселені халықтың саны, орналасуы, табиғат ресурстары, қоршаған орта жағдайын, дамуын ескере отырып шешу;
- Ғаламдық экологиялық ұзақ мерзімдік мәселелерді түсінуге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге көмектесу
Брутланд Комиссиясының Баяндамасы жарияланғаннан кейін тұрақты даму түсінігі халықаралық қолданысқа енді. Тұрақты даму деп табиғаттың экологиялық теңдестіктерін сақтай отырып қазіргі және болашақ ұрпақтың тіршілік қанағаттандыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық даму үлгісін айтамыз.
МКОСР (1987 ж.) есебінде тұрақты даму тұжырымдамасы мынандай негізгі жағдайларды қамтиды.
- Адамзат болашақ ұрпақтың қажеттерін қанағаттандыруын шектемей, қазіргі ұрпақтың қажеттеріне сәйкес дамуға тұрақты және ұзақ мерзімдік сипат бере алады. Оның басты шарттары: адамдардың экологиялық қауіпсіздігін және қолайлы ортаның қажетті сапасын және экологияның қалпына келуін сақтау; қалпына келмейтін ресурстарды шығындауды қысқарту; табиғаттың тұқымдық қорларын жоюды тоқтату.
- Тұрақты дамудың негізі – ғаламдық ресурстарға және экологиялық потенциалға ұқыпты қарау. Табиғат ресурстарын пайдалануды шектеу абсолютті емес, салыстырмалы, техниканың қазіргі деңгейімен және әлеуметтік ұйымдасумен, сондай-ақ, биосфераның адамдардың әрекеттерін көтеру мүмкіндігіне байланысты. Тұрақты даму адамдар санының және оның өсу қарқынына жол береді, егер олар экология-экономикалық жүйелердің өндірістік мүмкіндігіне сәйкес келетін болса.
- Кедейшілік болмай қоймайтын бақытсыздық емес және өздігінен болмайды. Ұзақ мерзімде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін адамдардың қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру керек және олардың игі болашаққа үмітін жүзеге асыруына мүмкіндік беру қажет. Әлемде кедейшілік тұрақты болып тұрған жағдайда, барлық уақытта экологиялық және басқа апаттар болуы мүмкін. Кедей топтарға жататын адамдарға өздерінің үлестерін алуларына кепілдік болуы керек. Ол үшін шешім қабылдауға адамдар демократиялық жолдармен қатысуы тиіс.
- Тұрақты даму үшін бай мемлекеттер өздерінің әрекеттерін, мысалы қуат тұтынуды, экологиялық мүмкіндіктерге сәйкестендіруі керек, ал дамушы елдерге «Көмегі» ол елдердің табиғат ресурстарын шектен тыс қанауына әкелмеуі тиіс.
- Тұрақты даму өзгеріссіз үйлесімділік күйі емес, табиғатты пайдалану масштабы, қаржы жұмсау, техникалық даму қазіргі және болашақ қажеттіліктерге сәйкес өзгеріп отыратын үрдіс. Түптің түбінде тұрақты даму үшін саяси жігер қажет.
Тұрақты даму тұжырымдамасына
Т.А.Акимова, А.П.Кузьмин, В.В.Хаскин біршама
әділетті бағасын берді. Олар бұл
тұжырымдамада келіспейтінді
Айта кету керек тұрақты даму тұжырымдамасын өте жоғары маманданған, білікті ғалымдар жасаған.
Тұрақты даму түсінігі бірнеше
қырынан қарастырылды: саяси-құқықтық,
экономикалық, экологиялық, әлеуметтік,
халықаралық, ақпараттық. Соның ішіндегі
экологиялық қырын
Экологиялық:
- табиғат пен қоғамның, биосфера мен адамның қатар дамуын, олардың үйлесімділігін қалпына келтіру, барлық өзгерістердің ноосфераны қалыптастыруды мақсат етуі (ноосферагенез);
- қазіргі ұрпақтың ғана емес, болашақ ұрпақтың да негізгі тіршілік қажеттерін қамтамасыз етуінің нақты мүмкіндіктерін сақтау;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану әдістерінің теориясын жасау және іске асыру;
- ноосфералық дамудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тұйық циклмен алғаш аз қалдықты, одан кейін қалдықсыз өндірісті кеңейту, ойластырылған биотехнологияны дамыту;
- органикалық отын жағатын энергетикадан біртіндеп қалпына келетін қуат көздерін (күн, жел, су, биомасса, жер қойнауының қызуы, т.с.с) пайдаланатын балама энергетикаға көшу;
- табиғатты қорғаудың әкімшілік, экономикалық және құқықтық әдістерін жетілдіру;
- биосфераның әртүрлілігін сақтауға тұрақты қамқорлық;
- азаматтардың табиғатты өз үйіндей аялауын қалыптастыратын экологиялық тәрбие жұмыстарын, әсіресе жастар арасына дәйекті, жүйелі жүргізу;
- экологиялық-өнегелік кодекс қабылдау және талаптарын бұлжытпай орындау.
Тұрақты экодаму түсінігі көпқырлы, әр елге әр түрлі. Тұрақты даму тұжырымдамасы бүкіл адамзаттың болашағын қамтамасыз етуге бағытталған, сонысымен ерекше құнды.
БҰҰ Рио-де-Жанейро конференциясы (1992)
1992 ж. маусымда Рио-де-Жанейрода
БҰҰ қоршаған орта және даму
туралы конференциясы (КОСР-92) өтті.
Оған 179 мемлекеттің басшылары мен
үкімет мүшелері және
КОСР-92 ашылғанға дейін
әлемде үлкен өзгерістер болды. 20жыл
бұрын Стокгольмде аталған
Жаңа тарихи жағдайда шекаралардың
ашықтығы қалың бұқараның ақпараттануы,
әлемдік демократияның өсуі адамдар
мен елдердің экономикалық теңсіздігінің,
олардың планетамыздың
Сондықтан КОСР-92 ортақ идея
ретінде төмендегі айқын
- тұрақты даму және әділетті әлем жолында, әсіресе дамыған елдер тарапынан ымыра мен құрбандық сөзсіз болады;
- дамушы елдердің игілікке дамыған елдердің бақуаттыққа жеткен жолымен жүруі мүмкін емес;
- әлемдік қауымдастық ұзақ мерзімдік тұрақты даму жолына түсуі керек;
- осы жолға түсудің сөзсіз қажеттілігін барлық елдерде қоғамның барлық топтарының түсінуі және оған мейлінше жағдай туғызу талаптары.
Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Оның ішінде:
- қоршаған орта және даму жөнінде Рио ресми мәлімдемесі;
- барлық түрдегі ормандарды қорғау және ұдайы өсіруді басқару жөнінде әлемдік ауызбірлік принциптері туралы мәлемдеме;
- ХХІ ғасырдың Күн тәртібі – таяу болашақтың экология-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастықты әзірлеуге бағытталған құжат.
Одан басқа Конференцияда климатың өзнеруі жіне биологиялық әртүрлілік туралы Рамалық конвенция әзірленді. КОСР барлық құжаттарының өзегі – тұрақты даму тұжырымдамасы.
Конференция Климат мәселесі
және оны шешу қажеттігін мойындады.
Рамалық конвенция 1994 ж. күшіне енді
және 150 астам елде бекітілді. Конвенцияның
мақсаты – атмосферада парник
газдарының шоғырлануын климаттық
жүйеге қауіпті антропогендік әсер
болдырмайтын, табиғи экожүйелердің
климаттық өзгеруіне
КОСР-92 құжаттарында мемлекеттердің тұрақты дамуға сай келмейтін өндіріс пен тұтыну үлгілерін қолданыстан шығаруға көңіл аударуын, дамыған елдердің табиғат ресурстарының сарқылуына табиғи ортаның ластануына жауапты екенін ескертеді. Өйткені олардың экономикалық даму деңгейі өздерінің және басқа елдердің ресурстарын өлшеусіз пайдалануының нәтижесі және содан кейін ғана табиғи ортаның сапасын жақсартуға жинақталған капитал жұмсала бастады. Дамудың мұндай жолы дамыған елдерге де және дамушы елдерге де жарамсыз, өйткені ғаламның табиғат ресурстары сарқылу шегінде таяды.
Риода қабылданған құжат бүкіләлемдік іс-әрекет бағдарламасы болуға тұрарлық масштабы бойынша теңдессіз ниеттер. Құжат МКОСР «Біздің ортақ болашағымыз» есебінде көрініс тапқан идеология мен ұсыныстардың жалғасы және дамытылуы. Онда:
Адамзат тарихтың
шешуші кезеңінде. Қалыптасқан дамудың
сипаты мен табиғат арасындағы қайшылықтар
шегіне жетті. Осы бағытқа одан ары
қарай жүру ғаламдық опатқа әкеледі,
сонда табиғат адамзатқа өзін
қорлағаны үшін жауабын ғаламдық
өзгерістермен – климаттың
Құжатта көптеген нақты мәліметтер және әр түрлі: халықаралық, мемлекеттік, адамдардың іс-әрекет салаларында тұрақты дамуды қамтамасыз ететін: саяси, экономикалық, денсаулық сақтау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау, құқықтық, заң шығарушылық, ғылыми,ағартушылық шаралар тізімі бар. Ол шаралардың барлығы экологиялық, табиғатты қорғау бағытында.
Онда: ХХІ ғасыр күн тәртібі... ғаламдық ымыра және ең жоғары деңгейде қабылданған даму және қоршаған орта жөніндегі ынтымақтастық туралы саяси міндеттер келтірілген. Оларды ойдағыдай жүзеге асыру жауапкершілігі ең әуелі үкіметке жүктеледі.
КОСР-92 жұмысымен қатар
Рио-де-Жанейрода Мемлекеттік
- экологиядан оқшау экономикалық даму Жерді тақырлануға әкеледі;
- экология экономикалық дамусыз кедейшілік пен әділетсіздікті баянды етеді;
- экологиясыз әрекет құқығы әрқайсымызға қатысты және бәріміздің өзін-өзі жоюына әкеледі.
Аталған ұстанымдар көптеген экологиялық қоғамдық ұйымдардың, әлемнің әр еліндегі «жасылдар» партиясының және «Гринпис», «Жасл крест», т.б. Халықаралық ұйымдардың идеялогиялық қарулануының қорытындысы сияқты болды. Олардың бағдарламалары тек қана экологиялық насихат, қоғамдық экологиялық бақылау және әрекет ету құқығы емес, табиғат қорғау әрекеттерін кеңейту және белсенділік арттыру мақсатында үкіметке саяси ықпал етуді қарастырады.
Аса маңызды экологияның мәселелерді шешуге БҰҰ ролін ерекше атау керек. БҰҰ тек қана қазіргі кезде тұрақты даму стратегиясының бекуіне жан-жақты ықпал етіп қоймай оның кешегі кезеңде туындауына жағдай жасады. Осыдан 45 жыл бұрын, 1949ж. бірінші, ол 1955 ж. екінші табиғат қорғау жөнінде ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге жетекші болды.
1962 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы
«Экономикалық даму және
1983 ж.БҰҰ Бас Ассамблеясының
шешімімен қоршаған орта және
даму жөнінде халықаралық
1997 ж. жоғары деңгейдегі
Рио кездесуінің мақсаттарын
жүзеге асыру бойынша әлемде 5
жылда істелгендерді