Тұрақты даму концепциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 14:45, реферат

Краткое описание

1.Кіріспе. Тұрақты даму концепциясы
2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары
3.Экологияны дұрыс қорғай білейік

Прикрепленные файлы: 1 файл

экологиялық мәселелер.docx

— 65.38 Кб (Скачать документ)

Жоспар 

1.Кіріспе. Тұрақты даму концепциясы

2. «ХХІ ғасырдың  күн тәртібінің» негізгі бағыттары

3.Экологияны дұрыс  қорғай білейік

Адамзат қоғамының  алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды.  Бірақ, өндірістік қоғам мен  демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамның  ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

1987жылы БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму»  дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың  өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

1992жылдың маусым  айында Рио-де-Жанейро қаласында  өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Мәселе

Мәселенің қысқаша  мәні

1

2

Кедейлікпен күрес

Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен  2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын  өзгерту

Адамзаттың бай  бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.——

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі  халық саны шамамен 5,5 миллиардтан  астам болды. Ғалымдардың болжамы  бойынша  2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың денсаулығын  сақтау мен жақсарту

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:- СПИД-пен күреске жұмылдыру;

- туберкулезбен  және басқа зілді аурулармен күрес;

- бала өлімін кеміту;

- халық денсаулығын  бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

- еркектер мен  әйелдердің өздерінің балалрының  саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

- халықты ауыз  су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- балалардың денсаулығын  қорғау;

- қоршаған ортаны  денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000жылға қарай  дүниежүзінің халқының жартысы  қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның  урбанизациясы экономикалық малу  процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің  60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын  тиімді пайдалану

Топырақтардың құнарлылығы  су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде  төмендейді. Топырақтың деградациясының  себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес

Ормандар топырақ  пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық  алуантүрлілігін сақтауда маңызды  рөл атқарады. Үкімет орман  шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес

Шөлдену – бұл  ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен  азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен  шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының  шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық  шайынды суларды залалсыздандыру  ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық  аудандардың  тұрғындарын  экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің  95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтар  мен шайынды суларды жою.

Тұрмыстық қалдықтар  мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады.  2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды  жою

Радиоактивті қалдықтар  туғызатын қауіп оларды өсіру  мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің  жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м  жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың  тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі  рөлі

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы  елдерде    - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру

Қазіргі кездегі  ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ  ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі  мәселелерді зерттеуде: ауа райының  өзгеруі, ресурстарды тұтынудың  артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен  ресурстарды пайдалану, биосфераның  космостық зерттеулері, ортаның  адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.





Сонымен қатар конференцияда  Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің  алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді  кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының  тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты  дамуға жетудің түйінді мәселелерін  шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан  тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

Қазіргі уақытта  экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде.

Олар:

- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

- суды тиімді  пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

- жерді пайдалану,  ауыл шаруашылығының тұрақты  дамуын жүзеге асыруға, биологиялық  алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

 

Экологиялық факторлар  
Кез келген тiрi организм өзiн 
Сондықтан әрбiр организмнiң өзiне ғана қолайлы 
Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін 
Шөл - шөлейтті жерлердегі өсімдіктері үшін 
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі абиотикалық, 
Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер 
Биотикалық факторлар дегенміз - тірі организмдердің 
Антропикалық факторлар дегеніміз – айнала қоршаған 
Факторлардың организмге әсері  
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен 
Шешуші факторлармен жиынтығына деген ең жоғарғы 
Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар 
Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы 
Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей немесе жанама 
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері  
Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған 
Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін 
Ал, Ақбасованың пікірінше, экологиялық фактор дегеніміз 
Экологиялық факторлар мынадай түрлерге бөлінеді:  
а) тіршіліксіз орта факторлары және абиоталық 
б) биоталық – тіршілігі бар ортаның 
в) антропогендік – адамның шаруашылық қызмет 
Абиотикалық факторлар дегеніміз организмдерге әсер ететін 
Биотикалық факторлар дегеніміз – қоршаған ортаға 
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына 
Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы 
Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей неме жанама 
Тіршілік формасы дегеніміз – организмдердің өзінің 
Негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған 
Жарық – тірі организмдер үшін негізгі 
Температура (жылу режимі) – организмдердің тіршілігі 
Жылу режимі Қазақстан жағдайында оңтүстіктен солтүстікке 
Жануарлар үшін де жылу режимі ерекше 
Ылғал су. Құрлықта тіршілік ететін организмдер 
Мәселен, су балдырында 96-98%, сәбізде 87-91%, 
Құрлық жануарлары мен өсімдіктері ұдайы су 
Ылғал – жыл мезгілінің маусымдары мен 
Жануарлар дүниесі де ылғалмен тікелей байланыста 
Экологиялық факторлар – организмдерге біртіндеп емес, 
Әдебиеттер тізімі  
1. Г.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология». Алматы-2002,б.  
2. А.Биғашев, Р.Білдебаева «Қазақстан топырағы және 
3. Ж.Ақбасова, Г.Ә.Сайнова «Экология», А., 2003.  
4. Ж.Жатқанбаева «Экология негіздері», А., 2004. 

 

 

Экология  мәселесі  -  бүгінгі  таңдағы  адамзат  өркениетінің  аса  ауқымды  проблемаларының   бірі  болып  отыр.  Аталмыш  проблеманың  пайда  болуының  басты  алғышарты  -  қоршаған  ортаға  адамзат  перзентінің  антропогендік  һәм  техногендік  ықпалдарының  ұзақ  жылдар  бойы  тигізіп  келген  әсері  деп  тұжырым  жасауымызға  болады.  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басында  адамзаттың  шаруашылық  әрекеттері  мен  өндірістік  қатынастарының  ғылыми-техникалық  жаңару  биігіне  көтерілуі  -  экономикалық  реформалардың  ерекше  сипат  алуына  (модернизациялануы  мен   интеграциялануына)  түрткі  болды.

Экономикалық  дамудың  кешенді  стратегиялық  бағытын  таңдауға  мәжбүр  болған  көптеген  мемлекеттердің  жоспарлы  әрекеттері -   әсіресе  табиғат  ресурстарының  байлықтарын   ысырапсыз  игеру  үрдістерін  қалыптастырды. Соңғы  жылдары  шаруашылық-өндірістік  нысандарында  экологиялық  қауіпсіздік  шараларын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  әрекеттерге  қарамастан,  антропогендік-техногендік  ықпалдар — глобальді  масштабты  қамтып,  Жер  планетасының  табиғи  балансының  ауытқуына  қауіп  төндіруде.

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  бастамасымен өткен Ү  Халықаралық экологиялық  конгресс (Жапония, 1990),  Қоршаған  ортаны  қоғау  жөніндегі конференция (Бразилия, 1992),  ХХҮІІ  Халықаралық  географиялық  конгресс (АҚШ, 1992)  және  Йоханнесбург  (ОАР,  2003)  қаласында  өткен  бүкілдүниежүзілік  экологиялық  форум  -  аталмыш  мәселенің  өзектілігін  көрсетіп  отыр [3, 100 б.].

Экология  гректің  « эйкос  -  үй, жай »,  және  « логос  -  ілім »  деген  сөзінен  шыққан.  Экология  терминін  ғылыми  айналымға  неміс  биологы  Э.Геккель ( 1866  жылы )  ұсынған.

Экология  ғылымы  жөнінде  батыс  ғалымдары:  Ю. Одум,  Р. Дажо,  Н.Ф. Реймерс,  П. Троян, Р.Риклефс, К. Армс,  П. Кемп,  У. Линден,  Ж.Леме,  ресейлік  ғалымдар:  В.А.Вронский,  Ю.Н. Куражковский,  Д.Ж. Маркович,  К.С. Лосев,  Н.М. Чернова,  А.М. Былова  және  қазақстандық  ғалымдар  Ә.С. Бейсенова,  С. Әубәкіров,  А. Әбдірахманов,  Ұ.М.Ысқақов,  Н. Сейітов,  В.С. Слащев  және  басқа  эколог  ғалымдардың  еңбектері  құнды. Экология  сондай-ақ:  география,  химия,  биология, табиғаттану,  жаратылыстану  және  басқа  пәндермен  тығыз  байланысты.  Экология  ілімінің  түпнамасын  жұмыр  Жер  жаратылысының  тарихынан  бастап  таратқан  дұрыс.  Оның  себебі:  әуел  бастағы  Жердің  протобиологиялық  эволюция  дәуірлерін  геохронология  тұрғысынан  сараптайтын  болсақ,  даму  мен  қалыптасу  эраларындағы:  эндогендік,  экзогендік  және  тектоникалық  табиғи  апаттар  күштерінен  пайда  болған  экологиялық  құбылыстарды  байқауымызға  болады.  Антропогендік  ықпалға  дейінгі  қалыптасқан  орасан  сыртқы  және  ішкі  күштер  жиынтықтары (космостық,  вулкандық,  магмалық,  сейсмикалық,  геосинклинальдік,  гидрокатастрофалық  т.б.)   жер  ландшафтысы  мен  биосферасын,  рельефін  қатты  өзгерістерге  ұшыратумен  бірге,  айтарлықтай  экологиялық  проблемаларды  туындатқаны  анық.

Экономикалық  қажеттіліктерден  туындаған  адамзат  перзентінің  ғылыми  техникалық  жетістіктерге  сүйене  отырып,  жер  қойнауындағы  байлықтарды  молынша  игеруге  күш  салуы  -  экологиялық  сауатсыздықтың  белгісі  екені  анық.  Аталмыш  үрдістер,  қазба  байлықтарды  ысырапсыз   пайдаланумен  шектелмей,  ғарыш  кеңістігін  игеруде,  атомдық  станциялар  мен  электр  желісі  жүйелері  өнеркәсібін  дамытуда,  шикізат қорларын  өңдейтін  химиялық  өндірістік  орындардың  ашылып,  қарқынды  түрде  жүргізілуін  жеделдетті.  Адамзаттың  ғарыш  айлағын  зерттеп,  атомдық  кешенді  қондырғыларды    іске  қосуы — ғылыми-техникалық  прогрестің  бұрынғыдан  гөрі  қарыштап  дамуын  жеделдеткенімен  -  ол  жетістіктер  экологиялық  проблемаларды  шешудің  басты  алғышарттары  бола  алмады.

Әлем  кеңістігінде  белең  ала  бастаған  экологиялық  апаттар  ареалдары  жыл  өткен  сайын  кеңейе  түсуде.  Әсіресе,  жер  шарындағы  атмосфералық  жауын-шашын  мөлшерін  реттеп  отыратын  әлемдік  мұхит  экожүйесінің  ластануы  -  биогеоценоз  айналымының    тежелуіне  ұйытқы  болуда.  Сондай-ақ,  ірі  өнеркәсіп  орындарының   зиянды  қалдықтарының  ауа  қабатына  араласуы,  жасыл  желек  алқаптарының  жойылуы,  флора  мен  фауна  дүниелерінің  деградациялануы  сияқты  көріністер  жыл  өткен  сайын  жиі  қайталануда [5, 205 б.].

Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.

Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.

Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс.

Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.

Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас.

Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:

-табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.

-табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы.

Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта — адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ.

Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты.

Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ.

Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты — жеке адамның бойында табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, “адам-қоғам-табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәрбиелеу турасында айқындалып, бiлiм жүйесiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған.

Соның нәтижесiнде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған.

Оларға:

1) экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды бұлжытпай орындау;

2) табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту;

Информация о работе Тұрақты даму концепциясы