Экология және тұрақты даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 19:28, реферат

Краткое описание

Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу стратегиясы бір жылдың ішінде дайын болады.
Бұл туралы бүгін Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету және «жасыл экономика» принциптерін енгізу мәселелеріне арналған семинар барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
«Біздің министрлік таяуда Тұрақты даму кеңесі барысында Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу мүмкіндігі туралы баяндама жасады. Оған қоса ҚР Президенті Н.Назарбаев «жасыл экономикаға» көшу стратегиясын әзірлеуге нақты тапсырма берді. Бұл жай ғана құжат емес, ол экономиканың барлық секторына да қатысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ.doc

— 125.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК  ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«ПЕДАГОГИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ИНСТИТУТЫ

«ЭКОЛОГИЯ » КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

ПӘНІ: ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ.

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

 

 

 

 

.

                                                         Орындаған:

                                                            

                                                          Тексерген:

                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

2012 жыл

Қазақстанның тұрақты  дамуын қамтамасыз ету және «жасыл экономика» принциптерін енгізу мәселелеріне арналған семинарға ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров қатысты

Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу стратегиясы бір  жылдың ішінде дайын болады.  
Бұл туралы бүгін Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету және «жасыл экономика» принциптерін енгізу мәселелеріне арналған семинар барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті. 
«Біздің министрлік таяуда Тұрақты даму кеңесі барысында Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу мүмкіндігі туралы баяндама жасады. Оған қоса ҚР Президенті Н.Назарбаев «жасыл экономикаға» көшу стратегиясын әзірлеуге нақты тапсырма берді. Бұл жай ғана құжат емес, ол экономиканың барлық секторына да қатысты. Менің ойымша, аталған стратегияны жасауға 6-дан 12 айға дейін уақыт кетеді. Осыдан кейін ғана бізде Қазақстанда «жасыл экономика» енгізудің нақты жоспары болады», - деді ол. 
Оның атап өтуінше, әзірше стратегияға қанша қаражатты қажет ететіндігін айтуға ерте. Нақты бюджеті «жасыл экономиканы» енгізу жоспары әзірленгеннен кейін белгілі болады. 
«Біз әлем елдерінің оң тәжірибелерін пайдаланамыз, бұл ретте Германия мен Оңтүстік Кореяны атап өткен орынды. Олар «жасыл экономиканы» дамытуда оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда әлемде экологияға қатысты көптеген проблема бар. Күнсайын табиғи ресурстар азайып, қоршаған орта бүлінуде. Сондықтан да адамзат үшін жасыл экономика көшу міндетті болып отыр», - деп атап өтті министр.

Стратегиялар мен бағдарламалар

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 

Қазақстан Республикасы Президенті 1997 жылы қазанда «Барлық  қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. «Қазақстан – 2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді.  

 «Қазақстан-2030» даму  стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:

Бұл басымдықтар елдің  дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңіҚазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарыҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілді.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық  даму жоспарын әзірлеу кезеңі  адамзат тарихындағы соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаhандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың басталу уақытына дәл келді. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезінде әлемдік немесе өңірлік дағдарыстың жағымсыз салдарларына ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінді. 

Тау онжылдықта мемлекет қызметінде бес негізгі бағыт басымдықта болады:

дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;

индустрияландыру және инфрақұрылымдық даму арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;

болашаққа инвестиция – орнықты экономикалық өсім, өсіп-өркендеу және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының жетістігі үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын арттыру;

тұрғындарды сапалы әлеуметік және тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету;

ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын нығайту.     

2020 – Стратегиялық  жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде  Қазақстан мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:   

Қазақстан 2020 жылға қарай экономикасы әртараптандырылған және халқы жаңа экономикаға белсенді тартылған, әлемдік дағдарыстан шыққан анағұрлым күшті және бәсекеге қабілетті елге айналады.

Қазақстан 2020 жылға қарай қолайлы іскерлік ахуалы бар, елдің шикізат секторында елеулі шетел инвестициясы тартылған, әлемнің ең бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіретін болады.

2020 жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.

2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.

2020 жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.  

2020 – Стратегиялық  жоспарын жүзеге асырудағы басты  жетістік Қазақстанның экономикалық  өсімінің құрылымын сапалық жақсарту  және дәйектілікпен әртараптандырылуы  нәтижесінде ел азаматтарының  әл-ауқатын елеулі түрде арттыру  болуы керек.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама.азақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарлама мақсаты  – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту;  

индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру;

экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру;

экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды;

ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру.

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасыҚазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді.

Мақсаты – білім берудің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту.

Білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан  төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

шағын жинақты мектептерден (ШЖМ) басқа барлық білім беру мекемелерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілетін болады;

жоғары және бірінші санатқа ие жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесі 52%-ды құрайды;

орта білім ұйымдарының 90%-ында электронды оқыту жүйесі қолданылатын болады;

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы  мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтылатын болады;

оқытудың 12 жылдық моделіне толық көшу жүзеге асырылады;

мемлекеттік тапсырыс бойынша  оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің 80%-ы жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы жылы мамандығы бойынша қызметке орналастырылатын болады;

үздік әлемдік университеттер рейтингінде Қазақстанның ең кемі 2 жоғары оқу орны атап өтілетін болады;

халықаралық стандарттар бойынша институциональдық тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі 65 %-ды құрайды.

халықаралық стандарттар бойынша мамандандырылған тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі 30%-ды құрайды.

 

 

 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты  – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық  дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан  азаматтарының денсаулығын жақсарту.

Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:

Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту:

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;

медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту.

Денсаулық сақтау саласын  дамытудың мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру барысында Қазақстан  мынадай негізгі жетістіктерге қол жеткізуге тиіс:  :

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы

Қазақстан Республикасында  тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен  қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда  тұратын барлық этностардың тiлдерiн  сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде  мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды  қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты.

Қазақстанда Тілдерді дамыту мен қолдану  бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде  мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілуге тиіс:

Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк  тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ  Қазақстан Респбуликасындағы  экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері

       Экологиялық қауіпсіздіктің критерийлерін әзірлеу және экологиялық қауіпсіз технологияларын жаппай енгізумен қатар үкіметаралық ұйымдардың бірлескен отырыстарында жақын арада және ұзақ мерзімге атқарылатын іс-шаралардың кешенді жүйесін әзірлеу қажеттігі туындап отыр.Бейімделудің әмбебаптығы экологиялық қауіптілігі жоғары өнеркәсіп салаларындағы мақсатты ынтымақтасу бағдарламаларын ұзақмерзімді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Әлемдік қауымдастық алдында ластануды анықтау тәсілдерінің біртектілілігін, газ және суды тазалаудың тиімділігі жоғары жабдықтарын әзірлеуде және бақылау мен өлшеу құрылғыларын әзірлеуде, экология-экономикалық фундаментальды ғылыми зерттеулер жүргізуде ғаламат жұмыстар күтіп тұр. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Вена конгресінің қорытынды құжатында атмосферада, су мен топырақта экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және сақтау, күкірт, азот тотықтарын немесе олардың трансшекаралық ағындарын 30%-ға уақтылы және тиімді азайту атап көрсетілген. ЕЭК мүшелері мемлекеттері қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдаланудың аймақтық стратегиясының маңыздылығы туралы баса айтылған. Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық дағдарыстан шығу жолындағы тынымсыз ізденістер тұрақты даму концепциясына алып келді. Тұрақты дамудың анықтамасы бойынша экология мен экономика әріптес болуы тиіс.

Тұрақты даму - бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз даму.           

 Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық Баяндамасы қабылданған. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:

 аржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;

 кологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;

 ұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету.

Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше.Адамзат  дамуының жаңа формуласы: жақсы экология — бұл жақсы экономика, ал жақсы экономика — бұл жақсы экологияны қамтамасыз ету мүмкіндігі болып шығады. Бірақ, бәрібір қоғамды тұрақты дамытудың лайықтысы адам болып қала береді. Сонымен тұрақты дамудың бірыңғай құрамдас үш моделі: экологиялық дамудың баланс жасалған жетістіктері, экономикалық өсу және демографияны қоса алғандағы әлеуметтік даму болып есетеледі.Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу, т.б.Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек.   

Информация о работе Экология және тұрақты даму