Экология және тұрақты даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 19:28, реферат

Краткое описание

Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу стратегиясы бір жылдың ішінде дайын болады.
Бұл туралы бүгін Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету және «жасыл экономика» принциптерін енгізу мәселелеріне арналған семинар барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
«Біздің министрлік таяуда Тұрақты даму кеңесі барысында Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу мүмкіндігі туралы баяндама жасады. Оған қоса ҚР Президенті Н.Назарбаев «жасыл экономикаға» көшу стратегиясын әзірлеуге нақты тапсырма берді. Бұл жай ғана құжат емес, ол экономиканың барлық секторына да қатысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ.doc

— 125.50 Кб (Скачать документ)

Экологиялық білім беру - әртүрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Білім беру жүйесін экологизациялау - экологиялық ойлардың, ұғымдар, принциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әртүрлі салалардың мамандарын дайындау. Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады. Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі.       

Судың сарқылуы мәселесін  шешу үшін төмендегі іс-шараларды  жүзеге асыру қажет:

1) суды тиімді пайдалану  технологияларын қолдану

2) өндірісте суды бірнеше  рет қайталап пайдалану (тұйық цикл)

3) ауыз су мақсатында  берілген суды өндірістік процестерде  пайдаланбау. Бұл, әсіресе, жоғары  сапалы жерасты суларына қатысты. 

4) ауыз суды тамаққа,  тұрмыстық мақсатта пайдаланатын  судан бөлек құбырмен беру. Суды  мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болмауына жол бермеу

5) суға экономикалық тұрғыдан  негізделген баға қою. Нақты  бағалау нәтижесінде судың ысырап  болуын біршама төмендетуге болады.      

Күн - энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. Көбінесе Күн энергиясын жинау әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекеленген салаларын толық күн энергиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы-органикалық затты жағу. Ертеден келе жатқан энергия көзі ретінде желдің ролі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданып келді. Бірақ, оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Жел энергиясын пайдалану жұмыстары Канада, Нидерланды, Дания, Швеция, Германия және т.б. елдерде жүргізілуде. Теңіз, мұхит, термалдық сулардың энергетикалық ресурстарын пайдалану. Теңіздер мен мұхиттардың су массалары энергетикалық ресурстарға бай. Оларға судың толысуы мен қайтуы, теңіз ағыстарының энергиясы, сонымен қатар, әр түрлі тереңдіктер температураларының градиенті жатады.            

 Мұхит суларынан  энергия өндіру үшін әртүрлі  тереңдіктегі сулардың температура градиентін пайдалануға болады.            

 Термоядролық  энергия. Қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.            

 Ядролық энергияны  басқа әдіспен де өндіруге болады. Ядролық синтез процесінде екі ядроны қосып, бір ауыр ядроны алу кезінде бөлінетін энергияның шығымы өте жоғары. Мұндай синтездің бастапқы элементі-сутегі, ал соңғы элементі - гелий. Аталған элементтердің екеуі де қоршаған орта үшін зиянды емес және олардың қоршаған ортадағы мөлшерін сарқылмайды деуге болады.            

 Адамзат қоғамының  энергия өндірудің дәстүрлі емес көздеріне көшуге мүмкіндігі бар.

Қазақстан егемендік  алған соң көптеген экологиялық  проблемалармен бетпе-бет қалды. Көз  алдымызда жоғалып бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар.  

 Экологиялық  қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы

   ғы кездерге дейін экономикалық өсу мен қоршаған ортаны қорғау басымдылықтары арасында белгілі бір дәрежеде қарама-қайшылықтар болды. Экономикалық өсу табиғатқа зиян келтіруге апарып соқгырады деп саналды. Себебі, мемлекеттік мәселелерді шешуде оның болашақта неге апарып соқтыратынымен санаспай, көзсіз қадамдар жасау өмірде орны толмас трагедиялық жағдайларға кезіктіруде. Бүгінгі күні әлемдік сипат алған Арал өңіріндегі, Семей полигонындағы т.б. экологиялық дағдарыстар осындай біржақты көзқарастың, өткінші табыстарға жету үшін жасалған жұмыстардың салдарлары болып табылады.Өткен ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда экологиялық апатты тудыратын шаралар жүргізіле бастады, Семей полигонындағы жарты ғасырға созылған жарылыстар, Байкоңыр ғарыш айлағынан жыл сайын тобымен ұшырылған түрлі зымырандар, Арал теңізінің тартылуына қолдан жол беріп, құрып кетуге айналуы т.б.

Бұл экологиялык  апаттардың туындауына көріп, біле түра адамдардың өзі жол бергенін ашық айтуымыз керек. Әлемдегі ірі державалар арасындағы "Кім күшті?" дегенді сездіруге ұмтылған қоқан-лоққы бәсекелестік, ешбір зиян-зардаптары ескерілмей техникалық прогрессті осы мақсатқа пайдаланудағы біржақты көзқарас кез болып отырғандай дүниежүзілік апатты жағдайға әкелді. Егін шаруашылығында дақылдың шығымдылығы мен өнімділігін арттыруға озық технология, агротехникалық шараларды сақтау орнына егіс көлемін есепсіз көбейту арқылы жетуге ұмтылды. Соның салдарынан миллиондаған гектар мақта мен күріш егісін ен далаға орналастырып, оған су апару үшін Сырдария мен Амудария өзендері бойына сансыз тоспалар, су қоймаларын салып, каналдар қазды. Осындай халықтың болашығымен санаспай, табиғаттың бермесін тартып алу мақсатында жүргізілген теріс экономикалық саясат әлемдік Арал трагедиясын өмірге әкелді. Космосты игерудегі келешек жер бетіндегі өмірге, әуе кеңістігіне келтірер зиянын жете ойламай, жанталасқан әрекеттердің соңы неге апарып соқтыратынын әзір ешкім болжап білмейді.

Бір ғана Қызылорда облысындағы  Арал өңірінің апатты аймаққа айналуы ғасырлар бойғы бодандық әсерінен шөлді мекенге ығыстырылған халқымыздың өмірге деген сенімін жоғалту қаупін туғызды. Теңіздің құрғауына байланысты халыктың жанкешті еңбегімен күн көріп отырган жерін сор басып, сортаңды, тұзбен шаңданған құрғақшылыққа айналдырды. Осыған байланысты халық негізгі күнкөрісі - балық аулау, мал өсіру, жер өңдеу мүмкіндігінен айырыла бастады. Су тартылған соң ол өңірде генетикалық және психикалық ауытқулар пайда болып, өз-өзіне қол салып, өмірін өлімге байлайтын адамдар қатары көбейді. Бауыр, асқазан, өкпе ауруларымен ауыратындар саны есепсіз өсіп кетті.

Семей полигонындағы адам өміріне аса қауіпті жарылыстардың  қоршаған ортаға зардаптарын алайық. Бұл аймақтардың адам төзгісіз экологиялық  апат өңіріне айналуы одан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау үшін Қазақстан Республикасының арнайы Заңдары қабылданды. Бұл заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен бірнеше миллиардтаған қаржы бөліп отыруға тура келді.

Жалпы Қазақстан дүниежүзілік бірлестік Аралға қатысты проблемалар мен алаңдаушылықтарға түсіністікпен қарауы керек деп есептейді. Өйткені тұрақты даму — бұл тек сөздердің жиынтығы емес, ал бүкіл адамзаттың тірі қалу формуласы.

Біздің экологиялық дипломатиямыз  аймақтық экологиялық жүйені басқаруды реттейтін екі жакты және көпжакты мемлекеттік келісімдер жасауға бағытталатын болады. Оған Дунай және Рейн комиссиялары, Үлы көлдер жөніндегі канада-американ комиссиясы мысал бола алады. Бұларда халықаралық алакөздікті және өндіріс пен ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін су бассейндерін пайдалануға байланысты жанжалдарды реттеудің нақты механизмі жасалған.

Елімізде экологиялық  қауіпсіздікті сақтамау салдарынан бүгінде бүкіл әлемге қауіп төндіріп, адам өмірін қысқартып жатқан аса  күрделі мәселені шешуге үкімет тиісті дәрежеде көңіл бөліп отырған жоқ. Арал өңіріндегі экологиялық апат аймағы тұрғындарын әлеуметтік қорғау туралы Заң 1999 жылдан бері қаржының жетімсіздігінен тоқтап тұр. Бүл Заң толық орындалған кезде мемлекет жыл сайын бұған 5 миллиард теңгедей қаржы бөліп, экологиялық апаттың зардабын шегіп отырған Арал өңірі халқының әлеуметтік мәселесін шешуіне көмектесуі тиіс болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметі экологиялық қауіпсіздіктің сақталмай, өрескел бұзылуынан келген шығынды өтеу үшін қабылданған Занды қаржының тапшылығынан толық жүзеге асыра алмады. Алғашқы төрт-бес жылда қабылданған Заңның тек жекелеген баптары бойынша ғана жетімсіз қаржы бөліп келді.Байқоңыр ғарыш айлағынан есепсіз ұшырып жатқан зымыран зардаптарын шегіп жатқан халық әлі күнге мемлекет тарапынан өз мәнінде қамқорлық көріп отырған жоқ. Қазақстан үкіметі бұл маңызды мәселелерге көмек беруге жылда уәде бергенмен орындалмай келеді.Жер бетіндегі табиғаттың бірте-бірте тозып, экологиялық дағдарысқа ұшырауы адамзаттың қолдан жасаған кесапаты екендігі сөзсіз. Сондықтан бұл апаттың алдын алып, экологияға ұшыраған аймақтарды шұғыл сауықтыруға үнемі назар аударып, тағдыры тығырыққа тірелген тұрғын халыққа барынша жанашырлықпен қамқорлық жасау мемлекеттік іс. Егер қалыптасқан жағдайды түзеуге осы тұрғыдан қарай бастаса, оң нәтиже беріп, халықтың келешекке сенімі молаятыны, болашаққа деген үміт оты пайда болатынын әлемдік тәжірибелер көрсетуде.

Кеңестер Одағы  кезінде Қазақстан жерін аса  қауіпті түрлі сынақ алаңдарына айналдырғанын өте құпия ұстады. Олардың келешекке келтірер зиянын халыққа айтпай, жасырды. Сол кезеңде әскери-өндірістік кешендерге Қазақстанның 20 млн гектар жері пайдаланылған екен. Бұл жерлерді ел игілігіне пайдалануға, барлау жұмыстарын жүргізуге, жерасты байлықтарын игеруге рұқсат етілмеді. Адам айтқысыз зардап шегіп жатқан халыққа, қазақтың айдын шалқар көлді, жер жаннатында таза ауалы ен даласы бірте-бірте тозақты аймаққа айналып жатқан жеріне ешкім жанашырлық көрсеткен жоқ.

Өкінішке орай, біздің елімізде осы кезге дейін экологиялық жағдайды сауықтыруға өз дәрежесінде мән берілмей, аса маңызды мәселені онды шешу көбінесе кейінге қалдырылып келді.

Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда: "Проблеманың мәні мынада болатын: жер мен табиғи ресурстарға бақылаусыз қожалық еткен ведомстволар, сонымен қатар экологиялық тұрғыдан таза өндірістерге мүдделі болған жоқ және сөзсіз қасіреттер үшін нақты жауапкершілік арқалаған емес. "Ешкімнің де меншігінде болмаудың" осынау өлшемі өткен тарих естіп білмеген ғаламдық апаттарға киліктірді. Экологиялық сауатсыздық қоғам мен табиғаттың тайталасына әкеліп тіреді. Қазақстан бұл ретте аса қиын жағдайда болды"/19/.Ғылыми-техникалық өрлеудің қазіргі деңгейі, қуатты компьютерлердегі талдаудың жүйелілік әдістері үлкен жобалардың шағын кейпін алдын ала түсінуге мүмкіндік береді. Оларды іс жүзіне асырмас бұрын табиғатқа тиетін залалды есептеп, оны болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет.Табиғат компоненттері өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының өзіндік заңдылығы бар. Қазір экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы заңдылықты білмеуде, түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары негізімен аздап болса да таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықгы жою - Үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі бір жұмысына айналуы тиіс.

Сондай-ақ, қоғамды экологияландырумен қатар, қоршаған ортаны қорғау әрбір  адамның міндеті. Бұған білім  берудің барлық кезеңінде балаларды  оқыту керек. Экология мәселелері бойынша білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жасау да қажет. Қоғамның тұрақты дамуына деген беталыс экологиялық проблемаларды шешуден бастау алады. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша назар аударылған/20/.

Республикамыз егемендік  алғанға дейін табиғаттың қай  саласы болмасын азып-тозды. Бұған еліміздің  қазіргі экологиялық жағдайы  куә. Экологиялық қауіпсіздікті  сақтау проблемасы жеңіл-желпі қарап, құр байбалам салу, дабыраға айналдырып бос уақыт өткізумен шешетін мәселе емес екендігін көп жағдайда түсінбейді. Соңғы кездері экологиялық зардаптардан құтқарудың жолын "халықты басқа жаққа көшіру керек" деп елді босқа қобалжытатын, істің байыбына бармай, нақты жағдайды білмей ұсыныс жасаушылар көбейді.Экологиялық қауіпсіздікті сақтауға немқұрайлы қарап, оны шешуді қаржының тапшылығына тірей берсек, ешқандай нәтиже шықпайды. Сондықтан алдымен халықты, экономиканы, экологияны сауықтыру керек. Экологиядан зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне бірінші кезекте жағдайлар жасалуы тиіс.Республикада қазіргі кездегі қол жеткен жетістіктер экономикалық дамуымыздағы тұрақтылықты көрсетеді. Енді бүгінгі күнгі Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын айқындап, беделін көтерген табыстар, өсу қарқыны бұдан былай тұрақтылықты қамтамасыз ете ме? Соңғы жылдарда жиі орын алып жүргеніндей біздің негізгі экспорттық тауарларымыздың бағасы әлемдік рынокта төмендеп кеткен жағдайда тұрақтылықты қаншалықты қамтамасыз ете аламыз деген орынды сұрақтардың туындауы заңды. Бұған ғылыми негізделген жауап беру үшін елімізде қалыптасып отырған жағдайға және осындай өсу қарқынының мүмкіндіктерін ашық талдап, баға беруге тиіспіз. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Ғылым және білім Министрлігінің Экономика институты жүргізген зерттеулер тұрақты экономикалық өсу қарқынының негізгі және қажетті жағдайларына: экономиканың өсуінің жоғары потенциалы, шаруашылық комплексінің қандай да болсын тиімсіз жағдайлардан шыға білуі, ұлттық экономиканың қолда бар белгілі бір қорының жеткіліктілігі, экономика құрылымдарының прогрессивтілігі, халықтың жоғары дәрежедегі табысы, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігі жататындығын көрсетті.Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңіндегі дамуында осы аталған жағдайлардың бірсыпырасы бар. Атап айтсақ, маңызды өсу потенциалы бар бірқатар өндірістік салалар (бәрінен бұрын мұнай өндіру), халықтың табысының жеткілікті дәрежеде жоғары болуы (баска ТМД елдерімен салыстырғанда), экономикалық қолайсыздық туындаған жағдайда беріктік қоры (Ұлттық қор) құрылуда және т.б.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы сөйлеген сөзінде атап көрсеткеніндей, соңғы үш жылда экономикамызда тұрақтылық білінді, зауыттарымызға жан кіріп жұмыс істей бастады, ауылдар да етек-жеңін жиып, қалалар мен аудан орталықтары көркейе бастады, еліміз өркендеу сатысына қадам басты.Әлемдік тәжірибе (Жапония, ҚХР) көрсетіп отырғандай, жинақтау нормасы 15 пайыздан төмен болмайтын деңгейге жеткен кезде экономиканың тұрақты өсуі басталады. Қазақстан биылғы жылы жалпы ұлттық табыстың 25 пайызға тарта жинақтау деңгейіне шығады. 2001 жылы банктер берген несие көлемі 460 млрд теңгені (3 млрд доллардан астам) құрады. Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 1994 жылы тамыздағы 34% биылғы жылы 9%-ға дейін төмендеді.

Соңғы бес жылда ІЖӨ-нің (ішкі жалпы өнім) нақты өсімі  Қазақстанда 26% деңгейіне жеткенін атап көрсетуге болады. Мысалы: бұл  көрсеткіш Венгрияда 26,2%, Польшада 24,4% болды. Нақ осы кезең ішінде инфляция біздің елімізде 52,1%, Польшада 49%, Венгрияда 70%-ды құрады.Қазақстан дүние жүзінде бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартты. Мұны жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, Жер бетіндегі бейбітшілік ісіне қосылған теңдесі жоқ үлес десек, ешбір асыра айтқандық емес. Сонымен қатар, бұл өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге қосылған ең қомақты үлес.Осы орайда біз әлемнің барлық ресми түрғыда танылған ядролық державаларының Қазақстанға бірлескен және жан-жақты қауіпсіздік кепілдіктерін беруіне қол жеткіздік.Қазіргі кезде тұрақты даму концепциясы қабылданғаннан кейін экономиканың тұрақты даму идеясын практика жүзінде көрсету үшін мемлекет қызметінің барлық саласын қамтитын халықаралық келісім шарттар және келісімдер, республикалық заңдар деңгейіндегі тиісті заңдық және нормативтік, методикалық құжаттар дайындалуы қажет.


Информация о работе Экология және тұрақты даму