Сертификаттаудың негізгі принциптері мен ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 11:53, реферат

Краткое описание

ҚР-ның Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы басшылыққа алынады. Мемлекеттік стандарттар қорын дамыту және жетiлдiру мақсатында келесі мәселелерді жүзеге асыру жоспарланып отыр:
- МСҚ өнеркәсiбi дамыған шет елдердiң халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарымен, әсiресе электронды тасымалдаушыларда толықтыру;
- қорда бар нормативтік құжаттарды қағаз тасымалдаушылардан электронды тасымалдаушыларға аудару;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сертификаттаудың негізгі принциптері мен ережелері.doc

— 34.50 Кб (Скачать документ)

Сертификаттаудың негізгі принциптері мен ережелері 

Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары.

ҚР-ның Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы басшылыққа алынады. Мемлекеттік стандарттар қорын дамыту және жетiлдiру мақсатында келесі мәселелерді жүзеге асыру жоспарланып отыр: 
      - МСҚ өнеркәсiбi дамыған шет елдердiң халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарымен, әсiресе электронды тасымалдаушыларда толықтыру; 
      - қорда бар нормативтік құжаттарды қағаз тасымалдаушылардан электронды тасымалдаушыларға аудару; 
      - қолданыстағы техникалық реттеу жүйесiн реформалау мiндеттерiмен сәйкес келтiру мақсатында қолданыстағы нормативтік құжаттар қорының тиімділігіне талдау жүргiзу және нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау; 
      - өнiмге арналған нормативтік құжаттардың библиографиялық дерекқорын құру, мысалы - мұнай және мұнай өнiмдерi, түстi металдар мен олардың қорытпалары, ауыл шаруашылығы шикiзаты және оны қайта өңдеу өнiмдерi және басқалары; 
      - көрсеткiштердi, каталогтарды, стандарттарды дайындау және, сондай-ақ электронды тасымалдаушыларда шығару; 
      - стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа менеджментi жүйелерi жөнiндегi баспа өнiмдерiн шығару және тарату жөнiндегi маркетингтiк қызметтi.

Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу 
саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.      Халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жандандыру мақсатында Бағдарлама мынадай мәселлерді шешуді көздейді:

-      Халықаралық стандарттау жөнiндегі ұйым (ISО) жұмысы; 
          - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым құру; 
      - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңестер ашу;     

- стандарттау жөніндегі халықаралық және мемлекетаралық  техникалық комитеттер құру;   

- Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға  алдағы өтуiн және әлемдiк экономикаға  ықпалдасу қажеттілігін ескере  отырып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, оның   ішінде:

- Халықаралық электротехникалық комиссияға кiру; 
       - ТМД және алыс шет елдерiнiң стандарттау және сертификаттау жөнiндегi ұлттық органдарымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату.

Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласында кадрларды даярлау және олардың бiліктiлiгiн арттыру.     

Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлігін арттырудың тиiмдi жүйесiн құру мақсатында:      

- жоғары оқу орындарында стандарттау, метрология және сертификаттау  бойынша мамандар даярлау бағдарламаларын жетілдiру, оның iшiнде жалпы және арнайы бiлiм алу кезеңiнде оқытудың үлгілiк бағдарламаларын, оқыту және әдiстемелiк нұсқаулықтарды жасау; 
      - ҚР-ның Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару мәселелерi жөнiнде бiлiм беру мекемелерi үшiн оқыту және әдiстемелiк материалды дайындауға қатысу; 
      - бiлiм беру мекемелерiнiң студенттерi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнде тағылымдамадан өту.

Қазақстанда аккредиттелген сертификаттау жөнiндегі органдар берген өнiмге арналған сәйкестік сертификаттарын шет елдерде тану үшiн қазақстандық мамандардың халықаралық сарапшы-аудиторлар тiзiлiмiнде тiркелуi қажет. Осы мақсатта халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласында сарапшы-аудитор бiлiктiлiгін берiп, халықаралық деңгейде Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитет орталық аппаратының және оған ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың мамандарын даярлау, сондай-ақ республикада семинарлар өткiзу және мамандарды оқыту үшiн әлемнiң өнеркәсiбi дамыған елдерiнiң халықаралық және ұлттық ұйымдарын тарту көзделiп отыр. 
           Сондай-ақ, Бағдарламаның iс-шараларымен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитеттің ведомстволық бағынысты кәсiпорындарының негізiнде қамтамасыз етіледi: 
 

- стандарттау жөнiндегi нормативтік  құжаттардың мiндетті талаптарының  сақталуына мемлекеттік инспекторларды; 
 

- салаларда стандарттау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, ұйымдар мен кәсiпорындардың мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру көзделiп отыр. 
5-бөлiмде берiлген iс-шараларды iске асыру халықаралық стандарттарға өту үшiн жағдай туғызуға мүмкiндiк бередi, бұл сайып келгенде, отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттілігін арттыруды және оның әлемдiк рынокқа шығу мүмкiндігін. 
         Осы Бағдарламаны негізгi орындаушы ҚР-ның "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегі және "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңдарына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкiлеттi орган болып табылатын ҚР Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi болып табылады және ҚР-да стандарттау және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады. Бағдарламаны iске асыруда, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарының стандарттау және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын ҚР-ның атқарушы органдары мен заңды тұлғаларының қатысуы болжанып отыр.

 Өнімді сертификаттау  мен объектілерді идентификациялау.

Өнімді сертификаттау өнімнің берілген талаптарға сәйкестендіру тәсілінің бірі болып табылады. Сертификациялаудың мақсаттары: өнімді таңдауда тұтынушыларға көмектесу, тұтынушыларды әділетсіз өнім шығарушылардан қорғау, қоршаған орта үшін, адамдардың денсаулығы үшін өнімнің қауыпсіздігін бақылау, өнім сапасының көрсеткіштерін растау. Объектілерді идентификациялау-оны басқа объектілерден бөліп көрсетуге болатын, таңба, номер шартты белгілер арқылы объектіге айрықша атауды беру. Идентификация әдістері: айрықша атаулар әдісі, санды несиелер, сериялы-тәртіпті, шартты белгілер, білікті, сілтемелік және бейнелейтін әдістер.

 

 


Информация о работе Сертификаттаудың негізгі принциптері мен ережелері