Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:23, курсовая работа

Краткое описание

Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау, сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2-3
І. Нарықтық экономика жағдайындағы бюджет кірістерінің экономикалық мазмұны мен мәні
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі …………………..4-5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы…….…...6-7
1.3Бюджет кірістері және олардың көздері.......................................................8-9
1.4 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы……………………...…………9-12
II. Қазақстан республикасының бюджет кірістерін талдау
2.1 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы ……………...……………12-16
2.2 2009-2012 жж. Бюджет түсімдеріне талдау ............................................16-21
III.Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары......22-24
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
Қорытынды.............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемл бюджет кірісі.docx

— 186.50 Кб (Скачать документ)

1-кесте.2011-2013жж. Республикалық бюджет түсімдерініңқұрылымы,млд.тг.

 

 

2011

2012

2013

Кірістер

2трлн.545млрд

3 трлн.310млрд

5трлн.435млрд

Бюджеттік несиелерді өтеуден  түсетін түсімдер

48165

40634

886258

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер

13102

8726

10293

Қарыздар

123млрд.800млн

123,8

124млрд.320млн

Ескерту: www.inform.kz  сайтынан алынған мәлімет бойынша автормен құрастырылған.




  Бюджет табыстары  бөлек элементтерге жіктеледі:салық  және салықтық емес түсімдер,негізгі  капиталдың сатылуынан алынатын  түсімдер және трансферттер түсімдері.Мақсатты  трансферттерден басқа табыстар  мақсатты бағытта қолданылмайды.Табыстардың  мақсатты бағытта қолданылмауының  мағынасы мемлекеттік органдарға  елдің белгілі бір даму стратегиясын  таңдауына орай басқа немесе  өзге басым болып табылатын  бағыттарды қаржыландыруға мүмкіндік  берілуімен түсіндіріледі.Мысалы, бірнеше  елдерде жекелеген  салық түсімдері  мақсатты бағытта қолданылады:әлеуметтік  салақ бойынша жиналған сомалар  әлеуметтік сақтандыру қорларына  бағытталады,ал экологиялық салық  есебінен қоршаған ортаны қорғау  бағдарламалары қаржыландырылады.[2]

2-сурет.Бюджет түсімдерінің  құрылымы



 



 

 

 

 

 


 

 

 

1.3 Бюджет кірістері және олардың көздері

 

 

Бюджет кірістері – ол мемлекеттік қызметтерді орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама тар, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістерінде шешуші мәні бар.

Бюджет кірістерінің басты  материалдық көзі – ол Ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекетті кірістері  және мемлекетті бюджет кірістері көлемінің  тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді.

Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын нысандар мен әдістер  жиынтығы мемлекеттік бюджеттің  түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер.

Кірістер, бюджет несиелерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы  активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып  табылады.

Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады.

Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін  жою немесе оларды өзгерту бюджеттік  кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

Салықтық түсімдер Қазақстан  Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.[Қосымша-3]

Салықтық емес түсімдер негізгі  капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының  Салық және Кеден кодекстерінде  көзделгеннен басқа, Бюджеттік кодексте және Қазақстан Республикасының  басқа да заңнамалық актілерінде  белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз  төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін  негізде берілетін ақша болып  табылады.

Бюджетке түсетін түсімдерге жатады:

  • мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
  • мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
  • мемлекет меншігіндегі жер телімдерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;
  • мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.

Трансферттер түсімдері  бюджеттің бір деңгейінен басқасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері  болып табылады.

Бюджеттік несиелерді өтеу сомалары бюджеттен алынған несиелер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша  талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер заңды  тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік  меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік  мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың  қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың  жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік  мүлікті сатудан бюджетке түсетін  түсімдері болып табылады.

Қарыздар мемлекеттік  эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері  болып табылады.[4]

 

 

1.4 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

 

 

  Бюджеттік жүйе – мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойьшша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол катынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар косындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі. 2006 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:

• республикалық бюджеті;

• облыстық бюджеті, республикалық  маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;

• аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).

Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен  деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.

Елдің бюджеттік жүйесінің  орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергілікті мемлекеттік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруга арналған. Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса. Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

    Қазақстан Республикасының  бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады.

Қазақстан Республикасыныц  бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік  құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда ел әкімшілік-аумақтық бірліктерінде  автономияда, мемлекетте жоқ. Олар барлығы  біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі құқықтық актілер экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады.

          Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджеттер арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қатынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындагы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шектеу, бюджет деңгейлері арасьшда кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерінің бірлестігі табылады.

    Бюджетаралық қатынастар  белгілі принциптерге негізделеді.  Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде келесі бюджетаралық принциптер мазмұндалған:

• төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттермен арақатынасындағы теңбе-теңдік;

• түсімдердің келесі шектеу критерийлерін  есепке ала отырып, оларды тиімді бөлу:

а) төмен тұрған бюджеттер маңында тиянақты сипаттары бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;

ә) мемлекеттік мекемелер көрсеткен  қызметтерге төленген төлемдер салықтық және салықтық емес түсімдер ретінде  сол қызметтерді қаржыландыратын  бюджеттің кірісі болып түседі;

б)қайта бөліс сипатты және салықтық базасының жайғастыруы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғұрлым деңгейіне бекітіледі;

в) салықтар мен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғұрлым оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет деңгейіне бекітіледі;

г) тиянақты аумақтық салықтық база бойынша  жинайтын салықтар жергілікті бюджеттер  маңына бекітіледі.

• әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша  бюджеттік деңгейлерді қамтамасыз етуді теңестіру;

• жергілікті атқарушы органдардың  мөлшерлес деңгейде мемлекеттік  қызмет керсетуді қамтамасыз ету;

• мемлекеттік қызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік  қызмет көрсетуді неғұрлым соларды  тиімділік және нәтижелік түрде өндіретін және көрсететің мемлекеттік органдар маңына бекіту;

• мемлекеттік қызмет көрсету деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік қызмет сапасін  жоғарлату мен оларды алушылардың  сұраныстарын жақсы білу үшін қызмет атқаруды бюджеттік жүйенің неғұрлым төменгі деңгейіне беру;алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет деңгейінің жауапкершілігі

   Тәжірибеде бюджетаралық  қатынастарды реттеудің әр түрлі формалары бар. Олар бюджет деңгейінің әр біреуінің салықтық потенциалы, аймақтардың мұқтаждықтарын объективті бағалау нәтижесі мен бекітілген натуралды нормалардың есебі арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік кодексі бойынша бюджетаралық қатынастар реттеудің формалары ортамерзімді фискалдық саясатқа сәйкес тағайындалады. Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеу формалары жөнінде ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі. Трансферттер механизмі бюджеттік реттеуді біріккен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қалыптасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сондықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін талдау  

2.1 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы

 

Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Бюджет тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады. Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады. кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын – профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуімемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды. 
Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нақтыланған түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған шама – профициті болып табылады. 
   Бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы (профициті), Ұлттық қордың түсімдерінен басқа республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. Бесжылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Ұлттық қорға түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс. Профициттің сомасы мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе республикалық және жергілікті бюджеттердегі қаражаттардың бос қалдықтарын құрауы мүмкін. 
Уақытша бос бюджеттік ақша – белгілі бір уақыт кезең ішінде пайдаланылмаған, бірыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджеттік қаражаттар. Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орған Ұлттық банктегі депозиттерге орналастыра алады. Уақытша бос бюджеттік ақшаны депозитке орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе кағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама женіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нактылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары